ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ - КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ- КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ
Ең алдымен патриотизм дегеніміз не? Оның принциптері қандай
және ол қалай конституциялық құндылықтардың мазмұны ретінде көрініс табады?
-деген сұрақтарға жауап берейік.
Патриотизм бұл- туып- өскен жерін, отбасын, елін, жерін сүю, құрметпен
қарау, мақтаныш ету және оған қорған болу. Ал қазақстандық патриотизм
дегеніміз- осы Қазақстан Республикасының аумағында тұратын халықтардың,
ұлттар мен ұлыстардың қазақ жерін сүйіп, құрметтеуі және ортақ Отанымызды,
Қазақстанымызды қорғап, сол үшін жанын аямау. Патриоттықтың негізгі
принциптері: Отанын қорғау, бірлікте болу, мемлекеттік тілді ардақтау,
елдің елдігін білдіретін нышандарын сақтау, құрметтеу. Осы аталған
принциптер біздің Қазақстанымыздың тұтастығын, конституциямыздың
мызғымастығын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан, жер көлемі жөнінен
әлемде 9-шы орынды иеленетін, 130 дан астам ұлт пен ұлыстың ата қонысы
болып келе жатырған үлкен мемлекет. Осыншама ұлт пен ұлыстың ортақ тілін
тауып, бір жерде ешқандай талассыз өмір сүріп жатырғанының барлығы
қазақстандық патриотизмнің үлкен нәтижесі, жемісі десек болады.
Патриотизм- конституциядағы жазылған барлық заңдардың рухани
сақтаушысы, өйткені біз патриот болсақ еліміздің заңдарында көрсетілген
конституцияның құрылысына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол
бермейміз. Ал енді Конституция біздің еліміздің бірлігін, татулығын,
біртұтастығын қалай қамтамасыз етеді? Осы орайда Конституциямызға тоқтала
кеткеніміз жөн. ҚР- ның ең алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ,
ал жаңа Конституциямыз 1995 жылы 30 тамызда күшіне енді. Кейіннен ,
Конституцияға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырды.
Конституция 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Конституциямызда ел бірлігін сақтау,
ұлттар мен ұлыстардың татулығын бұзбау, бір, соның ішінде, ұлттық,
нәсілдік, рулық, топтық, таптық алауыздық, қанды кек, өшпенділік
мақсатында жасалатын қылмыстар үшін ерекше көңіл бөлінген. Себебі ұлттық
татулықты сақтау өз кезегінде Қазақстанды сақтау болып келеді.
Енді патриотизм аясында туындайтын проблемаларды атап көрсетейік.
Патриот болу принциптерінде жоғарыда атап көрсеткеніміздей, ең бірінші,
адам Отанын, туып-өскен жерін сүюі, құрметтеуі,оған ерекше ықыласпен қарап,
мақтаныш етуі керек. Ал бізде қазір елімізде жастар арасында болмасын,
үлкендер арасында болмасын шет елге, өзгенің салт- жорасына қызығушылық
басым, Кімге қайда барғың келеді де сұрасақ та, Американың немесе
Францияның көрнекті жерлерімен қалаларын тізе бастайды. Жыл сайын Турцияға
, Парижге мыңдап ағылатын Қазақстандықтар осының дәлелі емес пе? Бірақ
Қазақстанда сол шет елдің Лондон, Парижінен кем түспейтіні хақ. Таза
табиғатымен, көркі көз тартар қалалары, қолжетімді демалыс орындары
Қазақстан халқына аздық етіп жатырғаны қалай? Өз елім өлең төсегім
дегенді ұмытып, бүкіл өмірінде шетелді бір көруді аңсап тұратындар үшін
Қазақстан көзге үйреншікті, көптің бірі сияқты болып қалуда. Сәті келсе
өзге елге көшіп кетуге де қарсы емес адамдардың патриоттылық сезімі қайда
кеткен дерсің мүмкін. Алайда, Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық
мемлекет болғандықтан, әрбір адам тұрғылықты жерін өзі таңдауға, қандай
көзқарасты, қандай дінді ұстанса да еркіндік пен құқық берілген. Соған
орай, ешкім біреудің құқығына қарсы әрекет жсауға тиісті емес. Бұл
проблеманы шешу үшін әрбір қазақстандықтың жүрегінде патриоттылық сезімін
тұтандырып, елін сүюге үндегеніміз абзал. Қазақ: өзге елде сұлтан болғанша,
өз еліңде ұлтан бол,- демей ме? Біз қанша жерден өзге елдің өмір салтына
қызығып, таңдай қақсақ та, ол өз елімізге жетпейтінін түсінуіміз керек. Әр
елдің көз тартар кереметі мен көлеңкелі тұстары да болады. Мәселен, Америка
құрама Штаттарының өміріне барлығымыз кинодан, түрлі фильмдерден көріп
барлығымыз қызығып жатамыз. Алайда, ол тек көгілдір экранның бергі беті
ғана. Шынында, статистика бойынша, АҚШ тұрғындарының әрбір алтыншы тұрғыны
кедейшілікте өмір сүреді екен. Сондай-ақ, Кәріс сериалдарына, ондағы
актерларға қызығып жүрген қазіргі жастарымыз қандай тәрбие алып, қандай
жетістікке жетіп жатыр деп ойлайсыз?! Жоқ, бұл ешқандай да тәрбие емес,
ешқандай өнер де емес. Бұл ұлттың уақталуы дер едім. Ер адам біз үшін асқар
тау әке, елін, жерін қорғайтын батыр, отбасының тірегі болатын ардақты
адам. Ал біз қызығып жүрген кәріс ерлерінен осындай келбет көре аламыз ба?
Шашын өсіріп, бояп, құлақтарына сырға тағып, ерсілі- қарсылы билеген бұл
азаматтардан біз Отан қорғар алпауыттарды қалай тәрбиелеп шығармақыз? Бұның
барлығы өз кезегінде патриоттылықты аяққа басып, еліміздің ұсақталуына алып
келмей ме? Осындай азаматтардың көркіне алданып, артынан ерген жастарымыз
қазір өз елін сүйіп, оны мақтаныш етпек түгілі кемшіліктерін тізіп әлек
болады. Сондықтан әр ұрпағымызды шетелдің соңына ергізіп, елеңдетпей,
қазірден бастап барлығын қолға алғанымыз жөн. Патриот болу алдымен біздің
өз отбасымызға, кейіннен, білім алған ордамызға, содан соң бұқаралық
ақпарат құралдарына байланысты дамиды. Отан отбасыдан басталады дегендей
алдымен, отбасындағы мәселелерге мән беріп, балаларды дұрыс тәрбиелеуге
тырысайық. Балаларымыздың бос уақытын үнемді өткізіп, еліміздің
жетістіктерін айтып, мақтан етуіміз керек. Ал білім ордаларында оқушыларға
еліміздің нышандары: Елтаңбамызды, көк туымызды, Гимнімізді жаттатқызып,
ондағы бейнеленген әрбір суреттің мағынасын терең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патриоттық тәрбиенің маңызы
Мемлекеттік басқару экологиялық мемлекеттік-құқықтық механизм ретінде
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Саяси құндылықтар жүйесі
Бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштікті қалыптастыру
ЕЛ БІРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗДЕ НАСИХАТТАЛУЫ
Патриотизмге тәрбиелеу мәселесі
Оқушылардың ұлттық келбетін қалыптастырудағы Қазақстандық ғалымдардың патриоттық мәселелерге байланысты ой-пікірлері
Жоғарғы мектеп студенттеріне патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбие дәстүрлерін пайдалану
Педагогикалық процесте оқушылардың елжандылық сезімдерін қалыптастыру (патриоттық тәрбие)
Пәндер