Ветеринариялық кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.03-03
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринариялық клиникалық диагностика кафедрасы

А.Ә.Қамбаров,Т.Р.Балтахожаев А.Ш.Нурдилда, Б.М.Орынбаева

5В120100 - Ветеринарлық медицина
мамандығы бойынша
Ветеринарлық кәсіпкерлік пәнінен
дәрістер жинағы

Оқу түрі-күндізгі

ШЫМКЕНТ- 2019 ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринариялық клиникалық диагностика кафедрасы

А.Ә.Қамбаров,Т.Р.Балтахожаев А.Ш.Нурдилда, Б.М.Орынбаева

Ветеринарлық кәсіпкерлік пәнінен дәрістер жинағы

5В120100 - Ветеринарлық медицина мамандықтың студенттері үшін

Шымкент 2019ж
ӘОЖ 619:378 (075.8)
Құрастырған:А.Ә.Қамбаров,Т.Р.Балтах ожаев А.Ш.Нурдилда, Б.М.Орынбаева
Ветеринарлық кәсіпкерлік Дәрістер жинағы. - Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті. 2019, - 40 б.

Дәріс жинағы Ветеринарлық кәсіпкерлік оқу жоспарына және бағдарламасына сәйкес және курстың дәріс сабақтарын орындауға қажетті барлық мәліметтер қамтылған.

Дәріс жинағы 5В120100-Ветеринарлық медицина мамандығының студенттеріне арналған.

Ветеринарлық кәсіпкерлік пәніне арналған дәрістер жинағында 15 дәріс сабақ қамтылған.

Пікір беруші: С. Нуралиев - ветеринария ғылымдарының кандидаты

Ветеринариялық клиникалық диагностика кафедрасының жиналысында
Хаттама №

Ауылшаруашылығы ғылымдары жоғары мектебінің оқытудың инновациялық технологиясы және әдістемелік қамтамасыз ету комитетімен мақұлданған.
Хаттама № қаралып, баспаға ұсынылды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен Хаттама № 2019 ж қаралып, баспадан шығаруға ұсынылды.

(C) М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2019ж.
Шығаруға жауапты: А.Ә.Қамбаров,Т.Р.Балтахожаев А.Ш.Нурдилда, Б.М.Орынбаева
Мазмұны
Дәріс 1. Кіріспе. Кәсіпкерлік түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

5
Дәріс 2. Ветеринариялық кәсіпкерлік қызметті лицензиялау және кәсіпкерлік саласындағы құқық бұзушылық ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

10
Дәріс 3. Ветеринариялық кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
Дәріс 4. Ветеринариялық кәсіпкерлік ұйымдарды кадрлық қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

14
Дәріс 5. Кәсіпкерлік мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
Дәріс 6. Кәсіпкерлердің шаруашылық серікітестіктерімен келісімдік қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

17
Дәріс 7. Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
20
Дәріс 8. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
22
Дәріс 9. Ветеринариялық кәсіпкерлік қызметінің инфрақұрлымы ... ... ... ... ... ... ...
23
Дәріс 10. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

25
Дәріс 11. Ветеринариялық кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

27
Дәріс 12. Ветеринарлық кәсіпкерлік қызметті тоқтату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
29
Дәріс 13. Кәсіпкерлік қызметті тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
32
Дәріс 14. Ветеринарлық емдеу - профилактикалық қызметіндегі кәсіпкерлік ... ..
35
Дәріс 15. Жеке кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
40

Дәріс 1. Кәсіпкерлік түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары.
Жоспары.
1. Кәсіпкерліктің мәні, мақсаты мен міндеттері.
2. Кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен салалары.
3. Ветеринариялық кәсіпкерліктің негізгі нысандары мен кәсіпкерліктің түрлері.
Мақсаты: Кәсіпкерлік іс-әрекеттер объектерін анықтай отырып, кәсіпкерліктің типін (түрін) анықтау. Кәсіпкерліктің заңдылығын, өсу қарқынын, соңғы нәтижесін, ұсынылған жаңалықтарды анықтау.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: кәсіпкерлік, кәсіпкер, кәсіпкерлік пайда, жаңашылдық, кәсіпкерлік орта, тәуекелділік, батылдық, ынталалақ, өскелеңдікке ұмтылу, кәсіпкерліктің жалпы экономикалық қызметі, ресурстық қызметі, кәсіпкерліктің ізденіс - шығармашылық қызметі, әлеуметтік қызметі, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық қызметі, толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестік, тұтынушылар кооперативі, одақ (құрылтай).

Батыс елдерінде кәсіпкерлік аса ерекше ізденімпаздықты білдіріп, шаруашылықты жүргізудегі бюрократизмге қарсы іс-әрекеттерді білдіреді, бұл жағдайда барлық жаңа мүмкіндіктерді іздестіру жаңа ойларға сүйену, міндеттерді орындау жолында барлық мүмкіндіктер көзін пайдалану қажет.
Осындай көзқарастардың біздің елімізде де кәсіпкерлікті дамытуда маңызы өте зор.
Америка ғалымы Р.С. Ронстадтық пікірінше кәсіпкерлік байлықты көбейту жолындағы өскелең даму үстіндегі процесс. Соеымен бірге Р. Хизрич және М. Питерс өздерінің Кәсіпкерлік немесе өз ісін бастап табысқа жету кітабында кәсіпкерлік іс - әрекеттерді жан - жақты талдап, ауқымы кең анықтама берді: кәсіпкерлік - айтарлықтай күш, уақыт талап ететін қаржылық, рухани жауапкершілік жүктейтін, зор табыс желетін сол арқылы ризашылыққа бөлейтін аса бағалы жаңа іс-әрекеттер.
Кәсіпкерліктің мәнін ең қысқа, нақты анықтама арқылы түсіндірген Р. Хизрич: - Бұл - белгілі бір құны бар жаңаны, жаңалықты туғызатын іс-әрекет. - деді. Америка ғалымы А. Шапиро кәсіпкер мен кәсіпкерлік ұғымы іс жүзінде жаңалыққа ынталылықты, әлеуметтік - экономикалық механизмді қайта құру процесін, сәтсіздік жағдайдағы жауапкершілікті, тәуекел етуге дайын болу жағдайларын атап көрсетті. Ресейлік ғалым - экономист А.В. Бусыгинның көзқарасының да маңызы зор. оның пікірінше кәсіпкерлік белгілі бір бастамада іскерлік белсенділікті, нақты іскерлік идеягы (ойды) жүзеге асыруға ұмтылыс деп түсіндіреді.
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы үшін кез келген жаңа істер кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлікті ең алдымен өндіріс факторын жеке азаматтар мен бүкіл қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру жолындағы экономиканың өсу - өркендеу үшін пайдалану деп түсіну қажет. Қазақстанда кәсіпкерліктің негізгі қызметі - сапалы өнім өндіріп (немесе қызмет көрсету), оы қажет етуші тұтынушыларға дейін жеткізіп, соған сай материалдық және моральдық қайтарымын алу.
В.И. Дальдың жазғанындай, кәсіп ету - яғни, бір істі бастау, жаңа іс-әрекетті орындау, үлкен мағынасы бар істі бастап, орындауға кірісу. Өз бизнесін бастау үшін әрбір азамат немесе ұйым міндетті түрде кәсіпкерлік істерді реттеуші азаматтық заңдылықтарды білуі тиіс.
Кәсіпкерлік белгілі бір тауар өндіріп (қызмет көрсетіп), нәтижесінде пайда алу үшін кәсіпкерлердің экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық т.б. қарым - қатынастарының жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге тұтынушылар мен жеткізушілер, банк қызметкерлері, түрлі нарықтық субъектілер, мемлекет пен жергілікті биліктегі адамдармен қаржылық, экономикалық қарым - қатынастар орнату кәсіпкерлік іс-әрекеттердің негізі.
Кәсіпкерлікте нарықтық экономиканың әртүрлі заңдылықтарын, тауар өндірісі мен тауар қатынастарына байланысты экономикалық механизмдерді дамытып отыру қажет. Кәсіпкерлік кәсіпкердің жаңа идеясының пайда болғанынан бастап, нақты іскерлік жоба дайын болғанша жалғасатын күрделі мақсаткерлік тізбекті құрайды.
Кәсіпкерлік - барлық ресурстарды тиімді пайдалано отырып, тұтынушылар үшін аса құнды, олардың қажеттілігінен шығатын жаңа тауар өндіру немесе жаңа жұмыстар орындап, қызмет көрсету арқылы ең жоғары нәтижеге жету.
Кәсіпкерлік іс-әрекет тұрақты, үзіліссіз жалғасып отыруы тиіс, себебі тұтынушылардың талабы үнемі өсіп және өзгеріп отырады.
Өркендеген нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік іс, осы іспен шұғылданатын фирмалар мен компаниялардың, жеке кәсіпкерлер мен күрделі кәсіпкерлік құрылымдардың жиынтығынан құралады. Бұл жағдайда жалпыэкономикалық, ресурстық, ізденістік - шығармашылық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық функциялар орындалуы тиіс. Кейбір ғалымдардың пікірінше, кәсіпкерлік ісінде кәсіпекрлер ассоцияциясын (одағын) құратын саяси қызмет те орындалуы тиіс дегенді айтады.
Типтерге бөлу дегеніміз - кәсіпкерлік іс-әрекеттерді негізгі белгілері бойынша - нақты экономикалық (шаруашылық) істері бойынша ажырата білу.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттерді әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: меншіктік түрі бойынша, заңдылық ерекшеліктері бойынша, орналасқан жерінің аумағына қарай, әртүрлі жерлерде орналасқаныны қарай, құрылтайшылардың құрамына байланысты персоналдар саны мен айналым көлемі бойынша, өсу қарқыны мен пайданың деңгейіне қарай, жаңа ұсыныстарды пайдалану дәрежесіне байланысты, т.б.
Меншік түріне тоқталатын болсақ, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік, жеке меншік және мемлекеттік меншік түрінде дамиды.
Заңдылық белгілері бойынша кәсіпкерлік заңды, заңсыз және жалған кәсіпкерлік болып бөлінеді.
Іс- әрекеттердің аймақтарға бөлінуіне байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық және дүниежүзілік болып бөлінеді.
Құрылтайшылардың құрамына байланысты әйелдер кәсіпкерлігі, жастар кәсіпкерлігі болып бөлінеді.
Өсу қарқыны мен пайданың, табыстың мөлшеріне байланысты кәсіпкерлік ұйымдар - жедел дамушы, даму қарқыны төмен компаниялар, жоғары пайдалы және төмен рентабельді ұйымдар, өте жоғары тәекелді бизнес түрі және төменгі тәуекелді бизнес түрімен шұғылданатын ұйымдар болып бөлінеді.
Өз істерінде жаңа ұсыныстар мен жаңалықтарды, жаңа технологияларды пайдалануына, өндірісте бұрын белгісіз болған мүмкіндіктерді ашуына, инновациялық менеджментті, маркетингті кеңінен қолдануына байланысты кәсіпкерлік - ізденістік, өнімдік, ескі технологияның орнына жаңа ұлғаймалы өндірісті дамытушы деп бөлінеді.
Құрылтайшылар санына байланысты кәсіпкерлік жеке және ұжымдық болып бөлінеді.
Персоналдық санына және жарғылық қордың мөлшеріне байланысты түрі шағын кәсіпкерлік болып саналады.
Егер кәсіпкерлікті ұйымдастыруда қазақсьандық қатысушылардан басқа шетел азаматтары болса, онда ол біріккен кәсіпкерлік деп аталады, сонымен бірге шетел инвестициясымен құрылған кәсіпкерлік түрі де болады.
Ұйымдастыру механизміне байланысты, басқарушылар санына байланысты жай және күрделі кәсіпкерлік ұйымдардың түрлері болады.
Ұйымдастырушылардың жауапкершілігіне байланысты толық жауапкершілікті және субсидиорлық жауапкершіліктегі кәсіпкерліктегі ұйымдар болып бөлінеді.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттердің бағытына, нақты нәтижесіне байланысты кәсіпкерліктің мынадай түрлері бар:
1. Өндірістік кәсіпкерлік тұтынушыларға нақты тауар түрін өндіру немесе қызмет көрсету, өткізу мәселелері бойынша жұмыстарды орындау болып табылады. Өндірістік кәсіпкерлік материалдық сферада жүзеге асатындықтан, мынадай түрлерге бөлінеді:
өнеркәсіптік, құрылыстық, ауылшаруашылық және т.б. сонымен бірге кәсіпкерлік өндіріс салалары бойынша әртүрлі болады, мысалы өнеркәсіптік - машинақұрастыру, станокқұрастыру және т.б.
2. Коммерциялық - сауда кәсіпкерлігі, мұнда кәсіпкерлер нарықты зерттеп, сұраныс жағдайын баға деңгейін білуі, соның нәтижесінде шығынды азайтып, пайданың көп болуын қарастырады.
3. Қаржылық - несиелік кәсіпкерлікте құнды қағаздармен жұмыс істеу, ұлттық ақша мен валюта курсының байланысын зерттеп білу қажет. Мұндай кәсіпкерлікпен шұғылданатындар коммерциялық банктер, қаржы - несиелік компаниялар, қор биржасы, валюттік биржалар, басқа да мамандандырылған мекемелер.
4. Кеңес беру (консалтинг) кәсіпкерлігі әртүрлі бағыттарда кеңес беру, үйрету, оқыту курстар ашу арқылы жүзеге асады. Туристік қызмет кәсіпкерлігі де кеңес беру ісіне қатысты.
Ұжымдық кәсіпкерлік мекеме (фирма) құруда негізделеді немесе заң тілімен айтқанда заңды тұлғаны құрайды. Қ.Р. азаматтық кодексі заңды тұлғалардың төмендегідей ұйымдық - құқықтық түрлерін қарастырады:
oo коммерциялық мекеме; толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын,
oo коммерциялық емес мекеме; қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестік, тұтынушылар кооперативі, одақ (құрылтай).
Табыс табатын іске келетін болсақ онда заңды тұлғаның коммерциялық түрін айтқан жөн. Заңды тұлғаның негізі - шағын кәсіпкерлік нысандары. (ШКН)
oo Толық серіктестікті құру және ашу үшін кем дегенде екі азаматтың қатысуы керек және оның саны заңнамамен шектелмеген. Сондықтан қатысушылар саны құрушылардың өз еркінде және оның саны іскерлікке бөгет болмай, істің оңтайлы жүруіне байланысты болуы керек; Құрылтай құжаты болып мекеменің жарғысы мен құрылтай шарты жатады.
oo Командиттік серіктестік (КС) ; Ону құру және ашу кем дегенде екі азаматтың қатысуы керек, және оның санында заңнамаларда шектеу жоқ, сондықтан қатысушылар (құрылтайшылар) саны құрушылардың өз еркінде. Бірақ толық серіктестікке қарағанда КС айырмашылығы бар ( ол командиттік деп аталғанына қарай немесе сенімділікке негізделген ) КС екі түрлі құрушы болады: толық серіктестіктер және салымшылар. Құру рәсіміне екі құжат керек: Жарғы және құрылтай шарты. Ол құжаттарға толық серіктестіктер мен салымшылар қол қояды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)Ғ құру үшін бір және одан көп құрылтайшылар бола алады және оның саны шектелмейді;
oo ЖШС келесі бір құрылтайшысы бір адамнан тұратыншаруашылық серіктестік құра алмайды;
oo Құрылтай құжаты бір адамнан құрылтайшысы бар серіктестікке жарғы болып табылады , ал екі немесе бірнеше адамнан құрылтайшы құрайтын серіктестікте жарғы және құрылтай шарты болып табылады.
oo Құрылтайшылар серіктестік міндеттеріне тек қана қосқан салымдары шеңберінде ғана жауап береді; серіктестік құрылтайшысының үлесі басқа адамға берілуі құрылтай құжаттарында көрсетілсе ғана жүзеге асады. Ол үлесті бірінші кезекте осы серіктестіктің басқа құрылтайшысы иемденеді. Серіктестіктің ең аз жарғылық қоры 100 ең аз есептік көрсеткішке тең.
Қосымша жауапкершілікті серіктестік (ҚШС), пен ЖШС бірітейлік жақтары көп және олардың құқықтық жағдайы бір заң актісімен анықталады.
Серіктестік құрылтайшылары серіктестіктерінің міндеттемелері бойынша өздері жарғыға қосқан салымдарымен жауапты, немесе ол сома жетпегенде өздерінің дүние мүлкімен есебінен төлейді, сондықтан да ол қосымша жауапкершілікті серіктестік деп аталады.
Есесі жөнінде заңды есе мүшелері анықталмаған, сондықтан есе мөлшерін серіктестік құрылтайшылары құрылтай жарғысында көрсетіледі (мысалы 2-есе жауапкершілік, 3-есе жауапкершілік т.т.)
Құрылтайшылардың біреуі банкроттыққа ұшыраса щның серіктестік алдындағы жауапкершілігін қалған құрылтайшылар өздерінің салымдары пропорциясында жауапталады, және де басқадай жауаптану жағдайы мүмкін, және де олар қрылтай құжаттарында көрсетілуі керек, ал басқа жағдайларда ҚЖС-ке ЖШС ережелері қолданылады.
Өндірістік кооператив (ӨК): бұл азаматтардың бірігіп кәсіппен айналысуы үшін құрылған ерікті ұйым; ӨК мүшелері өз еңбек үлестерімен және мүліктік үлестерін біріктіру арқылы қызмет атқарады; кооператив мүшелері екі адамнанкем болмауы керек , бірақ одан көп санына шектеме жоқ; мүліктік үлесі 3 мың теңгеден кем болмауы шарт, ал жарғы капиталының ең аз мөлшері көрсетілмеген, сондықтан жарғы мөлшерін көрсетпеседе болады, ал жарғы мөлшері кооператив мүшелерінің мүліктік үлесінің жиынтығы боып табылады, кооператив мүшелері оның міндеттемелері үшін қосқан мүліктік үлесі мөлшерінде ғана жауапты, не керек кезінде қосымша барлық дүние мүлкімен жауапты.
oo азамат кооператив өз жеке еңбек үлестерімен біріккендіктен қатарынан басқа кооперативке мүше бола алмайды.
oo Кооперативтің басшылық құрылымы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады, одан басқа басқару тетіктері: басқарма, төраға, бақылау кеңесі болуы мүмкі, кооператив мүшесі мүліктік үлесін басқа адамға беруіне болады, бұл шараны аралық есеп қорынындысы бойынша бекітілген қаржылық есептің негізінде жүзеге асыра алады. Кооператив мүшелері мүшелердің санының көптігіне және ноариалды бекітудің қиындығына байланысты құрылтай шарттын жасамай-ақ , жарғы бойынша оған қосымша ретінде тіркелген мүшелердің тізіміне сәйкес жұмыс істей алады.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларында шағын бизнес жүргізу үлгілері анықталғандықтан болашақ кәсіпкер қай тәсілмен жұмыс жасауын өзі таңдайды. Заңды тұлғаларды тіркеудің жеңілдетілген түрлері: кез-келген заңды тұлға мемлекеттік тіркеуінен өткеннен кейін ғана құрылған болып есептеледі. Мұндай тіркеу ҚР құқығын қорғау министірлігінде не оның аумақтық құрылымы, облыстық құқық қорғау басқармасында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік тіркеу шаралары заңды тұлғалардың құрылтай мүшелерінің санына, істейтін кәсібіне, мүліктік иелігіне қарамай бәріне бір тәтіппен жүзеге асады. Мемлекеттік тіркеу тәртібі екі түрден тұрады:
а) барлық заңды тұлғаларға бекітілгенжалпы тәртіп бойынша;
б) шағын кәсіпкерлік үшін бекітілген жеңілдетілген мемлекеттік тіркеу. (1-кесте)
1 кесте
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің жалпы тәртібі бойынша
Шағын кәсіпкерлерді тіркеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша
Тіркеу мерзімі - 15 жұмыс күні
Тіркеу мерзімі - 3 жұмыс күні
Тіркеу ақысы - 20 ең аз есептік көрсеткіш мөлшерінде
Тіркеу ақысы - 5 ең аз есептік көрсеткіш мөлшерінде
Керекті құжаттар:
oo Көрсетілген түрде өтініш
oo Құрылтай құжаттары (шарт, жарғы) жарғының мөлшерін анықтайтын анықтама
oo заңды тұлғаның тұратын мекен-жайы туралы анықтама
oo тіркеу ақысын төлеу туралы құжатжәне де заңды тұлғаның түріне және бағытына сәйкес екректі құжаттар.
Керекті құжаттар
oo Көрсетілген түрде өтініш
oo Құрылтай құжаттары (шарт, жарғы)
oo тіркеу ақысын төлеу туралы құжат

Арнаулы салық түрін қолдану төмендегі шаруашылақ құралдарына жүзеге аспайды :
oo бөлімшелері, өкілділіктері бар заңды тұлғалар;
oo өздері құрылтайшы болған және оған тәуелді болып келетін мекемелер мен акционерлік қоғамдар;
oo басқа елді мекендерде құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушілер;
Жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық түрі шағын бизнестің төмендегі шарттраға сай болғанда қолданылады:
а) салық мерзімі кезеңінде орташа есептегі жұмыскер саны 25 - тен аспағанда;
б) салық мерзімі кезеңіндегі шектеулі табыс 9 мың теңге болғанда;
Жеңілдетілген декларация бойынша есептелетін салық мөлшерін шағын кәсіп тұлғасы өзі есептік мерзімі кезеңінде келесі салық бекітімдерімен анықтайды:
Жеңілдетілген декларация салық мекемесіне тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейін тапсырылады. Жеңілдетілген декларация салықтың осы түрін пайдалану жөнінде өтініш берген салық мекемесіне өткізіледі.

Қорытынды

Кәсіпкерлік іс-әрекеттерді толып жатқан әртүрлі белгілеріне байланысты жіктеуге болады. іс жүзінде кәсіпкерлік мынадай белгілері бойынша жіктеледі: меншік түрлеріне байланысты, заңдылық ерекшеліктеріне қарай, аумағына қарай, әртүрлі жерлерге таралуына байланысты, құрылтайшылардың құрамына қарай, персоналдық санына қарай, өсу қарқыны мен пайданың мөлшеріне қарай, жаңа ұсыныстарды пайдалану деңгейіне байланысты және т.б. Ең негізгі төрт топқа бөлуге болады: 1. өндірістік; 2. коммерциялық; 3. қаржылық; 4. консалтингтік. Кәсіпкерліктің ұйымдық - құқықтық түрлері ҚР азаматтық кодексіне сәйкес белгіленген және құру және жұмыс жасау тетіктері - заңдармен және нормативті- құқықтық актілермен анықталған.

Дәріс 2. Ветеринариялық кәсіпкерлік қызметті лицензиялау және кәсіпкерлік саласындағы құқық бұзушылық.
Жоспары:
1.Ветеринариялық кәсіпкерліктің жалпы жағдайлар.
2. Ветеринариялық кәсіпкерліктегі лицензиялау

Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруды жоспарлайтын және лицензиар органға тиісті лицензия алуға өтініш берген кәсіпкерлер "ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында көрсетілген барлық біліктілік талаптарына сәйкес болуы қажет.Сонымен қатар, кейбір түрлері ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады, хабарлама тәртібінде осылайша ветеринариялық лицензия ресімделеді.
Лицензиялар түрлері. Лицензиар, жергілікті атқарушы орган (Әкімшілік).
Лицензиялауға жататын қызмет түрлері
oo Ветеринарлық емдік-профилактикалық;
oo Ветеринарлық тағайындау өнімдерін жасау және өндіру;
oo Жемдік қосымшаларды, соның ішінде дәстүрлік емес, минералды-витаминдік жануарлар жемдерін жасау және өндіру;
oo Ветеринарлық мақсаттағы дәрі-дәрмектерді, биологиялық өнімдерді, зоогигиеналық құралдар мен зооветеринарлық атрибуттар тағайындауын жүзеге асыру;
oo Мал шаруашылығымен айналысатын нысандарды Заласыздандыру, дератизаттау және дезинсекциялау;
oo Нарықтағы мал шығу тегінің шикізаты мен өнімдерін ветеринарлы-санитарлық тексеруден өткізу;
oo Лабораторлық-диагностикалық қызмет.
Лицензия алу үшін қажетті құжаттар тізімі. Ветеринариялық қызмет саласындағы қызметті лицензиялау үшін қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы: Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай құжаттар қажет:
1) Белгіленген нысандағы өтініш;
2) Заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) Жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) Нотариалды куәландырылған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі жеке кәсіпкер сапасында өтініш берушіні дара кәсіпкер үшін;
5) Нотариалды куәландырылған куәлік көшірмесі өтініш берушінің салық органында есепке;
6) Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат
7) Әділет органдарында тіркелген өндірістік үй-жайларға (дәріханаларды, емдеу орындарын, пункттерді ұйымдастыру кезінде) техникалық паспорттардың (нотариус куәландырған) көшірмелері не жалға алынған жағдайда өндірістік үй-жайды жалдау туралы шарттың көшірмесін ұсыну;
8) Ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекіткен (ветеринария саласындағы лицензияланатын қызметтің кіші түрінің бейініне сәйкес келетін) технологиялық жабдықтар жиынтықтарының ең аз тізбесіне Техникалық паспорттардың, сертификаттардың және (немесе) қолдану жөніндегі нұсқаулықтардың (нотариус куәландырған көшірмелері);
9) Білімі туралы дипломның нотариус куәландырған көшірмесі;
10) Заңды тұлғалар үшін - күшті әсер ететін препараттар сақталатын үй-жай үшін күзет жалдау туралы жеке немесе заңды тұлғалармен шарттың көшірмесі (күзет қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат беру құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып);
11) Жеке тұлғалар үшін - өтініш беруші қол қойған, күшті әсер ететін препараттарды сақтауға арналған сейфтің болуын растайтын құжат.
Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызмет. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызмет. Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызмет мынадай кіші қызмет түрлерінен тұрады:
oo Жануарлар ауруларын емдеу және алдын алу үшін препараттар өндіру.
oo Жануарлар ауруларын диагностикалауға арналған препараттар өндірісі.
oo Фармакологиялық белсенділігі бар препараттарды өндіру.
oo Жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын препараттарды өндіру.
oo Жануарлардың өнімділігін арттыруға арналған препараттар өндірісі.
oo Дезинфекция, дератизация, дезинсекция үшін препараттар өндіру.
Емдеу қызметін іске асыру үшін кәсіпкерге қойылатын талаптар. Ветеринариялық емдеу-алдын алу қызметінің басталғаны туралы Жергілікті мемлекеттік органды хабардар еткен кәсіпкерлер ветеринариялық қызметке лицензия ресімдеудің орнына міндетті:
1) қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтар жиынтығын иелену;
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша (заңды тұлғалар);
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломның болуы (жеке тұлғалар).
Лицензия беру мерзімі. Өтініш алған күннен бастап барлық қажетті құжаттармен бірге:
oo 1 ай;
oo шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - 10 күн;
oo Лицензиялық: ҚР 1995 жылдың 17 сәуіріндегі № 2200 Лицензиялау туралы Заңы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылдың 20 тамызындағы № 1272 Қазақстан Республикасындағы ветеринарлық қызметті лицензиялау туралы Ережені бекіту туралы Қаулысы (23.12.02 ж өзгертулер мен толықтырулармен бірге).

Дәріс 3. Ветеринариялық кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру.

Жоспары:
1.Қаржыландыру көздерін таңдау.
2. Кәсіпорын қызметін қаржыландырудың ішкі көздері.
3.Қаржыландырудың негізгі ережелері.

Мақсат: Кәсіпкерлік ұйымдарды қаржыландыру әдістері мен формаларын анықтау.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: бағалы қағаздар эмисиясы, банк несиесін пайдалану, банк неиесінің негізгі түрлері, ұйымның несиелік келісім шарт жасауы , ұйымды комерциялық несеимен қамтамасыз ету, салықтық және инвестициялық-салықтық несие, факторинг, лизинг, овердрафт, инвестициялық несие форфейтинг.

Кәсіпкерлік ұйымдарды қаржыландыру дегеніміз - жай және үдемелі өндірісті қаржыландыру шарттары мен формаларының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығы. Қаржыландыру ұғымы ұйымның барлық салаларында ақша құралдарының пайда болуын көрсетеді.
"Қаржыландыру" түсінігі инвестициялау түсінігімен тығыз байланысты, қаржыландыру - ақшаның пайда болуы, ал инвестициялау - сол ақшаны пайдаға асыру, пайдалану. Олардың тығыз байланыстылығы сол, қаржы көзін анықтаудан бұрын, ол қайда жұмсалатынын алдын ала жоспарлау қажет.
Қаржыландыру көзін таңдауда төмендегідей негізгі 5 міндетті шешу керек:
1. Қажетті капитал қысқа немесе ұзақ мерзімге керек пе, анықтау керек.
2. Қолайлы қаржылық құрылымды анықтау үшін капитал активі құрамында болатын өзгерістерді анықтау керек.
3. Тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз ету, яғни қаржылық тұрақтылық.
4. Жеке меншік және қарызға алынған қаржыларды барынша пайда келтіретіндей пайдалану.
5. Шаруашылық қызметті қаржылыандыру көлемін азайту.
Кәсіпорынды қаржыландыру көзі ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі қаржыландыру дегегніміз өзінің (меншік) қаржысы - таза пайда мен амортизациялық төлемдер жиынтығы.
Пайда экономикалық категория ретінде - кәсіпкерлік істерден түскен таза табыс, ол кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін көрсетеді. Пайданың өз алдына бірнеше функциялары бар.
Әлеуметтік функциясы - салық ретінде бюджетті толықтырып, мемелекеттің инвестициялық, өндірістік, ғылыми-техникалық және әлеуметтік функцияларын орындауына ықпал етеді. Сонымен бірге әлеуметтік функциясы ұйымның басқа зиян шеккен ұйымдарға көмегі, әлеуметтік сфераны қаржыландыру , және азаматтарға материялдық көмек арқылы орындалады.
Жеделдетуші функциясы - пайда қаржылық нәтиже болғандықтан ұйымның негізгі қаржылық элементі болып саналады. Пайда неғұрлым көп болса , стратегиялық мақсаттарды орындауда сыртқы қаржыландыру қажеттігі азайып, өзінің ішкі қаржысын пайдалану мүмкіндігі туады.
Ішкі қаржы көзі ретінде меншіктегі негізгі қорлардың амортизациялық төлемдерінің маңызы зор. Амортизация төлемдерінің объекті меншіктік негізгі қорлар болып табылады.
Өзінің меншіктік қаражаттары арқылы қаржыландырудың бірқатар артықшылықтары бар :
пайданың көбеюі арқылы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы артады;
өз қаржысын қалыптастыру және пайдалану бірқалыпты жүзеге асады;
сыртқы қаржыландыру болмағандықтан , қарыздар азаяды;
қосымша шығындардың орнын толтыру өз қаржысы есебінен болғандықтан, кәсіпорынның дамуын басқару шешімін қабылдау мәселесі жеңілдейді;
Өзін-өзі қаржыландыру тек қана ішкі мүмкіндіктер емес сыртқы шығындарға да (салық төлемдері, кедендік төлемдер, мемелекеттің қаржы несие саясаты) байланысты.
Сыртқы қаржыландыру мемлекет қаржысын пайдалануға, қаржы-несиелік мекемелерге де байланысты. Сонымен бірге құрылтайшылардың қаржыларыда үлкен роль атқарады. Ондай қаржы мол болса, кәсіпорын басқаларға тәуелді болмайды және банктен несие алу жеңілдейді.
Кәсіпкерлікті қаржыландырудың бірнеше түрлері бар:
бағалы қағаздар эмиссиясы;
банк несиелерін пайдалану;
ұйымдармен несиелік келісім жасау;
коммерциялық несиені пайдалану;салықтық және инвестициялық-салықтық несие;
факторинг;
лизинг;
овердрафт;
инвестициялық несие;
форфейтинг және т.б.
Нарықтың экономика жағдайында кәсіпкерлік іс-әрекеттер жоғарыда аталған сыртқы қаржыландырусыз мүмкін емес. Сыртқы қаржыландыру сомасы міндетті түрде қайтарылу қажеттігін және пайдаланғаны үшін үстеме пайыз төленетіні ескерілуі тиіс.
Түрлі қаржыландыру жолын салыстыру арқылы кәсіпорын өзінің шаруашылық істеріне қажет қаржының қандай түрін пайдаланатынын таңдайды.

Қорытынды

Жаңадан кәсіпорын ұйымдастырудың және оның жұмысының сәттілігінің негізі қажетті көлемде қаржыландыру болып табылады. Сондықтан әрбір кәсіпкердің негізгі міндеті қанша капитал қажет екенін анықтау. Өз капиталын ұтымды жоспарлап пайдаланған жағдайда кәсіпкер өз ұйымын қарыз болып қалудан сақтап, төлем қабілетті тұрақтайды.

Дәріс 4. Ветеринариялық кәсіпкерлік ұйымдарды кадрлық қамтамасыз ету

Жоспары:
1.Кадрлық қамтамасыз ету мәні.
2.Жұмысқа алу және еңбек қатынастарын тоқтату принциптері.
3.Жұмыс істеу тәртібі және жұмысшылардың еңбек ақысы.

Жалпы түрде кәсіпорын персоналы түсінігі белгілі бір міндеттерді орындайтын, аталған кәсіпорынның жалдамалы қызметкерлерінің барлық жиынтығын қамтиды.
Ұйым персоналы - бұл жалға алу келісімшартымен реттелетін, заңды тұлға ретінде ұйымммен қатынаста тұрған жеке тұлғалар жиынтығы.
Басқару обьектісі ретінде кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің персоналы болып табылады.Обьект ретінде тек бір ғана жеке қызметкерді емес,еңбек ұжымын қарастыру керек.Өйткені тек ұжым ғана нақты дайын өнімді шығаруға мүдделі және жалпы жүйесінің іс-әрекетін анықтайтын, заңдар мен ережелердің барлық кешеніне бағынышты болады.
Персоналды басқарудың субьектісі деп келесілерді айтады:
oo Өндірістік кадрларды дайындау, қабылдау, бейімдеу, орын ауыстыру үрдістерін және т.б. басқаратын функционалды аппарат;
oo Бағынышты бөлімшелер мен ұжымдарға басшылықты жүзеге асыратын желілік басқарушы персонал;
oo Ұжым мүшелерін біріктіру, жұмысшыларды тәрбиелеу және т.б. бойынша бірқатар фунцияларды орындайтын әртүрлі жұмысшылар, кәсіподақ және т.б. Қоғамдық ұйымдар;
oo Ұжымдағы бейресми жетекшілер (лидерлер).
Еңбек потенциалы - бұл адамның еңбекке қатысу шектері мен мүмкіндіктерін, белгілі бір жағдайларда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу қабілетін, сонымен қатар еңбек үрдісі барысында жетілу мүмкіндіктерін анықтайтын адамның жеке және интеллектуалды қасиеттерінің жиынтығы.
Адами капитал - белгілі бір уақыт аралығында табыс табуға мүмкіндік беретін және салынған инвестициялардың нәтижесі болып табылатын адамның өндіруші активтері ( қабілеттер, білім, бейімдер).
Кәсіпорынның кадрлық саясаты деп персоналмен жұмыстың негізгі бағыттарын анықтайтын теориялық көзқарастардың, талаптардың, қағидалардың жүйесін, сонымен қатар жоғарғы еңбек өнімділігіне жетуге мүмкіндік беретін жұмыс істеу әдістерін айтады. Кәсіпорынның персоналыды басқару жүйесі туралы суретте көрсетілген.
Кез келген менеджер үшін өз қызметінде кадрларды жұмысқа қабылдау, яғни белгілі бір лауазымдық қызметке сәйкес келетін адамдарды іздеу мен жұмысқа тарту үрдісі маңызды орын алады. Персоналды таңдаудағы жетістік кәсіпорынға адами факторға деген өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.Таңдаудың ең маңызды талаптары: Жоғарғы кәсіби біліктілігі мен оқуға деген қабілетті; Сөйлесу қабілеті мен ынтымақтастыққа деген дайындығы.
Кәсіпорын шешімінің екі нұсқасын таңдай алады: жұмысты өз бетінше орындау, жұмысты кәсіби мамандарға тапсыру.
Жалпы түрде, қабылдау үрдісі келесідей сатылардан тұрады:
+ Бос орындарды,олардың ерекшеліктері мен қатар қажетті кандидаттар санын есептеу;
+ Қабылдау әдістері мен тәсілдерін таңдау;
+ Резюмені зерттеу мен алдын ала әңгімелесуді өткізу;
+ Кандидаттар тізімін дайындау.
Менеджер басқарулар процессте арасында нақты функциялардың қатары жүзеге асырады:
oo Ұйым және ұжымның қызметінің жоспарлауы және жұмыс өз меншікті;
oo Тапсырмалардың үлестірілуі және инструктаж қол астындағы, оларға бақылау;
oo Есептеу нәтижелерінің әзірлеу және оқуы;
oo Жұмыстың нәтижелерінің тексеру және бағасы.
Жаңа қызметкерлерді таңдау жұмысы бойынша шешім қабылдамас бұрын, кәсіпорында жалға алу бағдарламасы бойынша барлық іс - шаралардың жүйесін пайдаланған ұтымды.Оларға мыналар жатады:
Жұмыстан тыс уақытта жұмыс істеу,еңбектің интевсивтілігін арттыру;
Құрылымдық қайта ұйымдастыру немесе өндірістің жаңа сұлбасын пайдалану. Өркениетті елдерде персоналды іріктеумен әдетте рекрутингтік агенттіктер айналысады. Соңғы уақытта мұндай агенттіктер Қазақстан Республикасында да пайда болды.

Дәріс 5. Кәсіпкерлердің шаруашылық серікітестіктерімен келісімдік қатынастары.
Жоспары:
1. Кәсіпкерлік келісім - шарттың жалпы сипаттамасы, түрлері.
2. Келісім - шартты дайындау үшін қойылатын талаптар

Мақсат: Келісім шарттың жалпы сипаттамасын анықтап, түсіну.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: келісім шарт, контракт, комиссияның келісім шарты, тапсырмалық келісім шарт, сату-сатып алу келісім шарты.

Әрбір туристік кәсіпорындардың жұмысы бизнес бойынша әріптестермен (туроператор, турагенттер), сақтандыру компанияларымен , туристік қызметті тұтынушылармен т.б. ұйымдармен келісім шарт (контракт) жасау арқылы жүзеге асады. Қажетті заңдылықтармен бірге, келісім шарт нарық субъектілері қарым-қатынастарын реттеуші аса маңызды құжат болып табылады. Ол кез-келген кәсіпкерлік келісімдерді орындаудың құрамдас бөлігі ретінде маңызды роль атқарады.
Туризм басқа да шаруашылық іс-әрекеттерден ерекше бөлінбейді. Сондықтан барлық нормаларға сай дайындалған келісім шарттар туристік фирмалар үшін де жарамды.
Келісім - шарт белгілі - бір заңдылықтарға негізделген, заңмен қорғалатын, орындалуға міндетті заңды айғақ. Келісім шарт келісім жасаушылардың қарым - қатынасының нәтижесі болып табылады.
Контракт - белгілі мерзімге бекітілген екі жақтың құқы мен міндеттері көрсетілген келісім шарт.
Келісім шарт және контракт субъекті ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен, кәсіпкер статусын алған шетел азаматтары мен заңды тұлғалары, сонымен бірге жеке тұлғалар - туристік қызметтің тұтынушылары да бола алады.
Кез-келген келісім шарттың бір бөлігі ретінде алғы шарттары (преамбула) болуы тиіс. Преамбула (preambule француз сөзі - алғы сөз, алғы шарт) келісім шарттың алғы сөзі, оған қатысты жағдайлар:
oo келісім шарттың заңдылық сипатын көрсететін аты.
oo келісім шарт жасау орны мен мерзімі (бұл мәлімет соңында да келтірілуі мүмкін)
oo екі жақтың аты-жөні,бұл жағдайда сатушы немесе ұсынушы бірінші, ал алушы - екінші (заңды тұлғалардың толық немесе қысқартылған аттары).
oo келісім - шартқа қол қоятын жауапты қызметкерлердің қызмет орны, аты-жөні.
Келісім шартқа қатысты негізгі жағдайлары:
oo келісім шарттың мағынасы;
oo жұмыстар мен қызметтің , тауардың сапасы;
oo келісімнің бағалы бөлімі;
oo бағаны көтеру немесе түсіру туралы;
oo есептеу тәртібі;
oo екі жақтың міндеттері мен құқы;
oo екі жақтың жауапкершіліктері;
oo міндеттемелерді орындау мерзімдері;
oo келісім шартты өзгерту немесе бұзу тәртібі;
Келісім шарттың негізгі жағдайларына әріптестердің келісімінің тақырыбы мен мазмұнын талқылап бекітуі жатады
Келісім шарттың жалпы жағдайларына қатысты ережелер оның мазмұнына қарамастан барлық келісім шарттарға тән;
Олар мыналар:
oo арбитраждық нұсқау;
oo форс-мажор немесе күтпеген жағдайлар (жер сілкіну, су тасқыны , өрт) қоғамдық өзгерістер (әскери әрекеттер, көтерілістер), мемлекеттік мекемелердің тиым салу актілері (карантин, жүк тасымалдауды шектеу т.б.)
Аталған жағдайлар болғанда келісім шарттың мерзімін өзгеруге болады, егер орындалмай қалғанда, екі жақта босатылады
Келісім шарттың қорытынды бөлімінде көрсетілетіндер:
oo екі жақтың мекен жайы;
oo пошта және банк реквезиттері;
oo келісім шартпен бірге мағынасы бар қосымшалар;
oo екі жақтың қолы, өз мөрімен расталады;
oo келісім шарттың қажетті бірнеше данасы;
oo келісім шарт жасалған жердің аты және айы - күні
( бұл алғысөзде көрсетілмеген )
Туристік қызмет көрсету жұмыстары келісім шарт негізінде жүзеге асады. Туристік қызмет көрсету жөніндегі келісім шарт Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сай жазбаша түрде рәсімделеді. Туристік қызмет келісім шарт, бұл туроператормен, турагентпен немесе туристпен оларға тегін қызмет көрсету үшін дайындалатын келісім.
Тегін қызмет көрсету - келісім шартында орындаушының міндеті тапсырыс берушінің айтқанын орындау, ол тапсырыс беруші сол қызметтің ақшасын төлейді (1999ж 1 маусымдағы №409 ҚР азаматтық кодексі, ерекше бөлімі, 33 тарау, 683-687 баптар.
Келісім шарттың басты көрсеткіштері төмендегідей:
1. Туроператор немесе турагент туралы мәлімет, туристік қызмет жөнінде лицензиясы туралы, аты-жөні , мекен-жайы, банк реквезиттері;
2. Туристік шараларды жүзеге асыру жөніндегі мәліметтер;
3. Туристік өнімдердің пайдалы (тұтынушылық) қасиеті туралы мәліметтер, саяхаттың бағдарламасы мен бағыты туралы мәліметтер, туристердің қауіпсіздігі, туристік қызметке сертификаты (куәлігі) болуы тиіс;
4. Саяхаттың басталу және аяқталу мерзімі;
5. Туристерді күтіп алу, шығарып салу, ертіп жүру;
6. Туристік шаралардың бағасы және төлем тәртібі;
7. Екі жақтың міндеттері мен құқықтары;
8. Келісім шартты өзгерту және бұзу шарттары;
9. Туристің жүгін баратын жерге жеткізу шарттары және оны орындамаған жағдайдағы жауапкершілік.
10. Басқа да келісім шартта көрсетілген жағдайлар.
Келісім жасаған екі жақтың өкілдері де, көрсетілген жағдайлар орындалмаса, оны бұзуға немесе өзгеруге құқылы.
Келісім шарттың негізі туристік қызметті пайдалану үшін туристік жолдама алу болып табылады. Туристік қызметтерді (жолдаманы) сатып алғаннан кейін турист екенін дәлелдейтін құжат туристік ваучер болып табылады, ол туристік қызметті әрі қарай пайдалануға мүмкіндік береді. Туристің кінасынан келісім шарт орындалмаған жағдайда, туристік қызмет толық төленеді. Саяхат бағыты өзгерген жағдайда немесе шет елдерде болғанда туындаған өзгерістерге туроператор немесе турагент жауап береді.

Қорытынды
Бәсекелестік күшейген сайын туристік қызметтерге клиенттің талаптары да өседі, сондықтан туристік кәсіпорындар қызметін келісім шарт арқылы жүзеге асыру тиімді.

Дәріс 6. Кәсіпкерлік мәдениеті
Жоспары:
1.Кәсіпкерлік мәдениеті мәні мен мағынасы.
2.Іскерлік және кәсіби этика.
3.Ветеринариялық кәсіпкерлікті жүзеге асыруға қойылатын талаптар.

Мақсат: кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасын ашу, іскерлік және кәсіби этикасын қарастыру.

Басқару еңбегі өндірістік еңбек болып саналады. Басқару еңбегін өндірістік еңбекпен салыстыруды мынадай белгілер бойынша жүргізеді: еңбек заты, тікелей мақсат пен еңбек нәтижесі, еңбек құралы, еңбек сипаты, оның мазмұны. Басқару еңбегінің өндіріс еңбегінен айырмашылығы еңбек затының өзгешелігінде. Басшы үшін еңбек заты - мәлімет, яғни ақпараттарды жинап, өңдеп, шешім шығару. Осы мәліметтерді алмасу - басқару құралы. Басшының бағыныштыларымен қарым-қатынасы ақпарат алу мен таратудың ерекше түрі. Басқару еңбегінің мақсаты - ұжымның күш-жігерін үйлестіру және ақырғы жоспарланған нәтижеге жетуге арналған іс-әрекетті қамтамасыз ету. Басқару еңбегі творчествалық сипатта болады, яғни логикалық ой әрекетін қамтиды. Басқару еңбегінің мазмұны - өндіріс процесіне тұтастай ұжымды қатыстыру.
Басшының күнделікті жұмысында айқын емес болашақ жағдайында проблемаларды қарастырып, оңтайлы шешім қабылдауы оны күйзеліс жағдайына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан басшы өз энергиясын дұрыс жұмсай білуі шарт.
Болашақ іс-әрекетті жоспарлаудың мәні - іс-әрекетті орындаудың жолдары мен амалдарын ойластырып, құралдарын таңдап, мақсатқа жетуді көздеу. Өзін -өзі дұрыс басқара алатын адам табысқа жететіні сөзсіз. Ол үшін дербес жұмыс күнінің тәртібі, кәсіпорын жұмысының жалпы тәртібі, адамдарды өзара алмастыру графигі, жеке творчесвалық жоспары жасалады. Дербес жұмыс күнінің тәртібі жүйелендірілген, яғни жекелеген қызмет түрлері еңбек операцияларына бөлініп, жұмыс уақытының құрылымы ойластырылады. Жұмыс күні тәртібінің негізгі міндеттері: бір жұмыс күніндегі, аптадағы, ай ішіндегі басшылар мен мамандардың жұмысын ретке келтіру, кәсіпорын жұмысының ырғақтылығына қол жеткізу мақсатында өндірісті басқарудың оперативтілігін арттыру. Қажет болған жағдайда қауырт кезеңдерге арналып жұмыс күнінің тәртібі белгіленеді. Жеке творчествалық жоспарға өндіріс техникалары мен технологияларын жетілідру, оны ұйымдастыру мен басқару, еңбек жағдайын жақсарту, осылайша тиімділікті арттыру жөнінде нақты шараларды жүзеге асыру көзделеді. Ой еңбегінің гигиенасы жөніндегі ұсыныстардың маңыздылары:
-еңбек етуде қатты шаршамау, бірақ үзілісті жиілетпеу;
-демалыс уақытын дұрыс пайдалану, уақыт тапшылығын болдырмау;
-жұмыстың үйреншікті қарқынын қадағалау (тездетпеу,баяулатпау);
-бір іспен тым ұзақ уақыт шұғылданбау;
-зерттеуді тұрақты жүргізу, байланысты үзбеу;
-атқарылатын жұмыстың маңыздылығына көз жеткізгеннен кейін ғана оған кірісу;
-тынығуға, тамақтануға, денсаулыққа мән беру.
Жоспарға сай жұмыстың орындалмауының басты себебі көп жағдайда уақыттың дұрыс бөлінбеуінде, яғни мақсаттың дұрыс қойылмауы, міндеттер туралы нақты түсініктің және оларды шешу жолдарының жоқтығы, өзге жұмыспен тым әуестену, тиянақтылықтың болмауы, мәліметтің толық болмауы, оның кешігіп келуі, ақпарат тасқынынан маңыздысын іріктей алмау сияқты кемшіліктерге жол беру. Сондықтан басшы өз мүмкіндігін барынша пайдаланып, саналы түрде үйлестіріп, әбігершілікке салынбау керек.
Басшы кездесудің көпшілігін қызмет барысында жүзеге асырады. Қабылдау мәнері бойынша басшылар 3 топқа бөлінеді:
1) жалған демократ; бұл басшыға барлығы тобымен келеді, бейберекет кездесу болады.
2) бұл басшыға жолығу да орнынан табу да қиын;
3) бұл басшының қабылдау тәртібі болады, кезектілік пен регламент сақталады.
Қабылдауды екі түрге бөледі: басшылар тарыпнан (шақырып тапсырма беру, жұмысты ауыстыру, жаза сөгіс беру, жаза қолдану үшін) және бағыныштылар (проблемасын айту, мұқтаждарын білдіру үшін) өтініші бойынша.
Келушіні басшы өз кабинетінде түрліше қабылдайды:
- басшы орнынан тұрмастан, келген адамға қарайды;
- орнында отырып амандасады;
- орнынан тұрып амандасады;
- келушіні қарсы алып, орын ұсынады.
Г.П.Мицинг алуан түрлі жағдайда іскерлік әңгімені өткізудің негізгі бес принципін ажыратқан: 1 - әңгімелесушінің көңілін аудару; 2 - әңгімелесушіні сөзге тарту;
3 - мұқият негіздеу (дәлелдеу); 4 - әңгімелесушінің күдігін сейілту.
Осы принциптерді негізге ала отырып, әңгіме өткізуде мына нұсқауларды есте сақтаған жөн: әңгімелесушінің сөзін мұқият соңына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларды диспансеризациялауды ұйымдастыру
Ветеринарлық клиникада ветеринарлық қызметті ұйымдастыру
Ветеринарлық шараларды қаржыландыру
Қазақстандағы ветеринария қызметі туралы және ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы жайлы мәлімет
Қазақстандағы ветеринария қызметі мен ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңы және жалпы ережелері
Қазақстандағы ветеринария қызметі, ҚР «ветеринария туралы» заңы
Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «ветеринария туралы» заңы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz