Адаптивті-ақпараттық сайтты параллель бағдарламалау технологиясын қолданып құру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Дипломдық жоба «Адаптивті-ақпараттық сайтты параллель бағдарламалау технологиясын қолданып құру» тақырыбында орындалған.

Жобаны құрастыру орны: М. Әуезов атындағы ОҚМУ, ЕТжБҚ кафедрасы.

Дипломдық жобаны ИП-16-6кс тобының студенті Ерсинхан Дамира Амангелдиқызы орындаған.

Дипломдық жоба жетекшісі: магистр, аға оқытушы Мелдебекова С. К.

Дипломдық жобаны қорғау жылы: 2019ж.

Зерттеу объектісі: «SAS-Төбе Technologies» ЖШС болып табылады.

Дипломдық жоба мақсаты: «SAS-Төбе Technologies» ЖШС үшін параллель бағдарламалау технологиясын қолданып адаптивті-ақпараттық сайт құру болып табылады. Құрылған адаптивті-ақпараттық сайт үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, бағдарламаларды бұлттар тарапынан пайдалануға, кез-келген уақытта интернетке қосылған кез-келген компьютерлік құралғымен өз дерек көздерімен жұмыс істей алуға мүмкіндік береді.

Аталған зерттеу объектісіне тиімді болатын жағы - аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етулерді администрациялауға, қолдауға, жаңартуға, лицензиялауға кететін шығындарды үнемдеуінде болып табылады.

Дипломдық жобаны орындау барысында MicroSoft Visual Studio 2015 жинағына кіретін ASP. Net технологиясы пайдаланылды.

Диплом жобаның көлемі 70 бет. Иллюстративті материалдар құрамына 14 кесте, 32 сурет кіреді. Бағдарламаның листінгісі қосымшада келтірілген.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер8

Анықтамалар9

Белгілеулер мен қысқартулар10

Кіріспе11

1 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ13

1. 1 Ақпараттық жүйелерді және ақпараттық жұмыс орындарды талдау және сипаттау13

1. 2 БҚ өңдеуге арналған негіздеме13

1. 3 Техникалық тапсырма14

2 Бағдарламалық қамтаманы жобалау16

2. 1 Зерттеу объектісін талдау16

2. 1. 1 Бағдарламалық қамтаманың тағайындалуы17

2. 1. 2 Құрылымдық жобалау20

2. 1. 1 Бағдарламалық қамтаманың қызметі21

2. 1. 2 Құрылымдық жобалау21

2. 1. 3 Ағындық ақпараттық талдау22

2. 2 Бағдарламалық қамтаманы бағдарламалық және ақпараттық құралдарын таңдау және негіздеу23

2. 2. 1 Функционалдық бағдарламалық қамтаманы таңдау23

2. 2. 2 Жалпы және арнайы бағдарламалық қамтаманы таңдау25

3 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ28

3. 1 Бағдарлама алгоритмін құрастыру28

3. 1. 1 Модульдер жұмысы мен мәліметтер құрылымын, модульдер мен блоктар арасындағы байланысты сипаттау28

3. 1. 2 Файлдық жүйенің логикалық құрылымы31

3. 1. 3 Файлдық жүйенің физикалық құрылымы32

3. 1. 4 Интерфейсті жобалау және класстарын сипаттау34

3. 2 Прототипті жүзеге асырудың алғашқы кезеңі38

3. 2. 1 Рұқсатнама парағын жүзеге асыру40

3. 2. 2 Пайдаланушы парағын жүзеге асыру43

3. 2. 3 Жылдық есеп беті44

3. 2. 4 Жаңалықтар беті45

3. 3 Құжаттау48

3. 3. 1 Қолданушыға арналған нұсқаулық48

3. 3. 2 Бағдарламалаушыға арналған нұсқаулық49

4 Тіршілік қауіпсіздігі52

4. 1 Бағдарламашының еңбек шартының ұтымдылығын анықтау52

4. 2 Жұмыс орнындағы эргономикалық талаптар56

4. 3 Электр қауіпсіздігі57

4. 4 Өрт қауіпсіздігі58

5 Экономика59

5. 1 Жобаланатын обьектіге қажетті күрделі шығындар есебі59

5. 2 Еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы мәселелері60

5. 3 Бағдарламалық қамтаманы құрастырудың өзіндік құнын төмендетуді есептеу64

5. 4 Бағдарламалық қамтаманы құрастырудың экономикалық тиімділігін есептеу65

ҚОРЫТЫНДЫ67

Келешекте бағдарламаны қосымша ақпараттың автоматты түрде жаңаруын қолдау арқылы жетілдіруге болады. 67

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ68

РЕЗЮМЕ70

Тема дипломного проекта «Создание адаптивного информационного сайта с использованием технологии параллельного программирования». 70

Место реализации проекта: ЮКГУ им. М. Ауэзова, кафедра ВТ и ПО. 70

Дипломный проект студентка группы ИП-16-6кс Ерсинхан Дамира Амангельдиевна. 70

Руководитель дипломного проекта: магистр, старший преподаватель Мелдебекова С. К. 70

Год защиты дипломного проекта: 2019г. 70

Объект исследования: ТОО « SAS-Төбе Technologies». 70

Целью дипломного проекта является создание адаптивного информационного сайта с использованием технологии параллельного программирования для ТОО «SAS-Tobe Technologies». Разработанный адаптивно-информационный сайт позволяет решать сложные задачи, требующие огромные ресурсу не используя сервер в любое время, с любого компьютера, подключенного к сети Интернет. 70

Наиболее эффективной частью этого исследования является экономить расходы на администрирование, обслуживание, обновление и лицензирование аппаратного и программного обеспечения. 70

В ходе разработки проекта использовалась среда программирования MicroSoft Visual Studio 2015 с технологией ASP. Net. 70

Объем проекта составляет 70 страниц, 14 таблиц, 32 рисунков, 6 страниц приложения. 70

SUMMARY71

Theme of the diploma project is "Creating an adaptive information site using parallel programming technology. "71

Project location: SKSU. M. Auezov, Department of Computer Engineering and Software. 71

The graduation project is a student of the group IP-16-6ks Ersinkhan Damira Amangeldievna. 71

The head of the diploma project: master, senior teacher Meldebekova S. K. 71

Year of defense of the diploma project: 2019. 71

Object of study: SAS-Tobe Technologies LLP. 71

The aim of the diploma project is to create an adaptive information site using parallel programming technology for SAS-Tobe Technologies LLP. The developed adaptive information site allows you to solve complex tasks that require huge resources without using a server at any time, from any computer connected to the Internet. 71

The most effective part of this study is to save administrative, maintenance, upgrade, and licensing costs for hardware and software. 71

During the development of the project, the programming environment MicroSoft Visual Studio 2015 with ASP. Net technology was used. 71

The scope of the project is 70 pages, 14 tables, 32 figures, 6 pages of the application. 71

ҚОСЫМША А72

ҚОСЫМША B74

ҚОСЫМША C75

ҚОСЫМША D77

Нормативтік сілтемелер

Дипломдық жобаны рәсімдеуде келесі нормативті құжаттар пайдаланылды:

  1. ҚР МЖМБС 5. 03. 016-2009 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі. Негізгі ережелер».
  2. МЕСТ 7. 1-2003 Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптары мен құрастыру ережелері.
  3. СМЖ ОҚМУ ПР 7. 04-2015. САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ. ПРОЦЕДУРА. ОҚУ ДӘРІСТЕРІ. Оқу дәрістерін ұйымдастыруға, өткізуге және дәрістер мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.

Анықтамалар

Бұл дипломдық жобада келесідей терминдерге сәйкестік анықтамалары қолданылған:

Автоматтандырылған жұмыс орны (АОЖ) - техникалық процестің орындалу кезіндегі ЭЕМ және адамның бірге әрекет етуі үшін арналған бағдарламалық қамтама, ақпараттық және техникалық кешені.

Администратор - бұл бағдарламаның кез-келген бөліміне қол жеткізе алатын пайдаланушы.

Компьютер - зерттейтін жүйелер немесе өзгерістерді модельдеу үшін, оқу ойындарын қарастыруда, есептеуді орындау үшін, сонымен қатар, жобаны автоматтандыратын құрал ретінде және бағдарламалау мен техникада эксперттік жүйе немесе ақпараттық - іздеу құралы ретінде қызмет атқарады.

Қолданушының бағдарламалық интерфейсі - бағдарламада қолданылатын экран формаларының жиыны

Бағдарламалау - бұл бағдарламаны құру процесі

Бағдарламаға қойылған талаптарды анықтау - бұл кіріс берілгендері толық сипатталатын және нәтиже талаптары анықталатын маңызды кезеңдердің бірі.

Оператор-команданы орындауға берілетін нұсқау.

Жүйелік программалаушы - компьютерлік дидактиканы меңгерген, білім берудің ақпараттық технологиясының маманы.

Белгілеулер мен қысқартулар

Дипломдық жобада келесі белгілулер мен қысқартулар қолданылады:

АБЖ - Автоматтандырылған басқару жүйесі

ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

VCL - Visual Component Library

SQL - Structured Query Language

QBE - Query By Example

БАҚ - Бұқаралық Ақпараттық Құрал

DaaS - Desktop as a Service

WaaS - Workspace as a Service

EaaS - Everything as a service

AdaptiveS - Adaptive Site

Кіріспе

Шешілетін ғылыми мәселенің замануи жағдайын бағалау. Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар жасалынып жатыр. Олар тауар-ақша қатынасына кіреді және материалдық, инновациялық, энергиялық және еңбек ресурстарымен қатар индустриялық үрдістерге де белсенді қатысады. Яғни ХХІ ғасыр бүкіл дүние жүзін ақпаратты қоғамға көшірумен басталды. Оған қоғамдағы барлық білім, ғылым, экономика, басқару салаларды ақпараттандыру арқылы қол жеткізуге болатындығы белгілі [1] .

Дипломдық жоба тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда ақпаратты пайдалана және жоғары деңгейде талдай білген маман әрқашан сұраныста. Кез келген маман өз міндетін экономиканың өтпелі кезеңінде жаңа талаптарға лайықты етіп орындау үшін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы жұмыстарын шеберлікпен жүргізе білуі қажет. Бұл жаңа ғасырдың, бүгінгі күннің талабы. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ел ретінде даму стратегиясы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап өтілгендей, қоғамымыздың басым міндеттерінің бірінің жүзеге асырылуы - халықтың компьютерлік сауаттылығын қалыптастырумен байланысты. Мемлекет барлық деңгейдегі техникалық және технологиялық білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шараларды қолдауда. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына осы жолдауы тың ойларға жетелейді. Президент өз Жолдауында XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау мәселесіне аса көңіл бөлуі еліміздің әлеуметтік экономикалық даму жолындағы тағы бір белестен асып, көздеген межеге жақындап келе жатқанымызды білдіреді.

Ғылыми жаңалығы. Адаптивті-ақпараттық сайтты параллель бағдарламалау технологиясын қолданып құру көптеген мәселені шешуге мүмкіндік беретін ақпарат қоймасын байытуға мүмкіндік береді. Осы жобада бірнеше бағдарламалау тілдері мен бағдарлама құру саймандары қолданылды (JavaScript, ASP. Net, C#, HTML, CSS, Bootstrap, PhotoShop, ColorMania және т. б. ) .

Тәжірибелік құндылығы. ASP. Net технологиясы бойынша құрылған жоба мекеме жайлы толық ақпарат беріп, салып алушылар мен тапсырыс берушілер кері байланылыс қолдайды. Көптеген сайттар ақпараты мобильді құрылғыларда ығысып кетеді, құрастырылған сайт адаптивтілікті қолдайтындықтан жоба нәтижесіндегі өнім кез келген құрылғыда жоспарланған түрін өзгертпейді. Онлайн жүйеде жұмыс жасайтын бағдарлама: компьютердің өзінде жұмыс жасап, орнатылатын бағдарламалардан артықшылығы - қосымша орнатушы бағдарламаны керек етпейді.

Дипломдық жоба мақсаты. «SAS-Төбе Technologies» ЖШС арналған онлайн жүйеде жұмыс жасайтын десктоп бағдарламасын құру.

Дипломдық жоба міндеттері. Қойылған мақсатқа сәйкес зерттеу жобасында келесі міндеттер қарастырылды:

  • қашықтықтан ақпарат алмасуды пайдаланушы жүктемесінің жобасын талдау;
  • сайттың техникалық сервистерімен жұмыс жасағанда пайдаланушы белсенділігін зерттеу;
  • адаптивті сайттың тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін мәліметтер қорын жинақтау.

Дипломдық жоба нысаны. «SAS-Төбе Technologies» ЖШС-і болып табылады.

Дипломдық жоба құрылымы мен көлемі. Дипломдық жоба компьютерлік мәтіннің 70 бетінен, кіріспе, бес бөлімнен, қорытындыдан, 25 әдебиет көзінен тұратын тізім мен қосымшалардан тұрады.

1 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ

1. 1 Ақпараттық жүйелерді және ақпараттық жұмыс орындарды талдау және сипаттау

«SAS-Төбе Technologies» ЖШС Түркістан облысына қарасты Түлкібасы Ауднында орналасқан. Жағдайды кеңінен қарастырар болсақ, ауданның тынысына назар аудару керек. Ауданда ет, сүт өндіріп, астық, жеміс-жидек, көкөніс, жүзім оөіруге мамандандырылған 10 ұжымшар, 2 кеңшар, құс өсіру шаруашылықтары болған. 1997 жылдан бастап ондаған акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, шаруа қожалықтары құрылды. Олар «Тұрар», «Еңбек», «Көкбұлақ», «Қоссарай», «Тәжірибе», «Жолдас», «Ақбиік», «Седенал» ӨК. «Үміт», «Ақтас» АҚ, «Қызыл-жар», «Құрылыс» ЖШС, «Медет С», «Сарытор», «Көктерек-Агросервис» ЖШС, «Майлыкент» ЖШС, Мичурин шарап зауыты шарап, коньяк, «ТКЗ» ЖШС-жеміс-көкөніс консервілерін, «Көктерек» АҚ-ұн, жарма, «Түлкібас сырасы» ЖШС- «Машат» сырасын өндіреді [2] .

Көріп тұрғанымыздай өңір өндірістік өңірге жатады. Олай болса біздің объектімізге басқа өндіріушілермен тығыз байланыс орнатуына жол ашылуы керек. Осы мақстатта қандай іс шаралар қолданса болады деген заңды сауал туындайды. Осы тарауда қойылып отырған сауалға жауап іздеп көреміз.

1. 2 БҚ өңдеуге арналған негіздеме

Мысалы, біз көбінесе трамвайда отырған кезде жақсы көрінетін затқа назар аударамыз, демек, жарнама беруші нені еста сақтағаны жөн? Жарнаманың бірсыпыра мәселелері қандай сипатта болады? Осы сауалдарға бірінші тарауда жауап іздеп көреміз.

Жарнама, яғни «реклама» термині латынның «қатты айқай салу» немесе «хабарлау» сөзінен шыққан. Американдық Маркетинг Қауымдастығының анықтамасына сәйкес жарнама « . . . нақты орнатылған тапсырыс беруші төлейтін идеялар, тауар және қызметті жеке басының емес ұсыну және жылжытудың кез келген формасы» болып табылады және нақты жағдайды есепке ала отырып, ең тиімді амалдар мен тәсілдерді пайдалану арқылы ықтимал тұтынушылар назарын жарнамалау объектісіне аудару қызметін атқарады. Жарнаманың мақсаты ықтимал сатып алушыларды тауардың пайдалылығына сендіріп, ол тауарды сатып алу қажеттілігі туралы ой тудыруға келіп саяды. Жарнамалық хабарлама (жеңілдетілген түрінде) келесі формулаға сәйкес келеді: «Егер де сіз дәл сол нәрсені сатып алсаңыз, мынадай пайда аласыз . . . ». Жарнамалауды осылайша талқылау үдерісі осы тарауда өз жалғасын табуда [3] .

Шетелдік ғалымдар жарнаманы, алдымен, адам сана-сезіміне әсер етуші құрал ретінде қабылдайды. Жарнаманың адам сана-сезіміне әсер етуі үшін көптеген әдістер қолданылады. Соның бірі - заттың өзіндік ерекшелігін «имиджін» көрсету. Бүл әдіс шетел жарнамаларында жиі қолданылады, себебі әр түрлі фирмалар мен компаниялар шығаратын бірыңғай өнімдердің көптеп пайда болуына байланысты, әрбір кәсіпорын өз өнімдерін өткізу үшін заттың ерекше қасиеттерін көрсетуге тырысады. Сол арқылы тұтынушыларға біраз уақытқа дейін танымал болып, кейін осы қасиеттері, ерекшеліктері жеткіліксіз болғанда, өнімдерін өткізу үшін қосымша қасиеттер, ерекшеліктер ойластырады.

SAS-Төбе Technologies мекемесіне жарнама қажет емес деген де пікірді естіп жатырмыз. Біз бұл пікірге үзілді-кесілді қарсымыз. Кез келген мекемеге жарнама қажет. Тіпті әлемге танымал кака-кола компаниясының өзі өз өнімдерін жарнамалау үшінбүкіл табысының 70% мөлшерін жұмсайды екен. Қазіргі заманғы бұқаралық ақпараттық құрал (БАҚ) - өркениет дамуының қоғамдық-мәліметтік факторы ретінде релевантты параметр болып табылады. Оны жарнаманың мәліметтік жүйесіне оңай енетін, жарнамалық, жаһандану және этномәдени интеграция заманы түтынушысының өмір сүру салтының виртуальді моделін қалыптастыратын коммуникативті оқиға ретінде интерпретациялау қажет.

1. 3 Техникалық тапсырма

SAS-Төбе Technologies мекемесіне арналған адаптивті сайттың көрінетін және көрінбейтін үдерістері бар екендігін айта кету керек. Алдыңғы тақырыпта айтылған мәліметтік жүйесіне оңай енетін, жарнамалық, жаһандану және этномәдени интеграция заманы түтынушысының өмір сүру салтының виртуальді моделін қалыптастыратын коммуникативті оқиға ретінде интерпретациялау үдерісі бірнеше құраушы факторлардың жүзеге асуынан келіп шығатын нәтиже [4] .

SAS-Төбе Technologies мекемсінің мәліметтерді ішкі өғдеу жүйесінің сұлбасы 1 суретте көрсетілген.

Мысалы, оқиғалар : берілген тақырып бойынша ұжымдық өңдеу жүргізіп, материал жинап, баспа қағазын әзірлеу: Жаңа жылды тойлау; 8 наурыз күні; Құрылсшылар күні; Сіздің оқу орныңыздағы атаулы күндер; КВН өткізу; жетістіктерге кеш өткізу. Газет немесе тақырып атауын таңдау, шығарымның күнін және нөмірін қою, авторлар атын және мекен-жайын көрсету. Мәтіндерге атау қою, сурет, цитата қосу. Мақаланы бағанаға орналастырымыз, тапсырма топ бойынша орындалады. Әр топ мақала атын қойып, негізгі статьяларын қалыптастыруы тиіс. Сурет және мәтіндік құжат қосылуы міндетті. Сондықтан, бұл жұмыста топтың мүшелерінің идеяларын талдауға, оларды бірігіп өңдеуге, рецензия жүргізуге және өз шығармасын жариялауға мүмкіндік береді.

Сервистер. Белгілі байланыс каналдарының кестесін құру, олардың құрылымымен мінездемелерін қосу. Тапсырманың алғашқы кестені әзірлеп, оны желіге салады, қызметкерлерге толық қол жетімді етіп қояды. Қызметкерлер жеке немесе кіші топта жұмыс жасауы мүмкін, ақпаратты интернет желісінен алуға болады. «Байланыс каналдары» кестесі тапсырмасы ретінде кестеге қосымша тиісті илюстрациялар енгізуді беруге болады.

Есептеулер . Қызмектерлердің өңдеуін қадағалап отырып басшылық әрбір жазу тапсырмасының орныдалу барасын қадағалап отыруға мүмкіндігі бар. Осы қызметтің көмегімен желіде кесте толтырып жұмыс жасау, оны жинау, қадағалау мүмкіндігі туады.

Бағдарламалық сервис . Қызмектерлер слайд тақырыбын анықтап, мәтін түсін таңдап, әртүрлі слайд макеттерін қолданып жасаған презентациясын көріп шығу режимінде көрсетуі тиіс. Осылай презентация жасау барысында ортақ жұмыс: көру, толықтыру, сұрақ құрастыру, сайтта немесе қызмектерлер блогында презентацияны жариялау, желілік ортаны қолдану арқылы бүкіл жұмысты орындау үдерісін бақылау жасалынады. Өндіріс үдерісіне соның ішінде зауыттар үдерісіне бұлттық технологияларды қолдану кешігіп енгізілуде және кең қолданысқа ие емес. Бірақ қазір жастар глобальды желіге қол жетімді және жаңалықтарды өздерінің жеке мүддесіне қолдануда. Осы жүйені өз тәжірибесінде ертерек қолданған әрбір басшының жұмысы жеңілдеп қызықты болатынына сенімдімін.

Сурет 1. SAS-Төбе Technologies мекемесінің мәліметтерді ішкі өғдеу жүйесінің сұлбасы

Әрине бұл сұлба бойынша барлық талаптарды орындап шығу қиын болар, алайда осы бағытта жұмыс жасау студенттік кезеңде алынған барлық мәліметтерді қайта ақтарып шығуыма мүмкіндік беріп отыр.

2 Бағдарламалық қамтаманы жобалау

2. 1 Зерттеу объектісін талдау

Адаптивті сайт дегеніміз компьютер экранында да телефон экранында да элементтері қол жетімді сайдты айтады. Көпшіліктің арасында ондай сайтдарды резиналық сайт деп те атайды. Резиналық сайтды жүзеге асыру үшін бірнеше технология қолданылады, атап айтқанда JavaScript, PHP, HTML, CSS, Bootstrap және графикалық программалар (PhotoShop, ColorMania) . Осы программалардың программа құру ортасы (DreamWeaver, SublimeText) мен ерекшеліктері бар және дайын болған өнімді ары қарай қолдау жасайтын сервистік қызметтердың де өз ерекшеліктері бар. Олардың құпиясын ашу үшін серверлікті зерттеу керек: локал (XAMPP) және хостер (somee. com) [5] . Бұлардың барлығы өз ара тығыз байланысқан (2-ші сурет. )

Сурет 2. A-HTML, B-PHP, C-JavaScript, D-Локал сервер, E-Хостер,

F-Серверлік бағдарламалар, H-CSS, J-Графикалық редакторлар, I-Физикалық қондырғы

Осы аталғандардың барлығын қолдану үшін олар жайында мәліметтер жинақтап алу керек болды. Сондықтан екінші тарауда осы мәліметтерге кеңінен тоқталамыз, олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталамыз.

«SAS-Төбе Technologies» ЖШС -нің құрылымы 2. 1 суретте көрсетілген.

Сурет 3. «SAS-Төбе Technologies» ЖШС-нің құрылымы

Берілген мәліметтермен жұмысты ұйымдастыру қолданбалы программаны жасаудағы ең негізгі сатыларлың бірі болып табылады. Көбінесе дәл осы шын мәнінде маңызды әрі көпшілікпен онша бағалана бермейтін бірінші сатыға көп нәрсе тәуелді, атап айтсақ: барлық мәліметтерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесін құру және мұны соңында қолданушының өз жұмысында жетістікпен пайдалануы.

2. 1. 1 Бағдарламалық қамтаманың тағайындалуы

Сайттың адаптивтілігі - бұл сайттың әр түрлі сипаттамасы бар әр түрлі қондырғыда көрсетіле алуы. Қазіргі таңда сайттар компьютер, планшеттер және телефонда ашылып жүр. Бірақ олардың барлығы дұрыс ашыла бермейді, яғни сайт барлық қондырғыға бапталмаған (адаптивті емес) . Сондықтан барлық қондырғыға олардың сипаттамасын сәйкесінше өзгертеді [6] .

Адаптивтілік деген тіркес Итана Маркоттың Responsive Web Design - деген кітабы шыққаннан кейін кең танымал бола бастады. Мысалы 4 суретте сайттың компьютердегі нұсқасын көріп тұрсақ, 5 суретте оның планшеттегі көрінісін тамашалап отырмыз. Ал 6 суретте оның смартфондағы көрінісі.

Сурет 4. Сайттың компьютер экранындағы көрінісі

Сурет 5. Сайттың планшет экранындағы көрінісі

Суретт 6. Сайттың смартфондағы көрінісі

Көріп тұрғанымыздай әр қондырғыда сайттың көрінісі әр түрлі. Сайттың адптивті болуы не үшін керек. Заман шапшаң өзгеріп бара жатыр (өкінішке немес қайғымызға орай) . Технология даму үдерісінде. Барлығы жаңаруда, компьютерлік технология да солардың қатарына кіреді. Смартфондар, телефондар, компьютерлер, теледидар, планшет те өзгеруде. Олар интернет желісімен тығыз жұмыс жасауда. Интренттер коптеген мәліметтерді еш қиналмастан ашалатын дәрежеге жеттік. Қазір тіпті интернетсіз өмір сүрудің өзі мұңға айналып бара жатыр.

Десек те интернет тұтынушылары геометриялық прогреспен өсу барысында. Тапсырыс берушілер үшін өнім өндірушілер барлық қолдағы бар қаруларын қолдану барысында. Веб ресуртар да солардың ішінде. Егер ақпарат сол ресурстардың ішінде дұрыс ашылмай тұрса онда өнім өндіріушінің иммджіне толықтай нұқсан келетінін өнім өндірушілер тамаша түсінеді.

Онлай ресурстарды көрсететін қондырғылар пайзы жыл өткен сайын көбеюде. Әр түрлі қондырғылардың әр түрлі қасиеттерге ие болуы олармен жұмыс жасау және оларға арнап бағдарламалар құруды өзгертіп отыр. Сайт ұқұқру барысында осы мәселені ескеру керектігі күн тәртібіне қойлып отыр. Әр түрлі форматтағы қондырғылар әр түрлі веб парақтарын жасауға қажеттілік пайда болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП САЙТТАРЫН ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Интернет және WEB сайт туралы түсінік
Web сайт құрудың технологиялары
«Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру
Интернет заттар желісі үшін LoRa стандартын талдау және зерттеу
Web - бетті құру жалпы ережелер
Дизайн кезеңдері
Ақпараттық технологиялар саласы
Облыс білім беру басқармасының «Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы» КММ жобалармен автоматизациялық басқару жүйесін зерттеу мен жаңарту
КОТОН компаниясы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz