Домбыраның физикалық қасиеті
Ғылыми жоба тақырыбы:
Домбыраның физикалық қасиеті
Жобаның авторы:
9-сынып оқушысы Күзембаев Архат
Жобаның жетекшісі:
физика пәнінің мұғалімі Оразбекова Гүлмира
Жобаның мақсаты:
Ата-бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғырту Отанға деген,еліне
деген сүйіспеншілік қасиетін арттыруа отырып, домбыра дыбысының физикалық қасиетін, акустикалық дыбысын зерттеу. Домбыра аспабының құрылымы мен физикалық қасиетін тереңінен зерттеп, насихаттау.
Міндеттері:
Домбыра туралы ұғым
Домбыраның құрылымын білу
Домбыраның физикалық қасиетін зерттеу
Домбыраның акустикалық дыбыс толқындары
Домбыра аспабын бүкіл әлемге таныту
Жобаның өзектілігі:
Мәңгілік Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар бағдарламасына сәйкес, ұлтымыздың әдет-ғұрпымен салт-дәстүріне жан бітіріп оның құнды қалпын сақтау.Ата-бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғырта отырып, домбыраның физикалық қасиетін ашу.
Күтілетін нәтижесі: Домбыраның физикалық қасиетін терең меңгерген білімді оқушы. Болашақ тәжірибиелі физик маман.
Андатпа
Зерттеу жұмысында домбыраның қасиеті мен құрылымына тоқталып, домбыраның физикалық қасиеті жан-жақты талданған. Домбыраның физикалық акустикасы мен домбыра дыбысын сипаттайтын физикалық шамалар жобада зерттелген. Жоба тақырыбына сәйкес толық зерттеліп, жоба қорғауға ұсынылды.
Аннотация
В исследовании были подчеркнуты особенности и структура домбры, и физические свойства домбры были детально проанализированы. В проекте изучаются физические измерения, которые характеризуют физическую акустику звуков домбры. Проект был полностью изучен и передан в проект для защиты.
Аnnotation
In the study, the features and structure of the dombra were emphasized, and the physical properties of the dombra were analyzed in detail. The project studies the physical measurements that characterize the physical acoustics of dombra sounds. The project has been fully studied and transferred to the project for protection.
Жоспары:
І. Кіріспе
Домбыра туралы ұғым
ІІ. Негізгі бөлім
0.2 Домбыраның құрылысы мен құрылымы
2.2 Домбыраның физикалық қасиеті
2.3 Домбыраның физикалық акустикасы
2.4 Домбыра дыбысын сипаттайтын физикалық шамалар
ІІІ. Қортынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
Домбыра туралы ұғым
Домбыра - қазақтың ішекті, музыкалық халық аспабы.Шанағы көбінесе алмұрт пішіндес болып келеді,мойны өте ұзын,пернелермен бөлінген.Домбыра - қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген. Бұл музыкалық аспаптың пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді. Ежелгі Хорезм қаласының қазбаларынан археологтар екі шекті құралдарда ойнап тұрған музыканттардың терракотты бейнелерін тапқан.Ғалымдар бұның Хорезмдік аспаптардың бұдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген көшпелі сақ тайпаларының музыкалық аспабы екенін белгіленген.Бұл ежелгі екі шекті аспаптардың қазақ домбырасымен ұқсастығы көп және оның прототипі болып табылады. Осылайша,археология арқылы домбыраның ерте кезде пайда болғандығы анықталды. Домбыраның екі түрі бар - батыстық және шығыстық:Батыстық домбыра жалы жіңішке және ұзынша болып келеді.Шығыстық жуан және қысқа жалды домбыраларда мұндай техникалық әдіс қолданылмайды.Аспаптар көлемі мен қалыбының түрі дыбысталу күшіне әсер етеді:көлемі үлкен болса,дыбысталуы да сондай болады. Дыбысталу сипатына оң қол техникасының әсері бар:төкпе күйлерде дыбыс қол білезігін күшті сілку арқылы екі ішекті қағумен алынса ,шертпе күйлерде дыбыс жекелеген қол саусақтарымен шектерді шерту арқылы берілген .Осылайша домбыра мен күйдің ,олардың орындалуы арасында тығыз байланыс бар.Домбыра тек екі шекті ғана емес,үш шекті де болып келеді.Өткен кезеңде үш шекті домбыра Қазақстанның әртүрлі аймақтарында кездескен.Домбыраның осыған ұқсас үлгілері қазақстанның шығыс өңірінде кең тараған. Домбыра да орындалатын шығармаға байланысты ,ол бірде квинтаға , бірде квартаға бұралып күйге келеді.Домбыра халқымыздың жан серігі,оның тарихын,тағдыры мен тілін, қоғамдық және рухани өнері мен салт-санасын,тұрмысы мен әдет-ғұрпын айқын көрсететін ұлттық байлығымыз. XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды. Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз. Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің Музыкалық канон деген трактатында ауызға алынды. Қазақтың халық аспабы домбыра XIV ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның бастағы түрі мен құрылысы қазақтың домбырасынан аумайды, осындай аспап аттарының ұқсастығы да олардың түпкі шығу тегі бір екекін көрсетсе керек. Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелерітін. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-ді. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті. Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандардағы домбыраның негізгі өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді, сондай-ақ шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық, тәсілдерді шанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз. Шанағы жалпақ домбыраның бірнеше нұсқасы кең тараған. Егер батыс аудандардағы домбыраларға 12 -- 14 пернетағылса, ал шанағы жалпақ домбыраға не бары 7 -- 8 ғана перне байланған.
ІІ. Негізгі бөлім
Домбыраның құрылысы мен құрылымы
Домбыра аспабында да үш құрылым бар: бас,мойын,шанақ болып келеді.Шанақ жер қойнауына ұқсас .Ол өмірден өткен бабалар үні мен сөзінің қоймасы.Мойын арқылы белгілі бір сазға түседі.Бас ішек бұрауының сақшысы.Музыкалық әуендер мойыннан құралады,шанақтан шығады.
Домбыраның басы - Аспан,
Домбыраның мойны - Бәйтерек,
Домбыраның шанағы - Жер.Үш әлем домбыра бойында да бар екен.Демек
біз ортада,жер бетінде тұрамыз деуінде негіз бар. Домбыраның мойны арқылы әуендер шашылады. Бәйтеректің бұтақтары жайылып,өнімін шашады.Жер құнарын беріп тұрады. Шанақ әуенін шашып тұрады.Домбыраның басы ретінде қарап тұрады,аспан да өмір ретін қарап тұрады. Домбыра төрде ілулі тұрғанда немесе шертпей жай ғана қолымызға алғанда барлық бөліктері өзара тепе-теңдікте тұрады.
Үш әлемді байланыстырған Бәйтерек ,одан пайда болған Домбыра ,адам қажетіне жарап ,байланысу арқылы тәрбие мен білім көзін ашуға ықпал еткен.Үш әлеммен байланысқан құдірет иесі - домбыра өнері ұлттық идеологияны дамыту үшін де керек. Ұлттық идеологияда домбыра әуенін ұстанбай,ұлттық құндылықтарды сақтап жалғастыру қиын болмақ.
Жерден өскен ағаш адамға пайдасын ( жеміс,жапырақ ) береді.Ал домбыра қоңыр әуен арқылы құлаққа еніп,ықпал етеді.Жерден өнген өнімдер адам қорегіне қажет болса , домбырадан шыққан күй - адамның рухани жан азығы.Демек, айналаны қоршап тұрған дыбыс екен, ал оны жағымды әуендерге айналдырып жеткізетін - домбыра аспабы. Егер, қоршаған айналаның дыбыстары түгел жойылатын болса,онда адамдардың өмір сүру қабілетіне нұқсан келген болар еді.Мысалы,қазіргі үлкен қалаларда құстардың табиғи сайрауының жоқтығы үлкен ой салады.
Мүмкін бәйтерек негізінен әуен шығып,адамдарды елжіретіп,бойын балқытып,әсерлендіруінің арқасында түрлі өнердің пайда болуына ықпал еткен болар. Астана қаласында зәулім бәйтерек ағаш,жаңа дизайндық үлгімен архитектуралық құрылыс орналастырылған.Мұның өзі ата - бабалардан жалғасын тауып келе жатқан бәйтерек негізінде қалыптасқан домбыра үлгісін де еске салады.Жапан далада жалғыз өскен бәйтерек ағаштың жүрек тербетер сыбдыры дыбыстық әуенге айналып,адамдар оны табиғаттың ерекше құбылысы деп бағалап оған сиынып отырған.Бәйтерек ағаштың қылықтарына ұқсасын деп аспап жасап алуы да сол негізге меңзейді. Ағаштың тамыры жер астында, бұтағы мен сабақтары жер үстінде,ұшар басы аспанмен тілдесіп,түрлі сыбдыр дыбыс құрап,сезгіш көңілге айрықша әсер еткен.Әуен - тазалықтың нышаны,ал Бәйтерек - үш әлем байланысының символы. Бәйтерекағаштан пайда болған әуендер домбыра арқылы құрастырылып,шағын музыкалық үндердің жиынтығы келе-келе дамып отырған.Оған дәлел:қазақ музыкасында табиғатқа байланысты туған ән мен күй атаулары көптеп саналады.Мысалы: Сары өзен, Ертіс толқыны, Боз төбе, Қызыл қайың, Мұңлық - Зарлық , Тәңірі күйі, Аққу, Құланның тарпуы, Ақсақ құлан, Бозінген , Шұбар ат, Тепең көк т.б. күйлер тегіне лайық туған.
2.2 Домбыраның физикалық қасиеті
Домбыраның ағашының физикалық ерекшелігіне байланысты көлемі бірдей қақпақтардың өзіндік физикалық үн шығару қасиеті де әр түрлі. Солай бола тұрса да қақпақты қажетті интервал шамасында дыбыстайтын етіп күйге келтіруге болады. Тақтайшаларды іріктеу, қақпақтың қалыңдығын анықтау және серпінді орнату әрбір қақпақтың ерекшелігіне байланысты, бұл іске аса мұқият болған жөн. Қалаған үнді келтіру үшін қақпақтың бөліктерін дұрыс іріктеудің де маңызы бар. Қақпақ құрастырылғаннан кейін тақгайшалардың санына қарай реттей отырып қажетті үнді алуға болады, егер қақпақтың көлемі неғүрлым кішірек болса, ағаштың тербеліс қасиеті де соғұрлым жиілей түседі. Қақпақты құрастырған және күйге келтірген шақта, сондай-ақ онын, параметрлерін белгілегенде осы жайларды ескерудің маңызы өте зор. Ағаштың тербеліс жиілігі оның физикалық қасиетіне де байланысты дедік. Көлемі бірдей екі тақтайдың физикалық қасиеттері әр түрлі болса, олардан алынатын дыбыстың айырмашылығы да үш жарым тонға дейін алшақтайды. Жас ағашқа қарағанда кептірілген ағашты күйге келтіру оңай. Домбыраның қақпақтары бірнеше шағын тақтайды желіммен біріктіру арқылы жасалынады. Қақпақты құрайтын тақтайлардық физикалық қасиеттері мен түсі бірдей болуы шарт. Тақтайша ағаштың табиғи жолақтары бойынша бір бағытта жымдастырылып біріктіріледі. Ені -- 250 мм, ұзындығы -- 400 мм және қалыңдығы -- 2,5 мм етіп құрастырылған қақпақтың тербеліс жиілігі ағаштың физикалық қасиетіне қарай 207,64 -- 233,08 гц шамасында болады. Егер қақпақтың қалыңдығы 3 мм болса, онда тербеліс жиілігі 23308 -- 277,12 гц шамасында болмақ. Қақпақты күйге келтіру кезінде ескерілетін ендігі бір қажетті іс кергіш орнату. Қақпақтың жалпақ бөлігіне орнатылған кергіш қақпақтың тербеліс жиілігіне нұқсан келтірмейтін болуы шарт. Мысалы, егер кергіштін, ені -- 5 мм, ал биіктігі -- 6 мм болса, онда қақпақтың үні бір тон шамасында жоғарылайды. Тәжірибе көрсеткеніндей, қақпақтың алғашқы кездегі тербеліс жиілігін сақтау үшін серіппені бірте-бірте аласарта беру керек. Сынақ жүргізілгенде байқалғандай, қақпақтың тербеліс жиілігіне әсер ететін негізгі факторлар мыналар:
* ағаштың физикалық қасиеті,
* қақпақтың қалыңдығы мен жұқалығы және жанама түрде әсер ететін факторлар:
* қақпақтың сәл ұзартылуы мен қысқартылуы,
* өрнектеу.
* Қақпақ үнінің тазалығы оның жақсылап жымдастырылуына, құрастырылуына және қалыңдығына байланысты.
Әр түрлі аспаптардың үнін келтіру әдісінде ортақ жайлар көп болғанымен әрбір қақпақты жекеше алып қарау керек. Домбыра қақпағын күйге келтіру де, осы аспаптың құлақ күйіне тәуелді. Домбыра-тенордың қақпағы тербеліс жиілігі -- 233, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz