Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары


МАЗМҰНЫ
1
1. 1
1. 2
1. 3.
2
2. 1
2. 2
2. 3.
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты мен міндеттері
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың технологиялары
Қашықтықтан оқыту жүйесінің артықшылығы мен кемшілігі
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары
Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтан арттырудың аймақтық жүйесі
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және оны жүргізуде тиімді құралды таңдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
8
8
10
19
25
25
28
35
52
54
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Дүние жүзі бойынша қашықтықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарының бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады.
ҚР «Білім туралы» заңына сәйкесті қашықтықтан оқыту сырттай, күндізгі, кешкі және экстернат оқыту формаларының бірі ретінде қарастырылады. Қашықтықтан оқытудың өзінің ерекше белгілері бар, бұл белгілерді ұғыну мұғалімдер мен қатар білім алушылар үшін белгілі психологиялық тосқауылды туындатады. Қашықтықтан оқытудың маңызды түсініктерін қарастырайық.
Қашықтықтан оқыту табысты жұмыс істеуі үшін ең алдымен ақпараттандырылған қоғамның белгілі деңгейі қажет.
Қашықтықтан оқыту бойынша келесі білім қызметтері ұйымдастырылған болуы керек:
- Дайындық курстары;
- Білімді алу;
- Кәсіби білімді жоғарылату және жалғастыру;
- Сертификацияланған бағдарламалар;
- Тарсырыс бойынша жасалған шарттық бағдарламалар.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің потенциалды тұтынушылары келесілер болып табылады:
- жоғары оқу орны орталықтары райондарынан қашықтықта орналасқан, адамдар;
- екінші жоғары білім алғысы келген немесе жаңа білімді игергісі келген және өз квалификациясын жоғарылатқысы келген тұлғалар;
- абитуриенттер;
- физикалық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар;
- шетелдік оқу орындарында білім алғысы келетін адамдар;
- қысқа уақыт ішінде білім бағдарламаларын игеруге ұмтылыс жасайтын адамдар.
Тұтынушылар, яғни тыңдаушылар(қосымша білім алу) мен білім алушылар(мамандықтарды дайындау бағдарламасы бойынша білім алу) ролін атқарады. Тұтынушылар компьютермен және Интернет желісінде жұмыс жасай білуі қажет.
Қашықтықтан оқыту формасында білім процесін ұйымдастыру үшін келесі мамандар болуы қажет:
- курсты өңдеуші-мұғалімдер және мұғалім-кеңесшілер(тьюторлар) ;
- ақпараттық ресурстың жүйелік администраторлары мен құрылымдық бөлімнің администратор-басшылары;
- дизайнерлер, бағдарламашылар;
- ұжымның техникамен қамтамасыз етілуі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қашықтықтан оқыту (ҚО) - оқулық материалды жеткізу, оны өз бетімен оқып-үйрену, оқыту үрдісі қандай да бір нақты оқу орнының орналасқан жеріне тәуелсіз болған жағдайда оқытушы мен білім алушылар арасындағы сұхбатты ұйымдастыру үшін қолданылатын дәстүрлі және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген оқытудың интеграциялық нысаны.
Дипломдық жұмыстың объектісі және пәні. Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектісін қашықтықтан оқыту технологиясының теориялық және дидактикалық негіздері құрайды. Дипломдық жұмыстың нақты зерттеу пәнін қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық және дидактикалық негіздері сипаттамасы айқындайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру. Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:
- бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;
- құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Компьютерлік, телекоммуникациялық жабдықтар және байланыс каналдары қашықтықтан оқыту формасының материалдық негізі болып табылады. Қашықтықтан оқыту формасының бағдарламалық жабдықтамасы глобальды желі серверлерінде орнатылады. Бағдарламалық-ақпараттық жинақты басқаша - қашықтықтан оқыту қабықшасы деп атайды. Қабықшаның желілік адресі портал деп аталады. Бұл атау веб-жүйелерді қолданушылар негізінде желіде қалыптастырылды. Білім порталы бос қатысуды емес, күнделікті жұмыс пен авторизацияны талап етеді: форум немесе чатта электронды семинарларға қатысу, электронды пошта бойынша тьютор кеңестерін және тапсырмаларын алу, тест тапсыру.
Қашықтықтан оқытудың білім ресурстары әртүрлі формат пен өз міндеті бар құжат негізінде ұсынылады. Оқу құралдары, электрондық кітапхана, тесттер, өз бетінше курсты игеруге ұсыныстар қашықтықтан оқыту формасының типтік құжаттар негізін құрайды. Барлық құжаттар жинағы мен оларды өңдеу құралдарын желілік оқу-әдістемелік және ақпараттық жинақ деп те атауға болады.
Бағдарламалық, коммуникациялық, ақпараттық, административтік және педагогикалық құралдардан құралған барлық жинақ - ақпараттық-білім ортасы деп аталады. Және де осы орта виртуальды оқу орны болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты мен міндеттері
Қашықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.
Қашықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.
Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұнын жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады.
Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуальды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі [1] .
Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:
- Дидактикалық жүйе;
- Технологиялық жүйе;
- Қамтамасыз ету жүйелері.
Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалық бес әдісін қолдануға болады:
1. Ақпараттық-рецептивті;
2. Репродуктивті;
3. Мәселелік мазмұндау;
4. Эвристикалық;
5. Зерттеу;
Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курсы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.
Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:
- бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;
- құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймақтық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондық оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.
Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт [2] .
Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
- Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.
- Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.
- Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.
- Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.
- Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.
- Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.
- Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.
Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.
1. 2 Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
1-кесте. Қашықтықтан оқытудағы ақпарттық технологиялар жинағы
Білімді бақылау
Баспалық құралдар, видеокассеталар,
мейлсерверлер
Баспалық құралдар, видеокассеталар,
Мейлсерверлер, электронды кітапханалар
Қашықтықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғарғы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпараттық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т. б. ) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатын оқу процесі.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:
Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.
Кейс технологиясы (ағылшынның сasе-портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.
Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар :
1. Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқу жоспарындағы пәндер бойынша электрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады.
2. Жұмыс дәптері.
3. Анықтама.
4. Оқу, аудио, бейне материалдары.
5. Бақылау және емтихан материалдары.
Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:
- курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;
- пайдаланушыға ыңғайлы құрылым - мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.
- Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.
- Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.
- Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM) .
- Оқулыққа кірістірілген білімді тексеру жүйесі бар.
- Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.
Желілік-технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;
Оқытудың желілік -технологиясына жатады:
- Интернет желісін пайдалану;
- Электрондық поштаны пайдалану;
- Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;
- Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желілік компьютерлік класс [3-5] ;
Электронды почта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезінде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың
техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.
Сонымен, қашықтықтан оқыту - адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді [14] .
Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі
1. Осы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Қашықтықтан оқыту (қашықтықтыққа арналған оқыту) - оқытудың электрондық және телекоммуникациялық құралдары арқылы білім беру ұйымдарынан алыс тұратын оқу-танымдық қызметті және тұлғаларды дамытуды мақсатты және әдістемелік ұйымдастырылған түрдегі басшылықтың бір түрі.
3. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
- тьютор (Tutor) - білім алушылардың өзіндік жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырушы қашықтықтықтан оқытудың оқытушы консультанты;
- контент - ақпараттық толықтыру - мәтін, графика, мультимедиа және өзгеде ақпараттық толықтыру;
- тьюторлық сыныптар - компьютерлермен, бейне мониторлармен және басқа да ақпараттық коммуникативтік құралдармен жабдықталған сыныптар.
4. Қашықтықтан оқыту:
- ақпараттық-коммуникациялық және қашықтықтықтан оқыту технологияларын іске асыруға арналған материалдық-техникалық жағдайлар;
- электрондық тасымалдағыштарға арналған мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының контенті (мазмұны) ;
- білім беру процесі субъектілерінің мүмкіндікті өзара іс-қимылына дайындалған кадрлық құрамы бар болған кезде білім беру қызметіне лицензиялары бар білім беру ұйымдары іске асырылуы мүмкін.
5. Қашықтықтықтан оқыту нысаны негізгі үш технологиялар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
- желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуалды кафедралар, Интернетті пайдаланатын университеттер) ;
- кейс-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту;
- ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту.
6. Қашықтықтан оқыту оқытудың басқа да түрлерімен біріктірілуі мүмкін (күндізгі және қашықтықтықтан оқыту, сырттай және қашықтықтықтан оқыту, кешкі және қашықтықтықтан оқыту, экстернат және қашықтықтықтан) ;
7. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен қызметкерлері қашықтықтықтан оқыту жүйесінің субъектілері болып табылады.
Қашықтықтан білім беру мүмкіндігін ұсынатын оқу орындарының барлығы бір бірінен белгілі қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Олардың ерекшеліктері білім беру мазмұны мен деңгейі, білім алушылардың саны мен құрамы, техникалық және қаржылай мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Қашықтықтан білім беру жүйесі дамытылған елдерде мемлекет деңгейінде қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Дүниежүзіндегі дамушы елдердің барлық жоғарғы оқу орындары қашықтықтан білім беру технологиясымен жұмыс жасауда. Мысалы, алпауыт елдердің бірі Америка құрама штаттарында 1995 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарының 58% қашықтықтан оқыту технологиясына тәжірбие жасап, бұл технологияның тиімді екенін алға тартқан. Қазірде бұл елде мыңдаған оқу орындары осы технология бойынша жұмыс жасауда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz