Ғабиден Мұстафин - кемеңгер жазушы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Эссе

Тақырыбы : Ғабиден Мұстафин-кемеңгер жазушы

Орындаған: Отарбаева А. Б

ҚТӘ-33-тобының студенті

Тексерген: Сұлтаниязова И. С

қазақ филологиясының

кафедрасының

аға оқытушысы, доцент

(PhD) докторы

Орал қаласы, 2020 жыл

Эссе

Ғабиден Мұстафин - кемеңгер жазушы

Қазақ әдебиетіміздің тарихында ойып тұрып орын алатын көркем сөздің хас шебері Ғабиден Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысының Тельман ауданында шағын дәулетті отбасында өмірге келген. Жазушы өз заманының, өз дәуірінің төл перзенті болып саналады. Сол үшін ол қоғамның бүкіл болмысымен бірге өмір сүреді. Ғабиден Мұстафин - осындай өз дәуірінің ірі тұлғалы көреген жазушыларының бірі.

Ғ. Мұстафинің соғыс, майдан жайы, жауынгерлердің батырлық күрескерлігі, соғыс кезіндегі халықтық сипат жайынан хабар берер суреткерлік тұрғысынан қаншама туындыларын жарыққа шығарды. Соғыс кезінде жазылған кейбір шығармаларда тылдағы ауыр еңбекті, оның екпінді ерлерін көрсетті. Сондай шығармалардың бірі - «Шығанақ» романы.

Мен Ғабиден Мұстафиннің шығармаларының ішінде ауыл шаруашылығы саласының еңбек адамдары жазушы шығармашылығында жақсы көрініс таптқап «Шығанақ» романынан жақсы әсер алдым. Бұл романда алғашқы колхоздастыру дәуірінің тарихи кезеңдерін Шығанақ пен Олжабектің басынан кешкен оқиғаларын шындықпен суреттей отырып, «Шығанақ» романының сом тұлғалы кейіпкерлерін қалыптастырды. Бірі колхоздастырудан қорқып қашса, бірі сол шаруашылыққа мүше болып кіруге ұмтылады.

Шығарманың көркем образын жасауда Социалистік еңбек ері, соғыс жылдарында тарыдан дүние жүзілік рекордты мол өнім алған Шығанақ Берсиевтің шығармашылық ісін, еңбекқорлығын, ұйымшылдық бірлігін, еңбек қуанышқа толы қызықты өмірін көрсетті. «Шығанақ» романы - кеңес дәуіріндегі колхоз құрылысының оқиғаларына арналған шығарма. Шығарманың негізгі тақырыбы- еңбек адамдарының сараң табиғатпен күресі. Күрес үстінде Шығанақ бастаған еңбек адамдары тары өнімін алуда бүкіл дүниежүзілік рекорд жасап, жаңалық енгізіп, ауыл адамдарының бұдан былай да ауқатты тұрмысқа жеткізу жолында еңбек етеді. Жазушы Шығанақ бейнесін жасауда ешқандай жалған әсірелеуге бармайды. Романдағы Шығанақ - халықтың диқаншылық кәсібін бойына мол сіңірген тәжірибелі адам. Оқымаған, сауатсыз адамның егіншілік жайына келгенде кеудесі сара, білетіні көп. Романда Шығанақ-құрғақ сөздің, даудың адамы емес, істің адамы. Шығанақ болашаққа сенім білдіреді. Талабын іске асыруға бөгет болғандарға қарсы күресте өз ісіне сенеді, қайтіп қалар екем деген күдікке берілмейді. «Біздің жеріміз тым қатыгез, тым сараң. Бірақ бабын білгенге тым береген, тым мейірбан» дегенді ол үнемі батыл айтады. Шығанақтың еңбекқұмар, ізденгіштігі Ұлы Отан соғысы кезінде айқын көрінеді. Науқастанып жүрсе де, белін мықтап буынып, таяғына сүйеніп, жұмыс басында жүреді. Жасы егде тартқанмен, қуаты қайтпаған тарышыны ауру меңдей түседі. Асқынған ауру ешбір емге болмай, Шығанақты мерт қылады. Шығанақ елге табиғаттың сырын ашып береді. Ол өлгенмен, оның ісі тірі, заңды мұрагерлердің қолында әрі қарай жалғасын таба береді.

Тарыдан мол өнім алу Шығанаққа оңай түспейді. Су маманы Төкен секілді аяқтан шалушыларды былай қойғанда, Диқан бастаған іске сенімсіздік көрсеткен адамдар, кедергілер аз болмайды. Шығанақ еңбекқор диқан ғана емес, адамдық асыл сапаларды бойына жинақтаған, аса ақылды, байсалды, әңгімешіл, кішіпейіл, айналасындағы адамдарды баурап алардай қасиеті бар тұлға. Бұл шығарманың өн бойынан айқын көрініп отырады.

Ал Олжабек бейнесі арқылы жазушы қазақ аулындағы беталысты түсінбеген,

жекешіл шаруаны суреттейді. Олжабек -ауылды кохоздастыру кезнде жаулардың сөзіне еріп, колхоздан қашып, өзінің жеке меншігін қорғаған шаруалардың бірі. Колхоздан қашып жүргенде, Олжабек еңбек етуден, бейнеттен қашып жүрген жоқ. Оның қорқып жүргені-екі жылқысы мен жалғыз түйесі. Жеке кәсіп жасауға үйренген шаруа бірігуден қорқады, колхоз бәрін тартып алады деп ойлайды. «Ортақ өгізден оңаша бұзау артық» деп түсінеді. Колхоздан қашып, тау ішінде бес қарақшыға тап болып, бала-шағасынан айырылып, бақытсыздыққа ұшыраған Олжабек Шығанаққа кездесіп, Құрман колхозына келеді. Колхозды жаулар жамандағандай емес екендігіне көзі жеткен Олжабек адал еңбегінің арқасында табыстарға да жетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғабиден Мұстафиннің өмірі
Ғабиден Мұстафин өмірі және шығармашылығы
ЖАЗУШЫНЫҢ ТВОРЧЕСТВОЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТИІМДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ МАБ ЖӘНЕ ҰБТ ДАЙЫНДЫҚТАРЫН АРТТЫРУ
ҒАБИДЕН МҰСТАФИН ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ ЖАЗУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАРАЛЫҒЫ
Мұстафиннің рухани келбеті
Ғабиден Мұстафин өмірі мен шығармашылығы
Ғабиден Мұстафин шығармаларындағы тарихи шындық
Ғабиден Мұстафин - қазақ әдебиетінің классигі
ДҮЛДҮЛІ ДАРХАН ДАЛАНЫҢ (Ғ. Мұстафиннің Дауылдан кейін романы Б. Шалабаев талдауында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz