АЗАМАТТЫҚ ЗАҢНАМАМЫЗДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ СЫЙҒА ТАРТУДЫ ШЕКТЕУДІҢ АШЫЛМАҒАН МІСЕЛЕЛЕРІ


УДК 347. 472. 024
АЗАМАТТЫҚ ЗАҢНАМАМЫЗДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ СЫЙҒА ТАРТУДЫ ШЕКТЕУДІҢ АШЫЛМАҒАН МІСЕЛЕЛЕРІ
Иса Зарина Болатқызы
issa. zarina@mail. ru
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің
Құқықтану мамандығы бойынша 2 курс студенті, Астана, Қазақстан
Ғылыми жетекші: Марат Н. М.
Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты не өзiне немесе үшiншi тұлғаға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi [1] .
Сыйға тарту Азаматтық құқықтағы көне шарттардың бірі болып табылады. Рим құқығының республика кезеңінен бастап (б. з. д. V-І ғғ. ) сыйға тарту меншік құқығының пайда болу негіздерінің бірі болып танылды. Революцияға дейінгі азаматтық заңнамада сыйға тарту келісім шарттардан алынып, тек заттық құқықтардың пайда болуының негізі ретінде қарастырылды. Сыйға тарту шартының мәні мүлікті өтеусіз беруден тұрады. Сыйға тарту шарты өзінің табиғаты бойынша қарсы қанағаттандыруды көздемейді. Кез келген қарсы міндеттеме сыйға тарту моделінің өзіне қайшы келеді. Затты немесе құқықты, не міндеттемені қарсы беру болған кезде шарт сыйға тарту болып саналмайды. Сонымен, сыйға тарту шарты ақысыз, нақты және біржақты шарт болып табылады [2] .
Сыйға тарту шартының нысаны болып азаматтық айналымнан алынбаған заттар және азаматтық құқықтың дербес объектісі бола алатын мүліктік құқықтар табылады. Сондықтан көрсетілген мүліктік құқық тек сыйға беруші мен сый алушының арасында ғана мәні болмай ол басқа да тұлғалардың қатысуы мен азаматтық айналымда кеңінен қолдануға жарамды болу керек. Әлдекiмге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн беруге уәде ету не әлдекiмдi мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға уәде беруден) босату сыйға тарту шарты болып танылады және егер уәде тиiстi нысанда (508-баптың 2-тармағы) жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегiн беру, не оны мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрiлген болса, уәде берушiнi босатпайды.
Қандайда бір игілікті қайтарымсыз алу әрқашан сыйға тарту болып табылмайды. «Рим құқығында қайтарымсыз пайдалану, процентсіз займ және қайтарымсыз сақтау сыйға тарту деп қарастырылмаған». Сыйға тарту болып бір нәрсені уақытша пайдалануға беру немесе ақысыз қызметті жүзеге асыру болып келмейді, тек сезілетін нәрсені беру сыйға тарту болып бағалануы мүмкін. Айтылған ҚР-ның азаматтық құқық доктринасында қалыптасқан сыйға тарту шартының түсінігіне және оның пәніне қарама-қарсы келмейді. Егерде сыйға тарту белгілі бір міндеттемеден босатады, онда, бұл әрекетте біз азаматтық-құқықтық міндеттемені барынша көшіру арқылы тоқтату сияқты Азаматтық кодексінің 373-бабымен көзделген әрекеттен өзгешелік байқай аламыз. [3] .
ҚР Азаматтық кодексінің 509-бабына сейкес, сыйға тарутуға тыйым салынатын жағдайлар,
құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарды қоспағанда:
1) жас балалар мен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың атынан олардың заңды өкiлдерiнiң;
2) емдеу, тәрбиелеу мекемелерiнiң, әлеуметтiк қорғау мекемелерiнiң және сол секiлдi мекемелердiң қызметкерлерiне олардың емдеуiндегi, асырауындағы не тәрбиесiндегi азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарының;
3) мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайына байланысты немесе олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сый тартуға жол берілмейді.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ, аталған функцияларды орындауға, олардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттер жасауға уәкілеттік берілген адамдар Заңның 13, 14 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау жөнінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайды[4, 509] .
Осыдан туындайтын сұрақ, мемлекеттік қызметшілерге берілетін сыйлыққа қатысты шектеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді әдіс пе?
Бұл тек біздің еліміздің заңнамасында ғана емес, шет мемлекеттердің басым бөлігінде көрініс табады. Мысалыға, Ресей Федерациясын алайық, сыйлықтарды алуға тыйым салу "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 25. 12. 2008 № 273-ФЗ (12. 1-бап) Заңында белгіленген.
РФ АК 575-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге құны 3000 руб. асатын сыйлықтарды алуға тыйым салынады[7, 575] .
Францияда пара деп саналмайтын сыйлықтың шекті құны 35 еуроны құрайды (қымбат сыйлықтар сыйға тартушыға қайтару ұйғарылған), Ұлыбританияда - 140 фунт (егер министр сыйлықты қалдырғысы келсе, ол мемлекеттік қазынаға сол сыйлық қүнын және шекті соманы қоса төлеуі тиіс), АҚШ пен Молдавияда-50 доллар, Украинада - 100 гривенді құрайды.

Сурет 1 сыбайлас жемқорлыққа байланысты 2019 жылғы көрсеткіш
Жоғарыда көрсетілген статистикаға мән беретін болсақ Сингапур сыбайлас жемқорлықтан ең таза мемлекеттердін қатарына жатқызылады, және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тарихында аз уақыт ішінде осындай жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген бірден бір мемлекет болып саналады. Сингапур заңнамасында мемлекеттік қызметкерлердің сыйлық алуына байланысты шектеулер көрсетілген бе?
Сингапурда мемлекеттік қызметкерлер белгіленген сомма шегінде сыйлықтар алуға құқылы, бірақ ол сомма шегінен асқан жағдайда, мемлекеттік қызметшілер оны мемлекеттік қазынаға өткізуге міндетті болып табылады. Осыдан он жыл бұрын Сингапурға барған Ресей Қаржы министрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін шенеуніктердің қандай қарым-қатынаста болатынын жүйелі түрде бақылау қажет болатын, және оның айтқан Сингапурда жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестердің бір әдісі осы болды. Яғни бұл біздің заңнамамызға шет мемлекеттердің тәжірибесі негізінде енген, және оның тиімді амалдардың бірі екендігінің көрінісі[5] .
Бұл тақырыптағы тағы бір өзекті мәселе параны сыйлықтан айыра білу. Сыйлық пен параның ұқсатығы, екеуіде мүліктік пайданы көздейді. Параның сыйлықтан бір ерекшелігі, яғни ол жасалған әрекеттер үшін төлем болып табылады немесе оны қызметтік әрекет (әрекетсіздік) жасауға ынталандырады. Сыйлық мұндай себеп шарттылығын жоққа шығарады, сыйлық-бұл қандай да бір қарсы ұсыныстың болмауы. ҚР Азаматтық Заңнамасына сәйкес, мемлекет қызметкерлеріне берілетін сыйлық 10 АЕК аспауы тиіс болып табылады. Яғни, бұл құны 10 АЕК-ке жетпейтін сыйлық пара болып есептелмейді дегенді білдіреді. Сыйлық оның құнына емес, мотивіне байланысты пара ретінде саналуы қажет емес пе?
ҚР Азаматтық кодексінде сыйлық ұғымы толығымен ашылмаған. Сыйлық ұғымының нақты анықтамасы көрсетілмеген. Сыйлықты ақша сомасымен өлшеуге келмейтін жағдайларда кездеседі. Мысалыға алсақ, интеллектуалды қызмет нәтижелері, белгілі бір қызмет көрсетулер, жұмыстар.
Мемлекеттік қызметшілерге берілген кез келген сыйлық, оның құнына және көлеміне қарамастан, мынадай жағдайларда пара ретінде саналуы тиіс:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz