Жеті атасын білуге тәрбиелеу


Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі
Реферат
Тақырыбы: «Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары»
Тобы:ДШ-1-19
Орындаған: Абылаева Нурай
Тексерген:Серикова Забира
Тараз қаласы
2020-2021 жыл
Ақыл-ой тәрбиесініңең басты құралы - оқыту. Оқыту үдерісінде балалардың ойлауы мен сөйлеуі дамиды, танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Балалар оқу-әрекетінің өзін меңгереді. Білімдер қорын меңгеру, ақыл-ой белсенділігін дамыту, интеллектуалдық біліктер мен дағдыларды меңгеру болып табылады. Ақыл-ой күштерін оқыту барысында оқу материалының мазмұнын игеру, зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыратын, оқу әрекеттерін орындайтын, танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүреді. Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі.
Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдарын шартты түрде екіге бөлуге болады: балалар әрекеті мен рухани және материалдық мәдениет шығармалары. Мектеп жасына дейінгі балалардың көп уақыты күн ырғағымен байланысты тұрмыстық әрекетіне кетеді. Бұл әрекеттің мазмұны сенсорлық даму үшін қолайлы болып табылады. Жуына отырып, балалар жылы және суық суды ажыратады, судың басқа да қасиеттерін танып біледі. Балалардың ақыл-ой тәрбиесі ойын әрекетінде жүзеге асады. Шығармашылық ойындарда балалар өздерінің қоршаған өмір жайлы әсерлерін бейнелейді. Ойын үдерісінде бұл білімдер жаңа деңгейге көтеріледі.
Теориялық тұрғыдан қарағанда оқушылардың ақыл-ойын дамытуға бағыталған оқыту әдістемесі дамыта оқытудың тұжырымдамасынан орын алады. Мазмұнды әдістемелік дұрыс ашып беру, дамыта оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдап алу. Оқушылардың жасын ақыл-ойының дамуын қамтамасыз ететін сабақта белсенді ақыл-ой еңбегіне қол жеткізуге талаптанудағы мұғалімнің шынайы шығармашылық еңбегінің ауқымы болып табылды.
Зиялылық іскерлікті қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың түрлері де ақыл-ой тәрбиесінің құралы ретінде пайдаланылады
. ● Зерттеу және бақылау ісіне қатысты бар тапсырмалар; бақылау, эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспедициялар, ауылшаруашылық тәжірибелік жұмыстар т. б.
● Шығармашылық жұмыстар: шығарма жазу, суретке қарап әңгіме құру, сурет салу, рефераттар т. б
. ● Салыстыруға байланысты тапсырмалар: логикалық және жинақтай ойлау. ● Ойлау әрекеттерін реттеуге бағытталған тапсырмалар; алгаритмдерді, алгаритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру.
● Анализдеу оқу жұмысына байланысты тапсырмалар; заттарды, құбылыстарды топқа бөлу.
Жалпы айтқанда, ақыл-ой тәрбиесін ақыл ойдың дамуын қамтамасыз етуде тапсырмаларды түрлендіріп, үйлестіріп берудің маңызы зор. Мұғалім осы талап тұрғысынан оқушы тұрғысын қалыптастырғысы келсе, өзі бұл тұрғыдан жоғары болуы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс - әрекеті - ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстарымен, адамдармен, олардың еңбегімен, қарым - қатынастарымен танысады.
Белгілі педагог А. С. Макаренко баланың өміріндегі ойынның атқаратын қызметі туралы; ''Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады - деген; Біз балалардың ойнай жүріп, анасының, әкесінің барлық мамандық иелерінің қызметтерін атқарып жүретінін байқаймыз. Мектепке дейінгі кезең біз түсінгендей өмірдіңтек алаңсыз кезеңі ғана емес, ересектерге олар тек киімі бүтін, қарны тоқ болса ойнап - күлуді білетін сияқты көрінеді.
арлапп қарасақ балалар өмірінде де ересектер өміріндегідей күрделі, күрмеуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемалар көп және олар балаларды ренжуге, қапалануға мәжбүр етеді. Қиыншылықтармен күресуге, жеңе білуге, қуануға үйретеді.
Дидактикалық принцип - оқу-тәрбие ісінде басшылыққа алынатын педагогикалық қағида, оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесі, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады.
Дидактикалық принциптерде оқу бағдарламасы мен жоспарына, оқулыққа, сабақ пен оқыту әдістеріне қойылатын талаптар белгіленеді. Ол талаптар барлық пәнді оқыту ісінде бірдей басшылыққа алынады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста құрылған.
«Дидактика» терминінің пайда болу тарихы
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты “оқыту-үйрету” тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты.
Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке. ”Дидактика” терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я. А. Коменский өзінің “Ұлы дидактика” деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Оның ойы бойынша, дидактика “нені оқыту” және “қалай оқыту керек” деген сұрақтарға жауап береді. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді.
Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII-XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И. Г. Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф. А. Дистервегтің, Ресейде К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі - басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі оқушылар кездеседі.
Ақыл-ой тәрбиесіиің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жннақты етіп айтсақ, оқушылар барлық пәндерді оқу процесінде негізгі дүииетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды етуге талаптанады.
Жасөспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.
Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.
Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.
Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.
Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.
Балалардың ақыл-ойын тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, ақыл-ойын тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз.
Ақыл-ой - адамның рухани арқауы, өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы ақыл-ойымен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.
Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, ақыл-ой тәрбиесін беру кілті - халық педагогикасында деуге болады.
Тәрбиелеудің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.
Ақыл (араб. : عقل ақл) - адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол - пайым және парасат.
Пайым - ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны.
Парасат- ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті.
Философияның тарихында ақылдың осы екі деңгейін зерттеуге неміс философы Кант зор үлес қосты. Ол ойлау жүйесінің үш қасиетін бөліп атайды:
Жалпыны тану қабілеті (тіршілік ережелерін белгілеуі немесе ұғып алуы) - пайымдылығы;
Ерекшені жалпымен байланыстыруы (яғни жеке жағдайларды жалпының ерекшелігіне ендіруі) - тұжырымдау қабілеті;
Ерекшені жалпы арқылы анықтау қабілеті (яғни принциптерді шығару қабілеті) - парасаттылығы.
Интеллектуалдық таным қабілеті әр адамда әртүрлі, тіпті бір адамның өзінің түрлі өмір кезеңдерінде ол бірдей болмайды. Ойлау қабілетін дамыту, тәрбиелеу керек. Адам танымының табиғи прогресі туралы айта келіп Кант алдымен ақыл дамитынын: тәжірибенің негізінде ой айқын тұжырымдарға, сонан соң тұжырымдар көмегімен ұғымдарға жететінін, содан кейін бұл ұғымдардың негіздері және себеп-салдарлары ақылмен танылып, ең соңында ғылыми жүйеге келтірілетінін дәлелдейді. Сондықтан ақыл беру де (жас жеткіншектерге) дәл сол жолмен жүруге тиіс. Оқытушы да өз тыңдаушысынан алдымен пайымдай алуды, сонан соң ақылдылықты, ең ақырында ғалымдық қасиеттерді күтуі керек.
Ақыл-ой дамуының ең жоғарғы дәрежесі - даналық (өмірлік тәжірибеге сүйенетін терең ақыл) . Адамның кейбір интеллектуалдық қызметтерін “жасанды интеллектіге” беру - компьютерлерді кеңінен қолдану да ақыл-ой қабілеттерін ары қарай жетілдіреді.
В. М. Сухомлинский «Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойынсыз, музыкасыз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды».
Ақыл ойды дамытуда халқымыздың ұлттық ойындары, салт дәстүрлері, әдеби шығармалары, аңыз әңгімелері және ұлы ойшылдардың ақыл-өсиеттері зор үлесін қосып келеді. Соның ішінде ойын арқылы ақыл-ойды дамыту зор нәтижесін берген. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ал шахмат ойындарында логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, оқушылар ойын арқылы өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін желтілдіреді. Шахмат-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде екі адамның қатынасуымен іске асады. Қай жеңгені жеңімпаз болса, біреуі жеңіліс табуы тиіс. Шахматтың ережелерін оқушылар сақтай отырып, ойнаушылар арасындағы қиынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен саналуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Шахматтың басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен саналып, бір-біріне деген сенімдерін арттырады.
Ұлы Абай айтқандай: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» дегендей, сол пікір бала өмірінде ойынның маңыздылығын шешуге көп әсерін береді. Төменгі сынып оқушыларының психикасының дамуына шахмат ойындарының әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар: Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыровтар өз еңбектерінде көрсете білген. Сол кісілердің тәлім - тәрбиесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Ал ертедегі ұлы ғалым-ойшылдар Жан Жак Руссо мен Песталоции ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Үйірме жұмысындағы ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы С. П. Шацкий және Н. К. Крупская да өз пікірлерін білдірген.
Ақыл-ойды дамыту бір бөлек, математикадан бастап басқа да күрделі ғылым саласын игеруде шахмат ойынының пайдасы бір бөлек. Ғалымдар шахматтың қашан, қайда, не үшін пайда болған ойын екенін баяғыда-ақ зерттеп, дәлелдеп, оның адам өміріне қажеттігін анықтап қойған. Дегенмен, санамыз спорттың бір түрі ретінде қабылдайтын бұл интеллектуалдық шахмат ойынының адамның жан-жақты болып қалыптасуына, өмірінде қандай жағдайға тап болса да мәселені ойланып шешуіне, белгілі бір жүйе құруына дағдыландыратын, бала тәрбиесінде өте маңызды екенін тағы бір айта кеткім келеді. Осы негізде қазіргі таңда аудан, облыс, республика бойынша шахмат ойыны кең таралуда. Осы орайда әр баланың жақсы оқуына, олардың ойлау қабілетінің дамуына және сана сезімінің артуы мақсатында мектептің ата-аналары соңғы кездері шахмат ойынымен кәсіби айналысуына көңіл бөліп, оң көзқарастарын қалыптастырып келеді. Осы орайда баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К. А. Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады
Сөзімді қорыта келгенде, біздің ойымызша, бала тәрбиесіндегі ойынның түрлері, соның ішінде логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын шахмат ойыны - бұл адамның мінез-құлқын, өзі басқару мен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдайлар негіздегі іс- әрекеттің бір түрі болып саналады. Сондықтан, адам баласының дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қабілеті дамиды, білім сауаттылығы математика, физика, химия сияқты пәндеріне көп септігін тигізері хақ.
Ұлттық ойындар. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылады. Ойын тек көңіл көтеру, шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халықының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамуына, жетілуіне әсер етуші фактор. Жиі қолданылып келген бірнеше ойын түрлерін атап өтуге болады. Олар: «Ақ серек- көк серек», «Айгөлек», «Жаяу жарыс», «Соқыр теке», «Ақ боран», «Төбетей», «Бәйге», «Орамал тастау» т. б
Мақал-мәтелдер - халықтың ауызша ақындық шығармашылығының көп тараған ескерткіштері. Ғасырлар бойы халықтың әлеуметтік тарихи тәжірибесі туралы нақыл сөздер арқылы халықтың ой-пікірі, арманы, көзқарасы баяндалған. Қасиетті сөздерді қазақ халқы қастерлеп өнеге етіп, адамдардың өлең өрнектерімен ойластырып мақал-мәтелдерді үнемі пайдаланып келген. Мақал-мәтелдер халық өмірінің барлық жағынан қамтылған.
Жұмбақтар. Халық арасында жылдам айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны көптеп саналады. Жұмбақ балалардың қиялын, танымдық іс-әрекетін, қабілетін дамытады. Оның жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой елегінен өткізеді. Жұмбақтың тәрбиелік мәні өте зор.
Ұлт салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні. Салт-дәстүр дегеніміз - халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан салтты жоғалта алмайды. Бүкіл халық, ел-жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге жаналық енгізіп, оны қоғамдық болмыс көріністеріне бейімдеп, өзгертіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. Мәселен, қазақтың жаугершілік заманында құрдас батыр жігіттердің ұлы жорыққа аттанар алдында ақ қой сойып, қанына найзаларын малып, «өлсек бірге өлеміз, опасызды ант атсын» деп төс түйістіріп анттау немесе әке-шешенің асырап алған баласы мен туған балаларының саусақтарын ақ қойдың бауыздау қанына малғызып, «қаны бір бауырмыз» деп ант ішкізіп, құшақтастырып сүйістіру ырымдары бүгінде ұмыт болған. Ал бұрын болмаған ақ шашты қариялардың алтын-күміс неке тойларын жасау бүгінгі салт-дәстүрден тұрақты орын алды. Халық: « Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тоғызы бар», «Әдет-әдет емес, жөн әдет» деп заман талабына сай дәстүрлерді дәріптеп, тәлім-тәрбиенің пәрменді құралы ретінде пайдаланып келген.
Ақыл-ой тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған. Халықтық педагогикада дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Халықтық педагогикада аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болдыХалықтық педагогика мыңдаған жылдар бұрын пайда болып, қазіргі кезеңнің өзінде педагогика ғылымының басты мәселелерінің бірі болып табылады. Халық педагогикасындағы озық идеялар қай халықтың болсын тіршілік тынысымен, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып, өсіп-өркендеп, дамып және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетіп отырған. Бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Ғасырлар бойы әдет-ғұрып дәстүрге айналып, ұрпаққа ақыл-сана беретін, атадан-балаға тұрмыс-тіршілігіне өнеге болып, ауызша жалғасып келе жатқан қазақтың қанына сіңген тәрбиелік қағидасын халықтық педагогика дейміз. Халықтық педагогика жас ұрпаққа өмір тәжірибесінен халықтың сенім, наным-танымынан жинақтап, әдеп пен өнеге беру үшін атадан-балаға ауызша жалғасып келе жатқан қағида, оны жасаушы - халық. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен мақал-мәтелдерде, аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні - адамгершілік - имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.
Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі ерекшеліктері:
- Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу.
- Отанды, халқын, жерін, елін сүю «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» тәрбиелеу.
- Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы».
- Жеті атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз».
- Отбасы шежіресі мен мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт, ) . Ата-баба дәстүрін жалғастыру. Ақыл-ой тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктер қатарына жататын әдіс-тәсілдердің бірі бұл-тұспалдап айту арқылы шешендікке баулу. Сонымен қатар тұспалдап сөйлеуді - сыйластықтың керемет бір үлгісі деуге болады, өйткені ол белгілі біреуге қадап, айыбын бетіне басып айтылмайды. Бала алғаш өзіне еркелетіп, тұспалдап айтылған мазақтамалар арқылы зеректікке, тапқырлыққа жаттықса, өсе келе өзіндік шығармашылық танытатын болған. Ол үшін қазақ отбасында даярлық ерте жастан жүргізілген. Мәселен, үйге қонақ келгенде алдымен қонаққа арнап балаларға өлең, тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш айтқызатын болған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz