Саяси білімнің дамуына үлес қосқан ғалымдар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
Тақырыбы : Саяси білімнің дамуына үлес қосқан ғалымдар

Орындаған: Абай Жасмин
Топ: ТХ 19-14
Тексерген: Қамырова Гүльжан

Саяси білімнің дамуына үлес қосқан ғалымдар
Қазақ қоғамында да саяси ой-пікірлер қалыптасуының түп тамыры ерте замандарға барып тіреледі. Мысалы, Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген андроновшылар мен сақтардың қауымдық-саяси қатынастар туралы ойлары мифологиялық деңгейде болған. Мысалы, андроновшылар о дүниелік өмір жер бетіндегі тіршіліктің жалғасы деп есептеді. Андроновшылардан сақтарға отқа табынушылық және аң стилі ұғымдары жалғасты. Саяси білімдер дамуының мифологиялық кезеңіндегі сақтардың билік жөніндегі ұғымын патшалардың дулығасының (қола мен алтыннан жасалған әшекейлі бас киім) білдіруі осыған нақты мысал бола алады. Бас киімнің алдыңғы жағындағы күн белгісі - күллі космостың тұтас бейнесі, төрт қанатты пырақ пен төрт алтын жебе - бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өктемдіктің өзгеше бір белгісі.
Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың саяси білімдерінің үш түрі: мифологиялық, діни және практикалық қатар дамыды деуге болады. Саяси өмірдің жедел өзгеруі саяси сананың дамуына әсер етті. Сондықтан бұл тайпалардың саяси санасы мифологиялық деңгейден рационалдық танымға тез ауысты. Қоғамдық жүйенің дамуындағы осындай ерекшеліктер Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі тайпалардың өміріндегі алғашқы қауымдықсаяси қатынастардың қалыптасуына негіз болып, ұжымдық меншіктің шығуы ру мүшелерінің арасындағы байланысты нығайтты. Барлық мәселелерді тайпа мүшелерінің жиналысы шешіп отырды. Жиналыста ру басшыларын сайлап, немесе орнынан босатты және рудың салт-дәстүрлерінің қатаң сақталуын қадағалады. Айыптылар халық алдында жазаланды. Таңғаларлық жағдай - ежелгі заманның өзінде-ақ Евразия даласында демократияның айқын көріністері өмірге келген.
Сақтардың әлеуметтік құрылысының осындай деңгейге көтерілуіне екі себеп әсерін тигізді: біріншіден, мүлік теңсіздігінің пайда болуы қоғамның әлеуметтік жіктелуін күшейтсе, екіншіден, тайпалардың арасындағы қақтығыстар, соғыстар жиіленді. Бірнеше тайпалар бірігіп, жауынгерлер қауымына айналды. Ел басқаруға қабілетті басшылар қажет болды. Енді көсемдер жауынгерлердің арасынан таңдалып алынатын болды. Әртүрлі сайыстардағы ең мерген жауынгер өзгелерге билік жүргізуге құқық алды. Бірақ тек ғана мергендік патша болу үшін жеткілікті болған жоқ, оған басқа да қабілеттілік қажет болды. Мінеки, сондықтан да Есік қорғанына жерленген адам (Алтын адам) әрі жауынгер (бұған қару-жарақ, оның ішінде алтын садақ куә), әрі абыз (басына кигізілген ерекше шошақ бөркі), әрі мал иесі (қабір ішіне бақташының ұзын өрме қамшысы қойылған) болып есептеледі. Сонымен, бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі - бас қолбасшы болды.
ІХ ғасырдан бастап Қазақ жерінде саяси білімдердің рационалдық деңгейге көтерілуіне жағдай туды. Осы кезде Қазақ даласында бірінен кейін бірі ортағасырлық феодалдық қарлұқ, оғыз, кимек, қарахан, қарақытай, қыпшақ мемлекеттері қалыптасты. Олардың бәрінде толық мемлекеттік деңгейге жеткен басқару жүйесі қалыптасты. Екі фактор әлеуметтік топтардың бірлестігін нығайтуға негіз болды. Олар, біріншіден, этникалық тегі жағынан қоғамдық топтардың басым көпшілігі түрік тілдес болып, осы мемлекеттердің көпшілігі түрік тіліне бейімделді. Екіншіден, қоғамдық топтар шаруашылықтың бір түрімен - мал шаруашылығымен айналысуы біртұтас этностың қалыптасуын жақындатты. Маңыздылығы орасан зор болған тағы бір фактор - Қазақстанның жеріне ислам дінінің тарауымен байланысты 893 жылы Таразда ашылған алғашқы мешіттен бастап араб тілі, жазуы, мәдениеті тарады. Қазақстанның оңтүстігінің Араб халифаты империясының құрамына қосылуы Түргеш, Қарлұқ, Қарахан мемлекеттерінде феодалдық мемлекеттіліктің үлгісін жетілдірді. Осы факторлардың барлығы мәдениеттің, білімнің, ғылымның, оның ішінде саяси ғылымның дамуына негіз болды.
Сол кездегі Қазақ жеріндегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар: Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауй болды. Әл-Фараби саясат жөнінде өз кезеңіндегі терең ойлар айтқан ойшыл. Оның ілімі бойынша қоғамның құрылымы әлемнің құрылымына сәйкес келеді. Әл-Фарабидің саяси идеялары рахымды және рахымсыз қалаларды салыстыру арқылы беріледі (Ежелгі Грек тарихы бойынша қала деген түсінік мемлекет орнына қолданды). Рахымды қалада билеуші мен оның тұрғындарының дүние және бақыт жөнінде шынайы түсінігі бар. Рахымсыз, күнәға батқан қалада ондай ұғым жоқ. Бұл қалалар сипаты мұраларға қатысы жағынан да өзгеше. Бақытсыз және опасыз қалада тұрғындар сезім мен қиялға негізделген әрекетке сүйенетін рахатты жоғары бағалайды, ал қайырымды қалада басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделеді. Әл-Фараби мынадай адамгершілік қасиеттерді атап көрсетеді: шындықты сүю, игіліктілік, мінез парасаттылығы. Тұтас алғанда, Әл-Фараби Платонның философ-билеуші идеясын қолдайды. Ол ғалымдарды қоғамның жүрегі деп санайды. Әл-Фарабидің Адам еңбектің арқасында жануарлық жағдайдан құтылатын қабілеті бар бірден-бір тіршілік иесі, оның қалыпты жағдайы санасына сәйкес және өзін-өзі жаңғыртуға тиіс деген ойлары аса бағалы пікірлер болып табылады. Ұлы ойшыл бабамыз Әл-Фарабидің бай мұрасы қазақ халқының саяси санасын жетілдіріп, сан ғасырлар бойы ғылымның, оның ішінде саяси білімдердің дамуына игі әсерін тигізді. Есімі орта ғасырлардан біздің заманымызға жеткен ақын, философ, қоғам қайраткері - Жүсіп Баласағұн. Жүсіп Хас Хаджиб (1021 - 1077) Шу алқабындағы Баласағұн қаласының тұрғыны болған. Ақынның Құтадғу білік (Құтты білім) атты поэмасы - ортағасырлық қазақ даласындағы әртүрлі тарихи, саяси және қоғамдық мәселелер туралы мол мағлұмат, құнды деректер беретін шығарма. Бұл ұзақ уақыт толастамаған қырғын соғыстар кезеңі болса да, түркі тайпаларынан кейінгі қазақ ұлтына этникалық негіз болған қыпшақтар бірлестігі қалыптаса бастады. Ол кезде қазақ жеріндегі ғалымдар кең тараған парсы, араб тілдерінде жазатын еді. Бірақ солардың арасынан Жүсіп Баласағұн өз ана тілі түркі тіліне жанашырлық білдіріп, оны сақтап қалуды мақсат етіп өз шығармаларын ескі түркі тілінде жазды. Ойшыл саяси мәселелерге де айрықша көңіл бөлген. Мысалы, мемлекетті орталықтандыру және басқару, қоғамда әділ заңдардың, еркіндік пен бостандықтың болуын қалайды. Құтадғу білік - халықтың салт-санасы, өмірдің мән-мағынасы, адам тағдыры, әдет-ғұрпы жөніндегі көзқарастар жинақталған құнды шығарма. ХІ ғасырда өмір сүрген, сол кездегі қазақ мәдениетіне және саяси тарихына белгілі мөлшерде үлес қосушы ақын, ойшылдардың ішінен Махмуд Қашғаридің есімін ерекше атауға болады. Ол алғашқы білімді Қашқар қаласында алады, содан кейін Бұхар қаласында өзінің білімін жетілдіреді. М.Қашғари - түркі халқының фольклоршысы, Ж.Баласағұн сияқты ол да түркі тілін дамыту арқылы орталықтандырылған мемлекет орнату мәселесін алға қояды. М.Қашғари түркілер мекендеген жерлерді, түркі тілдес тайпаларды көп аралап, түрік тіліндегі ән, аңыз, жұмбақтар мен түрік әдет-ғұрыптарын көп жылдар бойы зерттеп, 1074 жылы өзінің Диуани лұғат - ат - түрік (Түрік тілдер сөздігі) атты негізгі еңбегін кең көлемді жинақ ретінде шығарады. М.Қашғари осы шығармасында төмендегідей сөздерді жазған: Мен түріктердің барлық жерлерін араладым. Көп уақыт іздену, зерттеулерден кейін осы кітапты ең таза, ең әшекейлі түрік тілінде жаздым. Махмуд Қашғаридің бұл еңбегі тек ғана сөздік емес, бұл толық мәнінде - ғылыми энциклопедия. Сол кездегі Қазақстан жеріндегі Түрік қағанаттары тарихының барлық салаларын, соның ішінде саяси мәселелерді де жан-жақты қамтиды. Келесі елеулі мәдени-тарихи ескерткіш - Түркістан қаласынан шыққан сопы ақын Қожа Ахмет Яссауидың (1166 жылы қайтыс болды) Диуани хикмет (Ақыл кітабы) атты өлеңдер жинағы. Қыпшақ диалектісінде жазылған Яссауидің бұл өлеңдері өз кезінде сахарадағы көшпенділер арасына кеңінен тарады. Ислам дінін халыққа таратушы Арыстан Бабаның баласы Ахмет Яссауиге мұсылмандықты белсенді насихаттағаны, халық алдындағы зор беделі, кіршіксіз сенімі үшін түрік мұсылмандары оны пайғамбарға теңеген. Ахмет Яссауи ақын ретінде өзінің өлеңдерінде ислам дінінің тағылымдарын тарату арқылы түрік халықтары арасында саяси-әлеуметтік ынтымақтастығының күшеюіне зор үлесін қосты. Ислам дінінің түрік халықтарын біріктірудегі ролін түсінген Шыңғыс хан қазақ даласындағы дін қызметкерлері қожаларды ақсүйек тобына жатқызған болатын. Ал Әмір Темірдің Қожа Ахмет Яссауиге арналған кесене тұрғызуы оның тек ақын, ғұлама ғана емес, белгілі мемлекет қайраткері болғанын білдіреді. Ортағасырлық қазақ жерінде, дегенмен, жазудың таралуы төмен болды. Сол себепті көшпенді халықтардың саяси-қоғамдық көзқарастары рационалдық ұғымдар негізінде емес, көркем бейнелер, өнер түрлері арқылы қалыптасты. Қазақ халқының дүниетанымындағы ең маңызды орын алатыны - фольклор. Ол қазақ халқының барлық мәдени-әлеуметтік мәселелерін қамтиды. Бұл туралы Ш. Уәлиханов Қазақтың ауыз әдебиетінде халық өміріндегі маңызды оқиғалардың бірде-біреуі қалыс қалмаған деп атап көрсетеді. Қазақ фольклоры әртүрлі жанрларды құрайды, олар: мақал-мәтелдер, ертегілер, жырлар, дастандар және т.б.
Қазақтың мақал-мәтелдерін тарихи-әлеуметтік, саяси-құқықтық мол тәжірбиені, адамдардың қоғамдағы бір-біріне қатынасын, діни, наным сенімге, билікке көзқарасын таңқаларлық тапқырлыкпен, шешендікпен, нақтылықпен сүреттейді. Сондықтан қазақ мақал-мәтелдері халықтың ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірбиесі негізінде туындаған аса құнды рухани, саясиәлеуметтік тұжырымдары болып саналады. Ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерімен белгілі жанры - ертегілер. Әрине, ертегілер дүниенің қияли фантастикалық бейнесіне, аңыздарға негізделеді. Бірақ ертегілер тек ғана қиял немесе аңыздар емес, онда адам өмірінің нақты салалары сөз болып, оларға талдау жасалып, өзіндік баға беріледі. Мысалы: Тазша бала немесе Алдаркөсе ертегілерінде қазақ қауымындағы мүлік теңсіздігі, таптық қатынастар, әлеуметтік әділеттік мәселелері қызғылықты әдеби бейнелер арқылы берілген. Сондықтан тарихи - саяси ғылыми зерттеулерде қазақтың мақалмәтелдеріне, ертегілеріне көп қөңіл бөлінген. XIX ғасырдың өзінде бұларды жинақтап жүйге келтірген және ғылыми талдау жасаған көрнекті орыс ғалымдарды М. Терентьев, Н. Пантусов, А. Васильев, Н. Гордеков, В. Катаринский және басқалары болса, қазақ зиялыларының ішінен Ш. Уәлиханов пен А. Құнанбаевтың алатын орны ерекше. ХХ ғасырдың бас кезінде Кеңес өкіметіне дейінгі уақытта да қазақ халық ауыз әдебиеті туралы мақалалар баспасөзде, тарихи, қоғамдық-саяси баспаларда тұрақты орын алды. Ал кеңестік кезеңде, XX ғасырдың 30 - 50 жылдары Ө. Тұрманжановтың үш жинағы және басқа да көптеген авторлардың кітаптары жарық көрді. Қазақ фольклорының маңызды саласының бірі - батырлар жыры. Қазақ хандығы қалыптасуынан бастап өз тәуелсіздігін қорғауда сыртқы жауларымен ұзаққа созылған қантөгіс соғыстарды басынан өткізді. Осы соғыстарда халқы үшін қан төккен көптеген батырлар туралы әртүрлі әңгіме, аңыздар тарады. Батырлар жырында халықтың болашаққа, бейбіт өмірге үміті, еркіндікке талпынысы, ізгі мақсаттарға жетудегі ойы, арманы баяндалады. Кейбір жағдайда батырлар образы шындыққа сәйкес келмейтін ойдан шығарылған кейіпкерлер болып саналуы да мүмкін. Бұл біржақты пікір, себебі батырлар жырындағы қиял, ой-арман шындықтың өзін айғақты көрсету жолы, оқиға, құбылысты сезім арқылы танып-білу.Қазақ эпосының мәнін Ш. Уәлиханов: Тарихтағы халықтың поэтикалық рухының орны өте жоғары, біріншіден, ежелгі дастандардағы жыраулардың батырлар ерлігін баяндауы өте дәл, таңғажайып есте сақтау қаблетін білдіреді; екеншіден, жыраулар әртүрлі уақытта өмір сүргенімен халықтың жадындағы елеулі оқиғаларды біртұтас мәңгі сақтап қалды; үшіншіден, бұл эпостар халықтың салт-дәстүрінің, өнерінің, адамгершілік заңдарының жиынтығы; өткен тарих және саяси өмір туралы тұтас білімді белгілі деректермен толықтыруға мүмкіндік жасайды деп түсіндірді. Қазақтың батырлар жырында ерте замандағы халықтың тағдырын шешуші елеулі оқиғалар туралы өмір шындығы көрсетілген. Халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан өшпес мұрасы, баға жетпес құндылығы: Қобаланды батыр, Алпамыс батыр, Ертарғын батыр және т.б. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ өмірін, қоғам тарихын көркем бейнелеудің ерекше түрі ақын-жырау поэзиясы болды. Ән мен өлеңнен құралатын жыраулық өнердің шығуының өзіндік мәдени, саяси-әлеуметтік себептері бар. Көшпенді халық арасындағы сауатты хаттанушылар санының аз болуы, баспасөз, баспахана өндірісінің болмауы бұл өнер түрінің қалыптасуы мен дамуына өз әсерін тигізді. Қазақ кауымы арасында шиеленісті саяси-әлеуметтік мәселелер көтерілмесе де көрші елдермен өзара қатынастарда салт-дәстүрге, ел шекарасына, ел басқаруға, билікке байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хэйан дәуірінің мәдени өзгерістері
Жоғары мектеп педагогикасы және жоғары білімді жетілдіру міндеттері
Хэйан кезеңі жапон тарихындағы өте маңызды кезең
Карахан мемлекетінің рухани және материалдык мәдениеті
БОӘ дамуына үлес қосқан Қазақстандық әдіскерлер және олардың еңбектері
Ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми ортасы (Әл-Фараби)
Орта мектепте етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары
Мектеп жасына дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы ғылым
Социология пәні және оның нысаны
Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім - тәрбие
Пәндер