Практикалық сабақ 1. Малдың өсуі мен жетілуі: өсу көрсеткіштері және Майнот пен Бродий теңдеулері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тәжірибелік сабақ 1. Мал түліктерін өсіру

Жocпaр:

1. Малдың өсуі мен жетілуі

2. Майнот және Бродий теңдеуі

Сабақтың мақсаты: малдың салмағы мен дене бітімдерінің көрсеткіштерін негізге ала отырып, оның өсу ерекшеліктеріне дұрыс баға беру, шаруашылықта пайдалану жолдарын көрсету.

Сабақтың мазмұны: Малдың дене бітімінің қалыптасуына және одан жоғарғы көрсеткішті өнім алуға әсер ететін негізгі факторларға тұқым қуалаушылық қасиеті мен сыртқы орта жағдайы жатады. Осы себептерді білген жағдайда малдың жас кезінен бастап дұрыс өсуін қалыптастыруды меңгеріп, шаруашылықта одан алынатын өнімді басқара аламыз.

Мысалы, малды белгілі мөлшерде азықтандырып, бағып-күту жолдарын дұрыс ұйымдастырған жағдайда, оның түріне байланысты дене бітімін керекті бағытта қалыптастыруға болады.

Шаруашылықтағы мал өнімдерін қажетті мөлшерде өндіруді қамтамасыз етудің негізгі жолы - малдың жетілу ерекшеліктерін, мән-мазмұнын жете түсіну және оларды меңгеру.

Малдың құрсақтағы және құрсақтан кейінгі өсіп-жетілуін онтогенез дейді.

Ол малдың жекелей өсіп жетілу жолдарын көрсетеді де, бір бірімен өте тығыз байланысты негізгі екі құбылыс - өсу және жетілу арқылы жүреді.

Малдың өсуі дегеніміз оның торшаларының, ткандері мен мүшелерінің үлкеюі, жалпы бойының, көлемінің, салмағының артуы. Бұлардың бәрінің негізінде торшаның бөлінуі мен көбеюі, торшааралық заттың өсуі сияқты үш құбылыс жатады.

Жетілу деп организмдегі сапалық өзгеріс процестерін айтамыз. Ал жеке организмдегі сапа тұрғысынан алғанда жетілу дегеніміз оның күрделенуі, белгілі бір арнайы қызмет атқаратын ткандердің, мүшелердің пайда болуы және олардың арасында жаңа қатынастың қалыптасуы, яғни организмдегі сапалық өзгерістер жиынтығы. Малдың өсіп-жетілуін белгілі бір құбылыс ретінде, кем дегенде үш көрсеткіш бойынша сипаттау керек. Олар өсу жылдамдығы, өсу ұзақтығы және өсу процесінің жүру сипаты. Өсу жылдамдығы деп белгілі бір уақыт аралығында малдың дене мөлшерінің (салмағының, бойының, тұрқының, көлемінің т. б. ) ұлғаю дәрежесін айтады.

Өсу жылдамдығын абсолюттік немесе салыстырмалы көрсеткіштер арқылы анықтайды. Абсолюттік өсу деп белгілі бір уақыт (тәулік, онкүндік, ай, жыл) аралығында қосылған салмақты айтамыз. Абсолюттік өсуді мына төмендегі теңдік бойынша анықтайды.

А=W 1 - W 0 D = W 1 W 0 t D = \frac{W1 - W0}{t} (r)

Мұндағы: А - абсолюттік өсу көрсеткіштері;

W 0 - бастапқы өлшеудің көрсеткіші;

W 1 - Соңғы өлшеудің көрсеткіші.

Мал шаруашылығында етті малды, төлді бағушыға еңбек ақыны баққан малдың тәулігіне қосқан салмағына қарап төлейді. Тәулігіне қосқан салмақты (г) жоғарыда көрсетілген абсолюттік өсу теңдігі бойынша есептейді (яғни, D=W 1 - W 0 /t) (r) .

Өсу интенсивтілігінін дәлірек сипаттау үшін салыстырмалы үдеме өсудің көрсеткішін есептейді. Бұл үшін Майнот теңдігі қолданылады:

K = W 1 W 0 W 0 * 100 % K = \frac{W1 - W0}{W0}*100\%

Майнот теңдігін С. Бродий жаңартып, мына теңдікті ұсынды:

K = w 1 w 0 w 1 w 0 2 K = \frac{\frac{w1 - w0}{w1 - w0}}{2} *100%

Бұл теңдік өсу қарқынына тек бастапқы салмақ емес, кейіңгі қосылатын салмақтардың да тигізетін әсерін есептеуге мүмкіндік береді. Осы теңдік арқылы анықтаған көрсеткіш организмнің өсу қарқынын біршама дұрыс сипаттайды. Сондықтан бұл теңдік зоотехниялық ғылыми зерттеулерде жиі қолданылады.

Студенттің өзіндік жұмыстары: Өсу журналына қарап отырып, жас малдың туылған уақытынан бастап 6 айға дейінгі салмағын жазып алып, оның абсолюттік және салыстырмалы үдеме өсу көрсеткіштерін анықтау керек.

1 - кесте. Қараала тұқымды малдың салмақ көрсеткіштері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Практикалық сабақ №10: Малдың бауырын клиникалық және функционалдық зерттеу әдістері
Ветеринариялық акушерлік және гинекология: малдың жыныстық-физиологиялық жетілуі және жыныстық циклдің түрлік ерекшеліктері
Күзен өсіру: өсуі мен жетілуі, ұстау шарттары және селекциялық іріктеу
Солтүстік Қазақстан жағдайында жаздық бидайдың (Саратовская 29) жетілуі мен өнімділігіне синтетикалық өсу реттегіштерінің әсері
Студиялық сабақ №1: Қос бояу (One Stroke) техникасының теориясы, әдістемесі және практикалық тапсырмалары
Практикалық сабақ 5-6: Тері ішіне және тері астына егу алгоритмдері, көрсеткіштері және қауіпсіздік шаралары
Практикалық сабақ 1: Асқорыту жүйесі, сілекейдің химиялық және минералдық құрамы және көмірсулар алмасуына қатысатын ферменттер
Delphi Сабақ 1: басты терезелер мен форма қасиеттері
Экономиканың өсуі: түсінігі, факторлары және өсу теориялары (Кейнс, Харрод-Домар, Солоу)
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштері, инвестициялық саясаты, инфляция және экономикалық өсуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz