Қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жеке оқушымен жұмыс түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






ЖОСПАР

КІРІСПЕ

3
I.
Қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жеке оқушымен жұмыс түрлері
4

1.1

Қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жеке оқушымен жұмыс түрлерінің теориялық негізі

4

1.2

Қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жеке оқушымен жұмыс түрлерінің практикалық маңыздылығы

14

1.3

Қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жеке оқушымен жұмыс түрлерін практикалық сараптама тұрғысынан тексеру нәтижелері

20

Қорытынды

24

Пайдаланылған әдебиеттер

25

Кіріспе

Курстық жұмыстық өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғашқы рет Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамытусияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады.
Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, талантты бала деп баланың, ата - ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.
Жеке оқушымен жұмыстағы мақсат - оның тұлғалық дамуына педагогикалық тұрғыдан жағдай жасауды, оның жеке басының жан-жақты қалыптасуын және күш-жігерінің артуын қамтамасыз ету. Соған орай, оқушымен жеке жұмыстың мәні- оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілуі мен өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуін тәрбиелеу. Оның нәтижесіне қол жеткізу, соған орай ұйымдастырылған тәрбие жұмысының әртүрлі формалары немесе әдістерін таңдауға ғана байланысты болмайды, керісінше оған оның өзін қатыстырумен жемісті болмақ. Шындығында, мұндай көзқарас оқушылардың мектеп жағдайындағы өмірінде жиі болып тұрмайды. Керісінше, оқушымен жеке жұмыс барысында мұғалімдерден оған қатысты асқан сезімділікті, кішіпейілділікті, қайырымдылықты, ықыластылықты, зер салуды және қамқорлық жасауды қажет етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жеке оқушымен жұмыс түрлеріне тоқталу, маңыздылығына түсінік беру.
Курстық жұмыстың міндеті:
Қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жеке оқушымен жұмыс түрлерінің теориялық негізін анықтау;
Қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жеке оқушымен жұмыс түрлерінің практикалық маңыздылығын негіздеу;
Қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жеке оқушымен жұмыс түрлерін практикалық сараптама тұрғысынан тексеру нәтижелерін анықтау;

І. Қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жеке оқушымен жұмыс түрлері

1.1 Жеке оқушымен қазақ тілі сабағындағы жүргізілетін жұмыс

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту. Сонау қилы заманнан азаттық күрес үшін бас көтеріп, тәуелсіз ел, қабырғалы халық, бүкіл жұрт санасар ұлт ретінде танылып, ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алды. Солай десек те, мемлекеттік тіл деп дәріптеп отырған ана тіліміздің қолдану-деңгейі, мәртебесі дәл бүгінгі күні бізді қанағаттандыра алмайды. Билік басындағы қазақтың талай оқыған азаматтары өздерінің қасиетті шаңырағында қазақша сөйлеуді парызымыз деп санамайды. Қазақ тілін ардақтау, қастерлеу қазақ халқының өз қолында.
Қазір қазақстандағы білім беру саласының алдында оқыту және тәрбие жұмысын жетілдіру, жандандыра түсу міндеті тұр. Анығында, бұл талап қай уақытта да болмасын күн тәртібінен түскен емес. Ал, аталмыш мәселені шешу педагогика ғылымының алдына қойып отырған мақсатының бірі -- оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретудің түрлі әдістемелік жолдарын табу. Сол арқылы жаңа білімді игеріп, оны болашақ өңірде қолдануға жағдай жасау.
Көп жылғы тәжірибенің нәтижесінде өздік жұмыстар арқылы оқыту шәкірттерге білімді саналы да терең меңгерудің, әр сабақтың сапасын арттыру тиімді жолы екендігі дәлелденіп келеді. Оқушылардың өздік жұмысы -- арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс. Оқушы тапсырмада қойылған мәселеге, ақыл-ой мен күш-жігерін саналы түрде жұмсай отырып шешеді, әр өз жұмысының нәтижесін көрсетеді.
Оқыту процесінде жүргізілетін өздік жұмыстың мазмұны мына талаптарға сай болуы шарт:
тапсырма мазмұны сынып оқушыларының жас және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жасалуы керек;
оқушының бұған дейін алған біліміне сәйкес құрылуы тиіс; тапсырма түсінікті, мазмұны қызықты болуы қажет; орындау тәртібі мен тапсырма мазмұны бірте-бірте күрделене түседі.
Қазақ тілі сабағында жеке оқушымен жүргізілетін тапсырмалар төмендегідей мақсаттарға байланысты жүргізуге болады.
оқушылардың өздігінен білімінен толтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алу;
оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылану;
берілген білімді пысықтау;
оқушының білімін тексеру, бақылау;
шығармашылық қабілетін арттыру;
сөздік қорын байыту, тіл дамыту.
Білімді меңгеру -- тек қана оқу материалын, ережелерді, заңдылықтарды, грамматикалық ұғымдарды есте сақтау арқылы емес, оны оқушылардың өзі логикалық талдау жасай отырып, орынды пайдалана білу арқылы жүзеге асырады. Қазақ тілі сабағында оқушыларға өздігінен орындалуына берілетін жұмыстар ойлау қабілетін арттыруға, берілген тапсырмалар бойынша өз бетімен шешім қабылдаануға талпындыратындай болуы тиіс.
Тәжірибеден барысында, оқушылардың жұмыстарының деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асыру оңтайлы нәтиже беріп жүргенің байқадым. Деңгейлік тапсырмалар жалпыға бірдей міндетті стандарт білімді негізге ала отырып құрастырылады.
Академик В. П. Беспалко оқушылардың оқу материалын меңгеру төрт-деңгейге бөліп қарастырады.
1-деңгей -- оқулық деңгей.
Мұнда оқушыға аса ойлануды қажет етпей, тез жауап бере алатын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі, яғни оқулықта бар мәселелер қамтылуы керек.
Қазақ тілі сабағында бұл-деңгейге лингвистикалық ережелер, анықтамалар, оқушы жадында қалу үшін берілетін тапсырмалар, сөйлем ішінен көрнекті грамматикалық көрсеткіштерді тану, мысал келтіре алу т.б. сияқты тапсырмалар мен сұрақтарды жатқызуға болады.
2-деңгей -- алгоритмдік-деңгей.
Бұл-деңгейде берілетін тапсырмалардың мақсаты айқын болып, ал ол мақсатқа жету үшін тапсырмалардың орындалу жолдарын табу оқушыдан талап етіледі.
Оқушы бұл кезде мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған, ақпаратты пайдаланады. Мысалы: таблица толтыру, схема сызу, т.б.
3-деңгей -- эвристикалық деңгей.
Мұндағы тапсырмалар оқушыдан ізденуді қажет етеді. Оқушы бұрын алған білімінің негізінде және қосымшаәдебиеттердің көмегімен тапсырманы ой еңбегін іске қосу арқылы шеше алады.
4-деңгей -- шығармашылық деңгей.
Мұнда әр оқушы өзіндік шығармашылық жұмыспен айналысады.
Қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмыстарымен -- шығарма, әңгіме, ертегі құрастырып жазу, белгілі бір тілдік ұғымға байланысты реферат жазу, бір-бірінің шығармашылық жұмысына рецензия жазу сияқты тапсырмаларды жүргізу болады.
Адамның белгілі бір өмірлік қажеттіліктерін дұрыс қанағаттандыра отырып онда өзін-өзі дамытуға қажеттілікті тудыруға болады. (А.Маслоу. 1976.)
Осы бағдарлама бойынша жұмыс істеу барысында менің өзімде-де, оқушыларымда да өзгерістер пайда болғанын байқадым. Ол мені қуантады, көптеген оқушыларды қайта тани бастадым.
Қазіргі заманда оқушының білімін, өздік жұмысын тексеруде тест қолданылуда. Тест, ағылшын тілінен аударғанда байқау деген ұғымды білдіреді. Тест әдісі уақытты үнемдейді, әрбір тарауды немесе бір тоқсандағы, болмаса бір жартыжылдықта алған білімі сарапталады, әрі оқушықызығушылығы мен белсенділігін көтереді. Қазақ тілі пәнін үйретуде ұстазға қойылатын талаптардың ең бастылары тек қана ауызекі еркін сөйлесе, жаза білу дағдыларын меңгерту ғана емес, халқымыздың бай мәдени, әдеби, тарихи мұрасын, тәрбиелік мәнін жеткізіп, егеменді еліміздің жерін, салтын сүйетін болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
Қазақ тілі сабағында өздік жұмыстың түрлерін қолданудың тиімділігі. Қазіргі заман талабына сай әрбір ұстаз отан сүйгіш, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті, жан-жақты жетілген ұрпақ даярлауға міндетті. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін әрбір ұстаз оқушыларды шығармашылық жұмыс істеуге баулуы керек. Негізінен шығармашылықпен жұмыс жүргізу өзіндік жұмысты сабақ үрдісінде тиімді қолдануына байланысты жүзеге асып отырады. Өздік жұмыстар тест жұмыстары, жаттығу жұмыстары, үлестірмелі парақтар, конспект, тезис, жоспар құру, тірек сызбалар т.б. түрінде жүреді. Өздік жұмысы оқушының ойлау қабілеті, шығармашылық қабілеті, іскерлік дағдылары, еркін сөйлеу мәдениеті, сөздік қорының баюы, пәнге деген қызығушылығы артады.
Оқушымен жеке жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін қазақ тілі кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі - кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамассыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді.
Қазақ тілін оқыту мектепке сабақ және сабақтан тыс жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда балалардың қазақ тіліне деген ынтасын арттыруға, олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, қазақ тіліне деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі - оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.
Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.
Жеке жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған, сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар ұсынылады. Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып, сараптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары болуы қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.
Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.
Көрнекті қоғам қайраткерінің бірі Н.К. Крупская: Балаларды өздігінен жұмыс істеуге үйретудің төтенше қажет нәрсе екендігін, техниканың ғылымның алға басып өркендеуі, жаңадан пайда болған проблемаларды ойланып шеше білудің қажеттігі адамның өздігінен үйреніп, білімін толықтырып отыруын талап ететіндігін, жасөспірім ұрпағымызды өздігінен жұмыс істеуге үйрете білуіміз керектігін -- көрсеткен болатын.
Оқушылармен жеке жұмысты ұйымдастырудың басты формасы - жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:
Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.
Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.
Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырғанда мына ережені есте ұстау керек:
Орындалатын жұмыстың мазмұны бағдарламадағы талапқа сәйкес болуы;
Өздік жұмыс оқушының ойлау қабілетін дамытуы;
Өздік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы;
Әрбір өздік жұмыс тексеріліп, бағаланып отырылуы керек.
Өздік жұмысты сабақтың төменгі кезеңдерінде қолдануға болады:
жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде;
сабақты қайталау кезеңінде;
сабақты бекіту кезеңінде;
Сабақтың тақырыбына, мазмұнына қарай бір сабақта өздік жұмыстың бірнеше түрін қолдануға болады. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда оқушылардың деңгейін ескере отырып, жекелей саралап оқыту әдісін қолданған дұрыс.
Өздік жұмыс- оқушының білім, білікті меңгеруі, оларды қолдану тәсілдерін игеруі үшін мұғалімнің қатысуынсыз ұйымдастырылатын іс-әрекеті.
Сабақта өздік жұмыс оқу және бақылау қызметін атқарады, сондықтан осы жұмыс түрін сабақтың әр кезеңінде, әсіресе бекіту, қорыту кезеңінде қолданған тиімді. Оқушыларда оқу, оқығаны мен түсінуде қиындықтар кездеспесе, өздік жұмысты жаңа тақырыпты меңгеру кезеңінде де нәтижелі қолдануға болады. Бұл жағдайда оқушылардың танымдық қабілеттері, өзіндік білім алу дағдылары арта түседі. Өздік жұмыстың мөлшері нақты белгіленбеген, тек мұғалім өз шеберлігіне байланысты қолданады. Ж.Ж.Руссо айтқандай: Ұстаздық ету-оқушының сезімін аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Осындай өз ісіңе деген шеберліктің арқасында жан-жақты шығармашылық жұмыс және пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып білім сапасын көтереміз. Оқу пәнін игертуде өзіндік жұмыстың атқаратын қызметінің маңызы зор. Қазіргі жағдайда оның мәні даму тенденциясымен байланысты. Жоғары білікті мамандарға қойылатын талаптардың қатарында толассыз ақпараттар ағынында өз бетімен бағдарлай білуге, ұдайы кәсіби біліктілікті жоғарылатуға және өзін-өзі жетілдіруге маңызды орын беріледі.
Оқушылардың өзіндік жұмысы-сабақ кезінде және сабақтан тыс арнайы бөлінген уақытта оқытушының жетекшілігімен және кейде қатысуымен орындалатын оқушылардың жекелеген және ұжымдық іс-әрекетінің әрқилы түрлері. Бұл-оқытудың ерекше түрі, оны орындау үшін белсенді ойлау әрекеті қажет.
Өзіндік жұмыстың стратегиялық мақсаттары Мемлекеттік білім беру стандартында айқындалған, ал бұл мақсаттардың нақтылануы болашақ мамандыққа кіріспе, кәсіби теориялар мен жүйелер, кәсіби технологияларды сипаттайтын курстар бойынша кезеңді түрде жүзеге асырылады.

Оқушылардың өзіндік жұмысының әдіснамалық негізін іс-әрекет құрайды, бұл ретте оқытудың мақсаты оқушылардың типтік және типтік емес мәселелерді шешу дағдысын қалыптастыруға бағытталады, яғни шынайы жағдайларда олар нақты пән туралы білімін көрсетуі қажет. Оқушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету дегеніміз - өзіндік жұмыстардың түрлері мен тақырыптарының тізімін жасау, олардың әрқайсысының мақсаттары мен міндеттерін сипаттау, әзірлемелер мен әдістемелік нұсқаулар дайындау, оқу, анықтамалық, әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді таңдау.
Оқытудың қазіргі кезеңінде студенттердің өзіндік жұмысы мамандар дайындаудың негізгі факторларының санының азаюымен, ғылыми-техникалық және қоғамдық-саяси ақпараттардың қарқынды көбеюімен байланысты оқу материалының дидактикалық көлемінің ұлғаюынан туындап отыр. Студенттердің өзіндік жұмыстарының жан-жақтылығына қарап олардың көп уақыты ғылыми әдебиеттерден білім алуға жұмсалатынын байқаймыз, сондықтан өзіндік жұмыс дағдысын қалыптастырудың даму дәрежесін мынадай өлшемдер арқылы қарастырамыз: ақпарат қайнарымен жұмыс жасау дағдысы, алынған ақпараттарды жинақтау, қолдану, оқу-танымдық және шығармашылық әрекетке өзін-өзі ұйымдастыру.
Өзіндік жұмыс жеке тұлғаның өз бетімен жұмыс жасауын және белсенділігін қалыптастыру, оның репродуктивті және шығармашылық қабілеттерін дамыту әдісі болуы керек. Оқыту үрдісінде студенттің әрекеті өзінің потенциалын өзі көрсетуіне, өз мүмкіндіктерінің шыңына жетуіне бағытталу керек, бұған дайындаудың әр деңгейінде өз бетімен жасаудың әртүрлі функциялардың басым түсуі арқылы өзіндік жұмыстарға бөлінетін сағат санының біртіндеп көтерілуінің жүйесін ойластыру арқылы қол жеткізуге болады.
Білім сапасын анықтауда тест-қазіргі заман талабына сай бақылаудың жаңаша түрі. Тест дегеніміз-сынақ, тәжірибе, тексеру. Ал тестік тапсырма дегеніміз-стандарттық білім беру негізіндегі берілетін тапсырмалар жүйесі. Қазіргі уақытта мынадай тесттің негізгі түрлерін қолдануға болады.

Оның негізгі мақсаттары:
-білім алушылардың іскерлік қабілеттерін, ой-өрісін дамытуды көздеу;
-олардың алған білімдерін қорытындылау, саралау;
-білім беруде бағдарлама сапасын, оқыту мақсатын зерттеу;
-бақылау барысында кемшіліктерді анықтап, оларды жоюға жол іздеу;
-өтілген тақырып бойынша қайталау, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
-студенттердің білімін саралай отырып, жетістіктерін салыстыру;
-тесттік тапсырма аз уақыт аралығында білім сапасын анықтауға және оқу процесінің уақыт үнемдеуде өте қолайлы;
-студенттердің арасынан дарынды, білімдерін анықтап, оларға қосымша тапсырмалар беріп, шығармашылық деңгейге көтеру; т.б.
Тестік бақылау а) дербес және топтық түрде өтеді. Оларды бақылау а)ауызша және жазбаша,ә) құжаттық (арнайы стандартты құжаттарды толықтыру) және б) пәндік (сурет, сызба және т.б.), в) техникалық құралдар арқылы (магнитофон, видео) және компьютер арқылы орындалады.
Оған қойылатын негізгі шарттар:
Тест сұрақтары түсінікті, жауаптары қатесіз берілуі тиіс;
Тест тапсырмалары бір тақырып көлемінде бағдарламаға сәйкес жүргізілуі тиіс;
Тест тапсырмасын орындауға уақыт тест көлеміне, күрделілігіне сай берілуі тиіс;
Тест тапсырмаларында студенттердің жас ерекшелігі мен қызығушылығы қатаң ескерілуі қажет;
Тестік тапсырмалар мәтін мен сөйлемді толықтыруға, дұрыс немесе бұрыс жауабын табуға, топтау , интеграциялау (ұлғайту) негізінде құрылуы қажет.
Қазіргі заман талабына сай білім сапасын анықтауда, арттыруда тесттік тапсырмалардың маңызы ерекше.
Өзіндік жұмыс жеке тұлғаның өз бетімен жұмыс жасауын және белсенділігін қалыптастыру, оның репродуктивті және шығармашылық қабілеттерін дамыту әдісі болуы керек. Оқыту үрдісінде студенттің әрекеті өзінің потенциалын өзі көрсетуіне, өз мүмкіндіктерінің шыңына жетуіне бағытталу керек, бұған дайындаудың әр деңгейінде өз бетімен жасаудың әртүрлі функциялардың басым түсуі арқылы өзіндік жұмыстарға бөлінетін сағат санының біртіндеп көтерілуінің жүйесін ойластыру арқылы қол жеткізуге болады.

Анықтау тест

Р\н
Тапсырмалар
Жауаптары
1
Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табын анықта

2
Адамның көңіл күйін білдіретін, сөйлем мүшесі бола алмайтын сөз табын ата

3
Сөз және оның мағынасын зерттейтін саланы ата

Оқушымен жеке жұмыс жүргізу арқылы пәнге деген қызығушылықтары артады. Жаттығулардың түрлері өте көп, сол жаттығулардың түрлерін орындату арқылы білім сапасын жоғарлату қажет. Үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмалардың жеңіл түрлерін өткізуге болады. Оқушылардың үлгерім деңгейінің төмен немесе жоғары болуына мұғалімнің жауапкершілігі ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында тірек сызбалар арқылы оқыту
Тіл мәдениетінің мәселелері.
Ақпараттық технологияларды зерделеу
Әліппеден кейінгі кезең
Дарындылықтың қайнар көзі- мектеп
Диктант мәтінінің мазмұндылығы
Қазақ тілін оқытуда қолданылатын оқу-әдістмемелік кешендер
Бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру жолдары
Әдебиет сабақтарында дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен әдістемесі
Дидактика туралы түсінік
Пәндер