БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ . . . 6
1. 1. Шығармашылық туралы түсінік . . . 6
1. 2. Музыка сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігі . . . 11
2. ИМПРОВИЗАЦИЯ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ БАСПАЛДАҒЫ РЕТІНДЕ . . . . . . 18
2. 1. Импровизацияның мәні . . . 18
2. 2. Импровизация - мұғалім мен оқушының ұстанымы . . . 25
2. 3 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда импровизацияны қолдану әдістері мен формалары . . . 34
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 50
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі заманғы педагогика ғылымындағы өзекті мәселелерінің бірі - шығармашылық қабілеті жоғары, дүниетанымы кең, рухани бай жеке тұлға даярлау. Ұлттың баға жетпес қазынасы жан-жақты дамыған азамат болып есептеледі.
Әрбір оқушының жеке дара мінез-құлық ерекшеліктерін ескере отырып, оны шығармашылыққа бейімдеу - мектептегі білім беру жүйесімен тікелей байланысты. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасынан бастап-ақ: «Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталған» [1] - деп атап көрсетіліп келеді.
Жалпы білім беретін мекемеде оқушылар тек ғылымға, білімге ғана игеріліп қоймай, сонымен қатар шығармашылық тұлғасын жетілдіруге әрбір пән бағытталады. Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда әрбір пәннің, әрбір әдістеме мен тәсілдің өзіндік әсері бар. Соның ішінде қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды дамыған тұлға тәрбиелеуде, әсіресе, музыка сабағының үлкен маңызы бар. Музыка сабағы оқушының дүниетанымын, соның негізінде мәдениетін қалыптастыру құралы. Оның мәнісі мынада: музыка өнері әрбір адамның адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуіне, әсемдік әлеміне үйірсек болып қана қоймай, оны қорғауға және рухани деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды. Ал сол аталған музыка сабағының құрамдас бөлігі ретінде импровизация арқылы дамыту ерекше рөл атқарады. Себебі, импровизация деген түсініктің өзі «кенеттен», «тұтқиылдан» деген мағыналармен астасып жатыр. Яғни, көркем туындыны орындау барысында орындаушының аяқ астынан туындыға өз жанынан жаңалық қосып, оны орындауын әрі қарай жалғастырып әкетуі. Бұл терминді байырғы қазақ ұғымындағы суырып салмалық қасиетімен ұштастырсақ болады. Кез келген жағдайда осы қасиетімен дараланып алға шығатын оқушының шығармашылық белсенділігі қалайша дамымаған деп айта аламыз? Қазіргі жағдайда мектеп тәжірибесінде кіші жастағы, яғни бастауыш сынып оқушыларына музыка өнерінің сипатына дұрыс мән берілмей отыр десек те болады. Мұғалімдер көбінесе оқушылардың техникалық, тар кәсіби дағдыларын дамытуды көздейді.
Ал қазіргі қоғамда тар ұғымдағы әрекеттер емес, оқушының да, оқытушының да жоғарыда айтқан, суырып салмалық қасиеті ерекше назар аударарлық болып тұр.
Дипломдық жұмыстың мaқсaты мен міндеті. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін импровизация арқылы дамытып, оның ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау, әрі тұтас педагогикалық процеске енгізу - жұмыстың басты мақсатына алынды. Осыған сәйкес төмендегі көрсетілген негізгі міндеттер алға қойылды:
- Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық сипаттама беру.
- Шығармашылық ұғымының мәнін талдау.
- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамытудағы мұғалімнің рөлін негіздеу.
- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамытудағы импровизацияның алатын орнын айқындау.
- Тақырыпқа сәйкес әдістемелік ұсыныстар, оның тиімділігін тәжірибелік-экспериментте дәлелдеп, ғылыми-әдістемелік нұсқаулар беру.
Тaқырыптың зерттелу деңгейі. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті, белсенділігін дамыту туралы зерттеулер жүргізілгенімен, нақты импровизация арқылы дамыту туралы деректер аз. Орыс ғалымдары мен зерттеушілерінің жеке-дара ғылыми мақалалары мен жобалары жарық көрген, бірақ үлкен көлемдегі еңбектер жоқ.
Дипломдық жұмыстың жaңaлығы.
- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың тұжырымдамасы жасалды.
- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамытудағы мұғалімнің рөлі негізделді.
- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамытудағы импровизацияның алатын орны айқындалды.
- Тақырыпқа сәйкес ғылыми-әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар жасалды.
Дипломдық жұмыстың деректік көздері. Зерттеу жұмысымның тақырыбына сәйкес Жұмабаев М., Выготский Л. С., Құлманова Ш. Б, Харькин В. Н., Ружин Б. М, Ригина Г., Берикханова Л. Ю., Асафьев Б. сынды ғалымдардың еңбектері негізгі материал ретінде алынды.
Дипломдық жұмыстың әдісі.
- теориялық (ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау, жинақтау, қорытындылау, салыстыру, нақтылау, нәтижелерді жобалау) ;
- эмпирикалық (сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бақылау) ;
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі негізгі бөлімнен және қорытындыдaн тұрaды. Жұмыстың соңындa пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімі көрсетілген.
- БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ туралы түсінік
Шығармашылық дегеніміз - жаңа әлеуметтік маңызы бар материалдық және рухани құндылықтарды қалыптастыру процесі. Шығармашылықтың басты құпиясы - түсіну, ашылу [2; 14] . Яғни, адамның, жеке тұлғаның өзін-өзі тануына ұмтылысы. Өзін-өзі танып, дамуға ұмтылған жерде шығармашылық бар.
Шығармашылықты тек қана талантты, не танымал адамдарға ғана тиелісі нәрсе деп қарастырамыз. Бұл қате түсінік. Себебі шығармашылық адам қиялынан туындап, жаңа дүниені жасауға қабілетті болған адамның бәрінде бар. Әлемдік психологияда әйгілі Л. С. Выготскийдің [3, 49] сөзімен айтсақ, шығармашылық айналамыздағы әдеттегі заттардың шеңберінен шығып, кішкене болса да жаңалығы бар адамның процесінен, әрекетінен туындайды. Осы мәселені зерттеген психологтардың бірі Я. С. Пономарев шығармашылықты даму ұғымымен қатар қояды. Себебі жаңалық адамның ойлауын жаңа, саналы деңгейге көтереді деп есептейді. Ал В. С. Ротенбергтің көзқарасындағы шығармашылық ізденістік белсенділіктің түрі болып табылады. Ізденістік белсенділік деп тұрғаны - субъекті өзін не ситуацияны өзгертуге бағытталған белсенділігі. Шығармашылықты мәдени белсенділік, өзін-өзі жетілдіру мен дамытуы, адамның әлеуметтік іс-әрекеті арқылы жүзеге асуы деп анықтайтын ғалымдар да бар. Зерттеушілердің енді бірі шығармашылықты бір жағынан қоғам дамуының бір түрі және оның әлеуметтік ортасы ретінде, ал екінші жағынан адамның әрекеті, жаңа рухани және материалдық құндылықтарды тудыруы ретінде қарастырады.
Педагогикалық әдебиеттерде шығармашылық - адамның өзіндік белсенді іс-әрекетінің жоғарғы формасы ретінде түсіндіріледі. Ол өзінің әлеуметтік маңыздылығы мен жаңашылдығы арқылы бағаланады. Қарапайым ғана мысал, қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктеріне айналған телефоннан бастап, компьютер, интернет, лазер сәулелері арқылы емдеу секілді толып жатқан жетістіктерге көптеген ізденуші адамның шығармашылық іс-әрекеттері арқылы қол жеткіздік. Сондықтан шығармашылық процесстің қарапайым білімдер жүйесінен ерекшелуімен, жаңаша көзқарас қалыптастыруымен, кез келген мәселені шешудегі тиімділігімен құнды болып табылады. Осы әрекетті үдеріске енгізген тұлға әрқашан еркін, өзін-өзі жан-жақты дамытуға дайын, бәсекелестікке қабілетті, құзіреттілігі жоғары адам болады. Шығармашылықпен айналысқан адамның тек ақыл-ойы ғана емес, оның бір істі аяғына дейін жеткізе алуы, табандылығы, болжам жасай отырып, өз күшіне сенімділігі сияқты қасиеттерінің маңыздылығы артып, жетіле түседі. Жоғарыда айтылғандай, шығармашылық адамның тұлғалық қасиетіне жататындықтан, оны әрбір адам жастайынан дамытқаны жөн.
Педагогика ғылымында шығармашылықты жан-жақты түсіндіреді. Мысалы, педагогикалық түсіндірме сөздігінде «шығармашылыққа» бірнеше анықтама таба аласыз. «Шығармашылық - бұрын-соңды болмаған, сапалы, жаңа қызмет түрі. Ол өзінің бірегейлігімен, қайталанбайтындығымен, шынайылығымен сипатталады» [4; 67] . Келесі анықтамада, шығармашылықтың нәтижесі емес, ондағы процеске, шығармашылықтың белсенділігіне көп көңіл бөледі. «Шығармашылық - білу мен таңқалдыруға бағытталған қабілет, стандартты емес жағдайларда шешімін таба алу, жаңаны ашуға назар аудару» деп анықтама береді [4; 67] .
Шығармашылық - бұл жаңа әрі түпнұсқа өнімнің адам санасына бағытталған күрделі психологиялық процесі. Шығармашылық әлеуметтік мәні, өзіндік ерекшелігі, жаңашылдығымен бағаланады. Шығармашылықта алдын-ала білім жинаудың қажеті жоқ. Адам санасымен пайда болған кез-келген маңызды ғылыми жаңалық - бұл ойлаудың нәтижесі.
Белгілі философ Ә. Нысанбаев адамның шығармашылық мүмкіндігін оятудың маңызының зор екенін көрсете келіп, негіщі үш түріне тоқталған. Біріншіден, еңбек шығармашылығы өндірістегі жекелеген қызмет түрлерін ғана емес, өндірістің барлық салаларын түгел қамтиды. Міндет әрбір жұмыс орнындағы адам шығармашылықпен еңбек етуге мүдделі болып, оған жауапкершілікпен қарауы керек. Екіншіден, жұмысқа барлық уақытта да еңбекке қанағаттану сезіміне байланысты қарау. Өзінің мамандығына көңілі толған адамның еңбегі де сапалы болады. Үшіншіден, шығармашылықпен еңбек етудің басты көрсеткіштері өнертапқыштық болып саналады. Шын мәнінде, өзіне сеніп тапсырылған техниканың еңбек операцияларын, өндіріс технологиясын ұдайы жетілдіріп отыру ісіне барынша ат салыспау мүмкін емес.
В. И. Андреевтің [5; 427] пікірінше, шығармашылық - бұл адам қызметінің бір түрі. Ол қызмет қарама-қайшылықты, яғни объективті (әлеуметтік, материалдық) және субъективті тұлғалық жағдайлардағы (білім, білік, шығармашылық қабілеттер) шығармашылық мәселені шешуге бағытталған адам қызметі. Оның нәтижесі, әрине, жаңалық болып табылады. Ал ол өзіндік жеке әлеуметтік маңыздылығымен, прогрессивтілігімен сипатталады, анықталады.
Берілген анықтамалар мен зерттеулерге қарап, біз шығармашылықты мынадай белгілермен сипаттаймыз:
• шығармашылық - жеке тұлғаның интегративті сапасы;
• шығармашылық шындықты білуге және қайта құруға қатысты іс-әрекетте көрініс табады;
• шығармашылық өзіндік өнімі болады;
• шығармашылық қабілетті адамның бәріне тән.
Шығармашылыққа қатысты осы аталған тізбектің соңғысы толығырақ қарастыруды және талдауды қажет етеді. Сонымен, қабілет дегеніміз не?
«Қабілет» термині ұзақ әрі кең қолданылуына қарамастан, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде екі жақты анықталып, сипатталады. Жалпылама алғанда, қабілет - бұл білім не дағдылармен шектелмейді, бірақ оларды тез игеруді, бір жүйеде шоғырландыруды және тәжірибеде тиімді қолдануды қамтамасыз етеді. Ал екінші қырынан қабілет дегеніміз - бір адамды екінші адамнан ажырататын жеке психологиялық ерекшелік болып табылады.
Шығармашылық қабілеттің бірі әрі бірегейі - музыкалық қабілет. Музыкалық қабілет кез-келген музыкалық әрекеттің болуы үшін қажет. Б. М. Тепловтың [6; 35] пікірінше, музыка пәні мұғалімі үшін мектеп оқушыларының ең басты музыкалық қабілеттері: жақсы сезім, музыкалық-есту мүшелерімен еркін жұмыс істеуі, ритмикалық қабілет және тұтас сезімді сезіне алу керектігін айтады.
Мектептегі музыка пәні бағдарламасы мұғалімдерге алдына келген оқушыларды рухани мәдениеттің бір бөлігі болып табылатын музыкалық мәдениетке тәрбиелеуді мақсат етеді. Музыка - өнер. Өнер бар жерде шығармашылық бар. Бұл кездейсоқ не жәй ғана айтыла салған көзқарас емес.
Шығармашылық қабілеттер дегеніміз - жеке адамға нақты позитивті іс-әрекет процесінде, біріншіден, оның білімі, дағдылары мен жаңа, шешілмеген мәселені шешу қажеттілігі арасындағы қайшылықты жеңуге мүмкіндік беретін жеке қасиеттер жиынтығы. Екіншіден, адамның жеке басының дамуына, оның зиялылығына, мәдениетіне қолайлы нәрсе жасау [7; 53] . Осы тұста шығармашылық іс-әрекет деп жеке тұлғаның шығармашылығында нәтиже туғызуға бағытталған әрекетті айтамыз.
Зерттеушілердің сөзіне сүйенсек, шығармашылықтың нәтижелі болуында адамның сезімі де өте зор әсер етеді. Себебі, бір мәселені зерттеу барысында шабыттың сілкінісі арқылы шығармашылықтың шыңына жетуге болады. Орыс ғалымы В. И. Павлов: «Ғылымға адамның бүкіл өмірі сарп етілуі керек екенін ұмытпаңыздар. Ғылым үшін екі есе өмір сүрсек те аздық етеді. Іс жүзінде, ізденіс үстінде ынтық сезімдеріңіз суымасын» [8] - дейді. Яғни, зерттеушілік әрекетте мақсатқа жетелейтін күш - қиялға толы құлшыныстар екен. Эмоциялық және еріктік сфералар шығармашылықпен тікелей байланысты. Сезім - шығармашылық белсенділіктің қайнар көзі. Соған сәйкес, адамға физикалық күш салу оңай, ал ақыл-ойы жағынан өзін барынша күштеу қиынға соғады. Қарапайым мысал, біз өзімізді жұмысқа мәжбүр ете аламыз, ал үнемі шығармашылыққа жұмыс істеуге мәжбүр ете алмаймыз. Қиялымыз жұмыс істеу үшін өте көп күш жұмсау қажет. Шығармашыл адам ақыл-ой бойынша күшпен жұмыс істейді. Қандай да бір нәрсеге шығармашылық белсенділіктің жоғарылауы шығармашылықтың негізі болып саналады. Шығармашылық белсенділікті арттыру құралына қиялды белсендіру тактикасы жатады.
Шығармашылық әрекетті, процесті жалпылама ала отырып, оның сатыларын атап өткен жөн. Алдымен, бірінші саты - шығармашылық актіде жүзеге асыратын идеялардың пайда болуы. Екінші саты - сол мәселеге тікелей қатысты білімдердің шоғырлануы, жеткіліксіз болған мәліметтерді табу. Үшінші саты - материалдармен саналы және бейсаналы тұрғыда жұмыс істеу, біріктіріп, ретке келтіру, басқа да жолдарын қарастыру. Төртінші саты - толықтырулар енгізу, тексеру.
Бүгінде шығармашылық психология, философия, өнертану, педагогика және тағы да басқа көптеген ғылымдардың зерттеу нысаны болып табылады. Осыған сәйкес, шығармашылықтың көркем шығармашылық, ғылыми шығармашылық, өндірістік-техникалық шығармашылық сында көптеген түрлерін топтастырсақ болады. Ал бұл түрлердің өзара айырмашылықтарын былайша түсіндіріп көрейік. Мәселен, суретшінің шығармасы - оның салған керемет суреті болса, композиторда оның шығарған әсем әуені, ақында - өлеңі. Ал педагогикалық шығармашылықтың туындысы - үздіксіз дамып, өзгеру үстінде болатын шәкіртінің тұлғасы.
Шығармашылық іс-әрекетін дамыту арқылы оқушы бойынан мынадай қасиеттерді қалыптастыруға болады:
- Бір-біріне достық, жолдастық қарым-қатынасы артады;
- Біріне-бірі қол ұшын беру, көмектесу;
- Өз білімін жолдастарының білімімен саралап, бағалай біледі;
- Жаңа тақырыпты түсіну барысында өздігінен жаңа әдебиеттермен жұмыс жасай алады;
- Өз бетінше жұмыс істеуі арқылы, оның мінез-құлқы реттеліп, тиянақтылықты, жауапкершілікті сезінеді.
Бүгінгі таңда əрбір пəннің оқытылуы баланы жан-жақты дамытуды көздейді. Оған қоса бала бойындағы шығармашылық қабілетін дамытып, оның дербестігіне, белсенділігіне дұрыс бағыт беру ескерілуде.
Білім берудегі мақсат - оқушыға тек белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, оған қоса оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мəнін дамыту.
Бүгінгі таңда балалардың өмірден өз орнын табуы үшін, бойындағы табиғи дарыны мен қабілетін аша түсуіне де көмектесудің қажеттілігі арта түсуде.
Өзін-өзі тану арқылы баланы жолдастары арасында өзін сыйлата біледі. Үнемі өзін-өзі жетілдіріп, басқадан үлгі алып, өз бетінше бір шешім шығара алуына, əр іске жауапкершілікпен қарауға тəрбиелейді.
Бірақ бұл жолда мұғалімге де жоғарыда айтқан үлкен шығармашылық пен ізденіс керек. Онсыз ұстаз бала жүрегіне жол таба алмайды.
ХІХ ғасыр - нағыз қайнаған бәсекенің ғасыры. Енжарлық, керітартпалық атаулы оқушы бойынан табылмауы тиіс. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында да көзделген шығармашылық қабілеті дамыған, жан-жақты тұлғаны даярлауда оқушыны шығармашылыққа деген құлшынысын арттырып, баурап кететін білім болуы қажет. Ал ол білімді оқушы бойына дарытатын ұстазға да көп жүк түсетінін белгілі.
Шығармашылық - ойлау қабілетінің ең жоғары қасиеті болып саналады.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келмейді, бәріне бірдей ондай қасиет берілмейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізінде қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда ғана кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылып жүр. Шығармашылыққа деген ынта баланың өз даралығын, қабілеттерін іске асыруға жол ашады.
Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болса да ашық, еркін айтады. Олар мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой-пікіріне қатты сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруі керек. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Мұғалімнің міндеті - оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
1. 2. Музыка сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігі
Шығармашылық - адамның бүкіл өмірінің негізі. Өнер, әсіресе, музыка жас ұрпақтың шығармашылық дамуының үлкен мүмкіндіктерін туғызады.
Музыка оның көңіл-күйіне, мінез-құлқына, талғамына, санасы мен ойлауына қатты әсер етеді. Музыка - ой-сана, сезімдердің, толғаныстардың шамшырағы. Адамның қуанышы, қайғысы, шаттығы мен уайымы - бәрі-бәрі музыканың мазмұнынан табылады. Сондықтан адамның музыкасыз өмір сүріп, өсуі, жетілуі мүмкін емес. Баланың шыр етіп дүниеге келген сәтінен-ақ құлағына анасының әлдиінің үні жетеді емес пе?! Ғалымдар мен ойшылдардың, музыканттардың назарын көптен аударып келген дүние - музыканың адамның ішкі жан дүниесіне әсер етуі, оның адамгершілік бейнесін қалыптастыруы.
Музыка - ең алдымен, өнер сабағы. Музыка - бұл кішкентай адамның эмоционалды түрде қабылдайтын әлемдегі алғашқы құбылысы. Бастауыш сынып жасындағы оқушы алғашқы сабақтардан бастап-ақ музыканы өзіне ұнайтын және ұнамайтын деп екіге бөле бастайды. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегінде: «Баланы өнермен терең таныстыру керек. Бала неше түрлі сұлу әуендерді естісін, неше түрлі сұлу түрлерді, түстерді көрсін, сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасын, сурет салып үйренсін. Ән салып, музыка құралдарын ойнап үйренсін» [9; 84] - деген еді. Музыкамен танысу баланы қызықты, қуанышты оқиғалар әлеміне жетелейді. Оның жасына қарай өмірдің эстетикалық дамуына жол ашады.
Шығармашылық адам дамуының алғашқы кезеңдерінде-ақ көріне бастайды. Дәл солай музыкалық қабілеттер, шығармашылық қабілеттердің бір түрі ретінде балаларда даму сатысының әртүрлі кезеңінде көрінеді.
«Жасқа байланысты ерекшеліктер - бұл адамның даму кезеңдерінің өзгеруі кезінде табиғи түрде өзгеретін жеке адамның, оның психикасының ерекше қасиеттері . . . Жасқа қатысты ерекшеліктер жеке тұлғаның танымы, эмоциосы, қабылдауы және басқа да сипаттамаларын қоса алғанда, әртүрлі қасиеттерінің белгілі бір жиынтығын құрайды. Жас ерекшеліктеріне қатысты өзгеретін әр түрлі жеке сипаттамаларға қарағанда, салыстырмалы түрдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларда адам психикасында пайда болатын өзгерістерді көрсетеді. Жас ерекшеліктері абсолютті және өзгермейтін сипатқа ие емес, оларға мәдени, тарихи, этникалық және әлеуметтік-экономикалық факторлар әсер етеді. Әсіресе, оқыту мен тәрбиелеу процесінде жас ерекшеліктерін ескеру маңызды »[4; 61] .
Мектеп өмірінің бастапқы кезеңі 6-7 жас пен 10-11 жас аралығында, яғни 1-4 сыныптар. Бастауыш мектеп жасында балалардың айтарлықтай даму резервтері болады. Бұл кезеңде баланың әлеуметтік статусы өзгереді, яғни оқушыға айналады. Бұл жаста оқу әрекетін меңгереді, рефлексия туындайды, өзін-өзі бақылауы ерекшеленеді, психикалық функциялары өзгеріске ұшырайды. Баланың мектеп жасына дейінгі негізгі әрекеті ойынға құрылған болса, ал бастауышқа қадам басқан соң оқу іс-әрекеті шешуші рөл атқарады. Ол осыған дейінгі ойын әрекетін оқу әрекетімен алып жүруге тиісті болады. Ойнап отырып жазады, оқиды, есеп шығарады, сурет салады. Осыған байланысты да бала психикасының дамуы өзгеріске ұшырайды. Оған қоса, жаңа орта, жаңа достары мен мұғалімімен қатынасқа түсуде де көмек қажет болады. Бастауыш мектептегі оқушының сабақтағы белсенділігі әр сабақта әртүрлі болатыны да сондықтан.
Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардағы ең күшті қажеттілік - қозғалыс. Бала бір сабақ бойы тып-тыныш отыра алмайды. Үзіліс кезінде бұл қажеттілік айқын көрінеді де. Сондықтан оқу ісін ұйымдастыру барысында бала қажеттілігін өтейтіндей, яғни қозғалысқа құрылған тапсырмаларды да ұсынған абзал.
Кіші мектеп жасында баланың шығармашыл іс-әрекетке деген ықыласының психологиялық негізі қаланады. Шығармашылық ойлауы дамып, әуесқойлығы артады, құбылыстарды бақылай отырып, оны талдайды, салыстырады, шешім қабылдайды, соның нәтижесінде белсенділік пайда болады. Осы сөзімізге дәлел ретінде бір мысал келтірейік. Бірінші сыныптың оқушысы көз алдында тұрған заттың, не іс-әрекеттің, оқиғаның тек сыртқы жағын ғана көреді. Ол өзіне берілген тапсырманы үлкен ниетпен орындауға тырысуы мүмкін. Бірақ оның қызығушылығы іс-әрекет, оқиғаның ішіне бойлауда емес, тек сыртында. Оқу процесінің алғашқы күнінен-ақ оқушыда мұғалім берген тапсырманы орындау, сабаққа қатысу, сабақтан қалмау, жақсы баға алу деген сияқты өте көп мақсаттар болады. Яғни, оқушы психкасының дамуында мұғалімнің орны ерекше.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz