Түркі әлемінің алтын бесігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Түркі әлемінің алтын бесігі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің арқасында әрбір бастамасы
еліміздің әлемдік аренада өзінің лайықты орнын алуына ықпал етті. Бүгінгі
Қазақстан саяси жағынан берік, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қуатты
мемлекетке айналды. Ата-бабамыз аңсаған “Мәңгілік Ел” боламыз деген идея
ұрпақтары тарапынан лайықты жалғасын тапты. Жаһандану заманында руханияты
биік, ұлттық ұстанымы нық өркениетті қоғам орнату мақсатында жарияланған
“Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақала жұртшылық
санасына айтарлықтай серпіліс тудырып, бұл бағытта қыруар істер атқарылып
жатқаны да баршаға аян.
Ғасырлар бойы жоғын жоқтаған халықтың арман-тілегі орындалып, келмеске
кеткені, санадан өшірілгені қайтадан оралды. Мұның өзі тәуелсіздіктің және
ұстанған мемлекеттік саясаттың дұрыстығын айғақтайды.
Осы аптада Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” атты тарихи сананы
жаңғыртуға бастайтын тағы бір мақаласы жарық көрді. Мазмұны терең, ғылыми
негізделген, тағылымды мақалада ұлт тарихының бастаулары, Ұлы дала
өркениеті, түркі әлемінің генезисі, түркілердің адамзат тарихына қосқан
сүбелі үлесі сияқты маңызды тақырыптармен бірге оларды жүзеге асырудың да
нақты жолдары көрсетілген. Мақала “Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт –
бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт
тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес”, – деген жолдармен
басталады. Түп-тамырын сонау тас ғасырынан алатын Қазақстан тарихы әлем
тарихымен ұштаса отырып, өзінің ерекше көшпелі өркениетке негізделген
теңдесі жоқ материалдық және рухани мәдениетін, этникалық менталитетін
қалыптастыра білді. Оған ықпал еткен ұлан-ғайыр Ұлы даланың табиғи-
жағрапиялық, климаттық жағдайына негізделген мал шаруашылығы басым
экономикалық негіз болды. Қазақстан жерінде сақ, үйсін, қаңлы, ғұн
тайпалары негізін салған алғашқы протомемлекеттік бірлестіктер мен алғашқы
мемлекеттер ежелгі дәуірлерде қалыптасты. Мұның өзі басқа жақтан ауып
келген емес, керісінше, осы жерде қалыптасып, өмір сүрген қазақ халқының
арғы аталарының уақыт пен кеңістік аясында тірішілік еткен іс-әрекеттерімен
байланысты екенін білдіреді.
Мақаланың тағы бір ерекше тоқтала кететін қыры – “Атқа міну мәдениеті”.
Ықылым заманнан бері аттың құлағында ойнаған қазағымыз жылқы малын алғаш
қолға үйретіп, кейін оның қадір-қасиетін жете түсінген. Жылқыны қолға
үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие
болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз
революцияға жол ашты. Оның ғылыми дәлелі – Солтүстік Қазақстан облысында
табылған “Ботай мәдениеті”. Бұл мәдениет б.ғ.д. V-IV ғасырларды қамтиды.
Зерттеулердің тарихи маңызы – жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең
басты орталығы Қазақстан болып саналуында. “Рухани жаңғыру” бағдарламасының
аясында Ботай мәдениеті республикалық киелі орындар картасына енгізіліп,
ашық аспан астындағы музей жасау жоспарланып отыр. Атқа мінген жауынгер
бейнесі, оның үстіне киген киімінің сапалылығы, бүгінгі киімдерден
айырмашылығының болмауы ғалымдар іздеген талай сұрақтарға жауап беретіні
сөзсіз.
Қазақстан жері ежелгі металлургияның орталығы болған. Мақалада осы
мәселеге жан-жақты ден қойылған. Ежелгі тайпалар энеолит, қола, темір
дәуірлерінде металл өндірудің амал-тәсілдерін табу арқылы тарихтың жаңа
кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті.
Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің
ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары
алына бастады. Осыған орай, археологиялық қазба жұмыстары барысында
металдың әр түрінен жасалған түрлі бұйымдар ежелгі адамдардың қажеттілігін
қамтамасыз еткендігі анықталды.
Мақаладағы тағы бір қызығушылық тудыратын мәселе сақ тайпаларына ғана
тән “Аңдық стиль” деуге болады. Бұл өнер әлемде теңдесі жоқ рухани құндылық
болып табылады. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың
өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын
айқындаған өнердің бұл түрі әлемдік деңгейдегі биік белестердің бірі
саналады. Қалыптасуы мен дамуы жағынан үш кезеңді басынан кешірді.
Алғашқысында тек аңның бейнесі ғана пайдаланылса, кейін ол композициялық
түрге ұласып, полихромдық стильге айналған. Аң стиліндегі бұйымдар
Қазақстан жерінде сақтардан қалған ескерткіштерде жиі кездеседі. Әсіресе,
Есік обасынан, Шығыстағы Берел, Шілікті обаларынан табылған “Алтын адамның”
жерлеу орнында аң стиліндегі бұйымдар көптеп табылды. Мысыр пирамидалары
мен қазақстандық “Алтын адамның” жерлеу рәсімінде көп ұқсастық байқалады.
Мұның өзі әлемдік өркениеттің даму заңдылықтары уақыт және кеңістікпен
өлшенетінінің тағы бір дәлелі іспеттес. Егер кеңес кезеңінде бір ғана
“Алтын адам” табылса, қазір олардың саны бесеуге жетті. Зерттеу
жұмыстарының жандануына байланысты әлі де мұндай құндылықтар табылады деген
сенімдеміз.
Елбасы мақаласының тағы бір ерекше қыры – Түркі әлемінің бесігі болған
Түркі мемлекеттері мен тайпаларының қалыптасуы мен дамуының ордасы Алтай
және рухани орталығы Түркістанды ерекше атап өтеді. Біздің дәуіріміздің І
мыңжылдығының орта шенінде түркі дүниесінің пайда болуымен Ұлы дала төсінде
жаңа кезең басталғандығы айтылады.
Ұлы даланы дүр сілкіндерген Ұлы Түрік қағанаттары, Елтеріс қаған,
Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк сияқты данагөйлер мен атақты қолбасшылар осы
жерден шыққан. Дүниежүзіне әйгілі “Күлтегін жазуы” да, бүкіл түркі әлеміне
ортақ тұлғалар Шығыстың саңлақтары Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи,
Ахмет Иүгінеки, Ибн Синалар осы кезде өмір сүріп, ілім таратқан.
Ерте орта ғасырларда Түркі мемлекеттері үшін саяси, экономикалық,
стратегиялық және мәдени маңызға ие болған “Ұлы Жібек жолы” – мақалада
айтылған Ұлы даланың бір қыры. Қазақстан жерінің Еуразия құрлығының дәл
ортасында орналасуы, ежелден бері Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы,
Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы
байланыстардың трансконтинентальды желісіне – “Ұлы Жібек жолы” жүйесіне
айналғандығы мақалада айтылған. Сол кезеңде өмір сүрген мемлекеттер үшін
маңызды нысанға айналған құрлық жолы Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі,
Таяу Шығыс сияқты алыс-жақын өркениеттерді байланыстыра отырып, мәдени және
рухани құндылықтардың өзара ықпалдасуына септігін тигізген. Бүгінгі күні
жаһанданған қоғамда “Ұлы Жібек жолы” жобасы қайта жанданып, еліміздің басқа
мемлекеттермен байланысына ықпал етуде.
Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны екендігі мақалада ерекше
аталған. Белгілі бір материалдық құндылықтардың қайталанбас үлгілерінің
Қазақстан жерінде пайда болып, қалыптасуы маңызды құбылыс. Мақалада бұл
жайында былай делінген: “Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың
“тарихи отаны” екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл
әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер
жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы –
Сиверс алмасының отаны саналады”. Иә, осы жемістің тарихының символы Алматы
қаласы Қазақстанның бұрынғы астанасы және қазіргі кезде әлемдегі әсем
шаһарлардың бірі болып есептеледі. Сол сияқты Іле, Шу өзендерінің етегінде
өсетін Регаль қызғалдақтары да еліміздің символы іспеттес. Мұндай
құндылықтар дүниежүзі деңгейінде тек шыққан жерінің брендіне айналған баға
жетпес туындылар болып есептеледі.
Мақалада Елбасы көтерілген мәселелерді Қазақстанның тамыры терең
тарихының маңызды қырлары екенін жұртшылыққа айта келіп, әрбіреуінің жан-
жақты зерделенуі қажеттілігіне тоқталады. Сондықтан, қоғам алдына,
зерттеушілер алдына міндеттер қойып, оларды бірнеше ауқымды жобалар арқылы
жүзеге асыруға болатындығын айтқан. Мәселен, “Архив – 2025” жобасы арқылы
еліміздің тарихының әлі де болса жете зерттелмей келген тұстарына баса
назар аударуды, алыс-жақын шетелдердің архив қорларында сақталған деректі
құжаттарды ғылыми айналымға енгізу қажеттігін айта келіп, деректерді тек
жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа
қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру
мәселесі де қарастырылады. Бүгінгі цифрланған заманда архив материалдарының
мұндай форматқа көшуі архив қызметкерлерінің, зерттеушілердің жұмысына әлде-
қайда тиімді болатыны сөзсіз.
Өлкетану жұмысын жандандыру мақсатында мектептер мен барлық өңірлердегі
өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру
қажеттігі – күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. “Рухани жаңғыру”
бағдарламасының аясында бұл бағыт бойынша жұмыс басталғанымен, әлі де болса
жаппай сипат ала қойған жоқ. Қазақ халқының фольклорлық ауызша
тарихнамасының өзегі ауылда екенін естен шығармау керек. Данагөй қариялар
тұнып тұрған шежірелі тарих емес пе? Сонымен қатар зерттеушілерден, білім
алушылардан, қызығушылардан құрылған экспедицияларға көптеген тарихи-
археологиялық ескерткіштерді, этнографиялық құндылықтарды жинақтап,
сұрыптауға мол мүмкіндік туатын еді. Жақында ғана М.Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдарына Уәлиханов
ауданының тарихи ескерткіштерін ғылыми-зерттеу ұсынысы түсті. Мұндай
мысалдар аз емес.
Мақалада айтылған “Ұлы даланың ұлы есімдері”, “Түркі әлемінің
генезисі”, “Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі”, “Дала
фольклоры мен музыкасының мың жылы”, “Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы
көрінісі” сияқты нақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы даланың жеті қыры мақаласы туралы сауалнама
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Ұлы даланың жеті қыры атты анықтамалық экспозицияны тарихта оқытуда тиімді пайдалану
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
ҚАЗАҚ ТАРИХЫ – ТҮРКІЛЕРДІҢ ДАЛАЛЫҚ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
Түркі әлемінің ұлы мирасы
Орталық Ферғана аймағыдағы мәдени мұралар
Туған жерім - Түркістан
Түркілердің төл мекені – Түркістан!
Қазақ әдебиетінен тапсырмалар
Мағжан Жұмабаев - қазақтың ұлы ақыны
Пәндер