Сөз тіркесін зертеушілер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министірлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясы: құрылымы,сипаттамасы

Орындаған: ҚТӘ-33-тобының студенті
Отарбаева А.Б Тексерген: п.ғ.д., профессор, академик
Қыдыршаев А. С

Орал қаласы, 2020 жыл

Мазмұны
I. Кіріспе
1.1. Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-8
II. Негізгі бөлім
2.1. Сөз тіркесінің зерттелуі, зерттеуші ғалымдар олардың еңбектері ... ...9-13
2.2. Сөз тіркесінің түрлері,топтастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-15
2.3. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .15-26
2.4. Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27-33
III. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тіл - адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тілсіз ұлт құрымақ (Ахмет Байтұрсынов). Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.
Тіл - тірі тарих. Себебі онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесі, барша жақсылық атаулығы құрметін адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағынетін бейнелеген. Тіл -- оны жасаушы халықтың тарихи шежіресі, бүкіл өмірдің жаңғырығымен мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Мағжан Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді: Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, біресе құйынды екпінді тарихы сар далада көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінді - бәрі көрініп тұрады
Демек, айтылғандардан шығатын қорытынды, тіл - адам қоғамның рухани өмірінде объективті тіршілік ететін, қарым - қатынас құралы Тіл негіздерін бастауыш мектепте бір-бірімен тығыз байланыста, тіл білімнің қайнар көзін сөйлесім құралы ретінде оқытудың маңызы ерекше. Осындай оқыту процесі арқылы балалар өз сөздерін еркін құрастырып, өз ойын анық, дәл жеткізеді. Соңдықтан, бастауыш сыныптарда сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы біз оқушылардың сөз бен сөйлем туралы білімдерін дамытамыз. Қазіргі заман бастауыш мектепке арналған оқулықтарда сөз тіркесі туралы мағлұматтар аз берілген. Мұндай құбылыс қазақ тіліне арналып шыққан соңғы екі ғасыр уақытқа тән. Оқулықтың сапасы оның методикалық негізіне байланысты, сондықтан оқулықтар алдыңғы қатарлы методикалық жетістіктерге сүйеніп жазылады. Біздің ойымызша сөз тіркесінің ерекшеліктерін анықтап, оны дұрыс тани біліп, сөз тіркесінің өзіне ұқсас тілдік құбылыстарын ажыратып, оның басты қасиеттерін нақтылай түсу қазақ тілі оқыту процесінде жүргізілетін практикалық жұмыстардың түрлеріне, мазмұнына, тиімділігіне байланысты. Аталған тілдік құбылысты игерту оқушының логикалық ойлау қабілетін, олардың ауызша және жазбаша тілін дамытуда маңызды роль атқарады. Қазақ тілі сабағында орындалатын практикалық жұмыстар негізінде оқушылар грамматиканың, оның ішінде синтаксистік құбылыстарды игере отырып, оны сөйлеуде, әр түрлі сөйлеу жағдаяттарында қолдана білуге дағдыланады. Оқушы алдымен тілдік жаттығулар
3
орындау арқылы синтаксистік ұғымдар мен ережелерді, олардың тілде дұрыс қолдану ерекшеліктерін меңгереді
Зерттеудің негізгі нысаны. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесінің тарихи даму жолын айқындау ерекшеліктерін анықтау және сөз тіркесі құрылымды, сөйлем құрылымды екендігін топтап қарастыру болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың мақсаты-қазіргі қазақ тіліндегі тұрақты тіркестің құрылымын анықтау.Аталған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделеді
-Сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу жасау;
-Сөз тіркесін зертеушілер;
-Сөз тіркесінің байланысу формасы негізінде қарастыру;
-Сөз тіркесін топтастыру түрлері;
-Сөз тіркесін мектепте дамыта оқыту технологиясы

Жұмыстың басты нысаны: Мектепте сөз тіркесін дамыта оқыту технолгиясы алынды.
Жұмыстың әдістері. Жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды
Жұмыстық құрылымы: Кіріспе бір бөлімнен, негізгі бөлім төрт бөлімнен,қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады

4

0.1. Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік
Синтаксистің объектісіне сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем және күрделі синтаксистік тұтастық жатады. Соңғыны В.В.Виноградов Завершающей частью грамматики деп синтаксистің объектісіне жататын синтаксистік категориялардың барлық жиынтығын шоғырланған тобы деп берген болатын.
Кейде осы күнге дейінгі синтаксистік категорияларды осы ретпен берумен бірге, керісінше, күрделі синтаксистік тұтастық, құрмалас сөйлем, жай сөйлем және сөз тіркесінің синтаксисі деп беру де кездеседі.
Әсіресе осы синтаксис салаларының ішіндегі соңғы кезде жан-жақты қолға алына бастаған синтаксистік объектінің бірі - сөз тіркесінің синтаксисі. Ш.Сарыбаевтың библиографиялық көрсеткіші бойынша сөз тіркесі синтаксисі жөнінде қазақ тілі және қазақ тілі мен басқа тілдерді салыстыру жайында 400-дей монография, оқулық және мақала жарық көріпті. Ол еңбектерде сөз тіркесінің теориялық мәселелері, сөз тіркесінің орыс тілі, ағылшын, неміс тілдерімен салыстырыла берілуі, тарихы сияқты мәселелер қамтылады. Бұл зерттеулерге қарағанда сөз тіркестерінің теориялық мәселелері жан-жақты зерттеу объектісі бола бастағанымен, сөз тіркестерін мектептерде оқу, яғни оны оқытудың методикасы бірер мақаланың төңірегінде ғана сөз болып отыр. Сондықтан да сөз тіркесіне қатысты методикалық мәселелер жан-жақты қарауды күтіп отырған күрделі мәселе. Сөз тіркесінің теориясында, Түркология еңбектерде бір ізге түспеген мәселелер баршылық..
Атап айтқанда, сөз тіркесі сөйлемде қолданыла ма, жоқ одан тыс категория ма, сөз тіркесінің номинативті, не коммунакативті мәні, сөз тіркесіне салалас, не сабақтас тіркестердің қатысы, олардың құрылысы, сөз тіркесінің сөйлемнен айырмашылығы сияқты мәселелері әлі де болса жан-жақты талдауды қажет етеді. Енді осылардың кейбіріне аздап тоқталуды жөн көрдік.
1. Сөз тіркесі сөйлемде немесе сөйлемнен тыс қолданыла ма? Деген мәселе төңірегінде де талас пікірлер кездеседі. Бұл мәселенің өзі тек Түркологияда ғана емес, орыс тіл білімінде де онша шешімін таба қойған жоқ. Дегенмен, орыс тіл білімінде В.Виноградов, В.Н.Ярцева, Д.Ю.Корбин, К.Н.Абервух, Түркологияда М.Балақаев, М.З.Закиев сөз тіркесі негізінде тек сөйлемде яғни сөйлемнің құрылыс материалы ретінде қолданылады деп дәлелдейді.
Шынында да, сөз тіркесі де сөз тәрізді қолданылады. Жалпы сөз лексиканың, семансиологияның, морфология мен синтаксистің объектісі екені белгілі. Егер сөз сол тілдік салалардың барлығына да қатысты десек, сөз тіркесін құраудың да басты тірегі. Сөйлемде үнемі жекелеген сөздер ғана емес, тіпті тұрақты тіркестер, (ТТ) күрделі терминдер (КТ) де сол сияқты өмір сүреді. Сондықтанда сөз де, ТТ, КТ де сөйлемде қолданысы жағынан ұқсас.Олай болса бұл топтар сөйлемге матермал. Әрбір сөз сөйлемде өзара мағыналас сөздермен өзара сөз тіркесін құрайды, сол топтардың жиынтығы сөйлем құраудың негізгі материалы болып табылады.
5
Сөз тіркесінің сөйлемде құрылыс материалы өзі, оның ажырамас бір бөлігі ретінде қолданылатынын, сөйлемнің ойды білдірудегі алғы шарты сөз тіркестері арқылы жүзеге асатынын көрсетсе керек. Мұның өзі сөз тіркесінің тек сөйлемде жұмсалатындығының негізі шарты. Әрине мына нәрсені де еске алған жөн. Сөйлем үнемі бірнеше сөз тіркесінен құрала бермейді. Сөйлем жеке сөзді де, екі сөзді де бола береді. Әрине, ол сөйлемнің негізгі құрылымдық ерекшелігінен туады, жалпы сөз де, сөз тіркесі де бір-бірімен тығыз мағыналық байланыста келіп, тек сөйлем ішінде сөйлем құрауға материал болады. Сонымен, сөйлемдегі сөз тіркесінің қалыптасуының өзі сол сөйлемді құрайтын әрбір сөздің келесі бір сөздермен қарым-қатынасының, мағыналық бірлігінің айқындалса керек.
Сөйлемдегі сөздер дара-дара, дара сөз бен күрделі сөз немесе күрделі сөз бен күрделі сөз болып келеді. КТ мен ТТ де басқа сөздермен мағыналық байланысқа түсіп, сол тобымен бір ырғақты топ құрай келіп, сөз тіркесінің де, сөйлемның де аясын кеңейтеді. Бұдан шығатын қорытынды - сөйлем үнемі тек сөз тіркестерінен құрала бермейтін де жайттар бола береді.
2. Сөз тіркесі - синтаксистік единиқа. Сөз тіркесі сөйлем жасаудың негізгі материалы болуының өзі синтаксистің бір саласы ретінде жұмсалатынының белгісі. Орыс тіл білімінде сол сияқты Түркологиялық білімнің алғашқы қалыптасу кезінде де сөз тіркесі айтылып келеді. Бірақ сөз тіркесі бірде жай сөйлемнің синтаксисінде, кезде керісінше жай сөйлемнің сөз тіркесінің бір нұсқасы ретінде қарастырылады. В.В.Виноградов еңбектерінен бастап сөз тіркесі синтаксисі синтаксистің негізгі бір жеке объектісі ретінде қарала бастады да, сол кезден осы күнге дейінгі орыс тілі жайлы еңбектердің барлығында синтаксистің басты объектісі ретінде сөз тіркесі және сөйлем деп берілу негізгі бағыт болып отыр. Осы сияқты бағыт Түркологиялық әдебиеттерде де орын алғаны белгілі. Е.И.Убрятова сөз тіркестерінің сөйлем мүшелерінің ыңғайында қарастырды, осы пікірді С.Аманжолов та қолдағанды. Ал қазіргі кезде сөз тіркесі қазақ тілінде де синтаксистік единица ретінде арнайы қарастырылып келді. Солай бола береді. Дегенмен, сөз тіркесінің синтаксистік единица екені туралы соңғы кезде талас пікірлер де орын ала бастады.
А.Н.Гвоздев, Д.В.Фоменко сияқты ғалымдар, әсіресе, соңғы ғалым Словосочетание является ли единицей языка? деген арнайы мақала жазып, онда сөз тіркесі жалпы жеке қаралуға тиіс емес деген қорытындыға келді. Осы мақаланың төңірегінде де даулы мақалалар

жарияланды. Сол жарияланған мақалалардың негізгі сөз тіркесінің единица екеніне баса назар аударды.
Негізгі сөз тіркесінде синтаксисі, синтаксистің негізгі бір саласы. Ол дау тудырмаса керек. Өйткені, біріншіден, осы уақытқа дейінгі грамматикада орын алып келді, екіншіден, сөйлемнің де сөз жасалу жігі өзіндік тобы болатыны еске алынуы керек. Ондай топ негізінен тек сөз тіркесі арқылы көріне алады. Қалаға барды, жақсы оқушы өз алдына тұрғанда сөйлемде емес.
6

Бірақ сол сөздер бір-бірімен тіркесу арқасында сөйлемнің аясын кеңейту, соны дамыту үшін жұмсалады. Соған материал болады. Сол материалдық топты өз алдына жеке объекті ретінде қарастыруға тура келеді. Бұл оның өзіндік тілдік единица екенін дәлелдесе керек.
3. Номинативті мән. Сөз тіркесінің сөйлемдегі атқаратын қызметі туралы де бірнеше көзқарастарды байқауға болады. Жалпы сөз тіркесімен сөйлемнің әрқайсысының өз қызметі бар. Сол қызметті сөз тіркесінде номинативті сөйлем коммунативті екені туралы пікір алғаш рет В.В.Виноградовтың еңбектерінде кездессе, соңғы еңбектерде олардың ерекшеліктері түрлі бағытта айтылып жүр.
В.В.Виноградов, А.С.Смирницкий, В.В.Бабайцева, А.Н.Баскаков сөз тіркестерінің номинативті мәнін айтса, В.Г.Адмони сөз тіркесінде номинативті мәнімен бірге коммуникативті мәні туралы да айтады. Ю.В.Фоменко сөз тіркесінің номинативті екенің жоққа шығарса, А.Моисеев, М.Балақаев сөз тіркесінің граматикалық жағына назар аударады. Жалпы номинативті мән сөзге тән, сондықтанда сөз заттың, қимылдың, санның, сынның атауы болатыны дау тудырмаса керек. Ал сөз тіркесінен номинативті мән іздеудің ойға қона қонбайтынын мынадай жайттардан байқауға болады. Сөз заттың, құбылыстың, сапаның атауы болса, сөз тіркесі сондай номинативті таулардан құралған синтаксистік топ. Сөз тіркесіндегі сөздер номинативтікте (атауышты) білдіру үшін емес, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш сияқты жаңа грамматикалық мағыналарды білдіру үшін тіркеседі. Олай болса, жақсы студент, екі бала, баланың кітабы деген сөз тіркестеріндегі әрбір бағыныңқы сөздердің әрқайсысының өзіндік номинативті мәні бар екені мәлім. Енді сол номинативті мәні бар сөздердің тіркесі арқылы тағы бір номинативті мән пайда болады деуге келе бермейді. Демек номинативті мән тек жеке сөздерге тән, кейде ондай мән сөз тіркестеріне формалық жағынан ұқсас келетін күрделі сөзді терминдер мен күрделі атау, газет. Журнал, мақала, кітап аттары мен ТТ ғана болады.
КТ кемінде екі-үш сөзден құрала отырып, олардың әрқайсысының өзіндік жасалуы болады. Сол тобымен тілде номинативтік қызметте жұмсалады. Әрине сол КТ пен сол іспестес синтаксис тіркестер кейде бір-біріне үқсас та бола береді. Мына мысалдарға назар аударайық.

Үлкен
тау
Кіші тау ^^
биік қарлы аласа
қарсыз

7
Бұлар тау сөзінің әр түрлі сындық қасиетін көрсетсе керек. Ондай сындар тау сөзінің әр түрлі қасиеттерін көрсетеді де, өзінің анықтайтын сөзімен синтаксистік сөз тіркесін құрайды. Сол сияқты Ардақ өзені бар да, сол өзеннің әр түрлі ерекшелігін білдіретін сөздер еркін синтаксистік топ құрайтын болса, енді Кіші Ардақ ән аты арқылы белгілі бір атау ретінде де жұмсалады. Осы сияқты номинативтік мән сын есімді анықтауышты тұлғадағы сөздер арқылы ғана емес, Біз тау қиялап жүріп келеміз немесе Өзіміздің туган жерде еңбек ңарңынын арттырудамыз деген сөйлемдердегі асты сызылған зат есім мен көсемшенің, есімше мен зат есімнің тіркесі Тау қиялап, Туған жер атауыш тіркестердің қызметі мен мәні бірдей емес. Біріншісінде кәдімгі еркін тіркес ретінде жұмсалса, екіншісі әннің аты ретінде жұмсалған. Сол сияқты осы тұлғалық ерекшеліктерде Қазақстан әйелдері, Қазақстан мұғалімі, Үгітші блокты сияқты журнал аттары немесе Мешін жылы, Тұнық су, Адамзатқа хат сияқты кітап аттары сол сияқты басқа да атаулар сол арнайы кітап, журнал беттерінде жазылған орнында ғана номинативтік мәнге ие де, егер тұнық судан іштім, мешін жылы туыппын сияқты айтылатын болса, әдеттегі анықтауыш анықталушы сөздер тобы болып шығады. Сол формада еркін тіркесте немесе осы сияқты күрделі атау ретінде жұмсала береді. Сонда күрделі атау, терминдер кемінде екі сөзден бірігіп жұмсалғанымен, олар сол тобымен бір заттың атын білдіруі, олардың еркін тіркестен негізгі айырмашылығы болып табылады. Сонымен кез келген екі немесе одан да көп сөзден келген сөздер тобының бәрі еркін тіркес ретінде жұмсалмай, атауыш қызметінде де жұмсалады. Ондай қызметте жұмсалатын сөз тіркестеріне газет, журнал, кітап аттары, КТ күрделі атаулар жатады.

Д.В.Фоменко номинативті мән туралы айта келіп: номинативті мән анықтауыштық қатынастағы дара сөз тіркестеріне (белая березка), тән дей келіп, ал (редкая критика профорга за бездеятельность) күрделі және құрама сөз тіркестерінде ойлану керек деген болатын. Шындығында, жай сөз тіркестерінен номинативті мәнді іздеуі автордың күрделі атау мен еркін сөз тіркестерін ажыратпаудан шығып отыр. Негізінде номинативті мән сөз тіркестерінің дара түріне тән, күрделі түрі жайлы ойлану керек деген пікіріне біз қосыла алмаймыз. Негізінде сөз тіркесін дара , күрделі, тіпті аралас түрлері жайында номинативті мәннен гөрі грамматикалық жағына назар аудару - негізгі принцип.
Сонымен сөз тіркестерінен номинативті мәннен гөрі олардың синтаксистік ерекшіліктерін айқындау орынды.
4. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Сөйлемдегі сөздер сабақтаса және салаласа байланысады. Жалпы тіл мамандарынның арасында сөздердің сабақтаса байланысын сөз тіркесіне жатқызу туралы пікір таласы болмаса керек. Соңғы кезде сабақтаса байланысқан топтен бірген салаласа байланысқан сөздер тобын да сөз тіркесіне жатқызу жағы көріне бастады.
Егер, сабақтаса байланысқан сөз топтары құрамындағы сөздердің біріне-бірі бағына байланысып, олардың синтаксистік қызметі мен мағыналық тобы, әр түрлі сөз таптарынан жасалуы сөз болып келсе, салаласа байланысқан сөздер
8
тобын сөз тіркесіне дейін ғалымдар: олар тең дәрежеде әрі жалғаулы, әрі жалғаусыз болады деп, Асан мен Үсен, жазушы мен оқушы, жақсы мен жаман,
әрі оқыды әрі жазды сияқты екі сыңары да бір ғана сөз таптарынан жасалған топты жатқызады. Сөз тіркесі салаласа да байланысады деушілер сөз тіркесін басқаша түсінеді. Неге сөз тіркесіндегі сөз тек сабақтаса байланысады дейміз?
1. Сөз де ондай тіркесу нәтижесінде жаға грамматикалық мағыналар пайда болады. (анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық). Сол мағыналар тек сабақтаса байланысқан сөздерде ғана пайда болады.Ондағы сөздер бір-біріне бағынады. Ал, салаласа байланысқан сөздерде ондай қасиет болмайды. Сондықтанда ондай топ сөздер тіркесі емес. Дегенмен кейде ол топқа жатпайтын қызыл ала, көк жасыл, жеті жүз жиырма бір, алты жүз, мың бес жүз, оқып отыр, оқып еді тәрізді сөздер тобынан не салаластық, не сабақтастық элемент таба алмаймыз. Әсіресе мұндағы сын есім, сан есімдермен салыстырғанда күрделі етістіктерде бір сыңары толық мағыналы да, екінші сыңары көмекші қызметте жұмсалады. Соңғы кезде сабақтаса байланысқан топпен бірге салаласа байланысқан сөздер тобын да сөз тіркесіне жатқызу жағы көріне бастады. Ондай сөздер тобы күрделі сөздер тобын құрайтындықтан, өзара сөз тіркесі бола алмайды. Тек сабақтаса байланысқан сөз тіркестері арқылы сөз тіркестерінің заңдылықтары жан-жақты айқындалады.
2.1. Сөз тіркесінің зерттелуі

Сөз тіркесі жөнінде жүйелі зерттеулердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тәртібін көбірек сөз қылды да, ал сөз тіркесіне байланысты мәселелер онша ауызға алынбады. Түркі тілдерінің сөз тіркестері тек кеңес дәуірінде ғана зерттеліне басталды. Орыс тілінде сөз тіркестерін тұңғыш қолға алған В.В. Виноградов сөз тіркестерінің түрлері, байланыс формалары және олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екендігін айтады.
И.П. Мелиоранский Краткая грамматика казах-киргизского языка деген еңбегінде сөз тіркесі туралы арнайы тоқталмағанымен, Простое предложение деген бөлімінде бастауыштың баяндауышпен қиыса байланысатынын дұрыс көрсеткен - деп тұжырым жасайды зерттеуші Түймебаева Н. Ал септіктерге жеке-жеке тоқтай келіп, онда әрбір етістіктің мағыналық топтарының қайсысы қандай сөздерді меңгеретінін анықтаған. Меңгеру туралы айта келіп, онда үміттену, берілу, бағыну, келісу, мақтану, күлу, шыдау, жылау, мұқтаж болу т.б. етістіктер барыс жалғаулы сөздерді меңгеретінін дәлелдеген. Ал қабыса байланысу туралы ешбір сөз қозғалмайды. Бірақ автордың Определение деген бөліміндегі мынадай мысалдар: ақ тас - белый камень; жақсы кісі - хороший человек; үшінші жыл - третий год дегенде сөздердің қатар келіп, орналасатынын сөз етеді. Мұның өзі қабысу терминінің жалпы орыс тілінде де көп уақытқа дейін енгізілмеу себебіне байланысты ма деп ойлауға болады.
9
Сонымен қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерге сөз тіркесі, оның байланысы формалары жалпы болса да айқын жіктелмей келді.
Қазақ тілінде сөз тіркестері арнайы түрде тек ұлы қазаң төңкерісінен кейін, онда да 1930 жылдан бастап сөз бола бастады деп тұжырымдайды Сайрамбаев Т.
Мұны ең алдымен Қ. Жұбанов сияқты ғалымдарымыздың еңбектерінен айқын көруге болады. Ал Қ.Басымовтың Сөйлем мүшелері туралы,Пысықтауыш т.б. мақалаларында тек бастауыш пен баяндауыштың қиысуын ғана сөз еткені болмаса, олардың басқа байланысу формаларына арнайы тоқталмаған.
Сөз тіркесі туралы мағлұмат мектеп грамматикаларында тек 1939 жылы беріле бастады. Бұл ретте С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Т. Сауранбаев т.б. еңбектерін атауға болады.
Әрине онда дәл қазіргідей сөз тіркестері деп аталмағанмен, әркім өзінше сөздер тізбегі, сөздердің қарым-қатынасы, сөздердің байланысы деп көп уақытқа дейін әртүрлі айтып келгені белгілі.
Қазақ тілі синтаксисі туралы арнайы зерттеу жүргізген С. Аманжоловтың сөз тіркестері туралы өзіндік пікірлері болды. 1940 жылы Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы деген еңбегінде де сөз тіркесі туралы арнайы тоқталғандығы белгілі. Онда автор Сөйлем мүшелелерінің өзара қарым-қатынастары деп оларды беске бөліп қарастырады: қиысу, жанасу, қабысу, меңгеру - меңгерілу және бесінші етіп сөйлем мүшелерінің орын тәртібін де осыған енгізеді. Автордың алғашқы төрт түрін қостағанмен бесіншіні, яғни сөйлем мүшелерінің орындары дегеніне қосылуға болмайды.
Бұл еңбек 1950 жылы түзетіліп қайтадан басылды. Онда арнайы түрде сөйлемдегі сөздердің (сөйлем мүшелерінің) қарым-қатынасы, меңгерілу, қабысу және жанасу деп төртке бөліп дәлелдейді:
Сөйлемдегі сөздердің байланысына 1930 жылы Т. Сауранбаев, С. Аманжолов бірігіп жазған Қазақ тілі грамматикасы еңбегінде біраз тоқталған. Бұл еңбегінде автор сөз тіркестерін синтаксистік қатынастар деп атай отырып, оларды субъекті, предикаттық, объектілік атрибуттық және сипаттауыштық қатынас деп бірнеше түрге бөледі.
Автор бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынасты субъекті предикаттық деп атаса, ал пысықтауыш сөздердің етістікпен байланысын объектілік, ал анықтауыш пен анықталатын мүшелерінің байланысын атрибуттық қатынас деп бөледі. Сол сияқты бұлардан өзгеше изафеттік құбылысты өз алдына қарастырып, оның өзіндік жасалу жолын дұрыс көрсетеді. Бұдан кейінгі шыққан Қазақ тілі еңбегінде сөз тіркестерін қиыса меңгеріле, қабыса және жанаса байланысатынын айтады. Жай сөйлемге енген сөздердің бір-бірімен өздерінің орын тәртібі, интонация, қосымшалар, шылаулар арқылы байланысу жолдарына тоқталады.
10
С. Жиенбаев Синтаксис мәселелері деген еңбегінде сөйлем мүшелерінің байланысу формалары туралы арнайы сөз етпейді. Онда автор жай сөйлемнің синтаксисі, құрмалас сөйлемнің синтаксисі - деп сөз тіркесінің синтаксисін жеке қарастырмайды. Алайда ол еңбектің синтаксистік кейбір мәселелері туралы деген бөлімінде Қиысу туралы арнайы тоқталып, өзіндік тұжырымдар жасайды. Мұның өзі авторлардың бұл мәселеге аз да болса көңіл аударғандығын аңғартады. Ал сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы деген бөлімінде автор байланысу формаларынан гөрі байланысу амалдарына назар аударғысы келеді.
Бұл еңбектерде сөз тіркесі айтылғанымен олардың толып жатқан заңдылықтары, атап айтқанда байланысу формалары мен амалдары, түрлері, оның синтаксистік қатынастары арнайы сөз болып қозғалмайды. Бұл жөнінде жалпы түркология, оның ішінде қазақ тіл білімінде көптеген жұмыстар жазылып және одан әрі зерттеліп жатқаны да белгілі.
Жалпы сөз тіркестерін зерттеу тек 1950 жылдардан кейінгі уақытта ғана бір жүйеге келе бастады.
Отандық тіл ғылымында сөз тіркесі синтаксисі мәселесі жөнінде Н.К. Дмитриевтің, А.Н. Кононовтың, Е.И. Убрятовалардың еңбектері жарық көрді. Олар қиыса, қабыса және меңгеріле байланысқан сөз тіркестері түрінде сипаттайды. Қазақ тілі білімінде сөз тіркесі (сөйлем мүшелерінің байланысы) 1950 жылдарға шейін тек мектеп грамматикаларының көлемінде айтылып келеді. Онда да сөз тіркесінде толық анықтама беріп оның түрлі жақтарын егжей-тегжейіне дейін зерттеген ешкім болған емес. Сөз тіркесінің зерттелуі тек кейінгі кездің жемісі болып отыр.
Сол туралы А.Л. Коклятова: Сөздердің байланысы септікті және шылаулы тіркестер мен анықтауышты конструкциялар түркі тілдерінде әлдеқашан қолға алынған болатын деген еді. Алайда арнаулы зерттеулер тек қазір пайда бола бастады. Соның бірі - профессор М. Балақаевтың Основные типы словосочетаний в Казахском языке деген еңбегі. Бұл еңбегінде автор сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері, есімді, етісті сөз тіркестерін шылаулы меңгеру мен септікті меңгеру сияқты көптеген мәселелерін жан-жақты дұрыс көрсетеді деген болатын.
М. Балақаевтың еңбегі түркі тілдерінде сөз тіркестері туралы - бірінші туынды мұнда автор сөз тіркестерінің көптеген теориялық мәселелерін жан-жақты ашып берді. Негізінде сөз тіркестері туралы жалпы түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде профессор М.Балақаевтың еңбектерінен толық мағлұмат алуға болады.
М. Балақаев сөз тіркестерін жалпы есімді, етістікті етіп екіге бөліп, оның әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін олардың басыңқы компоненті мен бағыныңқы компонентінің қандай сөз таптарынан болатындығын және ондай кездегі тіркесу қабілетін дұрыс қорытындылайды.
11
Сол сияқты автор бұл еңбегінде сөз тіркестерінің байланысу формалары мен амалдарын және олардың синтаксистік қатынастарын сөз етеді. Сөз тіркестерін байланысу формаларына қарай қабысу, қиысу, меңгеру және матасу деп төртке бөліп қарастырады.
Осы күнге дейінгі және осы кездегі көптеген түркі тіліндегі еңбектерде байланысу формаларын дәл орыс тіл біліміндегідей үшке бөліп берушілік басым болып келеді. Әрине, мұндай жағдайда әрбір тілдің өзіндік ерекшелігіне қарау керектігі айқын. Осы тұрғыдан алғанда профессор М. Балақаев басқа тілдерге қарағанда қазақ тілінде төрт түріне матасу деген байланысу формаларын енгізеді. Мұндай бөлудің өзіндік белгілері мен ерекшеліктеріне сай дұрыс алынуы практикада айқын байқалып жүр. Сөз тіркестерін сөйлемнен ажырату - жалпы тіл білімінде негізгі мәселелердің бірі. Алдымен сөз тіркесі дегеніміздің өзін ашып, оның не екенін түсінуіміз керек. Бұл жердегі негізгі мәселе мынада:
Сөз тіркесіне синтаксистік топ құрайтын барлық сөздердің тіркесін жатқызамыз ба, әлде предикативті қатынасты да жатқызамыз ба?
Осы негізде кейбір ғалымдар, мысалы: Фортунатов, Пешковский т.б. толық мағынасы бар грамматикалық тіркестердің барлық түрін сөз тіркесіне жатқызамыз дейді. Фортунатовтың пікірі бойынша, сөйлем, дегеніміз сөз тіркесінің бір түрі (разновидность), көрінісі. Бұлардың пікірінше, сөйлем мен сөз тіркесінің ешбір айырмашылығы болмайды.
Керісінше, кейбір ғалымдар Буслаев, Потебня, Шахматов т.б. сөз тіркесін жоққа шығарады. Олардың пікірі бойынша, негізгі етіліп сөйлемнің теориясы және сөйлемнің мүшелері алынады. Сөйтіп сөз тіркесі туралы мәселе тек түркі тілдерінде ғана емес, басқа тілдерде де түрліше қаралды.
Сөз тілдік единица болып табылады. Ол морфология, лексикология, семасиологияның объектісі бола отырып, сөз тіркесіне де қатысты. Өйткені ол сөз тіркесіне де сөйлемге де негіз болады. Оларсыз жалпы сөйлем құрылмаған да болар еді. Сөз, негізінде, сөз тіркесін құруға негіз болса, сөз де, сөз тіркесі де бірімен-бірі тығыз байланысты. Сол сөздерді бірімен-бірі тіркестіріп, оны жетілдіре түсу ыңғайында ғана келесі біреуге ойымызды толық жеткізуге болады.
Профессор М. Балақаев сөзді тілдік единица ретінде лексикология, семасиология, стилистика, сөз таптары және сөйлем мүшесінің де объектісі ретінде зерттеді. Сонда сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі немесе одан да көп сөзден құралады да, олар біріне-бірі бағына байланысады екен. Сөйтіп, сөз тіркесі мен сөйлем синтаксистік категория. Бұл екеуі тығыз байланысты. Бірақ кейбір ұқсастықтары болғанымен әрқайсысының өзіндік объектілері бар.
Негізінде бұлардың айырмашылықтары көптеген еңбектерде айтылып келеді.
Н.К. Дмитриев сөз тіркесі мен сөйлемді талдай келіп, екеуінің бір-бірінен айырмашылығын ашып алу керектігін айтады.
12
Сөйлем екі полюс, яғни бастауыш пен баяндауыш болуы хақ. Сонымен, бір-біріне қатысы жағынан бастауыш және баяндауыш болып келетін кез-келген синтаксистік құрамды сөйлем дейтін боламыз. Керісінше, өзара іштей бастауыш пен баяндауыш болып келмеген кез-келген синтаксистік тіркес сөйлем емес, сөз тіркесі деп танылады. Сонда сөз тіркесі сөйлем ішіндегі статикалық қатынастарды баяндаудың формасы ғана. Сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығын Н.К. Дмитриев былай көрсетеді: Егер бастауыш пен баяндауыштық қатынастан құралып, аяқталған ойды білдірсе, сөйлем деп, егер бастауыш пен баяндауыштық қатынас болмай, олар тиянақты ойды білдірмесе, сонда ғана сөз тіркесі дейді.
Б. Убрятова т.б. көптеген ғалымдар сөйлем мен сөз тіркесінің бір-бірімен айырмашылықтарын көрсете келіп Н.К. Дмитриевтің жоғарыдағы пікірін қолдайды. Бұлай бөлу жалпы орыс тілі ғылымында көп уақытқа дейін орын алып келді. Сөйтіп предикативті түрі бастауыш пен баяндауыштық қатынастан құрылады да, бұлар аяқталған ойды білдіреді, мұны сөз тіркесіне есептемей, сөйлемге жатқызды. Ал бастауыш пен баяндауыштан басқа қатынастағылар яғни олар аяқталған ойды білдірмейді, сол себептен оларды сөз тіркесі деп қарастырады.
Тіл білімі жайындағы әдебиеттерде сөйлемді бір бөлек, сөз тіркесін бір бөлек категориялар деп тану үшін олардың құрамы еш уақытта бірдей болмауға тиіс деген пікір бар. Сондай көзқарасты қолдаушы тюркологтың бірі Н.А. Баскаков атқа мініп, атқа мінген дегендерді сөз тіркесі деп қарайды да, атқа мінді дегенді сөз тіркесі емес, сөйлем деп таниды. Мұндағы тұлғалық айырмашылық басыңқы сөздің (мін) тиянақты, (мінді) не тиянақсыз (мініп мінген) болуында.
Егер ол критерияны негізгі шарт деп танысақ (ол тұлғалардың сөз тіркесін құрауға қатысы жоқ, сондықтан шарт емес). Атқа мін дегенді не дейміз? Сөйлем бе, сөз тіркесі ме? Бұған жауапты мынадан іздейміз. Егер тіркескен сөздер тобы пайымдауды білдірсе - сөйлем, ал білдірмесе - сөз тіркесі. Осы пікірді Н.К. Дмитриев те қолдайды.
Біріншіден пайымдау (суждения) логикалық ұғым, оны сөйлемді танудың белгісі етуге болмайды. Екіншіден сөйлемнің құрамына еніп, оның бөлшегі болуға тиісті сөз тіркесінде сөйлем білдіретіндей ұғымның бар-жоқтығын меже етудің жөні жоқ. Сөйтіп, сөйлем мен сөз тіркесін мағынасына қарап айыру да мүмкін емес. Егер сөз тіркесі тиянақты ойды білдіретіндіктен сөз тіркесі болудан қалады десек, онда әрі сөз тіркесі, әрі сөйлемдік қасиеттері бар сөздер тобының кейбір синтаксистік заңдылықтарын ескермегендік болады. Желсіз түн, кең жайлау. Таудан аққан үлкен өзен сияқтыларды біреулер сөйлем етіп жұмсаса, сөз тіркесі қасиетін жойды деу шындық болмайды. Сондықтан ондай сөздер тобын
сөйлемдік қасиеттеріне қарай сөйлем деп танып, сөз тіркесімділік белгілеріне қарай әрі сөз тіркі деп тани беруге тиіспіз. Тілдің табиғаты солай етуді тілейді.

13
2.2. Сөз тіркесінің түрлері

Сөз тіркесін бірқатар авторлар сөйлем мүшелерінің ыңғайында топтастырады. Олар тіркескен сөздердін, өзара мүшелік қарым-қатынасына қарай, сөз тіркесін "предикативті" және "предикативті емес" деп екіге бөледі де, соңғыдан "толықтауыштық", "анықтауыштық" және "пысықтауыштық" сөз тіркестерін шығарады. Сөз тіркестерін бұлай топтастыру сөздердің өзара тіркесу ерекшеліктеріне негізделмей, сөйлем мүшелерінің өзара тіркесіне негізделгендік болады. Егер сөз тіркесін "сөйлем мүшелерінің тіркесі" деп есептейтін болсақ, оның синтаксистік ерекшеліктерін елемей, сөйлемнің синтаксисімен араластырып жіберген боламыз. Бұл -- бір. Екіншіден, сөз тіркесі мен сейлем мүшелерінің жігі бір емес. Мысалы, кен байлығы, мал дәрігері, қос ауыз, қазан пышақ сияқты сөз тіркестері сөйлемде бір-бір күрделі мүше болып жұмсалуы мүмкін. Сондықтан ол топтастыруды қанағаттанарлық деп айтуға болмайды. Рас, сөздер бірімен-бірі тіркесу нәтижесінде белгілі мүшелік қатынаста айтылады. Бұл жағдай сөз тіркесінің синтаксисінде еленеді, бірақ оның ең басты белгісі бола алмайды.
Сөз тіркесін топтастыру принциптерін дұрыс белгілеу үшін сөз тіркесінің зерттеу объектілері нелер екенін, оның басты-басты ерекшеліктерінің нелер екенін ашу керек.
Сөз тіркестері
Сөз тіркестері

түрі

Есімді сөз тіркесі
ереже
Басыңқы сыңары сөзден болған сөз тіркесі
мысал
бағыңқы сөз басыңқы сөз
жаңа киім
айтуға құмар
оқуға ыңғайлы
түрі

Етістікті сөз тіркесі
ереже
Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі
мысал
бағыңқы сөз басыңқы сөз
жел соқты
соғыс аяқталды
үйге келген

Сөз тіркесі синтаксисінің негізгі объектісі - сөйлем мүшесі емес, сөз. Сөздердің өзара тіркесуі -- олардың грамматикалық қасиетінің бірі. Сөз тіркесінің синтаксисінде жеке сөз таптарының, олардың бөлшектерінің басқа сөздермен және өзара тіркесу қабілеті, байланысу тәсілдері, сөздердің сөз тіркесін құраудағы қызметі қарастырылады.
Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердін, өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді және етістікті болып үлкен екі салаға бөлінеді.
14
Есімді сөз тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сықар болады.
Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты әр түрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын және сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек-сөздердің байланысу формалары. Есімді және етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді.
Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады, етістікті сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады (соңғы шылаулы, шылаусыз болуы мүмкін).

Сөз тіркесі
Сөз тіркесі

Сөздің тіркесу қабілетіне қарай

Есімді
Есімді
Етістікті

Етістікті

Байланысу
формасына
Меңгеріле байланыс-қан сөз тіркесі

Меңгеріле байланыс-қан сөз тіркесі

Қабыса байланыс-қан сөз тіркесі

Қабыса байланыс-қан сөз тіркесі

Меңгеріле байланыс-қан сөз тіркесі
Меңгеріле байланыс-қан сөз тіркесі
Матаса байланыс-қан сөз тіркесі
Матаса байланыс-қан сөз тіркесі
Қабыса байланыс-қан сөз тіркесі
Қабыса байланыс-қан сөз тіркесі
қарай
Қ

2.3. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері

Қ а б ы с у -- түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына бейімделе, тиісті жалғауда айтылып байланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар түру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы сөздердің орын тәртібі болады.
Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі; оның бағыныңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, сілтеу есімдігі, есімше, үстеу болады да, басыңқы сынары зат есім, субстантивтенген сын, сан есімдер
болады.
Зат есіммен қабыса тіркесетін сөздер:
Зат есім: темір күрек, ағаш күрек, жел диірмен, түлкі тымақ, етікші бала, жұмысшы адам т. б.
15

Сын есім: биік тау, қызық өмір, жақсы талап, қоралы қой, таудай талап, еріншек бала, жастық шақ, т. б.
Сан есім: үш кісі, мың қой, ойыншы мектеп, т. б.
Сілтеу есімдігі: бұл қала, мына бала, ана кісі, осы ауыл, сол табыс, ол сұрақ т. б.
Есімше: айтылған сөз, келген кісі, айтар сезім, келетін бала, айтатын сөз, т. б.
Үстеу: бұгін бала, ертең оқытушы
Бұларды жинақтап, зат есіммен қабыса байланысатын сөздерді схемамен көрсетсек, былай болар еді:

Сын есім мен жібек орамал
Зат есім мен зат есім: балалы үй
Сан есім мен алтыншы арба

Есімше мен орындалған арман
зат есім:
Сілтеу есімдігі мен мына қала.

Үстеу -- бүгін студент.

Қабыса байланысқан зат есімдерден құралған тіркестер
Қабыса байланысатын сөз тіркестерінің жиі қолданылатын бір түрі -- зат есімнен құралатын тіркестер. Екі зат есім атау күйінде қабыса байланысып, сөз тіркесін құрау үшін алдыңғысы соңғысына бағынып тұрады: Мысалы: алтын сағат, ағаш күрек, жібек орамал т. б.
Осындай тіркесте айтылатын зат есімдер тобы көбінесе екі сөзден құралады. Олар өзара әр уақытта анықтауыштық қатынаста айтылады: қамыс құлақ, бота тірсек, темір қанат, шаруа қол, т. б. Бұлар өзара анықтауыштық қатынаста айтылғанмен, сөйлемде бір заттың күрделі анықтауыштары, кейде басқа да мүше болып жұмсалады: қамыс құлақ ат, ботпа тірсек ат, темір қанат балапан.
Осы тәрізді қатар тұру арқылы бірін-бірі анықтайтын зат есімдер тобы екі, үш, кейде төрт сөзден құралуы мүмкін: темір қанат балапан, қой көз бала, шоқпар темір таяқ.
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері тұрған орнына қарай байланысқанда, әрбір анықтауыштық тіркес фразалық (ритмикалық) бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып тұрады.
Зат есімдерден құралған анықтауыштық топқа кез келген зат есім өне бермейді.
16
Оған озара мағыналық байланыста бола алатын сөздер, тілде солай айтылып үйреншікті болған сөздер ғана енеді. Сондықтан тас жол, темір
күрек, қол сағат деп айтылады да, керісінше, жол тас, күрек темір, сағат қол деп айтылмайды (орын ауыстырып айтуға болатын жағдайда басқа мағыналық қатынасты білдіреді, мысалы: сағат қалта -- қалта сағат, көз әйнек -- әйнек көз). Зат есімдерден болған сөз тіркесінің бірінші сыңары көбінесе конкретті, материалды заттың аты, кейде солай ұғынылатын басқа есімдер болады. Күш, өнер, өнеге қайрат, әрекет, айла, айбат, сес, ұйқы сияқты абстракты зат есімдер сол түбір қалпында ол топтың бірінші сыңары болып айтылмайды.
Бірқатар зат есімдер, жоғарғыдай, анықтауыштық құрамда жұмсалу үшін ол екеуінің алдында басқа анықтауыштар болуды керек етеді:
а) Аяқ жол деп айтылмайды, жалғыз аяқ жол дегенде ғана олар анықтауыштық құрамға енеді. Арқа отын деп жалаң айтылмайды, бір арқа отын дегенде оның алдында сан есімнен анықтауышы болса ғана, екі зат есім қатар тұрып тіркесе алады.
ә) Сол сияқты, қайнатым шай, үзім нан, асым ет, қалпында етістіктің аяғына -ым-ім жұрнағы жалғанып жасалған зат есімдер мен басқа зат есімдер сандық анықтауышсыз бір топ құра алмайды, бір қайнатым шай, бір үзім нан, екі асым ет сияқты құрамда ғана айтылады. Сонда, екі заттың анықтауыштық қатынаста айтылуы олардың алдындағы сан есімдерге байланыстан болады. Бұлай болу -- барлық затқа бірдей шарт емес.
б) Салпаң, қалқан сияқты бейнелеуіш сөздер қатысқан зат есімдер басқа затпен тіркесіп, анықтауыштық құрамда айтыла алады:
Қалқан -- қалқан құлақ бала,
салпы -- салпы ерін ат,
бұлаң -- бұлаң құйрық түлкі,
сылтық -- сылтың аяқ түйе.
в) Бірқатар зат есімдер өзар тіркесу үшін олардың алдында келтпе, қысқа, биік, ұзын, жұқа, қалың, шолақ, қаба сияқты сын есімдер болады: ұзын құйрық түлкі, биік өкше етік, қаба сақал қарт.
г) Бірқатар зат есімдер тек қосарланып (қос сөз болып) айтылғанда ғана басқа зат есімдермен тіркесе алады: қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, тарам-тарам тамыр, айқыш-айқыш жол т. б.
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері түрлі-түрлі мағыналық қатынаста жұмсалады. Ол жағдай анықтауыштық топтағы заттардың семантикалық өзгешеліктерімен байланысты.
Мысалға қамыс қора, қамыс құлақ дегенді алайық. Бұлардың сыртқы құрылысы бірдей, бірақ мазмұны бірдей емес: қамыс деген зат есім қораның алдында тұрып, қораның қамыстан істелгенін білдірсе, құлақ деген сөздің алдында тұрып, құлақтың қамыстай екенін білдіреді. Соңғының орнына қамыс сырнай десек, мұнда да сырнайдың қамыстан істелгендігін білдіреді.

17

Сол сияқты:
тас үй -- тастан салынған үй д. м. болса,
тас еден -- тас төселген еден д. м.
тас балға -- тасты сындыратын балға д. м.
тас көмір -- тастай, тас сияқты көмір д. м.
күміс сағат -- күмістен істелген сағат д. м. айтылса,
қол сағат -- қолға тағатын сағат д. м.
электр сағат -- электр күшімен жүретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интонацияның компоненттері
БУЫН ҚҰРАМЫНДАҒЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖАСАЛЫМ БЕЛГІЛЕРІ
Отарлау саясаты кезіндегі ұлттық қозғалыс
Әлеуметтік перцепциялар түсінігі
Қазақ тілі морфологиясының зерттелуін талдау
Дамыта оқыту технологиясын сөз тіркесін оқытуда қолдану
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. МОНОГРАФИЯ
Бастауыш мектептерде дамыта оқыту технологиясын сөз тіркесінде қалыптастыру
Сөйлем мен сөз тіркесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Сөз тіркесі
Пәндер