Бұйымның тұтыну қасиеттерінің сараптамасы


Дәріс №1.
Тақырып №1: Сараптаманың мәні мен оның мағынасы
- Сараптама ғылыми-практикалық зерттеудің ерекше түрі ретінде.
- Сараптамалардың жіктелуі.
- Тауар сараптамасының негізгі элементтері
Әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне түсініктер / Қазақстан Республикасының кедендік бақылау Комитетінің төрағасы Б. М. Сапарбаевтың жалпы редакциясы бойынша - Астана: Кеден - Custom, 2005ж.
- Кеден ісінің негізі:Оқулық / жалпы ред. В. Г. Драганов: М. : Рессей Кеден академиясы ГТК РФ - М. : ОАО издательство «экономика», 1998ж.
- Жиряева Е. В. Халықаралық сауда мен кеден ісіндегі экспертиза - СПб. : Питер, 2003ж.
- Чечеткина Н. М., Путилина Т. И., Горбунова В. В. Тауар экспертизасы. Серия «Оқулық және оқу құралдары». Ростов н/д: «Феникс», 2000ж.
- Красовский П. А., Ковалев А. И., Стрижков С. Г. Тауар және оның экспертизасы - 2 басылым - М. : Экономика және маркеттинг орталығы, 1999ж.
- В. А. Сложенцев, А. В. Нестеров «Кеден ісіндегі экспертиза: методико- анықтамалық басыл» Новосибирск қ. 1998 ж.
1. Сараптама ғылыми-практикалық зерттеудің ерекше түрі ретінде
Нарықтық қатынасты бекіту, құқықтық мемлекетті құру процесін сәйкестендіру, халықтың заңды білу сауаттылығының өсуі сараптама арсеналының жеке және заңды тұлғаларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жиі тартады. Алайда арнайы білімдер ролінің өсуінің жалпы беталысына қарамастан, оларды пайдалану деңгейі қазіргі талаптарға толық сәйкес келмейді.
Өндірісте арнайы білімді тиімді пайдалану көбінесе аталған ұғымды дұрыс және нақты анықтауға байланысты болады. Қылмысты және бұзушылықты тергеу кезінде адам әрекетінің әр түрлі салаларындағы білімдерді жұмылдырмастан, жедел қызметшінің, тергеушінің, анықтаушының, кеден органы қызметкерінің, сарапшының қызметін одан әрі жетілдіру мүмкін емес.
Заң әдебиеттеріндегі сот өндірісінде қолданылатын арнайы білімдер ұғымының мәнін анықтауға, олардың мазмұнын ашуға, олардың субъектілерін анықтауға бірнеше әрекет жасалды, бірақ осы мәселелерге бірыңғай түсініктеме берілмеді. Көрсетілген мән-жай арнайы білімдердің, оларды қолдану субъектілерінің, сондай-ақ қолдану нысандарының мазмұнын ашу қажеттілігін айқындайды.
Арнайы білімдер ұғымына берілген көптеген пікірлерді талдай отырып, біздің көзқарасымызша, олардың нақты негізгі сипатын ашатындай анықтама беруге мүмкіндік туды. Мәселен, арнайы білімдердің мазмұнды жағын зерттей отырып, А. А. Эйсман оған заң және жалпыға танымал емес, жалпыға қол жетімді емес білімдерге, яғни мамандардың шектелген ортасы ғана меңгерген білімге не жататынын нақтылайды. Осыған ұқсас көзқарасты В. И. Шиканов қолдайды және оған қоса ол жалпыға танымал білімдер ұғымын, сондай-ақ арнайы және заң білімдерінің арақатынасын анықтауды талап етеді.
Жалпыға танымал білімдер - іс жүзіндегі қарапайым әлеуметтік тәжірибенің қазіргі деңгейіне сәйкес келетін нақты білімдердің және адамдардың жалпы білім беру даярлығы нәтижесінде алған ғылыми білімдерінің жиынтығы. Олардың ғылыми мәліметтер мен практикалық ептілікке, адам әрекетінің белгілі бір тар көлемдегі арнайы бағытынан алынған тәжірибеге сүйенуі кәсіптің, мамандықтың ерекшелігі болып табылады.
Айтылғандарды ескере отырып, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың, судьяның құқықтық білімдері олардың сот өндірісі саласындағы білікті өкілдер ретінде фактілер мен мән-жайлар бойынша баға беруге және құқықтық шешімдер қабылдауға өкілетті екеніне сүйене отырып, арнайы болып табылады.
Арнайы білімдердің кәсіби дайындыққа, қызметке байланысына назар аударған жөн.
Арнайы білімдер - бұл ғылыми және инженерлік-техникалық мамандықтардың негізін құрайтын ғылым мен техника саласындағы білім, сондай-ақ қызметтің қандайда бір өзге түрлерімен айналасуға қажетті кез-келген басқа да білімдер. Дәлелдемелерді табуға, бекітуге, алуға және зерттеуге қатысты арнайы заң ғылымдары саласының білімдерін қоспағанда, арнайы білімдерге заң білімдері жатпайды.
«Сараптама» деген сөз латынның «expert us» деген сөзінен шыққан, ол «тәжірибелі, жетекші» деген мағынаны білдіреді. Жалпы сараптама дегеніміз - қандайда бір арнайы саладағы білімді тартуды талап ететін мәселелерді шешу үшін жетекші адаммен (сарапшымен) жүргізетін зерттеу. Сарапшы ретінде ғылыми жұмыскерлер, теоретиктер, практикалық жұмыскерлер - инженерлер, дәрігерлер бола алады, бірақ олар сарапшы ретінде қатысу үшін барлық жағдайда да осы мамандықтың ғылыми білімін меңгеруі тиіс. Сарапшы өзінің ой-пікірлерін нақты ғылыми ережелерден, көріністің осы ғылым зерттейтін заңдылығынан туындайтын ғылым жетістіктерінен шығарады.
Сараптаманы жүргізу үшін арнайы ғылыми деректердің болуы міндетті талап болып табылады. Олар сарапшыны тағайындауда маманның ғылыми білімінің жеткілікті көлемін көрсететін сарапшының ғылыми құзыретін құрайды.
Сараптаманы тағайындайтын шарттар:
- арнайы ғылыми білімдер негізінде зерттеулер жүргізу;
- өзге тұлғалардан ерекшелейтін жеке құқықтар мен міндеттерді меңгерген арнайы тұлға - сарапшының сараптамалық өндірісі;
- сараптаманы жүзеге асырудың заңмен регламенттелген нысаны, ол сараптаманың тағайындалуына, жүргізілуіне, зерттеу нәтижелерінің ресімделуіне және олардың бағалануына, сондай-ақ сараптамаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне жатады. Сарапшының қорытындысы сараптамалық зерттеу нәтижелерін белгілеу нысаны болып табылады ;
- белгілі бір теориялық қағидаттарға және зерттеу тәжірибелеріне сүйене отырып, фактілерді бағалау және түсіндіру негізінде ой-пікірін зерттеу нәтижесінде қалыптастыру.
Сараптаманың зерттеу нәтижесі - фактіні анықтау, табу емес, оның болуы туралы қорытынды, ой тұжырымы. Ой тұжырым сарапшының арнайы ғылыми білімдерінің негізінде жүргізілген зерттеу объектілерінің байланысы, анықталған белгілерді бағалау жиынтығы арқылы белгіленеді.
Сараптау заты - іс үшін маңызы бар және білімнің тиісті саласына кіретін мәселелерді шешу мақсатында сараптаманың осы саласының құралдарымен (әдістерімен) зерттелетін және танылатын объектінің (негізгі және қосымша) жақтары, қарым-қатынасы.
Практикада сараптама затының оңайлатылған анықтамасы сараптамалық зерттеу негізінде белгіленетін, оны шешу үшін мәні бар нақты деректер (істің мән-жайлары) ретінде қолданылады.
Әдебиеттерде нақты сараптама заты мен біртектес (түрлі) зат ұғымының айырмашылықтары берілген. Нақты іс бойынша зат сарапшының алдына қойылған мәселелерді айқындайды. Ол сарапшының таңдауын және сараптаманы жүргізу кезіндегі өкілеттігін белгілейді.
Сараптаманың мақсаты - шындықты белгілеу. Сараптама мақсатына қарай: іс жүргізу сипатындағы сот сараптамасы және сотсыз (ведомстволық) сараптама деп екіге бөлінеді.
2. Сараптамалардың жіктелуі
Сараптамаларды жүйелендіруді ғылым салалары немесе қоғамдық тәжірибе бойынша жүргізу қабылданған.
Сараптамалар кластары: әскери, саяси, әлеуметтік, техникалық, экономикалық, криминалистикалық, медициналық, өнертану, саудагерлік, экологиялық. Әрбір сараптаманың өзіндік әдістемелік, техникалық және ғылыми-құқықтық ережелері болады.
Сараптама заты мен оның субъектілерінің түрлері өте көп.
Сотсыз (ведомстволық) сараптама сот өндірісінен бөлек тағайындалады және іс жүргізу нысанынсыз жүргізіледі. Сотсыз сараптама сот әділдігі үшін жүргізілмейді, оның нәтижелері қылмыстық іс қозғауға негіз болуы мүмкін. Осындай жағдайда сотсыз сарапатама материалдары іс материалдарына өзге құжаттар ретінде қосылуы мүмкін.
Зерттеу заты бойынша сараптамалардың жіктелуі:
- қатысушы сарапшылардың саны бойынша (жеке дара, комиссиялық) ;
- арнайы білімдерді қолдану сипаты бойынша (кешендік) ;
- жүргізілетін зерттеудің көлемі бойынша (негізгі және қосымша) ;
- жүргізу реттілігі бойынша (бастапқы, қайталама) .
Сараптамалық зерттеулердің, яғни, сараптаманы жүргізу құралын белгілеуге жататын мән-жайлардың заты сараптамалардың алуан түрлеріне шектеу қою белгілері және тергеу сияқты сарапшының құзыреті болып табылады.
Жеке дара сараптаманы бір сарапшы жүргізеді. Комиссиялық сараптаманың мынадай ерекшеліктері болады:
- бір мамандықтағы бірнеше сарапшылар (мамандар) жүргізеді;
- оның өндірісінде зерттеудің едәуір көлемі, ерекше күрделілігі немесе іс бойынша сараптаманың маңыздығы орын алған.
Бірыңғай сараптама - оны жүргізу процесінде арнайы білімдерді қолданудың біртектестігімен сипатталады. Кешендік сараптама арнайы ғылыми білімдердің әр түрлі саласы және әр түрлі мамандықтардағы сарапшыларды тарту негізінде зерттеудің бір мән-жайын белгілеу қажет болған жағдайда қолданылады.
Қосымша сараптама - тек негізгі сараптаманы жүргізгеннен кейін тағайындалады. Сарапшы қорытындысының жеткілікті түрде айқын немесе толық болмауына байланысты сараптаманы тағайындаған адамның қорытындымен келіспеуі, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелердің туындауы. Қосымша сараптама тек екі рет ғана емес, үш рет те және т. с. с. болуы мүмкін. Сарапшы қорытындысының айқын болмауы оның тұжырымдамаларының нақты болмауы дегенді білдіреді және қорытындыға түсінік берумен шеттетіледі.
Сарапшының қорытындысын түсіндіру - бұл сарапшының таңдап алған әдістемесінің; олардың пайдаланған ғылыми-техникалық құралдарының; анықталған белгілерінің; сарапшының белгілерді және олардың жиынтығын бағалау белгілерінің; жеке терминдер мен тұжырымдамалардың мәні мен мағынасын ашу арқылы берген айғағы.
Егер сарапшы кейбір қойылған мәселелерді шешусіз қалдырса, олардың көлемін тарылтса, барлық объектілерді зерттемесе, онда қорытынды толық болмайды. Тапсырма көлемін тарылтудан туындаған қорытындының толық болмауы өздігінше сарапшының ой-пікіріне күдік келтірмейді.
Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткіліксіз негізде немесе оның растылығы күмән тудыратын болса, сол объектiлердi зерттеу және сол мәселелердi шешу үшiн тағайындалады. Қайталама сараптаманы тағайындау кезінде сарапшының алдында зерттеудің бұрын қолданылған әдістерінің ғылыми негізділігі туралы сұрақ қойылуы мүмкін. Қайталама сараптама қаулысында алдыңғы сараптаманың нәтижесімен келіспеу себептері келтірілуі тиіс.
3. Тауар сараптамасының негізгі элементтері
Бұйымдарды тұтыну қасиеттері сараптамасының мазмұны мен функцияларын анықтауда ең қарапайым қисынды үлгіні құрастырудан бастаған жөн. Жалпы, ол мынадай функционалды жүйені көрсетеді:
- тиісті білімі мен құралдары бар маман-сарапшы, белгілі бір белгілері бойынша эталон үшін таңдалып алынған бұйымдарға сапалы-санды талдауды басқа бұйымдармен салыстыра отырып жүргізеді;
- қабылданған белгілермен салыстыру негізінде бұйымның тұтыну құндылығы анықталады (бағаланады) ;
- белгілі бір әдістердің жиынтығын қолдана отырып, қорытындыда сапалы немесе санды нысанда бейнеленген кейбір жалпылама нәтижені алады.
Сонымен, жүргізілген сараптаманың субъектісі, объектісі, белгілері әдістері мен рәсімдері және оның нәтижесі осы үлгінің негізгі элементтері болып табылады. Енді осы элементтердің әрқайсысын қысқаша қарастырайық:
Бұйымның тұтыну қасиеттерінің сараптама субъектісіне , әдетте, бұйымның тұтыну қасиеттеріне зерттеу (таңдау және бағалау) жүргізген білікті маман-сарапшылар тобы жатады. Сараптама комиссиясы бұйым сапасын бағалаудың (көрсеткіштер номенклатурасын анықтау, көрсеткіштің коэффициенттік салмағын табу және т. б. ) жеке операцияларын орындау үшін де, тауарлардың сапасына кешенді баға берумен аяқталатын барлық бағалау операцияларын орындау үшін де құрылуы мүмкін.
Адамның өнімді тікелей пайдалануы (тұтынуы) кезінде пайда болатын бұйымның тұтыну қасиеті сараптама объектісі болып табылады. Олар бұйымның тиімді қолданылуын, оның қоғамдық және мәдени құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, іс жүзінде пайдалылығын, пайдаланудың қолайлылығын және эстетикалық жетілуін сипаттайды. Бұйымның тұтыну қасиеттерінің жиынтығы негізгі жеті топқа бөлінеді: саяси, функционалдық, эргономикалық, эстетикалық, тұтыну сенімділігі, пайдаланудың қауіпсіздігі мен экологиялылығы. Бұйым түрлеріне, талдау мақсаты мен тереңділігіне, бағалауға байланысты тұтыну қасиеттерінің негізгі топтар тізбесі де әр түрлі болуы мүмкін.
Бұйымның тұтыну қасиеттерін талдау және бағалау кезінде қолданылатын белгілер жалпы және нақты болып бөлінеді. Жалпы белгілер - бұл қоғамда қалыптасқан құндылықтар, құндылық көзқарастар, бағдарлар және нормалар. Нақты белгілер дегеніміз - бұл нормативтік құжаттарға жазып алынған бұйымның осы түрінің сапасының нақты талаптары.
Маман-сарапшының пікірін есепке алуға негізделген сараптамалық әдіс бұйымның тұтыну қасиетін талдау кезінде, сондай-ақ қорытынды бағалау нәтижелерін алу кезінде қолданылатын жетекші әдіс болып табылады. Қазіргі уақытта әдістің үш негізгі түрі қолданылады:
- жетекші сарапшының әдісі;
- комиссия (топ) әдісі;
- аралас әдіс.
Жетекші сарапшының әдісі (бір маман талдайды және бағалайды) әр түрлі пікірлермен келіспеудің күрделі рәсімдері мен статистикалық өңделуін талап етеді. Алайда, сараптаманың нәтижесі едәуір көлемде сарапшының білім деңгейі мен құзыретіне байланысты болады.
Сараптама комиссиясының әдісі (талдауға және бағалауға мамандар тобы қатысады) ұжымның объективті пікірін алуға мүмкіндік береді, көп уақытты және сараптаманы ұйымдастыруға және дайындауға ұзақ жұмысты талап етеді.
Бұйымдардың тұтыну қасиеттерінің с араптамасын жүргізу рәсімі, әдетте, күрделі сипатта болады және сарапшының жасаған белгілі бір операцияларының реттілігін көрсетеді. Осы операциялардың саны, тәртібі, сондай-ақ олардың мазмұны сараптаманың мақсаттарымен, бағаланатын бұйымның ерекшелігімен және сапалық сараптама жүргізілетін бұйымның өмірлік цикілі кезеңімен анықталады.
Бұйым сапасына сараптамалық баға беру кезінде негізгі операциялар: даярлық, негізгі және қорытынды болып үш кезеңге топтастырылады.
Даярлық кезеңінде сараптама комиссиясын құру, оның құрылымымен құрамы туралы шешім қабылданады, сараптаманың мақсаттары тұжырымдалады, жұмыс тобы қалыптасады.
Негізгі кезеңіне сараптамалық жұмыс процесінде және сараптамалық топтармен атқарылатын операциялар жатады. Жұмыс тобы сараптамалық топқа кіретін сарапшылар санын белгілейді, бағалау әдістері мен тәсілдерін таңдайды, сауалнамалар дайындайды, сарапшылардан жауап алуды жүзеге асырады және т. б.
Қорытынды кезеңіне жұмыс тобы нәтижелерін өңдеу және сараптама комиссиясының жинақталған пікірін дайындау мақсатында осы мәселелерді талдау жатады.
Ерекше тәсіл арқылы жазылып алынған бұйымның тұтыну қасиеттерін сапалы және санды бағалау с араптаманың нәтижесі болып табылады. Қорытынды бағалау сарапшылардың жинақталған пікірлері, әрбір жеке сарапшының бағалау нәтижесімен келіспеуі және оның сараптама комиссиясының ұйымдастырушысымен бекітілуі негізінде жасалады.
Сарапшылардың пікірлерін жинақтау үшін дауыс беру және есептеу тәсілі қолданылады. Дауыс беру кезінде сарапшылардың пікірін қорытындылау көпшілік дауыспен, ал есептеу кезінде санаумен есептелінеді.
Кілтті терминдер
Сарапшы
Сараптама
Сараптаманың объектілері мен субъектілері
Сараптамалардың жіктелуі
Сарапшының қорытындысы
Бұйымның тұтыну қасиеттерінің сараптамасы
Бақылау сұрақтары
- Жалпыға танымал және арнайы білімдер
- Сараптама және сараптама тағайындаудың шарттары
- Сараптамалардың жіктелуі
- Сараптаманың субъектісі мен объектісі
- Сараптаманы жүргізу әдістері
Дәріс №2.
Тақырып №2: Кедендік бақылау жүйесіндегі сараптама
- Кеден сараптамасының даму тарихы
- Сауарлардың сапасы
- Кедендік сараптама, кеден сараптамасының заты мен объектісі
- Сараптама нәтижелерінің ақаулы көздері
Әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Кеден кодексі
- Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне түсініктер / Қазақстан Республикасының кедендік бақылау Комитетінің төрағасы Б. М. Сапарбаевтың жалпы редакциясы бойынша - Астана: Кеден - Custom, 2005ж.
- Кеден ісінің негізі:Оқулық / жалпы ред. В. Г. Драганов: М. : Рессей Кеден академиясы ГТК РФ - М. : ОАО издательство «экономика», 1998ж.
- Жиряева Е. В. Халықаралық сауда мен кеден ісіндегі экспертиза - СПб. : Питер, 2003ж.
- Чечеткина Н. М., Путилина Т. И., Горбунова В. В. Тауар экспертизасы. Серия «Оқулық және оқу құралдары». Ростов н/д: «Феникс», 2000ж.
- Красовский П. А., Ковалев А. И., Стрижков С. Г. Тауар және оның экспертизасы - 2 басылым - М. : Экономика және маркеттинг орталығы, 1999ж.
- В. А. Сложенцев, А. В. Нестеров «Кеден ісіндегі экспертиза: методико- анықтамалық басыл» Новосибирск қ. 1998 ж.
1. Кеден сараптамасының даму тарихы
Ресейде сапасыз импорттық тауарлардың пайда болуына қарсы күрес туралы алғашқы жазбаша куәліктер ХVI ғасырда ІV Иван Грозный кезінде пайда болды. Сапасыз тауарларды әкелудің жолын кесу үшін тосқауыл қою шараларын қолдану бойынша Ресейдегі ең танымал келесі кезең петрлік заман болды.
Ресейдің кеден қызметі өз жұмысында мамандар мен сарапшыларды ерте заманнан пайдаланды. Көрнекті сарапшы-химиктердің бірі Д. И. Менделеев кеден тарифын әзірлеуге 1891 жылдан бастап қатысқан. 1895 жылы Кедендік алым департаментінде техникалық зертханасы бар Тариф бөлімі құрылды, оның штат саны арнайы білімі бар 12 адамнан құралды. Осылайша, кеден зертханасының осы кезге дейінгі тарихы 110 жылдан асады.
Көп жылдар бойы сарапшылардың айналысқан маңызды мәселелерінің бірі құрамында спирті бар өнімдердің экспорт-импортын, сондай-ақ оларды бұрмалау мәселесі болды. Русьте орыстың ұлттық сусыны он төртінші ғасырда ғана «Арақ» деген атқа ие болды. Айдау арқылы алынған сусынды бұрын нан шарабы деп атап, оны VI Иванның сусын ісі реформасына сәйкес айналма ауласында сатуды жүзеге асырды. І Петр кезінде айналма аулалары «кружало» деген атауға ие болды. Нан шарабының жоғарғы сорты «көпірік» («пенник») 15% спирт фракциясы үш рет айдалғаннан кейін нан және қайың көмірінің сүзгісінен өткізіліп жасалды. «Нан шарабын» өндіру үшін тек арпа ғана пайдаланылды, ал ХVIІІ ғасырдың ортасында арақ өндіру үшін бидайды қолдана бастады. ХVIІІ ғасырдың аяғында Прибалтика және Кіші Ресейден әкелінген картоп және қант қызылшасынан спирт айдай бастады, осыдан арақ «Брандахлыст» деген атауға ие болды. 1860-1861 жылдары жалпы сапасының төмен болуына байланысты шетел спиртін әкелуге тыйым салынды.
Сондай-ақ коньяктың пайда болу тарихы да бар. Коньяк көпшіліктің сүйікті сусыны, ол өз міндеттерін адал атқарушы кеден қызметі әрекетінің арқасында пайда болды. ХV ғасырда ағылшындар көрші Франциядан шараптар әкелуге жоғары кедендік баж тағайындады. Француздар клиенттерден айырылып қалмауы үшін шараптардан суды буландырып, концентраттарды шекарадан тасымалдап, оларды Англияда сумен араластырды. Ағылшын рыцарлары су араласпаған концентратты ішіп көріп, оның сапасының едәуір жақсы екенін байқайды. Коньяк осылайша пайда болды.
Кеден органдары Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары сарапшылардың қызмет көрсетулерін белсенді түрде пайдаланды. 1919 жылдары «Таможенный вестник» журналының 9-нөмірінде «О значении технических лабораторий главного управления Таможенного контроля для целей внешнего товарообмена» мақаласы жарияланды, онда отандық нарықты шетел суррогаттарының (алдамшы) енуінен сақтау мәселелері талқыланды.
Алайда, 1991 жылы Ресейде ОКЗ пайда болуымен кеден зертханасының қайта құрылуына байланысты кеден зертханасының тарихы біркелкі дамымады.
2. Сауарлардың сапасы
Ғылымда, техникада және технологияда сараптама негізінде өлшеу және өлшеу құралдары қолданылады, ал кейбір салаларда осы құралдардың орнын адамдар алмастырады, олар сараптамалық бағалар береді, себебі бұндай жағдайда объектілерді бағалау үшін объективті құралдар болмайды, немесе объектілердің өздері және олардың қасиеттері субъективті болады. Нарықтық қатынас, әсіресе, сыртқы сауда қызметі, нарыққа қатысушы тауарлар сараптамсына қатысты құралдардың болуын талап етеді.
Тауарларға сараптамалық зерттеу, оның ішінде сертификаттау да тәуелсіз аккредитациялау зертханасында, яғни, тауар бойынша екі адамның арасында даулы мәселе болғанда немесе тауар бойынша шешім қабылдау үшін арнайы білімдерді талап ететін жағдайда билік органы өз өкілеттігін орындауы кезінде нәтижелерінің объективтілігінің алғы шарттарын құрайтын өнімді өндірушіге (сатушыға) және оның тұтынушысына тәуелсіз үшінші тұлғада жүргізіледі. Тауарға тек сапалы қасиеттер ғана емес, сонымен қатар процестер (жұмыстар, қызмет көрсетулер), тауардың ерекше құқықтары, мысалы, сервистік қызмет көрсету жүйесі және сату жататын тауар ретінде қолданылатын мемлекеттердің фирмалық белгілерінің құқығы жатады. Тауар ретінде азық-түліктер, ресурстар, сондай-ақ ақпараттық және қаржылық тауарлар қолданылады.
Тауар сапасы:
- шартта көрсетілген сапалы көрсеткіштер жиынтығы;
- тауарды шартқа сәйкес тағайындау;
- тауардың үлгісіне немесе сипаттамасына сәйкестігі;
- осы тауар стандартына сәйкестігі.
Тауардың сараптамалық бағалау әдістері:
- сатушы мүддесін бейнелейтін шығындау әдісі;
- сатып алушының ниетін есепке алатын кіріс әдісі;
- мемлекет мүддесіне жауап беретін бақылау әдісі.
Сараптаманың міндеттері:
- сәйкестендіру;
- диагностикалық;
- сараптамалық алдын алу.
3. Кедендік сараптама, кеден сараптамасының заты мен объектісі
С араптама - бұл негіздеме болған жағдайда өкілеттігі бар лауазымды тұлғамен тағайындалған және заңға сәйкес ресімделген міндетті сараптама. Сараптамаға бағалау, зерттеу, өлшеу, сынау, салыстыру, тексеру, инспекциялау, сәйкестендіру, сертификаттау және т. б. жатады, ол құжатталған ақпарат - сарапшының қорытындысын берумен аяқталуы тиіс. Ведомстволық сараптамалық зерттеу мекемесін тәуелсіз мекеме деп үстіртін санауға болады, олар атқарушы билік органы болып саналмайды және заңды тұлға ретінде ұйымдасқан, бірақ оларды атқарушы билік органы құрады және қаржыландырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz