Оғыз мемлекеті. Мемлекеттің ыдырауы


“ШЖҚ МКК Жоғарғы медициналық колледж”
Реферат
Тақырыбы: “Оғыз мемлекеті ”
Орындаған 19-5 студенті: Аманбай Аружан Досанқызы
Тексерген оқытушы: Тлекметова Гүлнар Болысқызы
2020-2021 оқу жылы
Жоспары:
- Кіріспе
1) Ежелгі Оғыз мемлекетінің пайда болуы
2) Саяси жағдайы, шаруашылығы
3) Мемлекеттің ыдырауы
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Оғыз мемлекеті (IX ғасырдың соңы- XIғасырдың ортасы) . IX ғасырдың ортасында Сырдарияның орта және төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпаларының саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Алайда "оғыз" сөзінің пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер жоқ емес. Кейбір ғалымдар "уыз" сөзінен шықты десе, екінші біреулері "садақтың оғы" деген сөзден пайда болған дейді. Ал үшінші бір ғалымдар "өгіз" деген тотемдік сөзден пайда болды деп дәлелдеуге тырысады. Махмуд Қашқари, әл-Марвази еңбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т. б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар - боз оқ және үш оқ (учук) . VIII ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия>> деп аталатын ордасы болды. IX ғасырдың бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, кангар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. IX ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қол астына қаратады.
Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-еуропа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.
IX ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы деректер IX-X ғасырлардың басанда араб деректерінде (мысалы, әл-Якубидің (IX ғасыр) еңбегінде) айтылады.
Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасырда оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғу» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғуларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге - «иналға» беріліп отырған. Жабғу мемлекетінде оғыз әскерінің сюбашиы» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды рөл атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылық та қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.
Оғыз тайпасының бастапқы мекендеген аумағы Жетісудың батысы болды. Түркештер мұрасы үшін болған қарлұқ пен оғыз тайпаларының арасындағы күрес нәтижесінде Жетісуда билікке қарлұқтар келіп (756 жылы), оғыз тайпалары батысқа Сырдарияға қарай қоныс аударды. Бұл кезде Сырдарияның орта, төменгі ағыстары мен Арал теңізі аралығында араб деректеріндегі Сырдарияның Кангар атауымен аталған кангар тайпалары мекендеген еді. VIII ғасырда кангар атауының орнына жаңа печенег деген атау қалыптасты. VIII ғасырдың басында Сырдария алқабы печенег - кангар тайпаларының басшылығымен біріккен саяси конфедерацияға енді. Саяси орталығы Отырар қаласы болды. VIII ғасырдың 2- жартысында печенег- кангарлар Жетісудан ығысқан оғыз тайпаларымен кездесіп Сырдария алқабы үшін күрес басталды. Нәтижесінде, оғыз тайпалары печенег - кангарларды талқандап Сырдарияның орта, төменгі ағыстарын Арал өңірін тұтастай иеленді. IX ғасырдың соңында оғыз шонжарлары Аралдың солтүстік өңіріндегі билікті өз қолдарына алып, Жайық, Еділ өзендерінің бойына қоныс тепті. Қаратау бөктері, Шу бойы, Балқаш маңы, Орал, Ырғыз, Ембі, Ойыл, өзендері тұтастай оғыздар мекеніне айналды. Бұл оқиғалар оғыздардың саяси топтасуына себепші болды. Араб деректерінің мәліметтеріне қарағанда, IX ғасырдың соңы - X ғасырдың басында оғыздарда мемлекет қалыптасты. Оғыз конфедерациясына кангар печенегтер, Арал, Каспийдің солтүстік төңірегінің тайпалары енді. Оғыздармен бірге Сырдарияға көшкен халаж, қарлұқ тайпалары, Шу мен Талас аңғарын мекендеуші жағр, шарұқ тайпалары да кірді. Шығыс Түрік тайпаларының кейбір топтары да болды. Олардың ішінде имек кимек тайпалары, байандұрлар, имурлер, кай тайпалары бар. Махмұд Қашғари «Диуани лұғат - ат түрікте» XI ғасырда оғыздарда 22 тайпа болды деп, олардың тізімін береді. Әл- Марвази 12 тайпадан тұрды деген пікірді ұстанады. Келесі бір дерек «Джами ат- Тауарих» оғыздар екі үлкен тайпалық топтан- бұзұқтар мен ұшұқтардан тұрғандығын мәлімдейді. Оғыз мемлекеті кең байтақ аумақты алып жатты. Батыста Ырғыз, Жайық, Жем, Ойыл, Арал маңын, Шығыста Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі жерлерді, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу өңірін мекендеді. Оңтүстікте Хорезм, Мәуереннахр, Хорасанмен шектесті. Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Жаңа Гузия қаласы болды. Янгикент өте қолайлы жерде орналасқан қала еді. Қала Хорезм, Мәуереннахрмен шектесіп, Кимектер даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл, Нұра бойларына баратын маңызды керуен жолының үстінде орналасты. Оғыз мемлекетінің билеушісі «жабғу» лауазымына ие болды. Жабғу билігі мұрагерлік жүйеге негізделді. Жабғу мұрагерлері «Инал» атағына ие болған. Жабғудың «Күл-еркін» лауазымына ие орынбасарлары және «Сюбашы» аталған әскер басшылары сарай өмірінде үлкен роль атқарды. Сонымен қатар, оғыз мемлекетінің бір ерекшелігі жабғудың әйелі - «хатун» билікке араласты. Мүліктік теңсіздік малға жеке меншікке негізделді. Ибн Фадлан «бай оғыз он мың бас жылқысы бар оғыз», - деп көрсетеді. Деректерде мұндай бай топтар бай, бек, әмірлер деп аталады. Кедей топ М. Қашғаридің «Диуани лұғат -ат түрікінде» ерлер деп аталған. Олар малға қарау, киім тігу, тамақ даярлау сияқты үй жұмыстарымен айналысқан. Махмұд Қашғари «Оғыз кедейлері ятуктер соғыстарға қатыстырылмаған», - деп жазады. Кедей ауырып қалған жағдайда, оларды құлдар сияқты қараусыз далада қалдырған. М. Қашғари оларды йоксул, джиған деп атайды. Оғыздардың Хорезммен, Хорасанмен экономикалық байланыстары интенсивті, яғни қарқынды түрде жүріп, олардың малдары Хорасанда үлкен сұранысқа ие болды. Ірі сауда орталығы- Сырдарияның орта ағысындағы Сауран қаласы. . Хорасаннан оғыздар еліне лазуритке ұқсас малахит пен азурит әкелінген
Шаруашылығы
Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы
Егін шаруашылығы
Кәсіпшілік пен қолөнер
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси әскери тарихында елеулі роль атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святослав арасында Хазарларға қарсы әскери одақ құрылып, Хазар қағанатын талқандайды. Бұл одақ екі жақтың да көздеген мақсаттарынан, сауда-экономикалық мүдделерінен туындады. Егер Хазар мемлекетін талқандау орыс көпестері үшін Шығыс елдерінің бай базарларына жол ашса, оғыздар үшін Дон, Қара теңіз маңындағы далалар мен мал жайылымдары қажет болды. 985 жылы князь Владимирмен одақтасып, Еділ бұлғарларын талқандауға қатысады. X ғасырдың соңы - XI ғасырдың басында оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Бұл, бір жағынан, Әлихан тұсындағы алым-салықтың өсуіне халық наразылығының күшеюімен, екінші жағынан, Шығыстан төнген селжұқ тайпаларының толассыз шабуылдарымен түсіндіріледі. Әлиханның мұрагері Шах Мәлік тұсында Оғыз мемлекеті қайта күшейді. Тіпті 1041 жылы Хорезмді басып алды. Ішкі талас-тартыс, селжұқтарға қарсы сыртқы шабуылдар оғыз мемлекетін әлсіретті. Осы тұста солтүстік-шығыста қыпшақ тайпаларының шабуылдары күшейді. Бұл оғыз мемлекетінің өмір сүруін тоқтатуына алып келді. Араб деректерінде «Мафазат әл -Ғұз» деп аталған Оғыздар даласы Дешті Қыпшақ құрамына енді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz