Тіл білімі ғылымы туралы түсінік
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1.Тіл білімі ғылымы туралы түсінік.
2. Көне Қытай мен Үндістандағы тілдік зерттеулер.
3. Ежелгі Греция мен Римдегі тілдік зерттеулердің кезеңдері және олардың ерекшеліктері.
1.Жалпы тіл білімі атауы -- лингвистиканың жалпы тілдік теориялық саласы және оқу пәні деген екі мағынада қолданылады.
Жалпы тіл білімі лингвистиканың теориялық саласы ретінде XIX ғасырдан бастап қалыптаса бастады. Жеке тілдер жөніндегі ғылым бұдан көп бұрын пайда болғанымен, олар бір-біріне байланыссыз, жеке-жеке қаралды. Тілдердің өзара туыстас, төркіндестігі, дыбысты тілдің жалпы адамзаттық құбылыс екендігі, олардың арасында бірліктің де, өзгешеліктің де, жалпы заңдылықтың да, даралықтың да болатыны онша белгілі бола қоймады. Сондықтан зерттеулерден жалпы тілдік теориялық қорытындылар жасалмай келді.
Дыбысты тілде толып жатқан ортақ сипаттардың, универсалды құбылыстардың барлығы -- алуан тілдердің фактілерін бір-біріне салыстыра қарау нәтижесінде айқындалды. Оның айқындалуы адам баласының тілінде болатын ортақ заңдылықтарды, универсалды құбылыстарды зерттейтін, соның негізінде жалпы тілдік теориялық тұжырымдар жасайтын жалпы тіл білімін дү-ниеге келтірді.
Жалпы тіл білімі -- лингвистиканыңжалпытілдік теориясы. Ол -- бүкіл лингвистиканыңбағыт-бағдарын белгілейтін компас ғылым. Жалпы тіл білімі одақ көлемінде оқыту жүйесіне лингвистикалық пән ретінде 1963 жылдан бастап енгізілді. Бүл пәннің алға қоятын мақсаты -- оқушылардытеориялықлингвистиканыңең негізгі, өзекті мәселелерінен хабардар ету. Оларға тіл туралы ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында түрғанбасты-басты проблемалардан оқу программасы талабына сай жүйелі білім беру. Осындай мақсаттарға сәйкес курс күрделі төрт бөлімге бөлінеді: лингвистика теориясы, лингвистикалық әдістер мен методикалар, тіл білімінің басқа ғылымдармен қарым-қатысы. Бұл бөлімдердің әрқайсысы өз ішінен бірнеше тарауларға, параграфтарға жіктеледі.Лингвистиканың объектісі мен салалары. Ғылымдардың түрлі салаларға жіктелуі олардың зерттейтін объектілерінің сипатына байланысты. Ғылым объектісі деп оның зерттейтін, қарастыратын мәселелерін айтады. Объектісіз ғылым болуы мүмкін емес. Лингвистиканың объектici -- адамдардың дыбысты тілі. Лингвистика тілдің құрылымын да, функциялық сипаттарын да, даму заңдылықтарын да, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-санамен, мәдениетпен қарым-қатысын да түгел алып, жан-жақты зерттейді. Лингвистика үшін дыбысты тілге қатысты мәселелердің бәpi де керек, бәрі де маңызды. Лингвистикаға даму сатысына, қоғамдық рөліне, генеологиялық, типологиялық сипаттарына, қолданушы қауымның сандық шамасына, функциялық көріністеріне қарамастан дүние жүзіндегі тіл атаулының барлығы да объект бола алады.
Дыбысты тіл -- қыры мен сыры мол, өте күрделі құбылыс. Оны бip ғана тәсілмен, бip бағытта зерттеу арқылы танып-білу мүмкін емес. Бұл жағдай тіл білімінің түрлі салаларға бөлшектенуін туғызады және зерттеу iciн түрлі бағытта, түрлі мақсатта жүргізуді қажет етеді. Лингвистикада тіл білімінін алдымен жеке тілдер туралы ғылым, жалпы тіл білімі деп eкi топқа бөледі. Жеке немесе туыстас тілдерді зерттейтін ғылым сол тілдің немесе тілдердің атымен аталады: қазақ тіл білімі, өзбек немесе орыс тіл білімі, болмаса түркология т. б. Лингвистиканың жалпы тілдерге ортақ универсалды мәселелерді зерттейтін саласы -- жалпы тіл білімі деп аталады.Тіл туралы ғылымның алғашқы қадамы жеке тілдерді сипаттаудан басталған. Ондай сипаттау тілдің құрылымдық салаларын айқындауға арналған. Тіл құрылымын зерттеу күні бүгінге дейін жеке тілдер туралы ғылымның негізгі объектілерінің бipi. Осыған сәйкес жеке тілдер туралы ғылымды өз ішінен: фонетика, фонология, лексикология, семасиология, морфология, синтаксис, диалектология т. б. деп бөлушілік бар.
Лингвистиканың жеке тілдерді я тілдер тобын зерттейтін саласы сол өзі зерттеп отырған тілге қатысты мәселелерді сөз етеді, оның сүйенетін материалдары да, одан шығаратын қорытындылары да сол тілге тән болады.
Жалпы тіл білімі дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе басым көпшілігіне тән универсалды мәселелерді қарастырады.
Дүние жүзіндегі тілдер қаншама көп және құрылымы жағынан алуан түрлі болғанымен, олардың бip-бipiнe ұқсас, бәpiнe тән ортақ қасиеттері, ортақ заңдылықтары бар. Мысалы, тілдің бәpi де адамдардың өзара қатынас құралы. Тілдердің қайсысында да дыбыс, сөз, грамматикалық форма, сөйлем дегендер болады. Бұл тілдер құрамды бөлшектері жағынан бірыңғай, біркелкі болады деген сөз. Тіл атаулының, тілдік элементтердің қай-қайсысы да бip қалыпта қалып қоймайды, езгеріске ұшырап, дамып отырады. Сонымен бipre, дамуға, езгеpicкe түрткі болатын әр алуан iшкi және сыртқы себептер тілдер тарихының, қай-қайсысында болса да кездеседі. Бұл да барлық тілдерге ортақ жалпы заңдылық. Тіл туындыларының не ауызекі немесе- жазба түрде болатыны да тіл атаулының барлығына тән. Айта берсек, барша тілдерге ортақ осындай қасиеттер аз емес. Жалпы тіл білімі дыбыс тілі атаулының барлығына тән сондай ортақ мәселелерді ортақ заңдылықтарды сөз етеді. Зерттейтін объектісі -- жалпы тілдің заңдылық болғандықтан, одан шығаратын теориялық тұжырымдар да тіл атаулының барлығына немесе басым көпшілігіне бірдей қолдануға болатын жалпы тілдік теория болмақ. Cөйтіп, жалпы тіл білімі -- тіл туралы ғылымның бағыт-бағдарын белгілейтін жалпы теориялық пән. Оның негізгі мақсаты -- тіл білімінің ең өзекті, eң негізгі проблемаларына жүйелі талдау жасап, олардың өзіндік сипаттарын айқындау. Ондай өзекті проблемалар қатарына мыналар жатады:
Тілдің өзіндік табиғаты мен мәні, ойлаумен,қоғаммен байланысы, атқаратын қызметі.
Тілдің құрылымы, құрылымэлементтерініңбip-бipiмен байланысы, ара қатынасы.
Тілдің таңбалық, жуйелік сипаттары.
Дыбыс тілінің шығуы, тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, ішкі құбылыстарға түрткі болатын ішкі, сыртқы себептер, тілдер дамуында болатын дифференциялық (саралану), интеграциялықпроцестер,жалпы халықтық тіл, диалекті, сөйлеу тілі мен әдеби тіл, т. б.
Тілдердің типологиялык, генеологиялық топтары, жіктелуі.
Жазудың пайда болу, даму жолдары.
Тіл білімінід өзіндік зерттеу әдістері.
Тіл білімінің нсгізгі салалары, басқа ғылымдар-мен қатынасы, өзіндік орны.
Бұл проблемалар -- тіл білімінің өзіндік сипаты бар дербес ғылым екенін танытатын және өзара байланыс-ты мәселелер. Жалпы тіл білімі қарастыратын пробле-маларды сөз еткенде, олар жөнінде белгілі тұжырым-дар жасағанда жеке тілдерді немесе тілдік топтарды зерттеу нәтижелері басшылыққа алынады. Теориялық тұжырымдар жеке тілдерді зерттеу, айқындалған топ-шылауларды жинақтау, қорытындылау негізінде жаса-лады. Сондықтан ғылыми негізде зерттелген тілдер неғұрлым кеп болса, жинақталатын, қорытылатын материалдар да соғұрлым көп болады да, жалпы тіл білімінің мазмұны тереңдей, ғылыми табысы молая түседі. Ал лингвистиканың жеке тілдерді зерттейтін саласы өз зерттеулерінде жалпы тіл білімі жасаған теориялық тұжырымдарға сүйенеді, соны басшылыққаалады.
Осыдан лингвистиканың жеке тілдер және жалпы тілдер жөніндегі салаларының өзара бірлігі, тығыз байланыстылығы келіп шығады. Тіл білімінің бұл екі саласының арақатынасын дұрыс түсінуде В. И. Лениннің жеке мен жалпының қарым-қатынасы жөніндегі пікірінің маңызы зор. Ол Диалектика туралы мәселе жөнінде деген еңбегінде Жеке жалпыға апаратын байла-ныссыз болмайды. Жалпы тек жеке де, жеке арқылы ғана болады. Әрбір жеке калай да жалпы... Әрбір жалпы тек белгілі мөлшерде ғана барлық жеке заттарды камти алады. Әрбір жеке жалпыға толығымен енбейді... Әрбір жеке басқа түрдегі жекелермен (заттармен, кұбылыстармен, процестермен) мыңдаған еткелдер арқылы байланысады дейді.Жалпы тіл білімі -- лингвистиканың теориялық саласы дедік. Ал лингвистика және оның бір тарауы жалпы тіл білімі -- көп қабатты, сан-салалы күрделі ілім. Оның күрделілігінің, қиындығының басты себебі -- объектісінің қыр-сыры молдығында. Лингвистиканың бірден-бір объектісі болып есептелетін дыбысты тіл жалпы адамдық құбылыс бола тұра, екінші жағынан, бір-біріне ұқсамайтын ала-құлалықтарға толы жеке-жеке тілдерге бөлшектенеді. Ал лингвистика солардың ешқайсысын да назардан тыс қалдырмауға тиісті. Екіншіден, лингвистика -- әлемдік ілім бола тұра, сонымен қатар, жеке ұлттық та ілім. Өзінің туған тілін зерттейтін әр ұлт екіл-дері оған ұлттық түр енгізбей тұрмайды. Лингвистикада жарыса қолданылатын, көп жағдайда мәселені мейлінше қиындататын алуан түрлі терминдердің болуы да сондықтан.
Тіл білімі -- өзіндік ерекшеліктері бар лингвистикалық мектептерге, зерттеудің әдіс-тәсілдеріне мейлінше бай. Олардың арасында ымыраға келмейтін қайшылықтар да аз емес. Бірақ соған қарамастан қазіргі заман тіл білімінде қалыптасқан бірнеше күрделі салалар бар. Олар:
И н т р а л и н г в и с т и к а. Мұндағы интра -- латын тілінен ауысқан префикс. Мағынасы -- ішкі. Интралингвистика тілдің ішкі жүйелік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатысын зерттейді. Кейбір әдебиеттерде бұл терминнің орнына микролингвистика, ішкі лингвистика дейтін атаулар да қолданылады. Интралингвистиканың негізгі салалары -- фонетика, лексикология, грамматика.
Э к с т р а л и н г в и с т и к а -- екі сөзден құралған термин. Экстра -- латын тілінен алынған префикс. Мағынасы -- сыртқы, сыртқары. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Сондықтан оны социологиялық лингвистика, металингвистика (мета -- грекше жарты), сыртқы лингвистика деп, немесе оның тілдің қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттейтініне қарап функциялық лингвистика деп те атайды. Экстралингвистика социолингвистика, менталингвистика дейтін екі салаға бөлінеді. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента -- латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді. Менталингвистика тіл мен ойлаудың қарым-қатысын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді.
Тіл білімінзерттеудеқолданылғанәдіс-тәс іліне, зерттеушінің ұстанғанбағыт-бағдарларына қарай да жіктеушілік бар. Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы-тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралдық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы (прикладтық) лингвистика жатады.
Кейбір зерттеушілер еңбектерінде фонетиканың дыбыстардың физикалық, физиологиялық жақтарын зерттейтін саласын интралингвистикадан бөліп алып, предлингвистика деп атаушылық та бар. Сондай-ақ, әр тілдің дыбыстық мәнерлерін, экспрессивтік, эмоциялық, көркемдік мүмкіндіктерін зерттейтін саланы паралингвистика деп жіктеу де бар. Бұл салалар жеке тілдер туралы ғылымның да, жалпы тіл білімінің де қарауына жатады. Әрине, әрқайсысында әр түрлі көлемде сөз болады.
Жалпы тіл білімінің жоғарыда аталған негізгі проблемаларымен қатар ол қарастыратын басқа да біраз мәселелері бар. Соның бірі -- лингвистикалык, ой-пікірдің қалыптасу, даму жолдары жөніндегі мәселе, яғни ғылымның өз тарихы. Өзінің пайда болу, даму жолдарын қай ғылым да ескерусіз қалдыра алмайды. Өйткені өткенді білмейінше жаңаны тану, ілгері басу мүмкін емес. Жаңаның жаңалығы өткенмен салыстыра қарағанда ғана байқалады. Осы жағдайды ескеріп, жалпы тіл білімінің негізгі проблемаларын сөз етпестен бұрын лингвистикалық ой-пікірдің қалыптасу, даму тарихына қысқаша шолу жасаған жөн.
2.Ежелгі Қытай тіл білімі. Қытай -- мәдениеті ғылыми ой-пікірі ерте дамыған, дүние жүзілік цивилизацияға зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытайдың жазба ескерткіштері біздің заманнан XV ғасыр бұрын пайда болған. Олар мал сүйектеріне, әсіресе жауырынға жазылып сақталған. Қытай жазбаларында Шығыс халықтары тарихына қажетті материалдар да мол. Бірақ бұл тілде жазылып сақталған тарихи материалдар басқа тілдерге, әсіресе европалық тілдерге дер кезінде аударылмағандықтан, ғылым әлемінен шеттеп қалып келеді, лингвистикалық нұсқалар жағдайы да осындай.
Сондықтан лингвистика тарихын зерттеген Европа ғалымдарының барлығы дерлік әңгімені Ежелгі Үндістан, Ежелгі Грециядан бастайды.
Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыз бұрынғы 551 -- 479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым -- Конфуций (Кун-Цзы).
Ат қою теориясымен қатар Ежелгі Қытайда грамматикалық өнердің де негізі қаланды. Грамматикалық ілім қытайлардың көне жазуы -- иероглифке негізделген. Қытай иероглифі біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырының өзінде-ақ белгілі нормаға келтіріліп, уставтық, жартылай уставтық және жылдам жазу делініп үш стильге бөлінген, грамматикаға байланысты пікірлер де осы иероглиф жазуын талдап түсіндіруге негізделген.
Грамматикалық өнер ежелгі дәуірден сақталған діни жазбалар тілін зерттеу негізінде туған. Тілді зерттеуде қытайлықтардың өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі болған. Оларда ежелден қалыптасқан үғым бойынша, тілдегі ең негізгі тұлға -- сөз. Сондықтан иероглиф жазуы жеке дыбысты емес, сөзді таңбалайды. Ежелгі Қытай лингвистикасының негізгі міндеті -- тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағынасын, оларды қалай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған. Біздің заманға жеткен сондай сөздіктің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі -- қытайша Эрья деп аталатын сөздік. Біздің заманға дейінгі үшінші ғасыр шамасында жасалған бұл сөздік бұрыннан сақталған діни жазбаның сөздерін -- иероглифін түсіндіруге арналса керек. Ол жазбалардың сөздері -- киелі, жоғары стильді, канондық сөздер саналған. Сөздікте оның иероглифін талдау, жүйелеу, оларды оқудың, түсінудің ережелері берілген. Сөздікті грамматикалық еңбектер қатарына жатқызуға себепші болатын да сол ережелер.
Кейінгі кездерде Эрья сөздігіне еліктеп, оның сырын аша тусуге арналған тағы да бірнеше сөздіктер жасалған. Олардың барлығы да қытайдың иероглифін талдауға, олардың этимологиясын, мағынасын ашуға арналған. Осы себептен бұл сөздіктерді кейде иероглифтік грамматика деп те атайды.
Иероглифтік грамматикаларда морфема, сөздер мағынасы, этимология мәселесі болмаса, қалыпты грамматикалық әдебиеттердегідей грамматикалық категория мәселелері сөз болмаған. Қытай лингвистикасының өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі де осында.
Ежелгі Үндістан тіл білімі.Үнділерденбізге жеткен зерттеулер жыл санауымызданбұрынғыV ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми жүйелілігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үндістан лингвистикасы бұдан да бұрын болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық қажеттіктен туған. Үнділердің өте ерте ежелгі дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған Веда деп аталатын кітаптары болған. Біздің дәуір алдындағы VI ғасырларда белгілі болған бұл жинақты үнділерқасиетті,киелі деп санаған және казірде де солай санаушылық бар көрінеді. Бұл киелі жырлар тілінде сол уақыттағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сездер, сөйлемшелер болған. Соларды айқындау және Веда тілін сейлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, беретін түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен Веданың тілін зерттеуді қолға алады. Бұл зерттеу төрт түрлі бағытта жүргізілген: а) дыбыстық жүйесі мен айтылу мәнерін, яғни фонетикасы мен орфоэпиясын зерттеу, ә) жыр құрылысы мен өлең өлшемдерін зерттеу, б) грамматикасын зерттеу, в) жекесөздердіңтіркесіңжәне оның мән-мағынасын,яғнилексикасымензтимо логиясын зерттеу. Ежелгі Үңдістандағы тіл білімі, негізінде, осы төрт бағытта дамыған. Бірақбұлардың даму тарихы, зерттелу дәрежесі біркелкі емес.
Өз кезі үшін айтарлықтай жақсы, жан-жақты зерттелген мәселелер қатарына фонетика мен грамматиканы жатқызуға болады. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің аса атақты лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жетті.
Яски біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырларда өмір сүрген. Ол -- Веда тілінің бес томдық сөздігін жасап түсінік жазған адам.
Панинидің біздің дәуірге дейінгі IV ғасыр шамасында жазған Аштадхьяи (Грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі) деген еңбегінде төрт мыңнан астам грамматикалық ереже берілген. Бұл еңбегінде Панини Веда тілін қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған үнділердің санскрит деп аталатын көне әдеби тілінің және Веда жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөз туғызу, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттеген. Панини еңбегі - тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен түңғыш сипаттама грамматика. Ол санскрит тілінің грамматикасы дсп те аталады. Мұнда сөздерді тапқа, түбірге, түрлі қосымшаларға бөлу, жұрнақ префикс дегендердің бәрі де бар. Панини грамматикасы ережелерінің дәлелдігіне, зерттеулерінің терең және жан-жақтылығына қарап, бірсыпыра ғалымдар Үндістанда тіл білімі Паниниге дейін де даму басқышынан өткен, бірнеше грамматикалық еңбектер жазылған болу керек деп жорамалдайды. Бірақ ондай еңбектердің болған болмағаны ғылымда әзірше белгісіз.
Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп төрт топқа бөлген де, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттаған. Етістіктің шаққа бөлінуі, есімдерде жеті түрлі септік жалғаудың барлығы, т.б. көптеген грамматикалық мәселелер өте дәлдікпен шешілген.
Үнділер тілдік негізгі тұлға -- сөйлем, өйткені ой тек сөйлем арқылы ғана беріледі дегендерімен, синтаксис мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлмеген.
Ежелгі Үндістан лингвистикасында грамматикадан кейінгі мол зерттелген мәселе -- фонетика. Фонетика ежелгі заман тіл білімінің ешқайсысында да Үндістандағыдай зерттеудің жоғарғы сатысына көтеріле алған жоқ. Рас, үнділер фонетиканы өз алдына жеке ұғым етпеген, ол морфология мәселесіне, негізінде, түбір сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасындағы дыбыс алмасуына байланысты қарастырылған. Соның өзінде қазіргі заман фонетика ғылымында айтылып жүрген мәселелердің біразын кездестіреміз. Дыбыстардың физиологиялық сипаттары, сөйлеу органдарының тіл дыбыстарын жасаудағы артикуляциясы, дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың болып кездесетіндіктері, олардың себептері жан-жақты және дұрыс сөз етілген.
Үндістан лингвистикасының тарихын сөз ете келіп, В. Томсен: Үндістан лингвистикасының көтерілген биігі ерекше. Бұл биікке, көп нәрсені үнділерден үйрене тұрса да, европалық тіл білімі XIX ғасырға дейін көтеріле алмады, -- деп жазады.
Ал, И. А. Бодуэн де Куртенэ XIX ғасырдағы тіл ғылымы, немесе лингвистика деген еңбегінде салыстырмалы грамматиканың XIX ғасырдың туындысыекенін айта келіп: әдіс жөнінен алғаш түрткі салғандар үнді грамматистері, тілдік талдау, сездерді құранды элементтерге бөлу солардан басталады. Бұл - түрлі тілдер сөздерін салыстырмалы сөздіктерде салыстыра қарауды дүниеге келтірді. Егерде үнді грамматистерінің XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезіндегі Европа зерттеушілерінің ақыл-ойына тигізген орасан зор әсері болмаса, салыстырмалы грамматиканың, тіпті Европа мен Америка топырағында пайда болған тіл ғылымының гүлдеп дамуы болмаған болар еді дейді.
Шынында да, үнділер тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан. Тіл фактілерін зерттеуде олар синтетикалық тәсілді де, аналитикалық тәсілді де қолданған. Сол арқылы тілдік элементтердің өзара ұқсастығын және бір-бірінен өзгешеліктерін айқындаған.
Кейінгі дәуірлерде Үндістанда Панини грамматикасының мән-мағынасын талдап түсіндірген, оның жолын ұстанған лингвист-ғалымдар болды. Солардың бірі -- біздің дәуірдің үшінші ғасырларында өмір сүрген Вараручи Катьяна. Ол Панини еңбегіне талдау жасаумен қатар, орта дәуір үнділерінің пракрит деп аталатын тілін санскрит тіліне салыстыра зерттеген. Сөйтіп, лингвистикада бірінші болып тарихи-салыстыру әдісін қол-дануға талпынған, тілдің тарихы, дамуы деген ұғымдарды алғаш сөз еткен ғалым. Ол өзінің Пракрит грамматикасы дейтін еңбегінде фонетика мәселесіне ерекше көңіл бөледі, әрбір дыбыстың даму жолдарына, оларда болатын өзгеріс-құбылыстарға, үндесу заңдарына талдау жасайды. Мұндай құбылыстарды Катьяна морфологиялық өзгерістерге байланысты қарайды.
Ежелгі Үндістан лингвистикасы тарихының тағы бір көрнекті өкілі -- философ-лингвист Бхартхари. Бұл -- тіл мәселелерін философияға байланыстыра қараған ғалым. Бхартхари тіл категориясы мен логикалық категория арасындағы қарым-қатысқа көбірек көңіл бөлген. Басқа лингвистер сияқты бұл да сөйлемді ойды білдіретін негізгі тілдік тұлға, мағыналық жағынан да, құрылым жағынан да бөлшектеуге келмейтін тұтас тұлға деп санайды да, сөйлемнің байымдаумен арақатынасына тоқталады.
Үндістан лингвистикасының кейінгі дәуірлердегі өкілдері ұзақ заман бойына осы үш ғалымның (Панини, Катьяна, Бхартхари) мұраларын жинақтап, талдап түсіндірумен болды.
Эринбург университетінің профессоры Джон Лайонз 1978 жылы орыс тілінде жарияланған Теориялық лингвистикаға кіріспе деп аталған еңбегінде Паниниден кейін Үндістанда он шақты грамматикалық бағыт болған. Бізге олардан көне үнді грамматикасын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz