Қылмыстық жауаптылықтан жəне жазалаудан босату



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тарих, археология және этнология мамандығы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:1. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздерін талдау; 2. қылмыстық және азаматтық іс жүргізудің қағидалары; 3. Қылмыстық және азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары: түсінігі, түрлері, белгілерін талдау; 4. Қылмыстық және азаматтық іс жүргізу процесіне қатысатын тұлғалар; 5. Қылмыстық және азаматтық іске прокурордың қатысуы; 6. Қылмыстық және азаматтық іс жүргізу актілері: түсінігі, маңызы, түрлерін талдау. 7. Қылмыстық және азаматтық процестің стадияларын анықтау; 8. Кінәсіздік презумпциясы. 9. Қылмыстық істер бойынша соттың үкімі (ақтау және айыптау үкімі); 10. Азаматтық істер бойынша соттың шешімдері.

Орынбаған:Фрунзеқұл Нұржан
Педагогикалық тарих
2-курс

Тексерген: Шуланбекова Гульмира Куралбековна

Алматы
2020 - жыл

1. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздерін талдау; 2. қылмыстық және азаматтық іс жүргізудің қағидалары; 3. Қылмыстық және азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары: түсінігі, түрлері, белгілерін талдау; 4. Қылмыстық және азаматтық іс жүргізу процесіне қатысатын тұлғалар; 5. Қылмыстық және азаматтық іске прокурордың қатысуы; 6. Қылмыстық және азаматтық іс жүргізу актілері: түсінігі, маңызы, түрлерін талдау. 7. Қылмыстық және азаматтық процестің стадияларын анықтау; 8. Кінәсіздік презумпциясы. 9. Қылмыстық істер бойынша соттың үкімі (ақтау және айыптау үкімі); 10. Азаматтық істер бойынша соттың шешімдері.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты. Қылмыстық іс жүргізу құқығы -- бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.
Қылмыстық процесс -- бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді (хабарларды) алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады, Қылмыстық процестің екі мақсаты бар:
тікелей -- әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс; әрбір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталмасын;
жалпы -- заңдылықты нығайту; қылмыстардың алдын алу және жою;азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу.
Қылмыстық процестің міндеттері мынадай: қылмыстарды тез арада және толықтай ашу; кінәлілерді табу; заңдарды дұрыс қолдану.

Қылмыстық іс жүргізу қағидалары қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидаларымен сәйкес келеді. Бұлар -- заңдылық, жариялылығы, судьялардың тәуелсіз болуы және олардың тек заңға бағынуы, азаматтардың заң және сот алдында тең дәрежеде болуы. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу құқығының төмендегідей негізгі қағидалары бар:
-- Қылмыстық процестегі жариялылық -- мемлекеттіліктің негізін белгілейді, оның мәні азаматтардың ісі емес, құқық қорғау органдарының маңызды және жауапты міндеті қоғам мен азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау болып табылатындығында. Мемлекет өзіне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қылмыс жасаған адамға зиян шегушінің (жәбірленушінің) өз еркімен немесе еркінен тыс жағдайда қылмыстық қудалауды қозғау міндетін жүктейді.
-- Іс мән-жайларының жан-жақтылығы, толықтығы объективтілік қағидасы. Сот, прокурор, тергеуші және жауап алуды жүргізуші адам істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін жауапкершілікті жеңілдететін және қылмысты әшкерелейтін мән- жайларын да анықтауға міндетті. Олардың дәлелдеу міндетін айыпталушыға жүктеуге құқықтары жоқ. Айыптаушылардан, іске қатысушы басқа адамдардан күш көрсету, қорқыту және өзге де заңсыз тәсілдер арқылы жауап алуға тыйым салынады.
Істің мән-жайын жан-жақты зерттеу, іс бойынша шығарылған барлық болжамдарды тексеруді, айыпталушыны (күдіктіні) әшкерелейтін немесе ақтайтын мән-жайды зерттеуді білдіреді. Зерттеудің толықтығы дәлелденуі тиіс, барлық мән-жайлар зерттеліп болғанда ғана істің толық қаралғандығын білдіреді. Дәлелдеудің объективтілігі іс жүргізуде тек бір тергеушінің (анықтау жүргізетін адам) ғана емес, сонымен бірге кез келген бақылаушы немесе қадағалаушы органның көзқарасына ғана сүйенбейтіндігін көздейді.
-- Айыпталушының қорғалу құқығын, қамтамасыз ету қағидасы. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап, адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы. Мемлекеттік органдар күдіктінің, айыптаушының жеке және мүліктік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
-- Кінәсіздік презумпциясы қағидасы. Презумпция дәлелдеуді талап етпейтін топшылама. Кінәсіздік презумпциясы адамның кінәсіздігі туралы топшылама. Қарапайым сөзбен айтқанда: Ұсталмаса ұры емес.
Кінәсіздік презумпциясы қағидасының негізгі идеялары:
Айыпталушы соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Адамды оның мойындауына негіздегі қана кінәлі деп тануға болмайды.
Айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына түсіндіріледі.
Ешкім өзіне-өзі қарсы айғақ беруге міндетті емес.
Сот төрелігін жүзеге асырған кезде заңды бұзып алған дәлелдемелерді қолдануға жол берілмейді.
-- Тараптардың бәсекелестік қағидасы. Тараптардың бәсекелестігі мынадай төрт ережені білдіреді:
дәлелдемелерді зерттеуді айыптау (мелекеттік айыптау, жәбірленуші, aзаматтық талапкер және оның өкілдері және қорғау (қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның әкілі) тараптары арқылы жүзеге асырады.
тараптардың құқықтары тең.
сот істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге қажетті барлық шартты жағдайларды жасай, процеске басшылық етеді.
-- Қылмыстық процестің жариялылығы. Барлық соттарда және сот төрелігін жүзеге асырудың кез келген тәртібінде істі қарау ашық түрде жүргізіледі. Істі жабық сот отырысында қарауға заңда қарастырылған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Соттың үкімдері барлық жағдайларда көпшілікке жария етіледі.
-- Сот төрелігін жүзеге асыруға қоғамның қатысуы. Тергеуші тергеуді жүзеге асырғанда, қылмысты ашуға және оны жасаған адамдарға іздеу салуға, сондай-ақ қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен шартты жағдайларды анықтауға және жоюға қоғамның көмегін кеңінен пайдалануы тиіс. Қылмыстық істер бойынша сотта іс қаралғанда қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдары өкілдерінің қатысуына жол беріледі.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығы -- бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін құқықтық нормалар жүйесі. Ол қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура жене соттың қызметін және үкімнің орындалуының іс жүргізу мәселелерін реттейді.
Мемлекеттің, жеке жəәне заңды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пəәні болып табылады.
Қылмыстық құқықтың субъектісіне қылмыс жасаған жеке тұлғалар мен мемлекеттің құзыретті органдары (тергеу, прокуратура, сот т.б.) жатады.
Қылмыстық құқықтық жүйесі жалпы жəәне ерекше сияқты екі бөлімнен тұрады. Қылмыстық құқықтың міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық тəәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. Қылмыстық заңнамалардың төмендегідей 3 міндетін атап көрсетуге болады: 1) қорғау; 2) алдын-алу (профилактика); 3) тəәрбиелік.
Қорғау - қылмыстық-құқықтық шараларды қолдана отырып қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау міндетті. Ол үшін қылмыстық заң қылмыстық əәрекеттердің шеңберін, түрін жəәне оған қолданылатын жазаның мөлшерін анықтайды.
Алдын - алу (профилактика) міндеті қылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың жолдарын қарастыру немесе қылмыс жасаған тұлғаның қайта қылмыс жасамауының алдын алу. Бұл мақсаттар əәр түрлі қылмыстық - құқықтық шаралар қолдану арқылы іске асырылады.
Тəәрбиелік міндетті қылмыстық құқықтың барлық институттары мен нормалары атқарады (жаза, қажетті қорғаныс, мəәжбүрлі қажеттілік т.б.).
Қылмыстық құқықтың қағидаттары деп мемлекеттің қылмыстық құқық саласындағы саясатының, қылмыспен күресудің іс жүзіндегі құралдарының мазмұнының негізіне қойылған тіректі мұраттар мен бастамаларды айтамыз.
Сондай қағидаттардың бірі заңдылық қағидаты. Оның мəәні қылмыстық əәрекет пен жаза тек қана қылмыстық заңмен анықталуы керек. ƏӘрекет не əәрекетсіздік қоғамға қанша қауіпті болса да, егер оларда қылмыстың құрамы болмаса тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке жасанды түрде тартуға болмайды.
Азаматтардың заң жəәне сот алдында теңдігі қағидаты. заң алдында бірдей.
Тек қылмыстық əәрекеті не əәрекетсіздігі үшін кінəәлі болған тұлғаны ғана қылмыстық жауапқа тарту қағидаты.
Негізгі қағидаттардың бірі əәділеттілік қағидаты. Оның мəәні соттар жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін, сотталушының жеке басының, оның қылмыс жасағанына дейінгі жəәне қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлығы ерекшеліктерін, қылмысты ауырлататын жəәне жеңілдететін жағдайларды, отбасы жағдайларын ескере отырып жаза тағайындаулары қажет.
Қылмыстық құқықтың тағы бір қағидаты ол ізгіліктік қағидат. Ізгілік адамды адам, кісі, тұлға ретінде тану, оның ар-ожданын, намысын, қадір-қасиетін, бақытқа, жақсылыққа, өркениетке ұмтылуын сыйлау, мойындау. Сондықтан, жаза тағайындау барысында ізгілік қағидатына сүйене отырып жасалған қылмысқа тиісті жазадан жұмсақтау жаза тағайындау.
Қылмыстық құқықтың деректік көздеріне əәр түрлі қылмыстық заңнамалар жатады. Солардың ішінде ерекше орын алатын қылмыстық заң. Қылмыстық заң жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының

нормативті актісі. Қазақстан Республикасында қылмыстық заңның ең маңыздысы 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған Қылмыстық кодекс.
2. Қылмыстық - құқықтық қатынастар
Қылмыстық іс - қимылдардың, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату, дəәрігерлік сипаттағы мəәжбүрлеу шараларын қолдану барысында қалыптасады. Жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті əәрекет (іс-əәрекет немесе əәрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыстың төмендегідей 4 белгісі бар: қоғамдық қауіптілігі, құқыққа қарама - қайшылығы, кінəәлілігі, қылмыстық жауаптылығы.
Кінəә. Адам соларға қатысты өз кінəәсі анықталған қоғамдық қауіпті əәрекеті (іс- əәрекет немесе əәрекетсіздік) жəәне пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Қасақана немесе абайсызда əәрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінəәлі деп танылады. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған əәрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады.
Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған əәрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-əәрекетінің (əәрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс жəәне болжап біле алатын бола тұра өз іс-əәрекетінің (əәрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайлықпен жасалған деп танылады.
Қылмыс секілді қоғамдық қауіпті əәрекеттің объективті жəәне субъективті
белгілерінің қылмыстық заңмен бекітілген жиынтығын қылмыстық құқықта қылмыстың
құрамы дейді. Қылмыс құрамының міндетті 4 бөлшегін көрсетеді: қылмыстың объектісі,
қылмыстың объективті жағы, қылмыстың субъектісі, қылмыстың субъективті жағы.
Бұлар өзара байланысты. Егер жасалған қылмыста қылмыс құрамының аталған
бөлшектерінің біреуі болмаса, онда қылмыс құрамы болмайды жəәне қылмыс жасаған
тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
1. Қылмыстың объектісі - қылмыскердің қиянат жасайтын жəәне де қылмыстық
заңдармен қорғалатын коғамдық қатынастар. Олар мыналар болуы мүмкін: саяси жəәне
экономикалық құрылымдар, меншік, адам жəәне оның құқықтары мен бостандықтары,
құқықтық тəәртіп, сот төрелігі, əәскери қызмет.
2. Қылмыстың объективтік жағы - ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі:
қылмыскердің қоғамға қауіпті əәрекеті немесе əәрекетсіздігі;
əәрекет пен əәрекетсіздік арқылы туындаған қоғамға қауіпті нəәтиже;
əәрекет пен əәрекетсіздік жəәне қоғамға қауіпті нəәтиже арасындағы себепті байланыс.
3. Қылмыстың субъектісі - ол қылмыс жасаған уақытта есі дұрыс жəәне 16 жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау, кісі тонау, қорқытып тартып алу т. б.) қылмыстық жауаптылыққа адам 14 жастан тартылады.
Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті əәрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің іс-əәрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мəәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үкімді шығару
Қылмыстық жазаны жұмсарту немесе жазасын өтеуден босату
Жазаны тағайындаудың жалпы негіздері
Рақымшылық актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының мақсаты мен міндеттері және оның қылмыстық құқықтағы орны
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот ісін жүргізу
Қылмыстық құқықтары қатынастар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Заң алдындағы жауаптылықтан босату негіздері
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылу
Пәндер