Бұрандалы қосылыстар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Бұрандаларды дайындау әдістері

Бұранданың негізгі түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Бұрандалы қосылыстар

Бұрандалы қосылыстар деп, болттың, винттің, шпильканың, гайканың және т. б. бекіту бөлшектерінің көмегімен қосылатын ажырамалы қосылыстарды айтамыз. Мұндағы винт дегеніміз бұрандалы сырық; болт қалпақшалы винт; гайка - бұрандалы тесігі бар кілтпен қамтылатын пішінді бөлшек; ал шпилька - екі жағы да бұрандалы сырық.

Бұранда

Бұранда тілінген бөлшектің пішіні бойынша конусты бұранда және цилиндрлі бұранда болып екі түрге бөлінеді. Цилиндрлі бұранда көп таралған. Конусты бұрандалар көбінесе тұрбаларды жалғастырғанда қолданылады. Өйткені олар тығыздықты жақсы қамтамасыз етеді.

Бұрандалар профилі бойынша үшбұрышты, тікбұрышты, трапециялы, жұмыр және т. б. болып бөлінеді.

Винт сызығының бағыты бойынша оң және сол бұранда болып бөлінеді. Оң бұрандада винт сызығы солдан оңға қарай жоғары, ал сол бұрандада оңнан солға қарай жоғары жүреді. Оң бұранда кеңінен таралған. Сол бұранданы арнайы жағдайларда ғана колданады.

Бұранда сызықтарын өзара параллель етіп бірнешеуін қатар жүргізуге болады және ондай бұрандаларды көп кірісті бұрандалар деп атайды. Олар бұранда сызығының кіру санына байланысты бір кірісті, екі кірісті, үш кірісті және т. б. болып бөлінеді. Бір кірісті бұрандаларды кесу оңай және арзан, сондықтан олар техникада көп қолданылады. Барлық бекіту бұрандалары бір кірісті болып келеді. Ал көп кірісті бұрандалар тек жүк көтеретін винттерде қолданылады, себебі олардың пайдалы әсер коэффициенті жоғары келеді.

Бұрандаларды дайындау әдістері.

  1. Бұранданы кескішпен (метчик, плашка) қолдан дайындауға болады. Бұл әдіс өнімділігі шамалы болғандықтан шағын өндірістер мен жөндеу жұмыстарында ғана қолданылады.
  2. Бұранданы кескіш арқылы темір жонатын немесе арнаулы болт өңдейтін станоктарда дайындауға болады.
  3. Арнаулы фрезерлік станоктарда дайындалады. Бұл әдіспен дәлдікті талап ететін, үлкен диаметрлі винттер дайындалады (жүріс және жүк винттері, біліктердегі бұрандалар және т. б. ) .
  4. Арнаулы бұрандалар таптағыш станок автоматтарда кесіледі. Мұндай өнімділігі жоғары, әрі арзан әдіспен стандартты қозғалыс қажетіне арналған бұрандалар әзірленеді (болттар, винттер, гайкалар және т. б. ) .
  5. Құю әдісі. Мұнда пластмассадан, шойыннан және шыныдан құйылған бөлшектердің бұрандаларын құю процесінде жасауға болады.
  6. Сығу әдісі. Жұқа қабырғалы қаңылтырдан және пластмассадан штамптау немесе үлкен қысыммен қысу арқылы жасалатын бөлшектерге бұранда сызығын сығу арқылы түсіреді.

Бұранданың геометриялық параметрлері - бұранданың сыртқы диаметрі, яғни бұранда орамының сыртқы төбелері арқылы жүргізілген цилиндр диаметрі; - бұранданың ішкі диаметрі, бұранда орамының ішкі табандары арқылы жүргізілген цилиндр диаметрі; - бұранданың орта диаметрі; - гайка мен винт орамы жанасатын профильдің жұмыс биіктігі; - қадам; - бұранда жүрісі, бұл гайканың бір айналу кезіндегі жылжу шамасын көрсетеді. Бір кірісті бұранда үшін = ; көп кірісті бұранда үшін, мұндағы - кіру саны; - профиль бұрышы; - көтерілу бұрышы.

Пайдалануға қойылатын негізгі талаптар:

Допуск расположения поверхностей
Эскиз
Позициялық төзімділікті анықтауға арналған формулалар
Максимальное расширение допуска Тдоп
Допуск расположения поверхностей: Негізгі бет осіне қатысты туралау (симметрия)
Эскиз: https://studfile.net/html/2706/20/html_Mim2tDmFtt.v628/img-zvGU_t.jpg
Позициялық төзімділікті анықтауға арналған формулалар:

База үшін

Т Р = 0

Бақыланатын бет үшін

Т Р = Т С

Максимальное расширение допуска Тдоп:

Т доп = Td 1

Т доп = Td 2

Допуск расположения поверхностей: Ортақ оське қатысты туралау (симметрия)
Эскиз: https://studfile.net/html/2706/20/html_Mim2tDmFtt.v628/img-9aIvTz.jpg
Позициялық төзімділікті анықтауға арналған формулалар:

Т Р1 = Т С1

Т Р2 = Т С2

Максимальное расширение допуска Тдоп: Т доп = Td 1 + Td 2
Допуск расположения поверхностей:

Екі беттің теңестірілуіне (симметриясына) төзімділік

Негіз көрсетілмеген

Эскиз: https://studfile.net/html/2706/20/html_Mim2tDmFtt.v628/img-gojDD2.jpg
Позициялық төзімділікті анықтауға арналған формулалар: Т Р1 = Т Р2 =
Максимальное расширение допуска Тдоп: Т доп = TD 1 + TD 2
Допуск расположения поверхностей: Жазықтыққа қатысты бет осінің перпендикулярлығы
Эскиз: https://studfile.net/html/2706/20/html_Mim2tDmFtt.v628/img-jf6Wk0.jpg
Позициялық төзімділікті анықтауға арналған формулалар: Т Р = Т https://studfile.net/html/2706/20/html_Mim2tDmFtt.v628/img-SboFY7.png
Максимальное расширение допуска Тдоп: Т доп = TD

https://studfile.net/html/2706/20/html_Mim2tDmFtt.v628/img-QCI4WS.jpg

Бұрандалардың негізгі түрлері .

Бұрандалы винттер пайдалану қажеттілігіне қарай бекіту бұрандалары және қозғалыс немесе күш беретін бұрандалар болып бөлінеді.

Бекіту бұрандалары бөлшектерді қосу қажетіне арналған, ал олардың профилі үшбұрышты етіп жасалады.

Бекіту бұрандалары: метрлік - негізгі бекіту бұрандасы;

Трубалы бұрандалар - төбелері мен ойықтары дөңгелетілген үшбұрышты; жұмыр ағаштарға арналған винттердің бұрандасы.

Қозғалыс немесе күш беретін бұрандалар (жүріс бұрандалары) : тікбұрышты трапециялы симметриялы, трапециялы симметриясыз, немесе сүйеніш.

Бұрандалардың профилін таңдап алу.

Көптеген факторлармен анықталады, олардың ішіндегі маңыздылары беріктік, технологиялылық және бұрандадағы үйкеліс күштері. Айталық, мысалы, бекіту бұрандасының беріктігі және бекіту бөлшектерін өздігінен бұралудан сақтандыру үшін үйкеліс күштері жоғары болуы керек.

Қозғалыс немесе күш беретін бұрандаларда тозуды азайтып, п. ә. к. көтеру үшін үйкеліс күштері аз болуы керек. Беріктік олар үшін көп жағдайда винт жұбының өлшемдерін анықтайтын басты критерий болып табылмайды.

Бекіту метрлік бұрандасы үшін және ; трапециялы симметриялы жүріс бұрандасы үшін және ; жүріс сүйеніш бұрандасы үшін және ; тік бұрышты бұранда үшін және . Сонымен бекіту метрлік бұрандасындағы үйкеліс күштері жүріс бұрандаларындағы үйкеліс күштеріне қарағанда 15…12% - ке үлкен.

Бұранданың кесілуге беріктігін қимасы бойынша есептейді (алда көрсетіледі. Үшбұрышты бұранда үшін тең, трапециялы -, тік бұрышты - . Демек, бұранда қадамы бірдей болғанда, үшбұрышты профильді бұранда тікбұрышты профильді бұрандадан шамамен екі есе берік. Осы жағдайды ескере отырып, негізгі бекіту бұрандаларын үшбұрышты профильді етіп, ал жүріс бұрандаларын тікбұрышты немесе оған жақын етіп орындайды.

Метрлік бұранда . Стандарт бойынша метрлік бұрандалар ірі және ұсақ қадамды болып бөлінеді. диаметр бірдей ұсақ қадамды бұрандалар ірі қадамды бұрандалардан қадамның мәнімен ажыратылады. Мысалы, 14мм диаметр үшін ірі қадам 2 мм-ге, ал ұсақ қадам 1, 5; 1, 25; 1; 0, 75 және 0, 5 мм-ге тең. Ұсақ қадамды бұрандалар төмендегідей болып белгіленеді: М12х1, 5 (1, 5 - қадам шамасын мм-мен көрсетеді), ал ірі қадамды бұрандалар М24. Қадам азайған кезде сәйкес бұранданың биіктігі және бұранданың көтерілу бұрышы азаяды, ал ішкі диаметр өседі.

Трубалы бұрандалар қосылыстың тығыздығын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Ұсақ қадамды болып келеді. Дюйммен өлшенеді. Конусты трубалы бұранда қосылыстың жоғары тығыздығын қамтамасыз етеді. Конусты бұранданың цилиндрлі бұрандаға қарағанда дайындалуы қиын. Қазіргі уақытта трубалы бұрандалардың орынына ұсақ қадамды метрлік бұрандалар қолданылады.

Жұмыр бұранда негізінен үлкен динамикалық күш әсер ететін винттерде, сондай-ақ көбінесе жиі бұралып алынатын өрт және гидравликалық арматураларда кеңінен қолданылады. Сонымен бірге электр лампасының патронында, противогаздарда және т. б. пайдаланылады.

Ағаштарға арналған винттердің бұрандасы. Бұл бұрандалардың конструкциясы әр түрлі материалдардан дайындалған бөлшектерде бұранданың бірдей беріктігін қамтамасз етеді. Мысалы, ағаш бөлшектің бұрандасы үшін кесілуге есептік өлшем, ал металдан жасалған винттің бұрандасы үшін - . > .

Трапециялы бұранда симметриялы және симметриясыз профильді етіп жасалады. Симметриялы бұранданы күш екі жаққа бағыттылған жүк винттерінде қолданады. Симметриясыз бұранданы күш бір жаққа бағыттлаған жүк винттерінде қолданады және тірек бұранасы деп атайды. Пайдалы әсер коэффициентін жоғарылату үшін және винттерді фрезерлі бұранда станоктарында дайындау үшін бұранданың тірек жағының көлбеулік бұрышын 30 етіп алады.

Бекіту бөлшектерінің негізгі түрлері

Бөлшектерді қосу үшін болттарды (гайкалы винттерді, винттерді, гайкалы шпилькаларды қолданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЖЫРАМАЙТЫН ҚОСЫЛЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ
Қосылыстар
Бұрандалы қосылыс
Қосылыстарды есептеу
Ажырайтын немесе ажырамайтын қосылыстар
Бұрандалы қосылыстардың бөлшектері
Қосу бөлшектерінің түрлері
Машинаның бөлшектері мен тораптары бірімен - бірі қосылыс түрлері
Машина құрастыру негіздері пәнінен жоғарғы және орта кәсіптік мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының студенттері үшін арналған дәрістік конспект
Берілістердің өзараауыстырымдылығы мен дәлдігі және пайдалану рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz