Жастар саясатының этникалық және діни тұстары


Жастар саясатының этникалық және діни тұстары
Өтепқалиева Тоқжан Өтепқалиқызы
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Құқықтану мамандығы
Қазіргі XXI ғасырда жаңа әлем, жаңа көзқарас қалыптасты . Заманына қарай адамы демекші, қазірде қоғамның өзгерістерге беталып, түсініктері де, қабылдауы да басқаша болғанын байқаймыз.
Біздің еліміздің тарихында дін мәселесі қай уақытта да өте өзекті мәселе болған. Қазақстан Республикасының Конституциясы дінге, сенімге ерік беретіні баршамызға белгілі. Соған орай, статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2009 жылғы халық санағы бойынша еліміздегі халықтардың 97 пайызы өзін қандай да бір дінге сенім білдіремін деп санаса, 3 пайызы ғана өздерін атеист (құдайсыздық) ретінде көрсеткен. Ал соның ішінде 70 пайыз халық мұсылман дінін ұстанатындығын айтқан. [1]
Бүкіл адамзатты сенімі мен нанымына, тегі мен нәсіліне қарамай бейбітшілік пен ынтымаққа, сабырлылық пен тазалыққа шақырып келе жатқан Алла Тағаланың бірегей діні- Ислам дінін ата-бабамыз ежелден-ақ ұстанып келеді. Ерте кезеңдерде аталарымызда діннен жаңылысу немесе басқа ағымға түсіп кету деген түсінік болған жоқ. Ал қазір де елімізде жалған діни ағымдар көбейіп кетті. Бұның себебі неде дейтін болсақ, қазір ғылым мен техниканың дамыған заманы. Неше түрлі әлеуметтік желілер, саны мен шегі жоқ қаншама ақпарат. Бұның барлығы адамды еріксіз адасуға алып келері анық.
Қазір де сарапшылар жастар арасындағы дін ұстанушылықтың үш түрін анықтайды:
- Дінді саналы түрде ұстанушылар
- Өз таңдаулары бойынша, өзіне ыңғайлы дінді ұстанатындар
- Дінді заманға сай «мода» ретінде ұстанушылар
Саналы түрде дінді ұстанушылар: діни қағидаларды толық немесе жартылай ұстанатындар. Олар сырт бейнесіне, сөйлеу ерекшеліктеріне, құлшылық түрлеріне аса көп назар аударады. Яғни олар шариғаттың талаптарын толықтай ұстануға, ережелерінің барлығын орындауға тырысып бағады.
Дінді өз таңдауына қарай ұстанатындар: көп күш салуды, белгілі бар уақыт пен қаржы жұмсауды, қандай да бір рәсімдерді орындауды талап етпейтін бөліктерін ғана жасайды. Мысалы, Алланың барына сеніп, оған иман келтіріп, ниетім түзу болып, ешкімге жамандық жасамай, біреудің ақысын жемей өмір сүру деген қағиданы қолдайтындар. Олар намаз оқымай, қажылыққа бармай, ішкі сеніммен ғана дінді қолдаушылар.
Дінді «мода» ретінде ұстанатындар: өзі жиі араласатын, көбіне қарым-қатынаста болатын ортасына байланысты дінді таңдап, еліктеушілікке ерік беретін адамдар. Олар тек діннің сыртқы, көзге көрінетін рәсімдерін ғана орындап, қоғамдық ортада беделге ие болуды ойлайды.
Өздеріңіз білетіндей Ислам дінінің 4 мәзһабы бар. Олар:
1) Ханафи мәзһабы - Шам, Түркия, Түркістан, Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Орта Азия және басқа елдерде;
2) Шафиғи мәзһабы - Мысыр, Сирия, Индонезия, Малайзия, Филиппин, Тайланд және Африканың кейбір мемлекеттерінде;
3) Малики мәзһабы - Ливия, Тунис, Алжир, Марокко, Мавритания, Нигерия және Африканың кейбір мемлекеттерінде;
4) Ханбали мәзһабы - Араб түбегінде таралған. [2]
Жоғарыда атап өткеніміздей, біздің елімізде дінге, сенімге шектеу қойылмайтындығына, әркімнің өзі ұстанатын діни бағытты, көзқарасты өзі таңдай алатындығына Конституциямыз кепілдік береді. Алайда бейберекетсіздікке жол берілмес үшін мемлекет осы Ислам дінінің 4 мәзһабының ішіндегі атақты ислам ғұламасы, фиқһ саласының білгірі Нұғман ибн Сәбит Имам Ағзам Әбу Ханифа рахматуллаһи аләйһи негізін қалаған ханафи мәзһабын дәстүрлі бағыт деп санап, осы мәзһабты рұқсат етілген деп бекітті.
Алайда қазір жастардың арасында жаңылысу, шатасу, дәстүрлі діни ағым мен дәстүрлі емес діни ағымды айыра алмаушылық басым. Қазір де Қазақстандағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны жалпы халықтың 23 пайызын құрайды, яғни 18 миллионның 4, 2 миллионын жастар құрайды деген сөз. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша 2003 жылы өзін «діндар» деп есептеген жастардың үлесі 38, 7% құраса, 2013 жылғы көрсеткіш 73, 9%-ды көрсеткен. Яғни, жастар арасындағы дін ұстанушылық 10 жылда екі есе өскен. Бұл дегеніміз жастарың қазіргі таңда дінге деген қызығушылығы артып, иман жолына бет бұрғандығын көрсетеді. Бұл әрине, жақсы, бірақ таяқтың екі ұшы бар демекші, дін жолында адасушылардың дені осы жастар болып тұрғандығы көңілге қаяу салады. Оған дәлел, «Молодежь» ғылыми-зерттеу орталығының қорытындысы. Оның зерттеуі бойынша экстремисттердің 55 пайызын 17-29 жас аралығындағы азаматтар құрайды. [1]
Жастардың адасуына себепші фактор қандай?
Ең біріншіден ол діни сауатсыздық. Дін тек ішкі сенім мен сезімге ғана негізделгендіктен, оны әркім әрқалай түсінеді және әртүрлі түсіндіреді. Ешкім өзін дінді жүз пайыз білем дей алмайды және білетіндердің өзі білімін әрі қарай жетілдіруге ықтиярсыз.
Өзге бағыт өкілдері өз құрығына бірінші кезекте жастарды түсіруге тырысуда. Себебі жастардың психологиялық жағдайы, өмірге деген көзқарасы құбылмалы болып келеді. Сондықтан кім әдемі сөйлеп, сөздің қисынын келтірсе, еліктеушілік сезімі басым жасөспірімдер сол адамның айтқанынан қалай шыға алмай қалғандарын сезбей қалып жатады.
Қазір әлемде бұрынғыдай қару алып, соғыс ашу жоқ. Бүгінгі таң ақпараттық соғыс заманы. Себебі кез келген ақпаратпен адам психологиясына әсер ету оңай. Қандай да бір ақпарат ғаламтор желісіне енгізілсе, миллиондаған, миллиардтаған оқырман оқып, талқыға сала бастайды. Алайда оның рас-өтірігін іздеп, жұмыстанатындар аз.
Ғаламтор желісінен бөлек, қазір радикалды бағыт өкілдері жастардың ой-санасын улап, өздерінің дегендерін істету үшін аянбауда. Көшеде сырты жылтыраған діни мазмұндағы кітаптардың көбеюі, осы бағыт өкілдерінің өздерінше уағыз оқып, оған жастарды тартуы құлақ естіп, көз көріп отырған жағдай. Бұған мемлекет қанша жерден тосқауыл қойып, қатаң бақылау орнатса да, жастарымыздың арасында адасудың әлі де азаймай тұрғандығы факт.
Жастарымыздың дін жолында адасуы неге әкеп соғады?
Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жастар-еліміздің болашағы» деп келешек ұрпаққа үлкен сенім артып отыр. Ал қазіргі жалған діни бағыттар жастарымыздың санасын улап, тіпті туған ата-анасын танымайтын халге жеткізгенде, еліміз қайдан өз тыныштығын, бейбіт өмірін сақтап қалмақ?! Діннің атын жамылып, арам ойларын іске асырып жүрген адамдардың бар ойы еліміздің берекесін қашырып, халықтардың арасына іріткі салу. Олар өз мақсаттарына оңай жету үшін неше түрлі амал-әрекеттерге барып, елімізді бейбіт өмірінен айыруға тырысып бағуда. Ал ненің ақ, ненің қара екендігін айыра алмаған жастарымыз солардың арбауына еріп, өз елін тастап, безуде. Жоғарыда атап кеткеніміздей қазірде экстремистік, террористік қылмысқа баратындардың, жалған дін жолында өзін құрбан етем дейтіндердің ішіндегі басым көпшілігі жастар. Сондықтан жастарымыздың дін жолындағы мәселесін мықтап қолға алмай, біз елімізді өркендетіп, өсіре алмаймыз.
Елбасымыз 2018 жылы 5 қазанда «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Кейін 14 қараша күні Жастар жылын жариялау туралы жарлыққа қол қойып, үкіметке жастар жылын өткізуге қажетті шараларды қолдануды тапсырды. [3]
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл бастамасымен еліміздің болашағын келешек ұрпаққа сенімді түрде тапсыру үшін алға қарай қадам жасады. Демек, еліміздің ертеңі болар келешек ұрпақты қазірден бастап қолдауды бүгіннен бастап жүзеге асырақпыз.
Бұл- Қазақстан жастары үшін өте үлкен мүмкіндік және игі бастама болмақ. Осы орайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының қолға алатын міндеттері де көп болмақ. 2019 жылы назарымыздың басым көпшілігін жастардың өміріндегі актуальді проблемаларды шешуге арнағанымыз жөн.
Жастарымыздың дін жолында адасып, радикалды бағыт өкілдерінің жетегінде кетпес үшін не істеуіміз керек?
Ең алдымен, діни сауаттылықты арттыруымыз қажет. Менің ойымша, мешіттердегі дін өкілдерінің барлығының жоғары білімді, діни сауатты болуын және сөзге шебер, ораторлық қабілетін қалыптастыруды қадағалауымыз керек. Себебі қойылған сұрақтардың жауабын білу мен айтып отырған сөзіңе тыңдарманды сендіре білу діндегі ең басты құндылық. Олай дейтініміз, жастар өзінің көкейіндегі мәселені не болмаса сұрақты қойған кезде имам өз жауабын сол адамның жүрегіне жеткізе білмесе, оның ойын қанағаттандыра алмаса, ол өз сұрағының жауабын басқадан іздейді. Содан жат діни ағым өкілдерінің бірінің құрығына тап болуы әбден мүмкін.
Екіншіден діни қызметкерлерді білім беру ошақтарына көбірек жіберіп, жасөспірімдердің діни көзқарастарының іргетасын дұрыс қалауына себеп болу. Жасөспірімдер кез келген уақытта жаңылысуы мүмкін. Олардың ойында туындаған сан түрлі сауалдарға жауап беріп, өзгелердің арбауына түсуіне мүмкіндік бермейтіндей жиі жиналыстар, шаралар өткізілуі тиіс. Сонымен қатар мектептерегі «дінтану» пәнінен сабақ беретін оқытушыларды арнайы даярлау керек. Себебі қазір мамандардың жетіспеуіне байланысты кей жерлерде дінтану пәнінен тарих пәнінің мұғалімдері сабақ беретіндігі өтірік емес. Ал өзінде діннің қыр-сырын, мән-мағынасын түсіндіре алатындай жетік білімі болмаған оқытушы оқушыларға қалай дұрыс жолды көрсетпек?!
Сондай-ақ жасөспірім балаларға білім беру ошақтары ғана емес, үйде тәрбие беретін ата-анасы да бақылауға алуы тиіс. Себебі жастар арасындағы сауалнамада белгілі бір дінді таңдауыңызға не себеп болды деген сұраққа жастардың 79, 3 пайызы ата-анасы ұстанатын, отбасында дәстүрлі дін болып есептелетін дінді ұстанатындықтарын жеткізген. Бұл баланың дін жолында өзін қалай ұстауына ата-ананың тигізетін ықпалының көп екендігін көрсетеді. Сондықтан жастардың дұрыс дамып, өмірдегі өз орындарын адаспай табуы үшін білім беру ұйымдары мен ата-ана тығыз байланыста болып, бірлесе әрекет етулері тиіс.
Содан соң осы жылы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көп көңіл бөлінсе екен. Себебі олар мына өмірге келгеннен тағдыр тауқыметін тартып келе жатырғандықтан, қоғамдық ортаға терең сіңісіп кете алмай, өздерін өзгелерден төмен санайтыны анық. Сол жасөспірімдер ер жетіп, балалар үйінен шыққаннан кейін ересек өмірде түрлі қиындықтарға тап болуы мүмкін. Ал осындай жағдайда олардың қолдау күтер, көмектесер жақындары болмағандықтан, бір Аллаға ғана сеніп өмір кешеді. Ал жат ағым өкілдері осындай психологиясы күйзеліске ұшырағын, қасында жақын жанашыры, іздеу салар туысы жоқ балаларды оңай елітіп әкететіні тағы бар. Сондықтан олар балалар үйінен шығып, қайнап жатырған өмірге араласқан кезде абдырап қалмасы үшін, мемлекет олардың әрқайсысын қолдап, қадағалап тұруға көп күш салуы тиіс деп есептеймін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz