Сөйлем мүшелері - сөйлемнің ішкі бөліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

І тарау. Сөйлем мүшелері - синтаксистің зерттеу нысаны

1. 1. Синтаксис туралы жалпы түсінік . . . 4

1. 2. Сөйлем, сөйлем мүшелері туралы жалпы сипаттама . . . 54

ІІ тарау. Орта мектепте с өйлем мүшелерін оқытудағы әдістеме

2. 1 Орта мектепте сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі және

жолдары . . . 20

2. 2 Сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын тестік тапсырмалар . . . 37

2. 3 Сөйлем мүшелерін оқытуда көрнекі және техникалық құралдарды қолдану . . . 43

Қорытынды . . . 45

Әдебиеттер тізімі . . . 46

КІРІСПЕ

Мектеп жасында оқушылардың қарым-қатынас жасау дағдыларының, сөйлеу мәдениетінің, сауатты жазу мен дұрыс сөйлеудің негізгі фундаменталды білімдері қалыптасады. Синтаксис саласы қазақ тіл білімі салаларында ең күрделі және басқа салалармен тығыз байланыста болып келетін сала. Сол себепті диплом жұмысының «Орта мектепте сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі» деген тақырыбы осы тұрғыда өзекті болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі. Орта мектепте сөйлем мүшесін оқыту әдістемесі әлі өзінің жоғары сатысына жете қоймады. Жүйелі түрде қарастыруды, талқылауды қажет ететін мәселелер көп.

Оқушы орта мектеп қабырғасында жүріп, сөйлемдердің жасалу жолын, тәртібін, мағынасын ұғынып үлгеруі қажет. Ол ертең мектеп бітірген соң, мүлдем қазақ тілі пәнінің грамматикасына жоламауы мүмкін. Әлбетте, бастауыш, баяндауыш деген терминдік атауларды да ұмытуы мүмкін. Бірақ сөйлемді дұрыс құра білуі, әр сөзіне немесе сөз тіркесіне дұрыс сұрақ қойып, ойын жүйелі түрде жинақтап айта білуі, жеткізе білуі қазіргі уақытта өте өзекті мәселелердің бірі.

Сөйлем мүшелері - (бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш) синтаксистің маңызды мәселелерінің бірі. Синтаксистік анализ жасағанда басты рөлді атқаратын - сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері. Сол себепті «сөйлем мүшелерін үйретуде қазіргі заманда қандай әдіс-тәсілдер пайдаланылуда? Ол әдістердің қандай ұтымды жақтары бар?» деген сұрақтар өзінен өзі пайда болмақ. Демек, ұстаздың шәкіртке үйрету әдістемесінде, қолданатын әдіс-тәсілінде көп мән бар.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесінде, сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін үйретуде қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерді белгілеу дипломдық жұмыстың мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер алға қойылды:

а) Синтаксисті оқыту мәселесін қарастыру;

ә) Орта мектепте сөйлем мүшелерін оқытуда әдістеме мен әдістерді саралау;

б) Сөйлем мүшелерін оқытуда, меңгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдердің бірі - тесттік жұмысты қарастыру;

в) Сөйлем мүшелерін оқытуда көрнекі және техникалық құралдарды пайдалану жолдары.

Зерттеудің нысанасы мен пәні. Зерттеу жұмысының нысанына орта мектептегі қазақ тілі пәнінің 8-сыныпқа арналған оқыту бағдарламасы алынды. Сөйлем мүшелерінің құрылымдық және мағыналық, функционалдық түрлері туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар сөйлем мүшелерін оқытудағы негізгі әдіс-тәсілдер қарастырылды.

Зерттеу материалдары . Зерттеу жұмысында орта мектеп бағдарламасы аясындағы 8-сыныптарға арналған қызық тілі оқулықтары пайдаланылды.

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында салыстыру, талдау, саралау және жалпылау тәрізді жалпы ғылыми әдістер және синтаксистік талдау, тілдік аналогия жасау, тілдік модельдеу әдісі сияқты лингвистиканың өзіндік әдістері мен тәсілдері қолданылады.

Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, сонымен бірге пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. 1 Синтаксис туралы жалпы түсінік

Қандай да бір сөйлемдегі сөйлем мүшелері өзара байланысып, толыққанды бір мағына беруі тікелей синтаксис саласымен байланысты. Осыдан, сөйлем мүшелері - синтаксистің негізгі зерттеу нысаны деп нық айта аламыз.

Синтаксис грек тілінің suntaxis, Қазақ тілінде «бірігу», «қосақталу», «құрылым» деген мағыналаоды білдіретін сөзінен шыққан. Синтаксис - грамматиканың морфология сияқты өзекті салаларының бірі. Тіл білімінде синтаксис ең жоғары ярус болып есептеледі. Өйткені фонетика мен лексикология, морфология бойынша оқылған тіл туралы мәліметтердің барлығы жинақталып, тілдің қатынас құралы ретінде қызмет етуіне тек синтаксис арқылы ғана жүзеге асады. Синтаксистік нысандар мынадай бірліктерден тұрады:

1) сөз және оның тұлғасы;

2) сөз тіркесі;

3) жай сөйлем;

4) құрмалас сөйлем;

5) мәтін.

Бұл бірліктер синтаксистің ең негізгі белгілері болып есептеледі, синтаксис жүйесін осы бірліктердің жүйесі деп үйренеміз.

Синтаксистік бірліктер жүйесі бірліктер құрамындағы сөз, сөз тұлғаларының өзара байланысу жүйесімен тікелей байланысты. Мысалы, сөз тіркесі бірлігінің құрамына енетін сөз, сөздер мағына жағынан және форма жағынан байланысады. Мағына жағынан дейтініміз барлық сөз қандай формаға қойсаң да бір-бірімен байланыса береді деуге болмайды. Мысалы: шөп сөзі, оның мағынасы шап, жина сөздерімен тіркессе, оқы, сөйле сияқты сөздермен мағыналық үйлесімі жоқ, сондықтан тіркеспейді де. Сондай-ақ сөздердің форма жағынан байланысуында да қалыптасқан жүйе бар. Мысалы: барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септігі жалғауындағы сөздер салт және сабақты етістіктермен байланысса, ілік септігіндегі сөздер тек тәуелденген зат есіммен ғана тіркеседі. Міне, мұндай қалыптасқан жағдайлар синтаксис бірліктерінің байланыс жүйесін көрсетеді.

Синтаксистік элементтердің арасындағы байланыс синтаксистік мағына тудырады. Ал синтаксистік мағына синтаксистік бірліктердің басты белгісі, өйткені ол сөйлеуші мен жазушы ойының тіл арқылы берілген көрінісі болып табылады. Осыдан келіп ойлау мен тілдің, логика мен синтаксистің өзара тығыз қарым-қатынасы айқындалады.

Синтаксистік қатынастардың предикативті және предикативті емес (бейпредикативті) болып келетінін ұмытпау керек. Предикативтік қатынас - бастауыш пен баяндауыштың тіркесі (бастауыштық-баяндауыштық), ол сөйлемнің белгісі ретінде көзге түседі, ал предикативтік емес қатынас - сөз

тіркесіне тән белгі. Бұдан сөйлем мен сөз тіркесінің принципті айырмашылығы көрінеді.

Сөйтіп, синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынадай салаларды құрайды:

1) сөз және оның тұлғасының синтаксисі;

2) сөз тіркесінің синтаксисі;

3) сөйлем синтаксисі;

4) мәтін синтаксисі.

Сөз және оның тұлғасының синтаксисі - белгілі бір тұлғадағы толық мағыналы сөздің өзі сияқты басқа бір сөзді бағындыра алатын қасиеттерін, олардың сөз тіркесі мен сөйлемнің сыңары не мүшесі бола алу заңдылықтарын зерттейді.

Сөз тіркесі синтаксисі - сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігін, тіркесу тәсілдері мен формаларын, сөз тіркесінің құрамын, олардың түрлерін қарастырады.

Сөйлем синтаксисі - сөйлемнің құрылу принциптерін, сөйлемнің құрамын, олардың түрлерін қарастырады.

Мәтін синтаксисі - жеке сөйлемдерге қарағанда, өзінің тұтастығымен ойдың өрбуін, дамуын анағұрлым тереңінен көрсете алатын, мағыналық әрі синтаксистік жағынан байланысқан сөйлемдер тобын, олардың құрамын, байланысу заңдылықтарын, түрлерін қарастырады.

1. 2 Сөйлем, сөйлем мүшелері туралы жалпы сипаттама

Осы уақытқа дейін біз тіл білімінің фонетика, лексика, морфология салаларынан не үйренсек, соның бәрі сөйлем үшін қажет материал болмақ, өйткені адамзат өзінің ойын, көзқарасын тек қана сөйлем арқылы білдіреді. Тілдің қажеттілігі де осында. Сөйлем қашанда пікір алысу, қарым-қатынас құралы. Жеке сөздер өзара грамматикалық байланысқа түсіп, сөйлем құрайды. Сөз, сөз тіркесі - сөйлем үшін материал.

Демек, сөйлем - ең басты тілдік бірліктердің бірі, толық, тиянақты аяқталған ойдың көрсеткіші. Мысалы: Осыдан соң барлық үлкендер қауырт көтеріліп, шығып кетті (М. Әуезов) . Сөйлемде бірнеше адамның тез көтерілуі, шығып кетуі туралы сөз болып, белгілі бір ой, синтаксистік бірлік көрсетіліп отыр. Сөйлем құрылымдық үлгісі бар синтаксистік бірлік, яғни онда бастауыштық-баяндауыштық құрылымдық үлгі болады. Бұл синтаксистік басқа конструкцияларға емес, сөйлемге тән құрылым. Мысалы, сөйлем: Жер жыртылды; сөз тіркесі: жер жырту (Бірінші мысалда бірдеме жайында хабар беріледі, Екінші мысалда сөз тіркесі бірдемені атау үшін құрастырылған) .

Орыс тіл білімінде сөйлемге оны ұйымдастырушы негізгі белгілеріне орай, соның негізінде анықтамалар ұсынылып келеді. В. В. Виноградов: Сөйлем - ойды қалыптастыратын, білдіретін және хабарлайтын бірден-біл

(Виноградов В. В. Исследования по русской грамматике. М., 1975, 74-6. ) . Сонымен бірге сөйлемнің құрылымдық белгісіне назар аударатын анықтамалар да кездеседі: Предложение - это такая синтаксическая единица, которая включает в себе социативно-предикативную или нулевую предикативную связь (Мухин А. М. Структура предложений и их модели. Ленинград, 1988, 21-б. ) . Қазақ тіл білімінде сөйлемге мынадай анықтама

беріледі: Предикатық қатынас негізінде біршама аяқталған ойды білдіретін тиянақты сөздер тізбегін сөйлем дейміз (М. Балақаев) . Кейбір ғалымдардың көрсетуінше, мұндай анықтамалар сөйлемнің ойдың фактісі ғана емес, тіл фактісі екенін ашып көрсете алмайды. Сөйлемге соңғы уақытта мынадай да анықтама ұсынылып жүр: Шындық болмыстың белгілі бір сапасы мен сол сапаға сөйлеушінің қатысын сипаттаушы ойды білдіретін, біртұтас дербестігі бар бір сөзді немесе сөздердің тіркесін сөйлем дейміз.

2. Сөйлемнің негізгі белгілері туралы ғалымдар арасында түрліше пікірлер бар. Дегенмен солардың барлығы айналып

келгенде, предикативтілік, модальділік және интонация үшеуінің төңірегінде өрбиді. Сайып келгенде, сөйлемнің негізгі белгісі ретінде предикативтілікті де, модальділікті де (айтылған ойға субъективті көзқарасын білдіруі) интонацияны да бірдей жатқызған орынды болмақ.

Сондай-ақ, мынаны да ескерген жөн: сөйлем бүкіл тілдік категорияларды әз бойына. жинақтай келе, өзіндік үлкен екі қасиетімен дараланады, олар: 1) сөйлемнің негізін құрайтын элемент - бастауыш пен баяндауыш екендігі, осы екеуінің арқасында ғана оның модальдік қасиеті айқындалады.

Сондықтан да ең алдымен, сөйлемге тән қасиет, ол предикативтілік. Предикативтілікке жақ, шақ категориялары негіз болады. Осы екеуі арқылы предикативтілік жүзеге асады. Ал предикативтілік мына үш нәрсенің байланысы болып табылады: a) субъект-предткат арасындағы байланыс (логикалық аспект) ; ә) тема-рема арасындағы байланыс (коммуникативтік аспект: тема - сөйлемдегі оқиғаның басталу шегі; рема - айтылған хабардың амал-әрекеті) ; б) бастауыш-баяндауыш арасындағы байланыс (грамматикалық аспект) .

Сөйлемнің бір құрамды, екі құрамды немесе мүшеленбейтін түрлері болатыны белгілі. Бұларда предикативтілік түрлі деңгейде көрініс алады. Айталық, екі құрамды сөйлемдерде предикативтілік нақты, бір құрамды сөйлемдерде предикативтілік жартылай мүшеленбейтін сөйлемдерде предикативтілік болмайды. Бұған қарағанда, предикативтілік бастауыш пен баяндауыш арасындағы таза грамматикалық құбылыс.

Сөйлемнің модальділік белгісі сөйлем арқылы адамның қуану, шаттану, еркелету, шошу, ашу-ыза, күдіктену, күшейту, әсерлеу, құптау, жақтырмау және т. б. қасиеттерінің көрінуімен беріледі. Олардың негізгі көрсеткіштері рай категориясы, модаль сөздер, демеуліктер және интонация болады. Модальділік - сөйлем мазмұнының шындыққа қатысын (объективті модальділік: Ол жақта қыс ерте түседі) және сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын (субъективті модальділік: Ол жақта қыс ерте түсетін сияқты) білдіретін функционалды-семантикалық категория.

Интонация да сөйлемге тән. Сөйлемнің барлық түрінде оның құрылымдық компоненті ретінде интонация болады. Интонацияның тоны, ұзақтылығы, интенсивтілігі, тембрі т. б. компоненттерінің қасиеттері сөйлемнің коммуникативтік, эмоциялық мағынасына үлкен әсер етіп, оны өзгертіп және түрлі реңкке бояп отырады.

3. Сөйлемнің құрамы дегенде оның типтерінің топтастырылуы және айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін атауға болады. Сөйлемдер әр түрлі аспектіде қолданылып қызмет атқарады, олар мазмұны жағынан да, тұлға, құрамы жағынан да түрлі-түрлі болып келеді. Әрине, олар грамматикалық тип ретінде жұмсалатындықтан, әр қилы сөйлеу мазмұнын зат, құбылыстардың байланысына негізделген белгілі бір логикалық қатынас ыңғайында, жалпыланған мағынада білдіреді. Сөйлем грамматикалық мағына мен құрылымы жағынан жалпыланған категория деп айтатынымыз сондықтан.

Сөйлемдер қандай аспект тұрғысынан айтылмасын замандар бойы жалпы құрылымы жағынан кеңейіп шындалады, қолданылу аясы мен мағынасы жағынан саралана түседі. Уақыт озған сайын олардың белгілі бір тип ретінде қалыптасуының амал-тәсілдері сұрыпталып отырады. Бұдан адамның ойлау жүйесінің де тарихи үдеріс екендігі аңғарылады.

Өзге тілдердегі сияқты қазіргі қазақ тілінде де жалпыланған сөйлем типтері бар. Қазақ тіліндегі сөйлем типтерін мынадай белгілері бойынша жіктеп көрсетуге болады:

1) Сөйлемдегі айтылған ойдың шындық болмысқа қатынасы

тұрғысынан немесе жалпы модальдік мағынаның берілу сипатына қарай болымды және болымсыз сөйлемдер;

2) Сөйлемдер коммуникативтік мақсатына және оған тәуелді интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдер;

3) Сөйлемдердің жалпы құрылымына қарай а) бір не бірнеше предикаттық қатынастың негізінде құрылуына қарай жай және құрмалас сөйлемдер, ә) қалыпты және қалыпты емес синтаксистік құрылымды болуына қарай мүшеленетін және мүшеленбейтін сөйлемдер деп жіктеуге болады. Біріншісі

бастауыш пен баяндауыш арқылы не тек баяндауыш арқылы жасалады да, өз ішінен екі негізді және бір негізді сөйлемдер болып бөлінеді. Бір негізді сөйлемдер қимылдың субъектіге қатысы жағынан үш топқа жіктеледі: белгісіз жақты сөйлемдер, жанама жақты сөйлемдер, жалпылама жақты

сөйлемдер. Екіншісі, яғни мүшеленбейтін сөйлемдер лексика-грамматикалық жасалу ерекшелігі жағынан үш топқа жіктеледі

а) есімдерден құралған атаулы сөйлемдер, ә) модальдік сөздерден құралған сөйлемдер, б) одағайлардан құралған сөйлемдер.

Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай төртке бөлінетіні белгілі. Хабарлы сөйлем - шындық болмыстың фактілерін құбылыс, оқиға не зат туралы пікірлерді хабарлар мақсатында айтылатын сөйлемдер. Олар - кең таралған сөйлем түрі. Мазмұны құрылымы және қызметі жағынан әр түрлі болады, хабарлау интонациясымен айтылады. Хабарлы сөйлемнің мазмұны олардың тұлғалық ерекшелігіне байланысты, соған қарай: болымды, болымсыз, қалаулы (Ертең серуенге шығайықшы), болжалды (Күн жауатын шығар) т. б. болып бөлінеді.

Сұраулы сөйлем - бірдеменің жайынан хабар алу үшін жұмсалатын сөйлем. Жасалу жолдары: 1) сұраулық шылаулар, 2) сұрау есімдіктері, 3) -ше демеулігі арқылы, 4) арнаулы интонация арқылы (- Бұл кісілер қай елдікі? - Сабынкөлдікі. - Сабынкөлдікі? (Б. Майлин) . Сұраулы сөйлемдер әр түрлі

мазмұнда жұмсалады: 1) ашық сұрақ; 2) Қарсы сұрақ (- Ой, мынау тамаша емес пе? - Несі тамаша?) ; 3) Күмәнді сұрақ (- Сол жаққа барсам ба екен?) ; Таңырқаулы сұрақ Қайран, Сәтбек-ай, тірі ме едің?!) ; 5) Риториҡалық сұрақ.

Ал енді лепті сөйлем интонациялық тәсіл арқылы хабрлы сөйлемнен де, сұраулы сөйлемнен де жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда лепті сөйлем эмоционалды-экспрессивті қасиетке ие болады да, адамның көңіл-күйіне байланысты жайларды, қуану, шаттану, еркелетушошу, ашу-ыза, күдіктену т. б. білдіреді.

Бұйыру мақсатында айтылатын сөйлемдерді бұйрықты сөйлем дейміз. Бұйрықты сөйлемдер бұйрық және қалау райы арқылы жасалады. Олар сөйлемнің баяндауышы болып жұмсалады да, сөйлем түгелімен жоғары тонмен айтылады. Көбінесе аз сөзден құралады: - Қорқытпа! Тоқта! Тоқташы! Жогал! Көрінбе көзіме!

Ал сөйлем мүшелері тақырыбы жеке өзіне бір зерттеуге боларлық сала деуге болады.

Сөйлемнің өзі екі жақты қарастырылатыны белгілі:

1) сөйлемнің құрылымына, айтылу мақсатына қарай;

2) сөйлемді құрайтын элементтер немесе сөйлемге қатысты сөздердің сөйлем мүшелері болуына қарай. Сөйлемге қатысты осы екі мәселенің әрқайсысының өзіндік зерттеу нысандары бар.

Сөйлем мүшелері - сөйлемнің ішкі бөліктері. Сөйлем құрамындағы сөздердің санының аз болуы немесе көп болуы ой ерекшелігімен, стиль ерекшелігімен байланысты.

Сөйлем ішіндегі белгілі бір сөз сөйлем мүшесі болуы үшін міндетті түрде осы сөйлем құрамындағы басқа сөзбен байланысқа, тіркеске түсе алатындай болу керек, тіркес құрамына енбейтін сөз сөйлем мүшесі бола алмайды. Мәселен, бастауышты баяндауышына қарап, анықтауышты анықталатын сөзіне қарап сөйлем мүшесі деп танимыз.

Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшесіне берілген анықтамалар түрліше болып келеді.

М. Балақаев: «Сөйлемде грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшесі дейміз. » десе, Р. Әміров: «Сөйлем мүшесі - сөйлем құрауда қалыптасқан қатынастың компоненті. Сөйлем мүшесі ретінде толық мағыналы сөздер қолданылады» дейді. М. Серғалиев: «Сөйлем ішінде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа түсіп, бір сұрауға жауап беріп, бір ұғымды білдіретін жеке сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем мүшесі дейміз».

Қорыта келгенде, сөйлем мүшесі - сөйлемде бір не бірнеше сөздер тобының басқа сөздермен қатынастары арқылы арнайы бір сұраққа жауап беріп, грамматикалық мағынаға ие болатын түрі.

Сөйлем мүшелері мынадай топтар арқылы жасалады: 1) негізгі сөз топтарының сөйлем мүшесі болуы; 2) негізгі сөздер мен көмекші сөздердің түйдекті арқылы сөйлем мүшесі болуы; 3) тұрақты тіркесті сөйлем мүшелері; 4) бір сөздің қайталанып келуі арқылы сөйлем мүшесі болуы; 5) сөйлемнің

де сөйлем мүшесі болуы; 6) қысқарған сөзді сөйлем мүшесі 7) жеке дыбысты сөйлем мүшесі (Т. Сайрамбаев. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері) .

Сөйлемнің де сөйлем мүшесі болуына мысал: Тірі болсам журналист болуым керек деген ой менің басыма сонда ғана ұялаған еді (Ә. Нұршайықов) Білімнің құдіретін, тілдің құпиясын тұңғыш рет сонда ғана түсіндім деуіне әбден жарар (О. Бөкей) .

2. Сөйлемнің ең негізгі ұйытқысы немесе белгісі предикативтілік тіркес болса, ол тек қана бастауыш пен баяндауыштың тіркесуінен болады. Олай болса, бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің ұйытқысы. Бастауыш сөйлемде

айтылған ойға негіз болып, баяндауыш арқылы айтылған қимыл-қозғалыстың иесі ретінде көрінеді. Ал баяндауыш ойды тиянақтап, аяқтауға қызмет етеді. Сондықтан бастауыштың мағынасы баяндауыштың морфологиялық көрсеткіштері арқылы аңғарылып тұрады. Синтаксистік талдау кезінде әуелі

баяндауышты тауып, одан кейін бастауышты табатынымыз сондықтан. Осы айтылғандарды ескеріп, синтаксиске арналған оқулықтарда тұрлаулы мүшелерге мынадай анықтама беріледі:

Сөйлем құрауға негіз болатын, өзара предикаттык қатынаста жұмсалатын сөйлемүшелерін сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейміз.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі - бастауыш. Бастауыш

сөйлемде айтылған ойдың қазығы, негізі болады. Сөйлемде бастауыш екі түрлі жағдайда кездеседі: 1) арнайы түрде; 2) түрде. Бірақ ол жасырын түрде келгенімен, баяндауыш арқылы тауып алуға болады. Демек, бастауыш басқа сөйлем мүшелеріне қарағанда ойдың иесі ретінде қолданылады. Бұл жағынан

бастауыш басқа сөйлем мүшелерінен ерекшеленіп тұрады.

Сөйлемде бастауыштың қолданылуына қарай грамматикалық, логикалық деп ажыратады. Грамматикалық бастауыш сөйлемдерде ашық та, жасырын да бола береді. Оларды айқындау қиынға түспейді. Сонымен бірге, жақсыз сөйлемнің ішінде субъектінің қызметін атқарып, сол дәрежеде ойға қатысты сөздер де болады. Мұндай сөйлемдерде бастауыш жоқ, бірақ басқа септіктегі сөздер сол сөйлемде ойға қатысты айтылып тұрады. Мысалы: Маған үйге суға кету керек, - десек, сөйлемде баяндауыш кету керек. Маған, саған, оған деп үш жаққа ажыратуға болады. Енді осындай бастауышы жоқ сөйлемдердің де ішінде бүкіл сөйлемге ие болатындай сөздер болуға тиіс.

Ондай сөздер грамматикалық жағынан бастауыш бола алмайды, тек логикалық, яғни ойлау тұрғысынан ғана бастауыш қызметін атқарады. Келтірілген сөйлемде сондай сөз маған сөзі.

Сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі қызметтеріне сай өздеріне тән сұрақтары болатыны белгілі. Бастауыштың сұрағы кім? не? кімі? несі? Бұлар бастауыштардың формасына қарай көпше түрде де қолданылады. Сөйлемдегі зат есімдердің сұрақтарына жауап беретін мүшелердің барлығы бастауыш

болады деген ой тумауы керек. Айталық, мұндай сұрақтарға жауап беретін сөз баяндауыш та бола алады: Асан -жауынгер (Асан - кім?) . Сонымен бірге табыс септік жалғауы түсіріліп қолданылып, зат есім етістікпен меңгеріле байланысады: Мен бір қыз көрдім? (Мен кімді көрдім?) (Бастауыш сұрақтарының толық тізімін Т. Сайрамбаевтің "Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері" (Алматы, 1991, 66-68 бб. ) кітабынан қарауға болады) .

Сөйтіп, бастауыш деп сөйлемдегі ойдың иесі бола отырыш, баяндауыш арқылы барлық қасиеті айқындалатын, белгілі тұлғада онымен тікелей байланыста болатын және өзіндік сұрақтары бар сөйлем мүшесін айтамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай қара сөздерінің сөйлем құрылымы
Қысқарған сөзді сөйлем мүшелері
Парцелляциялық құбылыстың көркем мәтін тіліндегі лексика-грамматикалық және стилистикалық қолданысы
Сөйлемнің оқшау бөліктері
Сөз тіркесінің нормалық сипаты
Ағылшын тіліндегі құрмалас сөйлемдерді қолдану
Аударма - мәтіннің мазмұнын бастапқы тілден аударма тіліне беретін процесс
Тіл біліміндегі сөйлем мәселелері
Пікір
Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда лексикалық және грамматикалық трансформацияның түрлерін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz