Хлордың химиялық қасиеттері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1.1 Галогендерге жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1.2 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Галогендер топшасын оқып, үйрену ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.4 Галогендерді оқыту сабақтарында Блум таксономиясын пайдалану артықшылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2. Эксперименттік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Галогендерді оқыту сабақтарында Блум өлшемдері бойынша тапсырмалар дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Кіріспе
Мен еш уақытта өз оқушыларыма ешнәрсе үйретпеймін,
мен тек қана олардың оқуы үшін жағдайлар туғызамын.
А. Эйнштейн

Біз көргенімізді, естігенімізді ұмытамыз, ал өзіміздің жасағанымызды , орындағанымызды мәңгі есімізде сақтаймыз. Бүгінгі таңда мұғалім оқушыға білім беріп қана қоймайды, жан-жақты, тәрбиелі, адамгершілігі мол, білікті, құзіретті тұлға болып қалыптасуына ықпал етуі тиіс. Сондықтан сабақтың әрбір жоспарында оқушының құзіретті болып қалыптасуына ,олардың алған білімдерін шынайы өмірде қолдана алуына мүмкіндік жасайтындай жаңа оқу тапсырмалары болуы шарт.
Олай болса,қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті - білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді.
-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;
-пәнге деген қызығушылығын арттыру;
-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;
тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарын қарастыру. Ал Жаңа заман - жаңа сұраныс - жаңа технологиялар. Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсіндірудің нақты тәсілі талап етілді. Осы тәсілдің шеңберінде қоғамдастықтың басты бөлігі - мұғалім дамыту жұмысының көшбасшысы. Білім беру үрдісі сияқты, көшбасшылық та ұстаз бойындағы қабілеттердің, қасиеттердің, құндылықтардың, біліктіліктің дамуына әкеледі.
Бұндай жетістікке жету үшін ұстаз жан-жақты ізденуді, шығармашылық жұмыстармен айналысуды, кәсіби шеберлігін әрқашан шыңдауды, сыни тұрғысынан ойлауды жетілдіре түсуді қажет етеді. Қазіргі таңда өзін білікті маман ретінде көргісі келетін әр ұстаз жаңа бағытта біліктіліктерін арттыруға асығып, өздерінің біліктіліктерін арттыруда.

1.Негізгі бөлім
1.1 Галогендерге жалпы сипаттама
1- Кесте VII А топшасы элементтерінің қасиеттері (физикалық қасиеттері түсіндіріледі)
Қасиеттері
F
Cl
Br
I
At
Ашылуы.
1886ж химик Муассан
1774ж. швед химигі
К. Шееле
1826ж француз ғалымы
Ж. Балар
1811ж француз химик-технолог БернерКуртуа
1940ж жасандыжолменалынды
Атомдық нөмірі
9
17
35
53
85
Салыстырмалы
атомдық
массасы, м.а.б.
18,998
35,453
79,904
126,90
209,99
Валенттілікэлектрондары
2s2sp5
3s23p5
4s2sp5
5s25p5
6s26p5
Атом радиусы, нм
0,064
0,099
0,114
0,133
--
Салыстырмалы
Электртерістілігі
4,10
2,83
2,74
2,21
1,90
Кәдімгі
жағдайдағы
физ.күйі
Ашықжасыл газ
Сары жасыл газ
Қызыл қоңыр сұйықтық
Қара күлгін кристалл
Қара көкшіл кристалл
Балқу темп., С
-219,6
-101,0
-7,3
113,6
227
Қайнау темп., С
-188,1
-34,1
59,2
185,5
317

Фтор. Өткір иісті улы газ, өте белсенді. Фтормен жанасқанда Na, Ca, Si, S, P және Br, I та жанады, ал су айырылады. Органикалық қосылыстар синтездеуде, шыны өңдеуде, ағашты шіруден сақтауда, т.б. мақсатта қолданады. Өсімдіктер мен жануарлар, адам өміріне де елеулі рөл атқарады. Ауыз суда фтор жетіспесе тіс ауырады. (тіс пастасын көрсету фторы бар)
Хлор. Өткір иісті, ауадан 2,5 есе ауыр газ. Белсенділігі жоғары болғандықтан, табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі. (жер қыртысындағыүлесі 0,2%) Организмде болатын хлордың негізгі түрі ас тұзы тамақпен бірге келеді. 70 кг салмақтағы адам ағзасында 95 г хлор болады, бұлшықет ұлпасында 0,2-0,5%, сүйек ұлпасында 0,09%. Организмге хлор жетіспегенде әлсіздік, тәбеттің жоқтығы, ұйқышылдық, ұмытшақтық, бұлшықеттің әлсіздігі, ауыздың құрғауы, дәм сезбеу, ауыр жағдайжа шаш пен тістің түсуі жатады, ал организмде хлор артып кетсе көз жасаурайды, құрғақ жөтел, кеуденің ауруы, бас ауруы, температураның көтерілуі, өкпенің ісінуі сияқты белгілер пайда болады. Бірінші дүниежүзілік соғыста неміс әскерлері ағылшынға, орыс әскерлеріне қарсы күресте хлор газын қолданған.
Бром. Өткір иісті қызыл қоңыр түсті сұйықтық. Ауада тез буланып, сары қоңыр бу түзеді. Судағы ерітіндісі бори суы деп аталады. Қосылыстары өнеркәсіпте, сурет, кино материалдарын жасауда, медицинада дәрі - дрмектер алуда, іштен жанатын двигательдердің (автокөлік, бензин) сапасын жақсартады.
Йод. Грекше иодус күлгін қара көк деген мағынаны білдіреді. Минераалдары, тұздары иодидтер аз мөлшерде гидросферада - теңіз суларында, скважиналанған мұнай суында кездеседі. Теңіз орман жапырағы деп аталатын ламинария балдырының құрамында 0,1-0,6 % құрады, теңіз губкалары массасының 8,5% йодтан тұрады. Егер ағзада йод жетіспесе бақшаңкөз ауруына шалдығады. Йод ауруларының алдын алу шаралары туралы заң 2003 ж 14 қазанда қабылданды. Мақсаты халықтың денсаулығын сақтау, аурудың алдын алу және йоды бар тағамдарды өндіру және тарату болыр табылады.[9]

2-кесте.Галогендердің зияны мен пайдасы
Пайдасы
Зияны
Хлор-зарарсыздандырады. Ересек адам күніне 4-8г натрий хлоридін қажет етеді, ол қанға түсіп қысымды реттейді. Ауыз суды тазарту үшін, 1м3 суға 1,5кг хлор қосылады.
Тұншықтырғыш, улы, өте қауіпті,немістер хлорды және оның қосылысы иприт немесе дихлордиэтил сульфидті соғыс кезінде қолданып
15 000 әскерді уландырған. Хлормен уланған адам дамылсыз жөтеледі.
Фтор - сүйек пен тістіэмалін берік қылуда организмге су арқылы келеді. Пияз бен қарамық өсімдіктерінде фтор көп. Фторды пластмасса, майлағышзаттар, тоңазытқыш сұйықтар - фреондар алуға жұмсайды. Өсімдік зиянкестерін өлтіретін препарат. Суды фторлауда қолданады. Шыныны беріктетуде.
Улы
Бромның күміс тұзы-фотографияда , кино түсіруде, бояғыш заттар жасауда, күшті тотықтырғыш, дәрі - дәрмек дайындауда қолданылады. Шипалық қасиеті де бар, бромидтері жүйкені тыныштандыратын дәрі - дәрмек дайындауда.
Бром буларыулы, денеге тисе күйдіреді, жазылмайтын жара қалдырады. Абайсызда бром денеге тисе, аммиактың немесе соданың сұйық ерітіндісімен жуу қажет. Броммен тартпа шкафта резеңке қолғапты пайдаланып, сақтық пен жұмыс пен істеу керек.
Йодтың спирттегі ерітіндісі-медицинада қан тоқтатуда қолданады, ас тұзын йодтауда, күшті тотықтырғыш, дәрі-дәрмек дайындауда, аз мөлшері микробтарды өлтіреді. Йод крахмалды анықтау үшін реактив ретінде қолданылады. Йод теңіз суында "Ламинария" балдырының 1 тоннасында 5 кг болады. Йод көбінесе пиязда, жұмыртқада, сүтте, теңіз балықтарында болады.
Йодтың көп мөлшері улы, 2-3 гр адамды өлтіруге жетіп жатыр. Йодтың буы тұншықтырып, тыныс жолдарынбүлдіреді. Йод жетіспеген жағдайда зоб ауруына шалдығады. Таулы аудандардың суында, топырағында йод өте аз болады, ондағы адамдар алқымның ісік ауруына жиі шалдығады.
Хлордың химиялық қасиеттері.Хлор бос күйінде едәуір белсенді зат, алайда оның белсенділігі фторға қарағанда төмен. Хлор оттегі, азот және бекзат газдардан басқа жай заттардың барлығымен дерлік әрекеттеседі, ол үшін жылу немесе жарықтандыру қажет.
Н2 + С12 = 2HC1

Бұл реакцияны былай жүргізуге болады: екі сынауықтың біріне Н2, ал екіншісіне Сl2 толтырып аламыз да, хлоры бар сынауықтың үстіне сутегімен толтырылған сынауықты төңкеріп, олардың ауыздарын түйістіріп алып, араластырып, спирт шамының жалынына ұстағанда реакция жүреді де HC1 газы пайда болады.
Енді осы сынауықтарды су құйылған ыдысқа төңкерсек, сынауықтардың бойымен судың көтеріле бастағанын байқаймыз, себебі HC1 газы суда еріп, тұз қышқылын береді. Оны метилоранж тамызу арқылы анықтауға болады (қызарады). [10]
3-кесте Хлор атомының қозған күйлері:
Валенттілігі
Ықтималдылық тотығу дәрежелері
Электрондық валенттілік жағдайның денгейлері
Қосылыстары
I
+1, −1, 0
3s[2] 3p[5]
NaCl, NaClO, Cl2
III
+3
3s[2] 3p[4] 3d[1]
NaClO2
V
+5
3s[2] 3p[3] 3d[2]
KClO3
VII
+7
3s[1] 3p[3] 3d[3]
KClO4

Хлор еркін өте белсенді элемент. Ол барлық жай заттармен әрекеттеседі тек, оттегі, азот, асыл газдардан басқа:
Si + 2Cl2 = SiCl4 + Q.
Хлор тікелей барлық металдармен дерлік (кейбір қатысуымен ғана ылғал немесе қыздырғанда) реакцияласады:
2Na+Cl2-- 2NaCl
2Sb+3Cl2-- 2 SbCl3
2Fe+3Cl2-- 2FeCl3
Қыздырғанда хлор йод немесе броммен, олардың қышқылдарымен әрекеттесуге бейім:
Cl2 + 2HBr = 2HCl + Br2.
Хлор сілтілермен әрекеттесіп тұздармен су түзеді:
Cl2 + 2NaOH = NaCl + NaClO + H2O
Cl2 + 6KOH = 5KCl + KClO3 + 3 H2O .
Химиялық белсенді, өте күшті тотықтырғыш:сутегімен реакцияласады,металдармен және бейметалдармен де реакцияласады:
3Cl2 + 2Fe = 2FeCl2 2Cl + Si = SiCl4
Суда және сілтілердің судағы ерітінділерінде дисмутацияланады:
Cl2 + 2NaOH(суық) = NaClO + NaCl + H2O
3Cl2 + 6NaOH(ыстық) = NaClO3 + 5NaCl + 3H2O
Фтордың химиялық қасиеттері:
Фтор бос күйінде өте белсенді бейметалл, инертті газдардың ішінде гелий, неон, аргоннан басқа заттардың барлығымен әрекеттеседі. Электртерістілігі жоғары элементтердің бірі оттек (3,5) фтормен қосылысында оң тотығу дәрежесін көрсетеді. 0+2F2 (оттектің фториді).
Кейбір жай заттармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін келтірейік:
F2 + Н2 = 2НF фторлы сутек
Фтор сутегімен тіпті караңғыда да шабытты әрекеттеседі. Металдармен әрекеттесіп фторидтер түзеді.
Ғ2 + 2Li= 2LiF литий фториді
Ғ2 + Cu = CuF2 мыс (II) фториді
Бұл реакциялар осы заттардың (Li, Cu) оттегімен және хлормен жүретін реакцияларына қарағанда шабыттырақ өтеді. [10]
Фторлы сутек
Фторлы сутек (НҒ), бұл суда жақсы еритін зат, судағы ерітіндісі балқытқыш қышқыл деп аталады, өте улы зат, денеге тисе жазылмайтын жара қалдырады. Қышқылдың балқытқыш деп аталуы, оның шыны ыдыс құрамындағы кремний оксидімен әрекеттесуінен шынының бүлінуіне байланысты қойылған, сонда мына реакция жүреді.
4НҒ +Si02 = SiF4+ 2Н20
Сондықтан бұл қышкылды шыны ыдыста сақтауға болмайды, ол үшін полиэтиленнен жасалған ыдыстар қолданылады.
Фтордың бейметалдармен қосылысы:
S + 3F2 = SF6,
2P + 5F2 = 2PF5.
Фторды сілтімен қосу арқылы фторлы оксид алу реакциясы:
2F2 + 2NaOH = 2NaF + H2O + F2O.
Йодтың химиялық қасиеті: Йод өте белсенді, йод металдармен жеке әкеттесу арқылы белсенді реакцияласады:
Hg + I2 = HgI2
Сутегімен Йод тек қыздырғанда йодты сутегі түзеді:
I2 + H2 = 2НI
Элементтік Йод - тотықтырғыш, хлор және бромға қарағанда күшті . Күкіртті сутек H2S, тиосульфатнатрия Na2S2O3 және басқа тотықсыздандырғыштар нәрлендіреді, оны I-
I2 + H2S = S + 2НI
Хлор және басқа күшті тотықтырғыштар су ерітінділерінде ауыстырады, оны IO3-. Еріту кезінде суда йод аздап ериді;
I2+H2O =HI +HIO
Йод өзара іс-қимыл жасайды нитрат қышқылын түзеді:
I2+10HNO3 =2HIO3+10NO2+4H2O
Йод күкіртті қышқылмен және суды қосып реакцияластырғанда, күкірт қышқылы және Йод қышқылы түзіледі:
H2SO3 + I2 + H2O = H2SO4 + HI
H2S + I2 = 2HI + S
Бромның химиялық қасиеттері:
Бос күйінде екі атомды Br2түрінде болып келеді. Себебі бром газ. Температурасы 800 °C диссоциацияланады. Br2 молекуласы 0,323 нм диаметрге тең, ядроаралық қашықтықта молекуласы -- 0,228 нм осыған тең.
Бром аз, бірақ басқа галогендермен суда жақсы еритін (3,58 г 100 г су 20 °C кезінде), ерітінді бром суы деп аталады.
Br2 + H2O -- HBr + HBrO.
Бромды молекула күйінде тұздармен қоссақ
Br2 + 2KI -- I2↓ + 2KBr.
Бром тұз түрінде броммен қосылып, нәтижесінде бром бөлініп шығады
Cl2 + 2NaBr -- Br2 + 2NaCl.
Астат химиялық қасиеттері. Астаттың химиялық қасиеті иодқа және полонийға ұқсас болып келеді. Астат су ерітіндісінде күкірт диоксидін SO2 қалпына келтіреді. Астат күкірт қышқылында мырышты ығыстырады. Фтордан басқа галогендер секілді, ерімейтін тұз AgAt құрайды. Астат иод секілді At(V)
Астат бром мен иодтармен қосыла алады. Бұл ретте қосгалогендік қосылыс түзеді- астат иодиді AtI және астат бромиді AtBr. Екі қосылыста тетрахлорметанда СCl4 ериді. Астат тұз және азот қышқылдарында ерігіш болып келеді.[10]

2.2 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым
Әдіс - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.Оқыту тәсілдерінің түрлері:
:: ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
:: мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
:: оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
:: жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
Оқыту әдістері мен тәсілдері ұғымдары және оқыту әдістерінің жіктелуі. Жалпы алғанда әдіс (метод) -- methodos деген грек сөзінен шындыққа жету жолы, тәсілі деп аударылады. Оқыту әдісі ұғымы дидактикалық мақсаттарға сәйкес оқыту үдерісінде мұғалімнің оқу жұмысы мен оқушылардың танымдық іс-әрекеті жолдары байланыстырыла шешілетін оқу іс-әрекеті міндеттерін бейнелейді. Демек, оқыту әдістері -- оқыту міндеттерін, яғни дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалімдер мен окушылардың біріккен іс-әрекеті жолдары болып табылады. Сонымен бірге дидактикада оқыту тәсілдері ұғымы кеңінен қолданылады. Тәсіл -- әдіс элементі, оның кұрамды бөлігі, бір реттік әрекет. Оқыту үдерісінде әдістер мен тәсілдер әр түрлі құрамда қолданылуы мүмкін.
Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді.XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әртүрлі.
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді.
Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.
М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек айтсақ фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту әдісін түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды, фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді жаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін айтады), онда оқыту әдісі ақпараттық- хабарлау, немесе оны жай ғана хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес бірінші жағдайда оқушылар заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін тындайды және ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді. Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды). Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау, оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде орындаушылық деп атаймыз.
Сондықтан оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып табылады. Егерде оқушы мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда кітаппен жұмыс оқу әдісі болып табылады. Егер монологтық баяндау әдісі қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық әдісті қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді. Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз тумайды.
Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты.
Әңгіме - оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне үқсас" дейді. Сөз өнерінің айшықты болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу (ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Міржақып Дулатов Оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп берді. Ол "баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек", - дейді. Сөйтіп, оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-әрекеттерді талап етеді. "Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім өзі оқып, көрсету лайық", - дейді.
Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар:
:: әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
:: әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
:: ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;
:: әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
:: әңгіменің әсерлілігі;
:: тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
:: мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.
Түсіндіру - жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді.
Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Химиялық, физикалық, математикалық есептерді шығарғанда теоремаларды оқығанда, табиғат және қоғам құбылыстарының түбірлі себептерін және салдарын ашу кезінде түсіндіру әдісі жиі қолданылады. Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
:: сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;
:: себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
:: салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
:: жүйелілік.
Түсіндіру - оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.
Әңгімелесу - оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді қалыптастыру (сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады.
Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады.
Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады.
Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі - оқушымен әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге болады, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
:: ес пен тілді дамытуы;
:: оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
:: оқушылардың білімінің белгілі болуы;
:: жақсы диагностикалық құрап;
:: үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
:: уақыттың көп кетуі;
:: қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.
Оқу пікірталасы негізгі мектептің жоғары сыныптарында, ішінара, орта мектептің бастауыш сыныптарында қолданылады.Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді, мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді.
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс - оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Одан әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді.
Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар:
:: конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;
:: мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Галоген топшасындағы әлементтер
Хлорлау реакторында жүретін парафинді көмірсутектерді сұйық фазада хлорлау процесі қондырғысының реакторлық блогының технологиялық есептелуі
Химия пәнінен дәрістердің қысқаша конспектісі
Галогендердің сутекті қосылыстары
Жемістер мен жидектерден жасалған алкогольсіз сусындар
VII топтың негізгі топшасы элементтері. Галогендер
Тұз қышқылының тұздары
Су дайындау технологиясында табиғи суды зарарсыздандыру әдістерін зерттеу
Жаңа педагогикалық технологиялар. Галоген топшасын модульді блокпен оқыту
Судың радиоактивтік ластануы
Пәндер