Қылмыстық заң: түсінігі, белгілері және құрылымы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Д. А Қонаев атындағы Заң академиясы

СӨЖ

Тақырыбы; «Қылмыстық заңның түсінігі, белгілері және құрылымы»

Орындаған; Қондыбаев Абылай

Тексерген; Гүлдана Амангелдіқызы

Тобы; ҚТ-19-ҚБ-04

Алматы 2020

Жоспар:

  1. Қылмыстық заңның түсінігі;
  2. Қылмыстық заңның белгілері;
  3. Қылмыстық заңның құрылымы;
  4. Қылмыстық заңның міндеттері;

Қылмыстық заңның түсінігі

Қылмыстық заң - Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органы қабылдаған, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері мен жағдайын белгілейтін, қандай іс-әрекеттің адам, қоғам және мемлекет үшін қауіпті қылмыс екендігін және қандай жаза түрлерінің және қылмыстық құқықтық сипаттағы өзге шарттардың болатындығын анықтайтын нормативтік құқықтық акт.

Қылмыстық заңның белгілері

  1. Қылмыстық заңды Конституцияда қатаң регламенттелген процедура бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің жоғарғы органдары қабылдайды.
  2. Қылмыстық заңда Конституциядан және Конституциялық заңдардан кейінгі жоғарғы заңдық күш болады.

Жоғары заңдық күш көрініс табады:

  • бір де бір орган (Конституцияда көрсетілгеннен басқа) заңды бұзуға және өзгертуге құқылы емес;
  • барлық басқа нормативтік актілер заңға қайшы келмеуі тиіс;
  • басқа нормативтік актілер заңға қайшы келген жағдайда заңға басымдылық беріледі;
  1. Қылмыстық заңның келесі белгісі- оның ''нормативтілігі''. Қылмыстық заңда құқық нормалары, яғни адамдардың ұқсас жағдайлардың анықталмаған санына есептелген, жалпыға міндетті мінез құлық ережелері мен субъектілерінің анықталмаған шеңбері бар.

Құқық нормалары құқықтық шығармашылық процессінде жасалады, ол мемлекеттік қызмет түрлерінің бірі болып табылады. Заңшығармашылық бастама құқығы Конституция бойынша ҚР Парламентінің депутаттарына және ҚР Үкіметіне берілген.

Қылмыстық заңның құрылымы

Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді. Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар оның бөліктерін де ескеру қажет. Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция.

1. ''Гипотеза'' қылмыстық заңда негізінен жалпы бөлімге қатысты. Яғни, құқық нормалары қолданатын гипотезаны, қылмыстық заңда жалпы бөлім баптары іске асырады. Мысалы, белгілі бір адам занда көрсетілген жасқа толып, қылмысты қасақана немесе абайсыздықпен жасаса және қылмыс жасаған сәтінде жауаптылыққа қабілетті болып танылса, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

2. ''Диспозиция'' - нақты қылмыстық қол сұғушылықтың белгілеріне сипаттама береді. Диспозиция өзінін құрылым ерекшеліктеріне байланысты жай, сипаттамалы, бланкеттік және сілтемелі болып негізгі төрт түрге бөлінеді:

3. ''Санкция'' - ерекше бөлім баптарында белгіленген жазаның түрі мен мөлшерін анықтайды. Қылмыстық заңның баптарында санкцияның екі түрі қолданылады: салыстырмалы-айқындалған (относительно-определенные) және балама (альтернативные) .

Қылмыстық заңның міндеттері

Қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандақтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық-тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер:

Қазақстан энциклопедиясы 1959 жылы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік /Алматы-2001 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік /Алматы-2001 Aғыбаев А. Н. /Қылмыстық құқық, жалпы бөлім/ Алматы - 2001 ж. Звечаровский И. Э. // Уголовная ответственность. Москва - 1995 г. Наумов А. В. // Қылмыстық құқығы/ Астана - 2001 ж. Звечаровский И. Э. // Уголовная ответственность. Москва - 1995 г. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы - 2001ж Лейкина Н. С. // Личность преступника и уголоная ответственность М. 1995 г Наумов А. В. //Осы заманғы қылмыстық құқықтың негізгі тұжырымдамалары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық заң: түсінігі, құрылымы және қолданылуы (Қазақстан Республикасының тәжірибесі)
Қылмыстық заң нормаларының бәсекелестігі: түсінігі мен түрлері
Қылмыстық құқықтың түсінігі, түрлері, белгілері және қылмыстық жауапкершіліктің негіздері
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің түсінігі мен белгілері
Қылмыстық жаза: түсінігі, белгілері, мақсаттары мен жүйесі
Қылмыстың түсінігі, белгілері және жіктелуі: қылмыстық құқық тұрғысынан
Қылмыстың түсінігі мен негізгі белгілері: қылмыстық құқықтық талдау
Қылмыстық заң: жүйесі, құрылымы және қолданудың құқықтық аспектілері
Қылмыстың объективтік жағы: түсінігі, белгілері және қылмыстық-құқықтық маңызы
Қылмыстық заңның түсінігі, белгілері және сот-тергеу тәжірибесінде қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz