Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бөлімі

Қорғауға жіберілді
ПЦК жетекшісі:
___________Жетілгенова А
_________________2020ж

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық
сауаттылығын арттыру жолдары
Пәні: Математиканың теориялық негіздері және бастауыш
класта математиканы оқыту әдістемесі
Мамандығы: 0105000 - Бастауыш білім беру
Біліктілігі: 0105083 - Ағылшынша білімі бар бастауыш білім
беру мұғалімі
Тобы: ББ-Б-16
Орындаған: Нургалиева Малика Алиевна
Ғылыми жетекші: Сәрсен Гүлжанат.

Бағасы: ______

Қызылорда,2020
Тақырыбы:Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары

МАЗМҰНЫ
І.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 - ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ - БІЛІМ АЛУ ФОКТОРЫНЫҢ КӨЗІ
1.1.Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары..4
1.2.Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3.Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту барысындағы блум таксономиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.4.Бастауыш сыныпта математика пәні бойынша функционалдық сауаттылықты арттырудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2 - ТАРАУ.БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ҚОЛДАНЫСЫ
2.1.Бастауыш сынып оқушыларының математика пәні бойынша функционалдық сауаттылығын арттырудың нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
(№101 мектеп-лицей. 3 Д сыныбы)

ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

ІV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...26

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қaзіргі жaһандану зaманындa тек қaна бiлiммен ғaна бәсекеге қабілетті болатынымыз баршаға аян.Елбасымыз өз жолдауында: Бoлашақта өркениеті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет екендігін баса айтты.Яғни балалар білімді тек мектепте алып қана қоймай, оны өмірде қолдана алуы мен заман ағымына сәйкес үнемі жетіліп, қоғамда өмір сүре білу қажеттілігінен қазіргі таңда оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіруге аса көңіл бөлінуде.Мектептің ендігі мақсаты оқушыларды өмір ағымындағы өзгерістер мен жаңалықтарға бейім болуға әзірлеу болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- Бастауыш сынып оқушыларының математика пәні бойынша функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың жолдарын анықтау;
- Математика пәні бойынша функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздерін зерделеу;
- Функционалдық сауаттылыққа байланысты жүргізілетін зерттеу жұмыстарын анықтау;
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы тиімді әдіс - тәсілдерді анықтау;
- Математика пәні бойынша функционалдық сауаттылықты арттырудың жолдарын анықтау;
- Бастауыш сынып оқушыларының математика пәні бойынша функционалдық сауаттылығын арттыруда мектеп оқулықтарының рөлін анықтау;
Курстық жұмыстың обьектісі:
Бaстауыш сынып оқушылaрының функционалдық сауаттылығын арттырудың жолдары;
Ғылыми болжам: Егер бастауыш сынып оқушыларының теориялық білімін практикада қолдана алу білігін, яғни функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын болсақ, онда ол оқушылардың қоғамда өмір сүре білу және қоғам өзгерісіне қарай жетіліп отыру білігін қалыптастырады.
Зерттеудің базасы: №101 Әли Мүслімұлы атындағы лицей-мектеп
Зерттеудің дерек сөздері: Ғылыми мөлшерлік құсқаулық құжаттар, педагогикалық-психологиялық әдебиеттер,әдістемелік мерзімді басылымдар,интернеттік сайт ресурстары т.б

1 - ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ - БІЛІМ АЛУ ФОКТОРЫНЫҢ КӨЗІ
1.1.Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары

Функционалды сауаттылық дегеніміз - адамдардың қоғамдағы әлуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенділікпен араласуы, яғни бүгінгі жаһандану кезіндегі заман ағымы мен өзгерісіне қарай ілесіп отыруы, адамның мамандығы мен жасына қарамай үнемі өз білімін жетілдіріп отыруы функционалдық сауаттылық болып табылады.[1]Қоғамның өзгеруіне байланысты қазіргі уақытта сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгеріске ұшырауда. Қазіргі уақытта бұрынғыдай жай сауаттылықпен яғни тек қана оқу, түсіну және қысқа мәтіндерді құру мен қарапайым арифметикалық амалдарды орындаумен өмір сүру мүмкін емес. Қазіргі уақытта жоғарыда айтылған қабілеттерден гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүру үшін қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру қажет, яғни адамзат сыртқы ортамен қарым - қатынасқа түсе отырып, сол ортаға қарай бейімделе білген кезде ғана оның функционалдық сауаттылығы қалыптасады. Қазіргі әлемде елімізде өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруінің нәтижесінде функционалдық ұғымы кең таралуда. Қазіргі әлемдік білім кеңістігінде халықаралық стандарт талабына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушыны субьект ретінде қарастыруда, яғни субьектінің алған білімінің нәтижесі құзыреттілік болып белгіленуі білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсаты негізге алынып отыр.Яғни функионалдық сауаттылық арқылы тұлғада белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және әлуметтік қарым - қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім,білік дағдылары қалыптасады. [2] Ал мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез - келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету болып табылады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын олардың өмірінің бастауыш сынып кезеңінде қалыптастыру қажет.Себебі бұл кезеңде олар өте белсенді,білімге құмар, ізденімпаз болып келеді.Яғни бастауыш мектеп шағының өн бойында балалардың оқуға деген көзқарасының белгілі бір динамикасы пайда болады.[3]Ал бұл жағдайлардың барлығын мұғалім балалардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуына бағыттау қажет. Оқушылардың функционалдық дағдылары мектеп қабырғасында қалыптасады.Қазіргі жаһандану заманында функционалдық сауаттылық - оқушының әлуметтік, мәдени , саяси және экономикалық қызметтерге белсене қатысуына, сондай - ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор болып табылады. Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және олардың өнімді жұмыстарының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады.Яғни мектеп балаларды қоғамда өмір сүруге даярлау қажет.Олардың бойында теориядан бөлек практикалық әрекеттер қалыптасу үшін білім алуда негізгі және пәндік құзыреттіліктерді дарыту қажет.
Функционалдық сауаттылыққа бейімделу мен қалыптаса бастауы бастауыш мектептен негіз алады.Қазірде бастауыш сынып оқитын пән оқулықтарының мазмұны көбінесе алғашқы сауаттылықтан басталып, әрмен қарай дамып жүйелене түседі.Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі уақытта оқыту жүйесіне қойылып отырған әлуметтік сұраныс талаптарымен сай келуі үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушылардың коммуникатифтік, ақпараттық және проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктеріне бағытталып жүргізілгенде ғана оң нәтижеге қолу жеткізуге болады.Функционалдық сауаттылық қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлуметтік сұраныс талаптарымен сай келуі үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу дағдысын, жаратылыстану бағытындағы сауаттылығын, математикалық және компьютерлік сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыстар арқылы оң нәтижесін береді.[2] Функционалды сауатты оқушы - бұл пәндік және пәнаралық білімдер мен ептіліктерді түрлі дағдылар мен функционалдық мәселелерді шешу жиынтығы болып алынатын іс - процесінде пайдаланылатын, қабылдау мен ақпаратты есте сақтау және оны өзгерту, типтік оқулық пен қоғамдық қарым - қатынастар есептерін шығару процесімен байланысты қажетті және жоғары деңгейдегі білімге ие бола алатын адам. Әлем деңгейіндегі білім кеңістігіне кіру үшін қазақстанның білім беру жүйесінің алдында келесідей міндер тұр: - орта білім деңгейінде барлық оқу пәндерінің мазмұнына сәйкес компоненттерді жүйелі түрде сатылай енгізу арқылы функционалдық сауаттылықтың негізін қалау; - функционалдық сауаттылықты жетілдіру мақсатында мектептің бастауыш, орта және жоғарғы буынында білім белгілі бір бірізділікпен берілуін қамтамасыз ету; Оқушылардың функционалдық сауаттылығы танымдық қабілетінің базалық құрылымы болып табылады.Тұжырымдамалық тұрғыдан қарастыратын болсақ функционалдық сауаттылықтың қалыптасуы оқу пәнінің негізгі мазмұнындағы мақсаттарынан туындайды. Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын тексеру мақсатында Халықаралық деңгейде, PISA, TIMSS, зерттеу жұмыстары жүргізіледі.Бұл зерттеу жұмыстарындағы негізгі пәннің бірі математика болып табылады.2009 жылы Қазақстан алғаш рет осындай зерттеу жұмысына қатысқан болатын нәтижесінде 184 жалпы білім беретін мектептер мен 16 колледж және училищилерден оқушылар қатысқан болатын. Ал TIMSS зерттеу жұмыстарында Қазақстан жоғары нәтиже көрсетуде.TIMSS негізінен оқушылардың математикалық және жаратылыстану ғылыми білім беру саласындағы сауаттылығын зерттеу жұмысымен айналысады. Жалпы оқушылардың функционалдық сауаттылығы сыни тұрғыдан ойлау білігін қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы 2016 жылдан бастап бастауыш және орта буын сыныптарының оқулықтарын жаңартылған білім беру мазмұны бойынша шығару жұмыстарын бастаған болатын.Және бұл жұмыстар 2019 жылы аяқталды.Қазіргі уақытта барлық мектептер осы жаңа оқулықтар бойынша жұмыс жасауды.Бірақ баланың сауатты болуы үшін оқулықтың жаңа мазмұнда болуы әрине жеткіліксіз. Оқулықтағы білімді балаларға жеткізуші мұғалім болғандықтан қазіргі кезде мұғалімдер де арнайы оқу курстарынан өтуде. Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан - жаңаны табу өнері, - деген екен Жүсіпбек Аймауытов.[4]Сондықтан қазіргі таңда оқушыларды тәрбиелеу мен білім беруде жаңа талаптарға сай жұмыстар жасауымыз қажет. Елбасымыз: Қазіргі заман мұғалімі - рухани дамыған әлуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білім шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты,- деген болатын.
Олай болса шығармашылықпен жұмыс жасай білетін тұлғаны қалыптастыру үшін әр сабағымызда біз тек қана оқулық шеңберінде жұмыс жасап қана қоймай, кең түрде әр баланы талап қарқынымен сай деңгейде саралап жұмыс жасауымыз қажет. Баланың құзыреттілігін дамыту үшін бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда жаңа инновациялық әдіс - тәсілдердің тиімділігі жоғары деңгейдегілерін ғана пайдалана отырып жұмыс жасауымыз қажет. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бүгінгі заман талабы. Осы ретте бастауыш сыныпта сабақты дұрыс жүргізе білудің маңызы зор.Оқытушының шеберлігі яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыра отырып сабақ өтуі заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін мұғалімнің алдынан шыққан оқушы - қоғамдық ортадан өз жолын адаспай табады.

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
Білім берудегі сауаттылық біріншіден сол елдің әлуметтік жағдайына, екіншіден мемлекеттің экономикалық дамуына, үшіншіден елдің мәдени жағдайына тәуелді болатыны айқын.Бүгінгі қоғамның дамуы деңгейі білімділік пен сауаттылықтың мазмұны мен оны түсіндірудің сара жолдарын іздестіруді талап етіп отыр.Ғылыми еңбектерге сүйенетін болсақ сауаттылық деп - ана тілінің грамматикалық нормаларына сай оқуы және жаза алуын айтуға болады.Дегенмен де, қазіргі таңда бастауыш мектепте қалыптасатын сауаттылық белгілі бір деңгейдегі білім, білік, дағдылардың жиынтықтары ретіндегі тілдік сауаттылық қазіргі кездегі әлуметтік сұраныс талаптарына сай келе бермейді. Сауаттылық ұғымының нақты мазмұны дара тұлғаның дамуына қойылатын қоғамдық сипаттарға яғни жағдайларға байланысты үнемі өзгерісте болады.Ол қарапайым жазу,оқу санау біліктіліктерінен басталып, адамның әлуметтік үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық мақсаты айқын білімдер мен біліктерден құралатын функционалдық сауаттылықты меңгеруді де қамтиды. С.И Ожеговтың сөздігінде функция сөзінің мағынасы Вызванный функциониррованием чего - небудь зависящий от деятельности, а не от структуры, строение чего нибудь , анықталса, қазақ тілінің түсіндірме функионалдылық ұғымына белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс - әрекетіні байланысты қорытынды деп жазылады.[5] Балаларда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін оларда құзыреттілікті қалыптастыру қажет.Құзыреттілік бағыт - межелеген мақсаттарға жету үшін оқушының ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді ұйымдастырудағы дайындығының қалыптасуын көздейді.Мектепте берілетін білім ендігі жерде, негізгі мақсатқа жетудің құралы болуы қажет деп тұжырымдалады.Дәстүрлі оқуда білім баланың сауатты болуы үшін ғана беріліп, сол білімді болашақта бала қалай қолдана алады деген мәселе қарастырылмады.Педагогикалық мақсат нәтижесінде бала түсініктер мен мәліметтер және ережелерді меңгеруі тиіс, ал мұғалім сол білім көздерін меңгертуші болып табылады.Егер оқу нәтижесі құзыреттілік деп анықталса, онда пәнді меңгертуден күтілетін нәтижелер оқушының өмірлік дағдыларымен сабақтастырылуы қажет болып табылады. Сонда функционалдық сауаттылыққа келесідей анықтама беруге болады:адамның өз мамандығы мен жасына қарамастан білімін үнемі жетілдіріп отыру процесі.Мұнда басшылыққа алынатын негізгі функционалдық сапаларға: шығармашылық тұрғыдан ойлана білу, проблемалық жағдайлардан шыға білу, шешім қабылдай алуды жатқызуға болады.Яғни жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның өзгермелі кеңістікте әлуметтік бейімделуін қамтамасыз ететіндей білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. [1] Оқыту процесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ең бастысы, оқушыны ғылыми біліммен қаруландыру болып табылады.Осы тұрғыда оқытудың ғылымилығы жетекші рөл атқарады.бастауыш сыныпта кез - келген пәнді оқытуда оқушылардың қарапайым ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру, заттар мен құбылыстардың негізгі және жанама сипаттарын ажырату, қоршаған орта мен табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, анализ,синтез жасау дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде ғана оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады.[6]
Оқушылардың ғылыми білімін дамытуды көздесек , оның жүйелілігі мен сабақтастығы бірізділігі де ескен шықпау қажет.Бұл тұрғыда дидактиканың оқытудың бірізділігі мен жүйелілігі принципі жүзеге асырылады.Бұл принцип әрине оқытудың ғылымилығымен қатар жүреді.Оқытудың бұл ұстанымын қалыптастыру үшін әрбір пән бойынша берілетін білім мен оның көлемін анықтағанда ұғымдық - ақпараттық материалдардың белгілі бір жүйемен берілуін, сабақтастығын, біртіндеп тереңдетілуін және кеңейтілуін, сондай - ақ оқушының білімді меңгеру әрекеті белгілі бір саты бойынша іске асырылуын еске сақтап отыру қажет. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы басты принциптің бірі теория мен практиканың байланыстылығы. Оның мәні мынада: оқушыларға тек қана теориялық білім беріп қана қоймай, сол білімді күнделікті өзгерістегі қоғамда кез - келген жағдайда емін - еркін қолдана алу білігін қалыптастыру болып табылады.Ол үшін күнделікті сабақта өтілетін теориялық білімді өмірмен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру қажет.Бұдан теория мен практиканың байланыстылығы принципі туындайды.
Теория мен тәжірибенің байланысы принципінің шарттары:
- Мектепте оқылған ғылыми білімдердің керектігін қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы дәлелдеу.Оқушы оқу тіршілікке керек екендігін түсінетіндей етіп оқыту;
- Білім - өмірбайланысы өмірден алынған мысалдарды талдау;
- Оқушыларды өз білімін қолдануға және тексеруге үйрету.;
- Еңбекті ғылыми ұйымдастыруды оқу процесіне енгізу;
- Әр оқушыны оған ұнайтын ғылым,техника, өнер салаларынан өз бетімен білім алуға,ізденуге,практикалық жұмыстар жүргізуге ынталандыру;[7]
Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін қазірде жаңартылған білім мазмұнына сәйкес шығарылып отырған оқулықтарда математика сабағы бойынша математика күнделікті өмірде, монета, ақша деген сияқты тапсырмалардың түрлері енгізілген. Білім беруде баланың жас ерекшелігін ескере отырып білім көзін индукциядан дедукцияға қарай, қарапайымнан күрделіге, нақтыдан белгісізге қарай берілу принципін ұстанған жөн. Оқытудың нәтижелігін арттырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы тағы бір принцип білімнің беріктігі болып табылады.Бұл принциптің мәні - оқушылардың меңгерген білімінің берік әрі тияқнаты болуы, ол жоғарыда айтылған принциптермен жұмыс жасауда бір - бірінің байланыстылығын сақтаған жағдайда ғана жүзеге асады. Білімнің беріктігі принципінің жүзеге асу шарттары:
- Қате қабылдаған немесе түсініксіз материалдың есте бекуіне жол бермеу,бала әр уақыт саналы игерілген және түсінген білімін ғана есте сақтайтын болсын;
- Есте болсын өтілгенді ұмыту процесі оқу жұмысы біткен бойда қарқынды жүреді, сондықтан қайталаулар уақыты мен жиілігі ұмытудың психологиялық заңдарымен сәйкестендірілуі қажет (яғни қайталау жұмыстарын уақтылы өткізу);
- Оқушыларды өз мүмкіндіктеріне сәйкес күш салып, жұмыс істеуге үйрету,еріншектікке үйретпей тиісті іс-әрекет желісін қалыптастыру қажет;
- Алдын-ала оқу процесіне аса қажетті екі сапаны - қызығу мен ұнамды қатынас қалыптастырмай, жаңа материалды өтуді бастамау;[8]
Бастауыш мектепте оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыуда жоғарыда аталған принциптердің қай - қайсысының да маңызы зор.Себебі осы принциптер негізінде ұйымдастырылған оқыту процесі оқушылардың берілген білімді жүйелі, терең, берік сабақтастықта және де біртұтастықта, ғылыми білімдер жүйесін практикамен байланыста, индукцидан дедукцияға, қарапайымнан күрделіге, нақтыдан белгісізге қарай жүретін бағытта белсенді әрі қызығушылықпен қабыдауын қамтамасыз етеді.

1.3 Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту барысындағы блум таксономиясы
Заманымыздың қарқынды, тез дамуына байланысты білімділік деңгейіне деген талаптар да өсуде. Жан - жақты дамыған, әлуметтенген, білімді жеке тұлғаны қалыптастыру мектеп табалдырығынан, яғни оқушы кезден бастау алады.Оқушылар әлемнің өзгерістеріне жедел, әрі оңай бейімделу үшін, ойлау қабілеттерінің ұшқыр болуы үшін олардың бойындағы функционалды сауаттылықтарын дамыту маңызды.Функционалды сауаттылық ұғымы 20 ғасырдың 60 жылдарында пайда болды. Ол алғашқы кезде тек қана адамдардың кәсіби құзреттілігін білдірген.Қазіргі кезде бұл ұғым кең мағынада қолданылады. [9] Яғни функционалды сауаттылыққа адамның логикалық сауаттылығы мен оқу және жазу кезіндегі сауаттылығы, математикалық сауаттылық, отбасылық өмір мәселесіндегі сауаттылық, заң сауаттылығы мен мен компьютерлік және ақпараттық сауаттылық, сонымен қатар басқа саладағы сауаттылықтар жатады. Қазіргі сабақ үдерсінде оқушылар өз ойларын ашық жеткізе алмайды, алған білімдерін тиімді қолдана білмейді.Оның себебі дәстүрлі сабақтарда қарапайым сұрақтар көп қойылады, ал оқушылар автоматты түрде қиналмастан жауап береді.Көбінесе олардың түсініктері оқулықтардың көлемінде , жаттанды түрде болады.Сонымен қатар логикалық ойлау дәрежесі төмендейді.Осының алдын алу үшін оқу әдістерінің жақтарын қарастырып, сол әдіспен оқу үрдісін жүзеге асыру керек.Сонымен оқушылардың еркін сөйлеуіне, логикалық қабілетінің дамуына, білімді тез әрі саналы түрде қабылдауына білім беру процесінде жүретін оқыту әдістерінің маңызы зор екенін ескергеніміз жөн.Осыған байланысты оқушылардың білімін жоғарылатуда, олардың функционалдық сауаттылығын арттыруда Блум таксономия әдісін пайдалану тиімді рөл атқарады. Енді таксономия сөзінің мағынасына келсек, таксономия - нысандарды белгілі бір критерийлер мен ұстанымдар арқылы жүйелеу және нақты құрылым бойынша реттілікпен орналастыру деген мағынаны білдіреді. Бенджамин Блум - америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы.Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы пенсильвания университетінде бакалавр және магистр деңгейін бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейді қорғады. Блум таксономиясы атты кітабын өз теориясын дамытқан, адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу теориясын ұсынған болатын .[10]
Блум таксономиясы: - Дербестік - оқушының алдына нақты мақсат қойып, оған жету жолын өздігінен таба білу көрсеткіші. - Батылдық - өзіне тапсырылған жұмысты орындау барысындағы кездескен қиындық қорқынышты жою жолындағы еңбек көрсеткіші. - Елгезектік - тапсырылған жұмысты мерзімінен бұрын орындау, жауапкершілік көрсеткіші. - Шешендік - атқарған ісін көркем тілмен, әсем үнмен, әртүрлі ортада өзін жан - жақты көрсетіп, маңайын айтқанына елітіп, көрсететін иландыру көрсеткіші. - Өнерлілік - тынымсыз ізденгіш, ширақ, алғыр жанжақтылық көрсеткіші.
- Білімділік - әрбір істі нақты орындайты, ақылы орамды, ойы кең, ұшқыр сана көрсеткіші .[11] Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғау және бағалауына көмектеседі. Блум таксономиясы алты кезеңнен тұрады: білім, түсіну, қолдану, анализ, жинақтау, бағалау. 1.Білім деңгейі.Мұнда тестілеу,анықтамалар орындау, атаулар жаттау,қайталау сияқты тапсырмалар орындалады.Бұл деңгейдегі тапсырмаларды орындау қайталауға негізделгендіктен,үйренушілер өзіндік ой мен идея пікір мен көзқарас,тұжырым мен дәлелдерді ізденуге ұмтылады.Сол себепті де білім деңгейінде педагог әдейі тоқтамай,шәкірттерін танымның және ойлаудың бұдан жоғары деңгейлеріне бағыттауы керек. 2.Түсіну деңгейі.Бұл деңгейдегі тапсырмалар үйренушілерден белсенділікті талап етеді.Өйткені олар ақпаратты өздеріне таныс жүйеге көшіреді, түрлендіреді де,сол арқылы оны есінде сақтайды.Ал түсінік бірінші мезетте бірлескен әрекеттер негізінде құралады.Түсіну категориясын төрт топқа бөлуге болады: аударма,түсіндірме,мысалдар және анықтамалар. 3.Қолдану деңгейі.Қолдану процесін оқушы белгілі бір мәселемен танысады.Сол проблеманы жан-жақты қарастырады,нәтиже іздейді.Оның ерекшеліктерін анықтап,шешім табады.Шешімді жүзеге асырады.Бұл шешім анықтама,ереже,кесте,формула,график а,теңдеу түрінде келтіруі мүмкін.Ары қарай оқушылар қабылдаған шешімді бір ситуациямен салыстырып,қорытындысын шығарады.
4.Талдау деңгейі.Бұл категорияда оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар, оның ішкі құрылысын қалай құралатынын анықтайды.Түсінуден талдау мәліметті терең өңдеумен,игерумен ерекшеленеді.Мұнда ой қозғайды,жауабы логикалық түрғыдан мінсіз болуға шарт қояды.Алынған мәліметтерді бір-бірімен салыстырып,айырмашылығын айқындайды. 5.Жинақтау деңгейі - шығармашылық процестерді білдіреді.Мұндағы зерттеу жұмыстары қолдану деңгейіне де,синтезге де жатуы мүмкін.Синтез-жинақтау деген ұғым, ол болжау,шарттылық,мүмкіндік ұғымдарын қолданып,құрамдас бөліктердің қалайша бірігіп,жаңа мазмұн,құрылым,модель құрайтындығын көрсетеді.Бұл деңгейдегі сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындау бірінші кезекте жазбаша түрде жүзеге асырылады. 6.Бағалау - өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады, не мақұлдайды.Нені болсын бағалау үшін критерийі керек.Оны оқушы өзі анықтауы мүмкін немесе басқа адам ұсынған критерийй бағалауда басшылыққа алынуы мүмкін. Қандай да бір мәселе жайлы өзі дайындаған немесе басқа адам ұсынған критерий негізінде шынайы қорытынды жасай алуы. [12] Сабақ жоспарын Блум таксономиясына сүйеніп жасаса, оқушылардың не білетіні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Биология сабағында жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын арттыру
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы
Пәндер