Прокуратура органдарының құрылымы
№1 Дәріс
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың мәні. Оқу курсының түсінігі, пәні және жүйесі.
Жоспар:
1. Курстың түсінігі, пәні, жүйесі, құрылымы және өкілеттігі. ҚР Конституциясы және 21.12.95 ж. Прокуратура органдары туралы Прокуратура туралы ҚР Заңы. Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметінің ерекше түрі ретінде.
2. ҚР прокурорлық қадағалау курсының басқа заң пәндерімен ара қатынасы. Прокуратура органдарының мәні мен міндеттері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
1.Нәрікбаев С.М., Өтебаев Г.К., Әлиев М.М. ҚР прокурорлық қадағалау. Оқу құралы. Алматы ҚазГЗУ, 2009ж.
2. Жүрсімбаев С.К. Прокурорский надзор в Казахстане. Учебник, Алматы 2004ж.
3.Әлиев М.М. ҚР-ң Соты және құқық қорғау органдары: оқу құралы. Алматы: Жеті Жарғы, 2003ж.
2.1995 жылғы 30 тамыздың Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы.
3.1995 жылғы 21 желтоқсанның Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
4. Нормативтік құқықтық актілер туралы ҚР Заңы, 24 наурыз 1998ж., 17 қазан 2001ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. 6 наурыз 2002ж.
1. Прокуратура барлық мемлекеттердің саяси жүйесінің маңызды да бөлінбейтін белгісі болып табылады.
Прокурор деген сөз латын сөзі, қамқорлық жасаймын, қамқор боламын немесе басқарамын деген мағынаны білдіреді. Көне Римнің өзінде прокурорлық қызмет болып, прокурорлар азаматтардың соттағы істеріне қатысып, олардың сот ісіне байланысты шаруашылықтарын басқарған.
Тергеу мен сот істерінің заңдылығын қадағалау органы болып прокуратура бірінші рет 13-14 ғасырларда Францияда құрылған. Қазақстан прокуратурасының тарихы Ресей прокуратурасының тарихымен тығыз байланысты. Ресейде прокуратура 1 Петр тұсында дүниеге келген. Ол мемлекетте заңдардың қолданылуына қадағалау жасап, қылмыспен күресті іске асыратын бір органның қажеттілігін ескеріп, 1712 жылы 12 қаңтардағы Жарлығымен прокуратура органын құрған. Осы жылдың 27 сәуіріндегі Жарлығы Бас прокурор қызметі деп аталып, прокуратураның мақсаты мен міндетін айқындап, оны мемлекеттің көзі деп тжырымдаған. Осы Жарлыққа байланысты 1722 жылы орталықтандырылған, заңдардың орындалуына жоғарғы қадағалау жасайтын арнайы мемлекеттік орган болып құрылады. Бас прокурор, губерния прокурорларын императордың өзі тағайындауы және олардың осы қызметке белгілі бір мерзімге емес, өмірлікке тағайындалуы, олардың заңдылықты қадағалаудағы қызметтерін жергілікті шенеуліктерге тәуелсіз атқаруымен ерекшеленеді.
Прокуратураның мемлекеттік құқықтық институт ретінде бірегейлік қасиеті 1775 жылдың 7 қарашасында қабылданған Губернияны басқару мекемелері атты заң актісінде ерекшеленеді.
Тарихта белгілі 1864 жылы сот реформаларына арналған заң актілерінен кейін прокуратураның құрылымында үлкен өзгеріс болып, прокуратура өзінің жалпы қадағалау қызметінен айрылды. Мұның басты себептерінің бірі кейбір мемлекеттік органдардың прокурорлық қадағалаудан құтылу әрекеттері болды.
1917 жылы Патша үкіметі құлап, жеңіске жеткен Кеңес мемлекеті патшалық сот-тергеу, прокуратура, адвокатура органдарын жойып, бес жылдай бұл органдар болмаған, сол сияқты прокуратура Қазақстанда да болмады.
Қазақстан прокуратурасының құрылуының алғашқы сатысы 1922 жылдың 13 шілдесінен, яғни сол күні Орынборда Қазақ Автономиялық Республикасы Орталық атқару Комитетінің 3-сессиясы қаулысымен Прокурорлық қадағалау туралы Ереже бекітіліп, Әділет халық комиссариатыны құрамына енген прокуратураның құрылуынан басталады. Ол шешімге сай Халық әділет комиссары республика прокуроры міндетін де атқарады.
Қазақстан прокуратурасының дамуының екінші сатысы 1933 жылы оның қызметінің кеңеюінен басталады деп тұжырымдауға болады. Сол жылы прокуратура Әділет халық комиссариатында қызметі жағынан тәуелсіз, дербес басқарма ретінде құрылып, бірінші рет Әділет халық комиссариаты мен прокуратура қызметі жеке дараланады.
1936 жылдың 5 желтоқсанында Кеңестер одағының жаңа Конституциясы қабылданып, Қазақстан автономиялықтан Одақтың тәуелсіз бір республикасы болып құрылды.
1937 жылы Қазақ Социалистік Республикасы өзінің Конституциясын қабылдады. Осы уақыттан бастап прокуратураның нығаюының үшінші сатысы басталды. Ол Әділет халық комисариатынан мүлдем бөлініп, өз алдына прокурорлық қадағалау қызметін атқаратын жеке дара құқық қорғау органдарының бірі болып құрылды.
Қазақ елінің бірінші прокуроры Сулеймен Есқараевтың 11 қараша 1936 жылғы бұйрығымен прокуратура Әділет халық комиссариатынан бөлініп, тек Кеңстер Одағының Бас прокурорына бағынатын болды. Прокуратураға мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық және жеке мекемелердің, жеке адамдардың іс-әрекеттерінің заңдылығын қадағалайтын, әрі тергеу, анықтау органдарына бақылау жасау міндеті жүктелді.
Мемлекетте жүргізілген теріс саясаттың әсерінен прокуратура өзіне жүктелген міндеті толық орындай алмаған кезеңдері болды. Жаппай қуғын-сүргін, репрессия жылдары талай прокуратура қызметкерлері де жұмыстан шығарылып, заңсыз сотталып кетті.
Ұлы Отан соғысы жылдарында прокуратура қатарынан көптеген адамдар соғысқа аттанып, елді қорғауда ерлік көрсетті. (Атырау облысы Мақат аудандық прокуратурасының халық тергеушісі Мұса Бамұқанов 18.03.1945 жылы майданда қаза болған.)
1960 жылы Қазақтың Кеңестік Социалистік Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексі қабылданып, ол бойынша тергеу жүргізу құқығы прокуратура, Ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік Комитеті органдарына заңмен берілді.
2. Қазақстан мемлекетінің дамуына байланысты прокуратура органдарының мемлекеттік органдар арасындағы орны мен ролі өзгеріп, оның қызметі жаңарып, толықтырылып отырғанымен, оның негізгі заңдылық пен тәртіпті ары қарай нығайтуға, мемлекеттің мүддесін, азаматтардың саяси, әлеуметтік және жеке құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық бұзушылықты жоюға бағытталған мақсаттары мен міндеттері өзгерген емес.
Мемлекеттің барлық даму сатысында прокуратураның рөлі жоғарылап, оның алдында әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын, қорғауда прокуратура бірінші көмекшісі екенін біліп, түсінуіне бағытталған жұмыстарды атқару тұрды.
Қазақстан егемендік алғаннан кейін прокуратура органы елде орнаған ахуалға байланысты заңдылықтың үстемдік етуін жеделдетуге бағытталған ізденістер мен жұмыстарды іске асыра бастады.
Елдегі және заңдардағы өзгерістер ең басты қазына адам және оның конституциялық құқықтары екендігін бекітті. Осыған байланысты прокуратураның да басты міндеті - азаматтардың құқықтарын қорғау болып саналады.
1991 жылдың 6 желтоқсанындағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғары кеңесінің Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының прокуратура органдарының біртұтас жүйесін құру, тәуелсіздігі мен еркіндігін қамтамасыз ету жөніндегі Қаулысымен Қаз.ССР Бас прокурорына бағынатын біртұтас прокуратура органдары жүйесі құрылды.
17.01.1992 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен қабылданған ҚР-ндағы прокуратура туралы Заңмен прокуратура Жоғарғы кеңеске есеп беретін, заңдардың қолданылуына жоғарғы қадағалау жасайтын орган болып қалыптасты. Бұл заң прокуратура органының құқықты қорғауға бағытталған қызметіне қолайлы жағдай жасады.
Мемлекет құрылысының дамуы құқықтық салаға өзгерістер жасауды талап етті. 21.12.1995 жылы Заңды күші бар ҚР-ғы прокуратура туралы Президент Жарлығында бекітілді.
ҚР Конституциясының 83 бабында прокуратура бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрап, өз өкілеттігін асыруда тәуелсіз екендігін көрсетті. Осы Конституция негізінде тергеу прокуратурадан бөлінді.
Прокуратура билік жүйесінің үш тармағына да жатпайды. Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, ҚР Перзиденті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуына жоғарғы қадағалау жасай отырып, ҚР Президентінің Республика халқы мен мемлекеттік биліктің бірлігінің, Конституцияның өзгермейтіндігінің, адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі өз қызметін асырудағы құқықтық тетігі болып табылады.
09.08.2002 жылдан Прокуратура туралы ҚР Заңы болып аталады. Осы заңға сәйкес ҚР Бас прокурорының прокурорлық қадағалау салаларына байланысты бұйрықтары мен нұсқаулары, ережелері, нұсқаулықтары қайта қабылданып, оларды барлық прокуратура органдары орындауға мемлекеттілік жүктелді.
№2 Дәріс
Тақырыбы: Прокуратура органдарының қалыптасуы және дамуы.
Жоспар:
1. Прокуратура органдары реформалауының тарихи шарттары. Прокурорлық қадағалау туралы ереже. 1992 ж. ҚазОАК 2 шақырылысы. Прокурорлық қадағалау туралы ереже 1933 ж.
2. Прокуратура туралы ҚР Заңы. 1992 ж. ҚР прокуратура қызметшілерінің әскери атақтары және кластық шендері туралы, прокуратура органдарында қызметті өту туралы ереже. 1992 ж. Прокуратура туралы ҚР Заңы, 1995 ж. 2002 жылғы 9 тамыздағы Прокурорлық қадағалау мәселелері бойынша ҚР кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы ҚР Заңы.

1. ҚР-ның прокуратурасына жақында 80 жылға толады. Оның тарихында, бәрінен бұрын үш маңызды кезеңді атап өткен жөн. Қазақ АССР прокуратурасы 1922 жылы 13 шілдеде, Қазақ Атқару комитетінің 2-ші шақырылған 3-сессиясының Прокурорлық қадағалау туралы Ережесі деген қаулысымен бекітіліп, құрылды. Әділет халық комиссары бір мезгілде республика прокурорының міндеттерін онымен сәйкестікте атқарды.
Тарихи маңызы бар бұл құжатпен, Әділет халық комиссариатының құрамына кіретін прокуратураға барлық билік тармақтарының, шаруашылық мекемелерінің, қоғамдық және жеке ұйымдардың, жеке тұлғалардың кінәлігіне қарсы қылмыстық қудалауға іс қозғау жолдарымен және заңға қайшы қаулыларға наразылық білдіру; анықтама мен тергеу органдары қызметіне тікелей қадағалау және қылмысты ашу саласында тергеуге бақылау жасау; сотта айыптауды қолдауды; күзетпен қамауға алынғандардың жағдайының (дұрыс)тығын бақылау әрекеттерінің заңдылығын мемлекет атынан қадағалауды жүзеге асыру жүктелген болатын.
Автономды республика прокуратурасы Республиканың ОАК-мен тағайындалды және таратылды, осы республика аумағында шекте барлық жоғары құқықтарды иемденді. Жалпы федералдық заң шығару мәселелері бойынша Қазақ Автономды республика прокуратурасы РСФСР прокуратурасына бағындырылды және оған есеп берді. Республиканың тұңғыш прокуроры болып әділет халық комиссары Бекмұхамедов Шафқат Мұхамеджанұлы тағайындалды. Прокурорлық қадағалау туралы ережені қабылдаған соң, Ш.Бекмұхамедов 1922 жылы 2-тамызда әділет халық комиссары мен республика прокуроры міндеттерін бір мезгілді атқару туралы бұйрыққа қол қойды. Архивтік деректерге сәйкес, ол республика прокуратурасының негізін қалаушы болып табылады.
Қаз ОАК-ке жасалған прокуратураның 1-ші есебінде Орынбор, Ақмола губернияларының прокурорларын бекіту туралы қаулы қабылдаған еді. Ш.М. Бекмұхамедовтің ұсынысы бойынша РСФСР Қылмыстық кодексіне қалым, құн және барымта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
1922 жылы 15 қырқүйекте ғана ҚазОАК-тің алқалар шешімімен көптеген авторлар Қаз АКСР-дің алғаш прокуроры деген деп есептейтін, Әділет халық комиссары мен республика прокуроры болып Мырзақұл Атаниязов тағайындалды. Ережеге сәйкес, әрбір губерния ме облысқа республика прокуроры орталық қызметкерелері санынан, сондай-ақ жерлікті органдар кандидаттарынан прокурорларды тағайындады. Прокурор лауызымынан босату, ауыстыру және шеттету мүмкіндігі тек республика прокурорымен ғана жүзеге асырылатын. Губерниялық прокуратура жанында сол губернияның не облыстың республика прокурорымен тағайындалды және қайта шақырылатын көмекші прокурорлары өткізілетін. Олардың арасында губерния мен облыс шегінде міндеттері бөлінетін. Республика прокурорына жүктелген болатын:
барлық халық комиссарларының, мекемелер мен ұйымдардың қызметтерінің заңдылығын бақылау және олар шығарған заңға сәйкес, келмейтін өкімдер мен қаулыларға өзгерістер мен алынулар туралы ұсыныстар енгізу;
Халық комиссарлар Кеңесіне және Қаз ОАК-нің Төралқасына көрсетілген өкімдер мен қаулыларды алып тастау мақсатында наразылық білдіру (прокурормен наразылық білдіру наразылық білдірілген қаулыны жүзеге асыруды тоқтатпады);
Республика прокуроры көмекшілерінің қызметіне басшылық пен бақылау, сондай-ақ жерлікті прокурорлар мен олардың көмекшілері және олардың қызметінде туындаған барлық мәселелер бойынша түсінік беру;
Республика прокуроры қажет деп тапқан жағдайда прокурорлар қызметін тікелей жүзеге асыру.
Жерлікті прокурорлардың біршама міндеттері ережеде келесі жағдайда белгіленген болатын;
А) атқомға не оларға бағынышты органдарға заңға сәйкессіз өкімдер мен қаулыларды өзгерту не алып тастау туралы ұсыныспен кіруге;
Ә) жоғарыда аталған өкімдер мен қаулыларға Республика прокуроры арқылы Қазаткомға не ОАК-нің Төралқасына наразылық білдіру. Прокурормен наразылық енгізу тең жағдайда наразылық білдірілген қаулыны жүзеге асыруды өткізу тоқтатылмайды. Прокурорға жерлікті аткомдардың барлық отырысына кеңесушілік дауыспен қатысу құқығы берілген болатын.
Прокурор өкілеттігі шегінде Ережеде іс жүзінде губерния мен облыстағы барлығынан, әкімішілік мекеме мен лауазымды тұлғалардан қажетті деректер мен материалдарды талап ету құқығы қарастырылды. Прокурорға өз өкілеттігін өзі жеке не өзінің көмекшілері арқылы жүзеге асырады. Мемлекет саясат басқармасы органдары алдын ала ерекше ескерту жағдайында, аса құпия сипаттағы сол не басқа істі мойындай отырып, істі таныстыру тікелей прокурордың өзі жүзеге асыруын талап етуге құқылы болды.
Прокуратура туралы ережеде губерниялық прокурорлардың республика прокуроры мен губаткомның алдында әр кварталдық есебі қарастырылды. Қаз ОАК қаулымен прокурорлық қадағалау туралы қабылданған ережеге байланысты, осы уақытқа дейін губерниялық халық соттарына жүктелген барлық міндеттер, 1922 жылдың 1-тамызынан прокуратураның ерекше жүргізілуіне берілді.
1923 жылдың соңына таман Қаз КСР әділет халық комиссариатының прокуратура бөлімінде 4-бөлімше ұйымдастырылған еді.
жалпы басқару (ұйымдастырушылық-инструкторлық);
жалпы қадағалу;
анықтама мен тергеудің заңдылығына қадағалау;
мемлекеттік айыптауды мен соттық қадағалау (Жоғарғы сот жанындағы прокурорлар).
Прокуратура бөлім құрылымының жетілмегеніне қарамастан, әлдеқашан сол уақытта оның бөлімшелерінің бөліну негіздеріне прокурорлық қадағалаудың басты бағыттары, жалпы алғанда (дұрыс) белгіленіп, жатқызылған болатын. Прокуратура қызметінің жетілдірілуі оның құрылымдық дамуынсыз мүмкін емес еді. 1934 жылға дейін прокуратура органдарының құрылымы прокурорлық қадағалаудың басты қызметтерін кеңейту бағытында өзгертілді. 1934 жылы 25 наурызда КСРО прокуратурасы бойынша Орталық және жерлікті прокуратура аппаратын қайта құру туралы бұйрық шығарылған еді. Бұл бұйрықпен ҚСРО прокуратурасындағы іс жүзіндегі бөлімдердің орнына (жалпы қадағалау, соттық қадағалау және т.б.) өндірістік іс бойынша, ауыл шаруашылығы, сауда, кооперациялық, қаржылық, су көлігі істері бойынша, сондай-ақ әкімшілік-сот істері бойынша секторлар және мәдени-құрылыстағы және сот-тұрмыстық істері бойынша секторлар құрылған болатын. Осындай ұйымдастыру өндірістік салалық қағидалар бойынша кеңестік және автономды республикалық, аймақтық және облыстық прокуратураларда шығарылған еді.
Прокуратура алдына қойылған жаңа мәселелерді орындау оның құрылымын қайта құруды талап етті. Ұйымдасқан кемшіліктерді жою мақсатында 1936 жылы 5-қарашадағы ҚСРО халық комиссарлар Кеңесінің қаулымен бұрынғы іс жүргізудегі ҚСРО прокуратурасы Орталық аппаратындағы бөлімдер жойылып, оның жаңа құрылымы бекітілді. ҚСРО прокурорына кеңестік және автономды республикалық, аймақтық және облыстық прокуратуралардың жаңа құрылымын бекіту ұсынылған еді; олардың секторлар мен бөлімдерге бөлінуі жойылды; өндірістік-салалық қағидалар бойынша жаңа бөлімдер құрылды; жалпы қадағалау, қылмыстық-соттық, азаматтық-соттық, арнайы істер бойынша тергеу, қамауға алынған жерлердегі қадағалау бойынша, арыздар мен кадр бөлімі бойынша.
Іс жүзіндегі бұл құрылым біршама өзгертілген түрде осы уақытқа дейін сақталды. Прокуратура органдарының қызметі көрсеткендей, прокуратураға жүктелген қадағалау өкілеттігінің жетістікпен орындалуы үшін, оның бөлімшелері бұл қадағалаудың негізгі функциялары бойынша құрылуы қажет.
Прокуратура өміріндегі белгілі бір кезең, жоғары мемлекеттік билік органдарымен мойындалып, 1-ші кезекке жазалау мекемелерінің беделі қойылған, сөйтіп құқық қорғау органдары қызметін қалыптастырмаған дәуірімен байланысты. Тек 50-ші жылдардың ортасында ғана заңдылықты бекіту бойынша, яғни мемлекеттегі дамытудың құқықтық базасын құру бойынша талпыныс жасалды. Прокуратураны дамытуда кезекті маңызды кезең 1955 жылы 24 мамырда ҚСРО-да прокурорлық қадағалау туралы ережені қабылдау болып табылады. Онда мемлекеттегі заңдылықтың тағайындалуы және оны бұлжытпай қамтамасыз етудегі прокурорлық қадағалау органдарының ролін дамыту және заңдастыру туралы идеяларды бекітті. Ережеде прокурорлық қадағалаудың мақсаттарын, прокурорлардың өкілеттіктері, қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуде кездесетін заң бұзушылыққа прокурорлық құралдардың реакциясы белгіленген болатын. Ережедегі көптеген нормалар нәтижесінде қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуі, еңбекпен түзеу заңдардың негізіне кіргізілді.
Әскери прокуратура органдарының да алғашқы құрылуы болды. Оның жүйесі мен құрылымы, әскери прокурорлардың өкілеттіктері, олардың функцияларының аймақтық прокурорлардың қызметтерінен өзара байланысты- осының барлығы 1966 жылы 14-желтоқсанда бекітілген әскери прокуратура туралы ережеде көрінісін тапты. Мазмұнынан күтілгендей, әскери прокуратура кеңестік прокуратура органдарының жүйесіне кіргізілді және КСРО Бас прокурорына есеп берді.
Заңдылықты қамтамасыз етуге жүктелген қадағалаудың келесі бір адымдары 1977 жылы қабылдаған КСРО Конституциясына байланысты. Оның ішінен, КСРО прокуратурасы туралы заңды жетілдіру туралы шешімі болды. Мұндай заң 1979 жылы 30 қарашада 10-ші шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-ші сессиясында қабылданды. Онда кеңестік прокуратура органдырының қызметі мен ұйымдастырылуы қағидаларының негізгі болжамды құқықтық регламентациясы, оның қызметінің негізгі бағыттары бекітілді.
70-ші және 80-ші жылдары прокуратура органдарына, оның негізгі заңдылықты қадағалау функциясын елеулі түрде 2-ші кезекке ығыстырған, прокурорлық қадағалауға тән емес көптеген міндеттер (егін егу, егін жинау, аңшылық кампаниясы және т.б.) жүктелген еді. Прокурорларға қосымша өкілеттіктер берілген еді, бірақ нәтижесніде олар прокуратура алдында тұрған барлық мәселелерді шеше алмады, әсіресе құқық қорғау және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау саласында.
2. Прокурорлық қадағалау теориясы мен практикасына ҚР-ның прокуратурасы туралы заңы, 1992 жылы 17-қаңтарда қабылданған, көптеген жаңалықтар енгізді. Прокуратура заңдардың орындалуына, Республиканың Жоғарғы Кеңесіне есеп беретін жоғары қадағалау органы деп танылды. Қазақстанның прокуратура органдарының жүйесіне енді әскери прокуратура енгізілді.
Прокуратура алдында тұрған мақсат ҚР-нда заң үстемдігін, заңдылықтың дәл және бірыңғай қолданылуын қадалағау мен құқық тәртіпті күшейту мен қамтамасыз ету. Ол өзінің барлық қызметтік мүмкіндігімен азматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, ҚР-ның егемендік құқығын, оның саяси және экономикалық жүйесін, өндіріс, мекеме, ұйымның құқығын бағыныштылығына, тәуелдігіне және меншік нысанына қарамастан кез келген кемсітушіліктен қорғауға, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын көтеруге міндеттенді. Бұл заң прокуратураның құқық қорғау қызметін жақсартуды өзінің қанағаттанарлық ролін ойнады. Алайда, еліміздің нарықтық экономикалық жолмен қозғалысы, демократияның кеңейтілуі құқықтық жүйені қалыптастыруда жаңа әдісті талап етті. Осыған байланысты ҚР-сы Президентінің қаулысымен 1994 жылы 12 ақпанда прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен прокуратураны реформалаудың негізгі қағидалары белгіленген, ҚР-нда құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасы бекітіліп , өзінің жаңғырығын ҚР-ның жаңа Конституциясында және ҚР-сы Президентінің 1995-жылы 21 желтоқсандағы ҚР Прокуратура туралы Заңында тапқан. Прокуратураның құқық қорғау ролін арттыру мақсатында оған 1-ші рет конституциялық қадағалау фукнциясы жүктелді- Конституция мен республика заңдарына қайшы заңдарға наразылық білдіру құқығы берілді.
№3 Дәріс
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдар жүйесінде прокуратура органдары.
Жоспар:
1. ҚР мемлекеттік органдарының жүйесінде прокуратураның орны және рөлі. Прокуратура және заң шығару билігі.
2. Прокуратура және атқарушы билігінің органдары. Прокуратура және сот. Прокуратура органдары және бақылауды іске асыратын органдар.

1. Прокуратура органдарының қызметтері мен ұйымдастыруларының құқықтық негіздері ҚР Конституциясымен, ҚР АІЖК, ҚР ҚІЖК, ҚР ӘҚК, ҚР Прокуратура туралы Заңымен, ҚР басқа заңдарымен, халықаралық-құқықтық шарттармен, сондай-ақ ҚР Бас прокурорының және төменгі тұрған прокурорлардың құқықтық актілерімен анықталады.
ҚР Конституциясы
Қазақстан Республикасы Конституцияға сәйкес өзін демократиялық және құқықтық мемлекет деп есептейді. Қолданыстағы Конституцияға және оның негізінде қабылданған заңына сәйкес Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекеттік билік тармақтарының біреуінде жатпайды. Конституцияда бекітілген осы ережелер конституциялық қағидаттар қатарының мазмұнын анықтап берді. Олардың біреуі ұстамшылдық және қарама-қарсылықтар, заңдылық қағидаттар, Конституцияның үстем болуы, адам құқықтарының бөлінбеу және басқа жүйелерін өзара пайдаланумен биліктерді заң атқару және сот тармақтарына бөлу қағидаттары болып табылады.
Қазіргі кездегі демократиялық мемлекеттің Конституциясы міндетті түрде бір ғана маңызды қасиетті қамтиды қажет: ол тікелей әрекет актісі болуы міндетті.
Конституцияның тікелей әрекетінің маңызы сонда, әр азамат Конституция нормаларының негізінде құқыққа ие болады, оны қорғау үшін сотқа жүгінуге құқығы бар, ал сот ол істі ол норманы дәлелдейтін заңның не қосымша заңның жоқтығына сілтеп қарамауға құқығы жоқ. Сонымен, Конституцияның тікелей әрекеті дегеніміз мемлекет органдары конституция нормаларын тікелей нормативті құқыққолдану негізі ретінде қабылдап, қарауға міндетті және оларды нақтылы істі қарауға пайдаланады.
Тікелей әрекеттегі нормативті актіге Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы жатады. Қазақстан Республикасының референдум арқылы қабылданған бұл Конституциясы демократиялық, өркениетті даму бағытындағы мемлекет пен қоғамның басты нормативтік актісі. Конституцияның 1-ші бабында 1.Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. 2. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; Қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің асы маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Ал 4-бап бойынша 2. Конституцияның ең жоғарғы заңды күші бар және республиканың барлық жерлерінде тікелей қолданылады.
Конституцияның осындай тікелей әрекеті - Қазақстан халқының демократия жолындағы үлкен жеңісі болып табылады. Одан да кем емес маңызды табыстарға, жеке меншіктік не көпшілік ақпараттағы бостандық.
Мұнда Конституцияның тікелей әрекеті бұл Негізгі Заңның әрекетін заң шығарушының қаламы мен сызу арқылы жай өзгерту емес, терең әлеуметтік - экономикалық қайта құрудың, азаматтық қоғамның қалыптасуының нәтижесі.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 12 бабы бойынша 1) Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. 2)Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге жұмысынан жазылған, олар абсолюті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.... Сонымен бірге, Конституцияның тікелей әрекетін мемлекеттің міндеттеуші органдары құқықты қолданудың тікелей нормативті негізі ретінде пайдалануы мүмкін, азаматтардың құқығына ғана қатынасы бар емес, мемлекет тікелей Конституцияның нормаларының негізінде құқықты қолдану қалпында биліктік-мәжбүрлеу әрекетіне мүмкіндік алады, мақсаты констититуциялық тәртіпті орнына келтіріп, өзінің тұтастығын сақтау, заңсыз әскери құрылымдарды жою. Профессор А.Б.Венгеров айтқандай, мемлекеттік органдар конституциялық нормалардың тікелей әрекетінің қасиетін пайдаланып, соның негізінде соған сай мәжбүр етуші механизмді (тетікті); соған қоса күшті қолдануы мүмкін.
Конституциядағы көрсетілгендер тікелей әрекеттің актісі мынандай қортынды жасауға негіз болады:
Барлық Конституцияның нормалары тікелей әрекеттің нормалары ретінде қаралуы міндетті:
Барлық Конституция нормаларын тікелей нормалардың әрекеті ретінде қарауымыз міндетті.
Конституцияның тікелей әрекеті, оның нормаларын эффективті іске асыруға қажетті нақтылауға арналған нормалары мен процедуралық актісы ретінде түсінуге болмайды. Керісінше, мұның барлығын Негізгі Заңнын, өзі болжаған. Басқа жағдайда, сондай актілердің болмауы Конституциялық нормаларды пайдаланбағандықтың себебі ретінде хабарлануы керек.
Конституцияның тікелей қиймылын қамтамасы ету - сот органдарының да басты мақсаттары болады.
Профессор А.Б.Венгеров мемлекет органдарының, оның ішінде құқыққорғау органдарының, тікелей Конституцияны пайдалану нысандарын атап көрсетеді:
а) Конституцияның баптарына сіптеме жасап басқа нормативті актілердан бөліп қоладанады;
б) басқа нормативтік актілермен бірге қолданады;
в) өзінің шешімдеріне, үкімдеріне сылтау табу үшін, оған әлеуметтік мыңыздылық беруге, өзінің нақты құқыққолдану актісының мақсатын түсіндіру үшін.
Негізгі заңның 83-бабына сәйкес:
Прокуратура мемлекет атынан республикасының аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылык іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.
Республика прокуратурасы төменгі прокуратураларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдарда лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және республика Президентіне ғана есеп береді.
Республиканын Бас прокурорын өз өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас прокурор өкілеттігінің мерзімі бес жыл.
Республика прокуратурасының құзіреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі заңмен белгіленеді. Парламент Сенатының келісімімен республиканың Бас прокуроры қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Қамауға алу және қамауда ұстау тек заңда көзделген жағдайларда және сот немесе прокурордың санкцияларымен ғана жол беріледі. Прокурордың санкциясыз адам жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұсталуы мүмкін.
Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгі прокуратураларды жоғары тұрған прокурорларға және республика Бас прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және республика Президентіне ғана есеп береді. Прокуратураның барлық органдары заңдардың дәл әрі бірыңғай орындалуына жоғары қадағалауды іске асыратын, сондай-ақ ҚР Конституциясы мен қолданыстағы заңдарында көзделген жалпы міндеттерді шешеді.
ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі және прокуратура органдарына қатысты мәселелер
Прокурордың азаматтық процеске кіруінің негізгі сот өндірісінде заңдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерін қорғау қажеттілігі болып табылады.
Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады.
Аталғандарға сәйкес прокуратура мемлекет атынан республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Жоғары қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор заңға тәуелді құқықтық актілерге, оның ішінде Прокуратура туралы ҚР заңы мен іс жүргізу заңдары тәртібімен белгіленген сот органдарының актілеріне наразылық келтіруге және тоқтатуға құқықты.
Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы мұны өзі заңмен көзделген немесе осы іске прокурордың қатысу қажеттілігі сот таныған жағдайларда міндетті.
Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы исмесе соттың бастамасы бойынша процеске қатысуға құқылы.
Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және зацды мүдделеріне ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтініш жасауға құқылы. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын жоне заңды мүдделерін қорғау туралы, егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады.
Егер талап қоюшы прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардын құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот талап қояды (арызды) қараусыз қалдырады.
Талап қойған прокурор, бітімгершілік келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаны істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.
55 баптың 1 т. мазмұнының 06.03.1997 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабындағы 1-тармағын және 79-бабындағы 1 -тармағын, 77-бабындағы 3-тармағының 3) тармақшасын, 14-бабындағы 1-тармағын, 4-бабындағы 1-тармағын ресми талдау туралы 1997 жылғы 31 шілдедегі №34 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің қаулысын талдау туралы ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулысына сәйкес деп түсіну керек. Аталған қаулыға сәйкес прокуратура мемлекет атынан республиканың аумағында заңдардың Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Жоғары қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор заңға тәуелді құқықтық актілерге, оның ішінде Прокуратура туралы ҚР заңы мен іс жүргізу заңдары тәртібімен белгіленген сот органдарының актілеріне наразылық келтіруге және тоқтатуға құқықты. Сот органдарының актілері - үкімдер, шешімдер, қаулылар және нақты сот істері бойынша анықтаулар құқықтық нормаларды қолданудағы құқықтық актілер болып табылады және, егер олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес қабылданса, республиканың барлық аумағында міндетті заңды күшін иеленеді. Осыған байланысты, прокуратураның заңдарды дәл ірі бірыңғай қолдануына жоғары қадағалауды жүзеге асыруында соттар: біріншіден, егер прокурор оларды зерделеудегі қорытынды бойынша осы актілердің заңға сәйкес келмейтіндігін немесе олардың негізсіздігі туралы тұжырымға келген жағдайда сот актілеріне қалай наразылық келтіретінін; екіншіден, сот актілерінің орындалуын қалай тоқтату керек екендігін түсінулері керек. Көрсетілген прокурорлардың құқықтары азаматтық заңның нормаларына сәйкес іске асырылу керек.
ҚР қолданыстағы заңдарына сәйкес прокурорлар соттарда азаматтық істерді қарауға қатысады, сот актілеріне наразылық келтіреді, егер олар негізсіз болса, олардың орындалуын тоқтатуға құқықты.
АІЖК 44 бабына сәйкес іске қатысушы тараптар: даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдейтін үшінші тұлғалар; даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе осы Кодекстің 56 және 57-баптарында көзделген негіздер бойынша процеске қатысатын жекеленген азаматтар, ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар болып танылады.
Азаматтық іс жүргізу заңында прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысуының 2 нысаны көзделген: талап қою, сотқа арыз.
Басқа адамдардың бастамасы бойынша басталған процеске қатысу. Прокурордың талап қоюы (арызы) бойынша істі қозғау. Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделеріне ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтініш жасауға құқылы.
Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы, егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады (АІЖК 55 б. 3 т.).
Психиатриялық стационарға азаматты мәжбүрлеп жатқызу туралы іс прокурордың арызы бойынша ғана сотқа беріледі (309 б. 1т.).
Прокурор нақты субъектінің (азаматтар мең ұйымдар) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы талап қойғанда заңмен (талап қою құқықтарынын шарттары мен оны іске асыру тәртібі) көзделген талаптар сақталуға тиіс.
Осымен қатар, прокурордың басқа адамдардын құқықтары мен заңды мүдделерін немесе мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінудің ерекшеліктері бар:
прокурор мемлекеттік баж және басқа сот шығындарын төлеуден босатылады мемлекеттік баж туралы Заңның 9 бабы, АІЖК 115- бап);
прокурор әрекетке қабілетті болғандықтан, оған заңды түрде сотқа шағымдану және істі жүргізу өкілеттілігі берілген, АІЖК 115 бабындағы 3 және 4 тармақшаларының прокурорларға қатысы жоқ;
мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді қорғау үшін прокурордың берген арызында мемлекеттік немесе қоғамдық мүдде неден тұратыны, қандай құқықтың бұзылғаны туралы негіз, сондай-ақ заң немесе басқа иормативтік құқықтық актіге сілтеме болу керек. Прокурор азаматтардың заңды мүдделерін қорғау үшін өтініш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себептерін негіздеу болуға тиіс; арызға, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге келісімін растайтын құжат қоса тіркелуге тиіс (АІЖК 150 б. 4 т.).
Осымен қатар 2000 жылғы 30 қазандағы Кеңестің № 15 қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің 2000 жылғы 30 шілдедегі Азаматтық іс жүргізудің кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы № 9 қаулысындағы мынадай түсіндірулерді ескеру қажет: АІЖК 136-баптарының талаптары.
Егер талап қоюшы прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалдырады (АІЖК 55 бап. 4 т.).
Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаны істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды (АІЖК 55 бап, 5 т.). Мұндай жағдайда, егер талапкер талапты Қарауды талап етсе және мемлекеттік бажды төлуден босатылмаса, жалпы тәртіппен мемлекеттік бажды төлеуге міндетті (АІЖК 104-бап, 3 т.).
АІЖК 55-бабында прокурор ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтініш жасауға қүкылы деп белгіленген.
2. Іс жүргізу құқық нормаларының осы негізділігі мынадай міндеттердің күшінде кейбір сенімсіздіктерді тудырады.
Біріншіден, Прокуратура туралы заңның 28-бабына сәйкес прокуратура уйьшдардың қызметіне араласпайды. Прокурор ұйымдардың мүдделері үшін істерді қозғауын оның қызметіне араласу ретінде қарау керек. Ұйым дербес субъект ретінде диспозитивтік қағидаттардың іс-әрекеттерін негізге ала отырып, оның дауланған немесе бұзылған құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымданулары немесе шағымданбаулары туралы мәселені өзі шешуге құқықты. Сондықтан азаматтық құқық бұзушылық автоматты түрде азаматтық процесті қозғамайды. Азаматтық іс бойынша істі қозғау үшін бір факті жетіспейді, ол үшін мүдделі адамдар өздерінің еріктерін білдіру қажет.
Басқа субъектілердің бастамасы бойынша істерді қозғауға белгіленген жағдайларда ғана заң жол береді.
Екіншіден, ұйымның оған жасаған өтініші негізінде прокурордың істі қозғауы заңсыз болар еді, өйткені прокурор АІЖК 55-бабындағы 3-тармағында көзделген мән-жайға сәйкес қана азаматтардың мүдделерін қорғау үшін талап қоюға құқықты. Ұйым - әрқашанда құқықты субъектілі тұлға, сондықтан сот тәртібінде ол өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін дербес қорғауға қабілетті.
Үшіншіден, істің прокурордың қозғауы арқылы ұйымға өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін мүмкіндік беруі қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіреді, өйткені мұндай жағдайда мемлекеттік бажбен талап арыз төленбейді.
Ресей заңында прокурордың азаматтық істі қозғауы туралы мәселені ретгеу тәртібінің мүддесі берілген. Сондай-ақ 1992 жылғы 17 каңтардағы Ресей Федерациясының прокуратурасы туралы РФ Заңының 35-бабындағы 3-тармағында: Прокурор Ресей Федерациясының іс жүргізу заңына сәйкес сотқа өтініші жасауға немесе, егер азаматтардын құқықтары мен қоғам немесе мемлекеттік заңмен қорғалатын заңды мүдделерін қорғау талап етілсе, процестің кез келген сатысында істі қозғауға құқықты - деп көзделген, Қазақстандык ғалымдардың пікірі бойынша аталған мәселелерді мақсатты ұқсас шешу ҚР заңында да берілген. :
Ғылыми әдебиеттерде олардың талап қоюы және азаматтық істі қозғауы кезінде прокурордың Іс жүргізуінің мән-жайы туралы мәселе бойынша бір мағыналы пікір жоқ.
Талап қоюшы прокурор процесте тарап қатарына жатады; осындай пікірлерге байланысты 213 баптан белгілі негіздер шығады: іс бойынша тарап болып табылмайтын процеске қатысушы прокурор сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді.
прокурор іс жүргізу мағынасында талапкер болып табылады, өйткені жауап беруші тараппен даулау материалдық құқықтық қатынастарда болмайды;
прокурор-азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарындағы дербес субъект. Прокурорға Заңды тараптарға, іске қатысушы басқа адамдарға берілмейтін белгілі өкілеттіліктер беріледі. Прокурор азаматтық сот ісін жүргізу кезінде мемлекеттік өкілі ретінде қатысады. Осы беріліп көрсетіліп отырған көзқарас аса негізді, өйткені заңға сәйкес прокурор сотта мемлекет мүддесін білдіреді.
Бұл прокурордың негізгі лауазымды міндеттерінің бірі. Оны процестегі мынадай негіздер бойынша тараптармен ұқсастыруға болмайды:
біріншіден, прокурор процесте тарапқа қарағанда өзінің жеке құқығы мен мүдделерін қорғамайды, ол басқа адамның құқықтары мен заңды мүдделерін немесе қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғайды;
екіншіден, прокурор өкілеттілігінің көлемі іс жүргізу құқықтары мен тараптардың міндеттерімен ұқсас емес. Осыған байланысты, әдебиетте көрсетілгендей, прокурордың көптеген іс жүргізу құқықтары, сондай-ақ тараптардың құқықтарына тән емес, оның міндеттері болып табылады;
үшіншіден, заң прокурорды дербес іс жүргізудің тұлғасы ретінде біліктендіріледі, АІЖК 44-бабында прокурор іске қатысушы үшінші адамдардың және т.б. тараптардың қатарындағы адамдардың құрамына кіреді.
Прокурор тек талап қою іс жүргізуін ғана емес, сондай-ақ аса талап қою іс жүргізуін және де аса іс жүргізуді қозғай алады.
Прокурор қорытынды беруі (басқа адамдардын бастамасы бойынша басталған процеске прокурордың сөз сөйлеуі). Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатысуға құқылы (АІЖК 55-бабынын 2-тармағы).
Қолданыстағы заңға сәйкес прокурордың азаматтық іс жүргізу процесіне жауап беру үшін қатысуы мынадай жағдайларда міндетті:
Бұл заңда көзделген жағдайда (АІЖК 55 б. 3 т). Сондай-ақ мұндай ұйғарым мынадай категориядағы істерді қарау кезінде көзделген: нормативтік құқықтық актілерді азаматтардың дау айтуы туралы (АІЖК 283 б. 2 т.); азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп тану немесе қайтыс болған деп жариялау туралы (АІЖК 299 б.); ата-аналық құқығынан айыру туралы (Неке туралы заң 68 б. 2 т.); ата-аналық құқығынан айыру туралы (Неке туралы заң 71 б. 4 т.); баланы асырап алуды тоқтату туралы (Неке туралы заң 96б. 2 т.).
Ғылыми әдебиеттерде прокурордың міндетті қатысуымен басқа да істерді қарау бекітілген (мысалғы, әкелікті тану туралы);
Прокурордың қатысу қажеттілігін сот таныған жағдайда (АІЖК 55-бап, 2 т.). Сот, әдеттегідей, прокурордың процеске қатысуы туралы және істі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz