ЗИЯТКЕР ҰРПАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ: ЗИЯТКЕР ҰРПАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

ЕСЕНГАЗИЕВА АЙНУР КАЛИМОВНА

М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Баршамызға мәлім, қазір біз өмір сүріп жатырған заман қарыштап дамыған, білім мен техниканың шарықтау шегіне жетіп тұрған дәуір. Қазір Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей, Бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын уақыт келіп жетті. Әлемнің қай бұрышына көз салып қарасақ та сан түрлі ғылым мен білімнің жетістіктеріне көз сүрінеді. Дамыған елдердің дәурені жүріп тұрған заманда бізде көш соңына ілесіп, даму жолына түсу үшін еңбектенуіміз керек. Қазір Сингапур, Швеция, Жапония сынды әлемдік аренада табан тіреген, мемлекеттердің туын биік көтеріп тұрған, әрине, ұшқыр білім, жоғары деңгейде қалыптасқан мәдениет пен менталитет, сондай-ақ қажырлы еңбек екені анық. Қай жағынан болмасын өзінің озық саясатымен көш бастап тұрған елдер біздің үлгі алып, олардың деңгейіне жетуімізге сеп болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған жылдан бастап, бар жоғы 27 жыл уақыт өткеніне қарамастан, алдына биік мақсаттар қойып, болашаққа айқын жоспар құрып, дамушы мемлекеттердің қатарында өзін таныта бастады. Көреген көшбасшы, ұтқыр саясаткер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен халық ұлттық менталитет пен мәдениетін жоғалтпай әлемдік аренада өз орнын тауып, өзге мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде саясатын жүргізіп отыр. Еліміз тәуелсіздік алғаннан жылдардан бастап Елбасымыз Қазақстанның жаңғыруын қолға алған болатын. Бірінші жаңғыру осыдан 27 жыл бұрын Қазақстан КСРО-ның құрамынан шыққан кезде басталған болатын. Ал екінші жаңғыру 1997 жылы қазан айында Қазақстан-2030 стартегиясымен және жаңа Астананың салынуымен басталды. Президенттің халықтың алдына қойған осы стратегиялық жоспарда белгіленген мақсаттары өзінің межелі уақытынан бұрын орындалып, біз Елбасымыз жоспарлаған дамыған 50 елдің қатарына қосылған болатынбыз. Бұл мақсаттан нәтижеге қол жеткізген соң, 2012 жылдың 14 желтоқсанында Н.Ә.Назарбаев осы қарқынымызды жоғалтпай, одан әрі алдыңғы қатарлы дамыған 30 елдің қатарына енуді жоспарлайтын, Қазақстан-2050 стратегиялық жоспарын жариялады. Ендігі біздің алдымызға қойылған мақсат: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы болып отыр.
Бұл бағдарлама Елбасымыздың ең бір заман қажет ететін, релевантты мәселелерді қозғаған бағдарлама болып табылады. Оның басты идеясы біртұтас ұлт қалыптастыру және қоғамдық сананы өзгерту. Президентіміздің бұл мақаласы үлкен мән мағынаға толы. Бұл мақала ХХI ғасырдағы ұлттық сана туралы және таяу жылдардағы міндеттер деген екі бөлімнен тұрады. Мақаланың бірінші бөлімінде бірқатар мәселелер: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы сынды мәселелер қозғалыды. Осы мәселелерге жеке-жеке тоқталып өткеніміз жөн.
Алдымен, бәсекеге қабілетті болу. Бәсекеге қабілеттілік-нарықта пайдасы, сапасы, бағасы өзгелерден ұтымды нәрсе ұсына алуы. Бұл тек материалдық тұрғыда ғана емес білім, ғылым, медицина, бизнес, кәсіп саласында да барлық жағынан үздік болу деген сөз. Қазір елімізде білім жағынан бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін үлкен көңіл бөлінуде. Мәселен, еліміздегі үштілділік саясатын алып қарасақ, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген әрбір қазақстандық қай жағынан болмасын білімді, жан жақты, сан қырлы бола алады. Осы үш тұғырлы тілді меңгере отырып, жас ұрпақ әлемнің кез келген жеріне саяхат жасап, шетелдердің озық мәдениетімен, әдеби шығармаларымен еркін таныса алады.
Екінші мәселе прагматизм. Прагматизм дегеніміз-біздің түсінігімізде үнемдеу, пайдалы жағын қарастыру, астамшылдыққа жол бермеу болып табылады. Қазақстан Республикасының кең байтақ жері әлемде 9 орынды иемденетіні баршамызға мәлім. Алайда Судың да сұрауы бар демекші қолымыздағы бар алтынды қадірлей білмесек, одан айырылып қалуымыз да ғажап емес. Ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша күресіп, білектің күшімен, найзаның ұшымен сақтап, бізге қалдырған аманатына қиянат жасап жүрмейік. Қазір де қаншама жерлер экологиялық апатқа ұшырап, құнарлылығы мен нәрлілігінен айырылып қалып отыр. Ал оларды қайта қалпына келтіру ұзақ жылдарды талап ететіндігін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде дегендей біз жердi пайдалану барысында оның бар құнарлылығын жойып, түрлі зиянды қалдықтармен ластағаннан кейін, оның тазарту, қалпына келтіру жолдарын іздемей, керісінше сол залалдардың, зияндардың алдын алып, оны болдырмаудың жолын жасауымыз қажет. Сонда ғана прагматизмнің пайдасын көре аламыз.
Елбасымыз осы мақалада ұлттық бірегейлікті, ұлттық кодты сақтау туралы ерекше атап өтеді. Себебі біз құйындай зулаған заманның көшіне ілесеміз деп, өзіміздегі бар асылды, ұлттық салт-дәстүрімізді, әдебиетіміз бен өнерімізді жоғалтып алмауымыз керек. Егер олар жоғалса, біздің қазақтығымыздан не қалады? Сол себепті, ең алдымен, ұмыт болып бара жатырған салт дәстүрлерімізді қайта жаңғыртып, халыққа дәріптеп отырумыз керек. Кейіннен тарихтан ойып тұрып орын алған әдеби жазушы, ақын, ағартушы, бір сөзбен айтқанда, қазақ тілінің сонау аумалы-төкпелі заманда ұмыт болмай, осы жас ұрпаққа жеткізуге зор үлестерін қоса білген, бай да бағалы тілімізді бізге қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай аманаттай білген аға-апаларымыздың еңбектерін де бағалай білсек, ол біздің оларға деген шексіз алғысымыз болар еді. Қазір білім беру ұйымдарында жыл сайын тұрақты түрде өткізілетін: Абай, Шәкәрім, Махамбет, Фариза оқуларын одан әрі дамытып, өсклең ұрпаққа тіліміздің қандай зұлмат замандардан аман өткенін сездіруіміз керек. Сонда ғана жас ұрпақ тарихы терең тілімізді қадірлеп, қастерлейтін болады. Сондай-ақ қазір түрлі музыкалық жанрлардың пайда болуына байланысты жастардың арасында дәстүрлі емес музыканың мысы басым. Бұл дегеніміз қазір жастардың мән мағынасы жоқ, жеңіл және тез орындалатын әуендерге ғана әуестігі барын білдіреді. Осындай олқылықтарды жою үшін және Елбасымыздың атап көрсеткен дәстүрлі музыкамызды жоғалтпау үшін оған арнайы ұйымдастырылатын байқаулар санын арттыру қажет деп есептеймін. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ескертуі бойынша біз екі ережені сақтау керекпіз. Олардың біріншісі ұлттық мәдениетімізді сақтау болса, екіншісі алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі жасайтын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту. Шынымен де Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар демекші бұрынғы заманның жағдайы мен қазіргі заманның жағдайы екі басқа. Бұрындары қазақтар тек малмен күн көріп, оқуға, білім мен ғылымға ешқандай мүмкіндік жоқ болғандықтан, қараңғылықта өмір кешсе, қазір заман басқа. Бізде оқимын, ізденемін, білім, ғылым жолына түсем десеңіз бәрі бар. Тек еңбектеніп, сол мақсатқа жетуіңіз керек. Қазір Қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларға қосымша білім берудің даму тетіктері
Бастауыш сынып мұғалімі
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама
Көптілді білім - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі
Бастауыш сыныптағы ғылыми жұмыс
Сыни тұрғыдан ойлау технологиялары арқылы оқытудың тиімділігі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЗУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ (ЭССЕ, МАҚАЛА, ТЕЗИС)
Мектепке дейінгі білімді дамытудың заманауи модельдері мен негізгі тенденциялары
Оқушыларға адамгершілік-патриотта тәрбие берудегі көпұлтты мектептің қызметін талдау
Пәндер