Төртбұрышты шлицтік қосылыстар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
Шпонкалы және шлицті қосылыстар
Шақтама мен қондыру түрлерін таңдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиетер тізімі

Кіріспе

Қазіргі уақытта біз ғылым мен техниканың мейлінше күшті қарқынмен дамып, өмірге кеңінен тарағанынан куә болып отырмыз. Механика ғылымы машина мен механизмдер бөлшектерінің , құрылыс конструкцияларының және де басқа қатты заттар мен үздіксіз ортаның, газдардың қозғалысын, күш әсерінен болатын кернеулік жағдайын қарастырады. Олар үш бөлімнен құралады. Жалпы механикаға материалдық нүктелер мен денелер және олардың жүйелері, үздіксіз және дискретті орталар механикасы, механикалық жүйелердің тербелісі, машина мен механизмдер теориясы және т.б жатады. Машина жасау өнеркәсібі халықтың, мемлекеттің қандай даму сатысында тұрғаның анықтайды. Мемлекеттің энергетикасы, тау-кен, ауыл-шаруашылық, химиялық, тамақ өндіру, мата тоқу, жеңіл және т.б өнеркәсіптері машина жасау өндірісіне тікелей байланысты. Осыған орай, барлық елдерде машина жасау өндірісінде өте көп көңіл бөлінеді және ол барлық халық шаруашылығының өзегі, бастамасы болып саналады. Машина бөлшектері курсында тек түзу біліктердің конструкциясы мен олардың есептеу жолы қарастырылады. Қазіргі кезде адам тіршілігі машинаға байланысты. Тікелей өндірісте қызмет етсек, әр қилы машиналарды көреміз. Олардың бәрі біздің істейтін қызметімізді жеңілдетеді, еңбек қарқынын және өнімділігін арттырады.

Шпондық қосылыстар валдан, шпонкадан және дөңгелектің ступицасынан тұрады. Шпонка вал мен ступицаның қуысына енгізілетін болат сырық (брус) түрінде болады. Ол вал мен ступица арасында айналдырушы моментті беруге арналған. Шпонкалардың негізгі түрлері стандартталған және олар біліктің диаметрі бойынша анықталады.
Шпондық қосылыстардың шлицтік қосылыстарға қарағанда артықшылықтары конструкцияның қарапайымдылығы және монтаж бен демонтаждың оңай болуы. Шпондық қосылыстар машинажасаудың барлық салаларында қолданылады.
Шпондық қосылыстардың кемшіліктері валға тағылатын бөлшектер әсерінен шпондық қуыс вал мен ступицаны босады. Валдың босауы тек оның қимасының кемуімен ғана байланысты емес, ол шпондық қуыс әсерінен пайда болатын иілу мен бұралудың кернеуінен де болады.
Барлық шпондық қосылыстар кернеулік және кернеулік емес деп бөлінеді. Кернеулік емес қосылыстар призмалық және сегменттік шпонколарды қолданағанда алынады. Бұл жағдайда қосылысты құрастырған кезде бөлшектерде алдын ала кернеу пайда болмайды. Кернеулік байланыстар клиндік және тангенциалдық шпонкаларды қолданғанда алынады. Мұнда құрастыру кезінде алдынала монтаждық кернеу пайда болады.
Призмалы шпонкалар кернеусіз қосылысқа жатады, сондықтан олардың жоғарғы бетінде саңылау қалдырылады және айналу моменті біліктен ступицаға шпонканың бүйір қабырғасы арқылы беріледі. Сол себептен шпонканың бүйір қабырғасында жаншылу кернеуі және шпонканың қимасында қиылу кернеуі пайда болады. Ал кернеулер шамасын былайша анықтауға болады:

Мұндағы, шпонканың биіктігі, біліктің диаметрі, шпонканың ені, шпонканың жұмыс істеу ұзындығы, жаншылу кернеуі.
Шпонканың ені мен биіктігінің өлшемдері қиылу беріктігіне есептеу арқылы табылып, стандартталған. Сондықтан призмалы шпонкаларды тек жаншылу кернеуіне есептеледі. Сонымен бірге мұндай қосылыстарды жылжымалы етіп жасауға болады, бірақ үйкеліс күшінің әсерінен ступица жылжитын болса, онда шпонканың өзі де орынынан қозғалуы мүмкін, сондықтан шпонканы білікке бұранда арқылы бекітеді. Кейбір жылжымалы қосылыстарда ступицаға бекітілген қысқа шпонкалар қолданылады.

А орындалуы B орындалуы С орындалуы 1-орнатушы винт, 2-құлыпты серпімді сақина.

1-сурет. Призмалық шпонкалы қосылыс. 1.1-сурет. Сегменттік шпонкалы қосылыс.

Призмалық шпондық қосылыстар 1-суретте көрсетілген, олар шеттерінің формалары бойынша, шеттері дөңгелетілген (А орындалуы), шеттері жазық (В орындалуы) және бір жағы жазық, ал екінші жақ шеті дөңгелетілген (С орындалуы) болып бөлінеді.
Сегменттік шпонканың жұмыс істеу принципі призмалық шпонкаға ұқсас. Сегменттік шпонкалармен қосылған қосылыстың ерекшелігі шонканы отырғызатын ойықтар оңай жасалады және оларды ажыратып, қайта құрастыру да жеңілге түседі. Бірақ тереңірек жасалған ойық біліктің қимасының ауданының кемуінен білікті әлсіретеді. Сол себепті шпонкалар біліктің шетіне, күш аздау түсетін жерге орналастырылады. Сегменттік шпонканы да призмалық шпонкалар сияқты жаншылуға есептейді.

Біліктің қимасын әлсіретпеу үшін сегменттік шпонкалардың доға жақ бетін кесіп, оның биіктігін азайтады. Сегметтік шпонкалар бүйір қырларымен жұмыс істейді және кернеусіз қосылыстар құрады. Үлкен емес айналдырушы моменттерді беру үшін қолданылады.

Шлицтік қосылыстар деп ступицаның ішкі бетіндегі ойықтарға, дәл сол пішіндес етіп жасалған біліктің тістерінің отырғызылуы арқылы жасалған қосылысты айтамыз. Шлицті қосылыстарды көп шпонкалардан тұратын шпондық қосылыс ретінде де қарастыруға болады.
Шлицтік қосылыстар машинажасаудың барлық салаларында қолданылады, олардың өлшемдері стандарттарлған. Жұмыс облысы ретінде тістердің бүйір жақтары болады.
Шлицтік қосылыстардың шпондық қосылыстарға қарағанда артықшылықтары:
1. Шлицтік қосылыс шпондық қосылыстарға қарағанда берік болады, сондықтан ол ауыр жүк түсетін қосылыстарда қолданылады.
2. Қосылатын бөлшектердің жақсы негізделеді және осьтік жылжуда дәл бағытталады.
3. Біліктерге отырғызылған бөлшектер ось бойымен еркін қозғала алады.
4. Қосылатын бөлшектердің саны азаяды (шлицтік қосылыста екі бөлшек болады, ал шпондықта үш, төрт).
5. Тістерге бірқалыпты жүктеме әсер етуден динамикалық жүктемеге төзімді болады.
6. Бірдей габариттер болғанда үлкен айналдырушы моменттер байланысудың үлкен аудандарының әсерінен болады.
7. Тістер әсерінен вал аз босайды және ступицаның ұзындығы қысқарады.
Шпондық қосылыстарға қарағанда шлицтік қосылыстардың кемшіліктері:
1. Жасау технологиясы күрделірек болады, сондықтан құны да қымбаттырақ.
2. Ось бойымен бағытталған күштерді қабылдай алмайды.
3. Тістердің бірдей дәлдікте жасалмауынан әсер етуші күштер шлицтердің барлығына бірдей таралмайды.
Шлицтік қосылыстар қосылу сипатына қарай білікте бөлшекті бекіту үшін қозғалмайтын және вал бойымен бөлшектің қозғалуы үшін қозғалатын деп бөлінеді (мысалы беріліс қорабындағы тісті дөңгелектер және т.б.), тістер формасына қарай төртбұрышты, үшбұрышты және эвольвенттік деп; валға қатысты ступицаны центрлеуге қарай сыртқы диаметрге центрленген, ішкі диаметрге центрленген және тістердің бүйір қырларына центрленген деп бөлінеді.
Тістер профилі төртбұрышты болатын қосылыстар қозғалатын және қозғалмайтын қосылыстарда қолданылады, тістердің тұрақты қалыңдығына ие, центрлеудің әр түрлі әдістермен жасалады. Центрлену дәлдігі аз болғанда, шамасы үлкен, таңбасы өзгермелі және соққы жүктемелер әсер еткенде қолданылады (карданды білікте және т.б.).
Тістер формасы эвльвенттік болатын қосылыстар қозғалатын және қозғалмайтын қосылыстарда қолданылады. Тіс қисығы эвольвента бойынша сызылған, іліну бұрышы Үлкен айналдырушы моменттерді беру үшін арналған. СТ СЭВ 269-76 старндарты бойынша тістердің бүйір қырларына центрленіп, кейде сыртқы диаметрге центрленіп жасалады. Төртбұрышты шлицтік қосылыстарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шпонкалы қосылыс
Ажырайтын немесе ажырамайтын қосылыстар
АЖЫРАМАЙТЫН ҚОСЫЛЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ
Біліктер. Біліктерді жөндеу
Дизель қозғалтқышының отын айдаушы сорғысы
Бiлiктердi механикалық өңдеу технологиясы
Резервуарларға қойылатын талаптар
Машина жасау мамандығы
Қосылыстар
Бұрандалы қосылыс
Пәндер