Қасым ханның қасқа жолы заңдары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

“ШЖҚ МКК Жоғарғы медициналық колледж”

Реферат

Тақырыбы: “Қасым ханның қасқа жолы заңдары ”

Орындаған 19-5 студенті: Аманбай Аружан Досанқызы

Тексерген оқытушы: Тлекметова Гүлнар Болысқызы

2020-2021 оқу жылы

Жоспар

  1. Кіріспе

1 Қасым ханның қасқа жолы

  1. Негізгі бөлім

1 Қасым хандығының заңдары

2 "Қасқа жол" мен "Ескі жол" заңдары

3 Қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет. ғұрыптық заң

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қасым ханның қасқа жолы - қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы. Қасым хан хандық құрған кезде (1511 - 23) ел басқару ісінде қолданылған. Негізі орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған «ярғу» заңынан (қазақша «жарғы» - хақиқат деген ұғымды білдіреді) алынған. Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді. Тіпті шариғат қағидасын мығым ұстанған отырықшы аудандар да Қасым ханның қол астына өткен соң, әдет-ғұрыпқа сүйенген қазылық биліктерге жүгіне бастады. Қасым хан өз заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады. Мысалы, жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, құдалық жол-жоралар, қазылық билік, т. б. Ол халықтың көкейінен шыққан әрі ежелден келе жатқан билік дәстүрді, әдет-ғұрыптық «жарғыны» жаңғыртып, күшейтті. Бұл заңға енген ережелер:

мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы) ;

қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу) ;

әскери заң (қосын жасақтау, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т. б. ) .

елшілік жоралары (майталман шешендік, халықаралық қарым-қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық) ;

жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл, бекеуіл, тұтқауыл міндеттері) .

Бұл жарғы халық арасында ілтипатпен «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталып кетті. «Қасқа жолдың» қағидалары өзгерусіз XVII ғасырға жетіп, Есім хандық құрған тұста (1598 - 1645) «Есім ханның ескі жолы» деген жаңа атқа ие болды. Тәуке ханның тұсында (1680 - 1708) бұл заң әлі де шариғат қағидасымен боялмай, ежелгі билер жасаған қалпын жақсы сақтады. Құба қалмақтың жортуыл шапқыншылығына байланысты тарихи-саяси жағдайдың аса шиеленіскен қиын кезеңінде сұңғыла ойшыл билер бес тараудан тұратын ежелгі ережелерге тағы да екі тарау қосып, «Жеті жарғы» (Жеті хақиқат) деп атаған. Тәуке кезінде қосылған бұл екі тарау: жесір дауы; күң дауы. Бұл кезеңде шапқыншылық, кісі өлтіру көп болғандықтан құн дауын өз алдына бөлектен, қылмыс заңына айналдырған. XV - XVIII ғасырларда қолданылған ежелгі жарғының үзінділері халық аузында қысқа-қысқа мәтел сөздер қалпында сақталған. Мысалы, «Қара қылды қақ жару»; «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіру», «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би», «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», т. б.

Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихында Қазақ хандығының алар орны зор. Осы тарихи маңыздылыққа ерекше мән берген еліміз биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын кең көлемде атап өту туралы шешім қабылдады. Осындай бастаманы көтерген Елбасы Н. Назарбаев осы уақытқа дейін көптеген тарихи пікірталасқа арқау болып, екіұшты пікірлер туындатқан Қазақ хандығы төңірегіндегі әңгімеге нүкте қойды. Әрине, қазақ халқының түп-тамыры сонау екінші мыңжылдықтардан бастау алатынын тарихшылар айтып жүр, бірақ мемлекет ретінде қалыптасуы Қазақ хандығы тұсында екенін де тарихи деректер жоққа шығармайды. Елбасы Ұлытаудағы сұхбатында Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттік дәстүрдің үзілмей жалғасып келгендігін, ғұндардан бастау алған осы үдерістің көк түріктер, Алтын орда арқылы сабақтасып, Қазақ хандығына жеткендігін айтқан болатын. Қазақ хандығында билік еткен хандар тұсында заңдар жинағы маңызды рөл атқарады. Қазақ хандары сол заманның талабын ескеріп, заңдарды мейлінше жетілдіріп отырды. Заңдар жинағының ең бір жетілдірілген тұсы Қасым хан­ның тұсында орын алды. Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақ­сатымен алғашқы қазақ заңы - «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Ел басқару жүйесінде ата жолын ұстанған Қасым хан заман ерекшелігіне орай, жаңа ортаға сәйкес жаңа низам жүйесін енгізеді. «Қасым хан­ның Қасқа жолы» аталатын бұл көне жарғы сол кездегі қазақ қауымының қоғамдық және құ­қықтық заң­дарын қалып­тастырады, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт ережелерін байыптайды, жеке адамдар арасындағы ру-тайпалар мен қоғамдық топтар арасындағы қатынас жүйесін тағайындайды. Қазақ Ордасының мемлекеттік негіздері де осы «Қасқа жолда» көрініс тапқан тәрізді. Зерттеуші-ғалымдардың пікірлерінше, ол бес бөлімнен тұрады: Жеке­­меншік нормаларын реттей­тін құқық, Әскери істерге бай­ланыс­ты құқық нормалары (мін­деткерлік), Қылмыстық құқық нормалары, Халықаралық құқық нормалары және елшілік этикет турасында, Қауымішілік және қауымаралық міндеткерлік қатынастары. «Қасым ханның қасқа жолы» бір ғасырдай өз қызметін атқарған соң, тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, Есім хан­ның (1598-1645 жж. ) тұсында «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңдық жүйе өмірге келді. Аталған екі заң жүйесі еш өзгеріссіз ХVІІ ғасырдың аяғы немесе ХVІІІ ғасырдың басына дейін қазақ жұртының игілігіне қызмет етті. Есімнің немересі, Жәңгірдің бел баласы Тәуке хандық құрған ХVІІ ғасырдың аяғы ХVІІІ ғасырдың басы - қазақ елінің абыройы асып, көсегесі көгерген ерекше бір кезеңі болды. Қазақ қоғамында біртұтастық пен ынтымақ ор­натуға дәнекер болған ежелгі ереже - қағидалардың үлгілі нұсқасы, халықтың тәртіп низа­мының, салт-дәстүрінің жүйелі жиын­тығы - атақты «Жеті жар­ғы» еді. «Жеті жарғы» - дана бабала­рымыздың «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын мемлекет басқару мен халық билеудің қа­лып­тасқан жосықтарын негіз­ге алып, саха­раның сол замандағы тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық, әлеуметтік ахуалын ескере отырып, келе­шектің қамын ойлап, жан-жақ­ты байыпталған заңгерлік ұлы мұрасын қалдыр­ды. «Қасқа жол» мен «Ескі жол» заңдарын толық­тырып, елеулі өзгерістер енгізіп дамытқан Тәуке хан бұрынғы бес тарауға тағы да екі тарау қосып, «Жеті жарғы» деп атады. Бұл жаңадан қосылған екі тарау: жер дауы туралы заң мен құн дауы туралы заң еді. «Жеті жарғыны» қазақ халқы негізінде ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданылып келді. Ал кейбір нормалары Қазан төңкерісіне дейін толығынан қолда­нылды, қоғамдық қатынас­тарды реттеу функциясын тиімді атқарып келді. Қазақ хандығы дәуірі ХVІ-ХVІІІ ғасырларда, яғни қасқа жолды Қасым хан, ескі жолды Есім хан, Жеті жар­­­ғыны шығарған Тәуке хан тұсында басқару жүйесі хан­дық билікке негізделген, саяси жағы­нан орталықтанған, бір­ұтас, құқықтық мемлекет болды. Осы кезеңде Қазақ хан­ды­ғының көрші орналасқан мем­­лекеттермен байланыста болып, олармен сауда, саяси мә­­селелерін шешу заң жүйесі арқылы анықталды. Қазақ хан­­­дарының негізгі заңдары Қа­зақ хандығын осы кезде мемлекет ретінде танытып қана қой­май, оның саяси-әлеуметтік, эко­но­микалық дамуына ықпал етті. «Қасқа жол», «Ескі жол», «Же­ті жарғы» заңдарын дүниеге әкел­ген қазақтың данышпан да кө­реген хандары тек қазақ деген халықтың игілігі, тұрақты, ты­ныш тұрмыс-тіршілігі, кіш­кен­тай ғана мемлекеттің өркен­деуі жолында күресіп, қызмет етті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасым ханның қасқа жолы
Қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық мәдениетінің алтын қорынан сақталған қымбат қазыналар
Қазақ ордасының мемлекеттік құрылымы
Қазақ хандарының негізгі заңдары қазақ тарихының дерек көзі
Жеті жарғы туралы деректер
Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығының бастаулары
Қазақтың ежелгі заңдары. Қасым ханның касқа жолы
Қазақтың әдет - ғұрып құқығының қайнар көздері
Қазақтың көне ел билеу заңы – «Жеті жарғы»
Қазақтың әдет - ғұрып құқығының бастаулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz