ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖОЛДАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
УДК

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖОЛДАРЫ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құқықтану мамандығының 3 курс студенті Өтепқалиева Тоқжан Өтепқалиқызы
Жетекшісі: Есенгазиева Айнур Калимовна

Қазіргі кезде еліміз жыл өткен сайын дамып, өркендеуде. Уақытпен жарысып адамның ойы да, санасы да өзгеріп, әлем жаңашылдыққа беталды. Алайда, еліміз қанша өркениетті басынан өткізсе де өзгермейтін, әлі күнге дейін қоғамның басты проблемасына айналып отырған жағдайлар өте көп. Соның бірі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі. Бұл жағдай біздің еліміздің ғана емес көптеген мемлекеттердің үлкен келеңсіз мәселесіне айналып отыр. Жалпы алғанда, тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз не?
Тұрмыстық зорлық-зомбылық - бұл отбасы мүшелерінің, ерлі-зайыптылардың арасында орын алатын, бір адамның бірнеше рет басқаларға физикалық немесе психологиялық зардап, зиян келтіруі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық деген кезде біздің көз алдымызға жәбірленуші ретінде күйеуі ұрып-соққан әйел адам елестейді. Алайда бұндай зорлық-зомбылыққа тап болып отырғандардың ішіне жас балалар мен қарттар да бар.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 17-бабының 1-ші бөлігінде Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, 2-бөлігінде Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды,- деп көрсетілген. Бірақ бізге қоғамның әлсіз топтарының қадір-қасиеті мен ар-намысына, атақ-абыройына қолсұғушылықтың күнделікті куәсі болуымызға тура келеді[1].
Расымен де, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны ретінде біз, көбіне, әйелдер қауымын көреміз. Оған себеп: ерінің әйеліне деген қызғанышының шектен шығуы, ерлердің әйел адамды жеке тұлға ретінде емес, өзінің жеке меншігі ретінде көріп, оны ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстауға тырысуы. Бірақ әйелдер қауымы мұндайда бәрін жылы жауып қоюды жөн көреді. Егер құқық қорғау органдарына жүгінсем, жағдайды ушықтырып аламын деген қорқынышы басым. Балаларға қатысты мұндай зорлық-зомбылықтар көбіне асыранды балаларда, өгей әке немесе өгей шешелердің қатысуымен орын алады. Ал қарт адамдарға келсек, олар жасы ұлғайған сайын үлкен қамқорлықты, көңіл аударуды қажет ететіндіктен, оларды күтіп-бағу қажет болғандықтан, балалары немесе туыстары оларды масыл көріп, шетке ысыра бастайды.
Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бірнеше түрі бар. Атап өтетін болсақ:
-Физикалық күш қолдану
-Психологиялық зорлық-зомбылық
-Экономикалық зорлық-зомбылық
- Жыныстық зорлық-зомбылық

Физикалық күш қолдану-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ішінде ең көп таралған түрі. Басқа зорлықтарды жылы жаба салуға болса да, егер дене жарақаты салынса, бұл түрді жасырып қалу қиын. Сонымен, физикалық зорлық-зомбылық дегеніміз - бұл адамға физикалық күш қолдану арқылы дене жарақатын келтіру. Мысалы: ұрып-соғу, итеріп жығу, күйдіру, жарақаттайтын заттарды лақтыру т.б
Психологиялық( эмоционалдық) зорлық-зомбылық физикалықтан асып түспесе, кем түспейді. Кейде психологиялық зорлықты жәбірленушінің өзі де байқамауы мүмкін. Бұндай зорлық түрі адамды жеке қасиеттері мен тәуелсіздігінен айырады. Эмоционалдық зорлық әйелді күйеуінсіз бұл өмірде қолынан ештеңе келмейтіндей өзіне сенімсіздік сезімін алып келеді. Мұндай істерге: кемсіту,балағаттау, жүріс-тұрысын бақылауда ұстау, үй-қамақта ұстау, араласатын адамдары шектеу, тергеу, бопсалау, күш қолданамын деп қорқыту т.б түрлері жатады.
Экономикалық зорлық-зомбылық- психологиялық зорлықтың жұмсақ түрі десек те болады. Зорлықтың бұл түрі- қаржылық жағдайды қатаң бақылаумен, ақшаны немесе несие карталарын өзінде ұстаумен, әрбір жұмсалған ақшаның есебін сұраумен, күнделікті қажеттіліктерді сатып алуға тыйым салумен, жұмыс жасатқызбаумен көрініс табады.
Жыныстық зорлық-зомбылық адамның серігін оның келісімінсіз, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсуге мәжбірлеу.
Өкінішке орай, елімізде мұндай зорлық-зомбылықтар, күш көрсетулер жыл санап артуда. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорның мәлімдеуінше, соңғы уақытта әйелдерге қатысты зорлықтар көбейе түскен. 2016 жылы отбасындағы осы тәріздес құқық бұзушылықтар 2,8 пайызды құраса, 2017 жылы 4,7 - ге есе артқан.
Ал НеМолчи.кз қоғамдық қорының төрағасы Дина Смаилованың сөзін басшылыққа алсақ, осындай зорлық салдарынан оған көмекке жүгінген 200 әйелдің ішінде 70%-ы кішкене кезінен бастап зорлық көрген. Алайда олардың 17-сі ғана полиция қызметкеріне жүгінсе, 5 әйелдің ісі ғана сотқа дейін жеткен. Бұл-әйел адамдардың өз құқығын қорғау үшін құқық қорғау органдарына жүгінбейтіндігін көрсетеді. Бұған себеп - жоғары да айтып өткендей қорқыныш, сенімсіздік және намыс. Яғни әйел адамдар өз зайыбының үстінен шағым түсіргенде, оның қайта мұндай қорлық көрсетпейтіндігіне, өзі істе жеңіп шығатындығына және құқық қорғау органдарының оны әділ жауаптылыққа тартатындығына сенбейді[2].
Бұндай қорлыққа заңи тұрғыдан қарасақ, қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаңа өзгертулер мен толықтырулар бойынша кінәлі адам әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Салыстырып өтсек, бұрын Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 108-бабы Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бойынша екі жүз айлық есептік көрсеткішке (505,000т) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылуға не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрмыстық зорлық – зомбылықты құқықтық қорғау мәселері
Қазіргі Қазақстандағы отбасылық зорлық-зомбылық мәселесінің әлеуметтік аспектілері (салыстырмалы талдау)
Зорлық-зомбылық көрген әйелдерге әлеуметтік жұмыс технологиясы
Қазіргі жағдайда пайдакүнемдік - зорлық қылмыс жасаудың детерминанттары
Мәселенің актуальдігіне қарамастан, құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы Жарлығы
Зорлық зомбылық психологиясы
БӨТЕН МҮЛІКТІ ТОНАУДЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУДЫҢ НЫСАНДАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ
Ұрлықтың мәні - мүлік
Пәндер