Ұмай ана - Құдай ана тас бейнесі
Ұмай ана - Құдай ана тас бейнесі
Мифке жеке iлiм ретiнде көңiл бөлу XVІІІ ғасырда өмiр сүрген итальяндық философ Дж. Виконың 1725 жылы жарық көрген Основания новой науки об общей природе нации деген еңбегiнен басталады. Мифтiк шығармашылықтың, алғашқы қауым адамының болмыс жағдайларына бейiмделуiне мүмкiндiк беретiн ерекше тәсiлдерi көрсетiлген мифтер адамзаттық ақыл-ойы сөздiгiнiң тұңғыш басылымы деп көрсетедi. XІX ғасырдың екiншi жартысында мифологияны қарастырудың негiзгi екi бағытын атап өтуге болады. Оны бiрiншiсi - Я.Гримм, А.Кун, В.Шварц, В.Манхардт, М.Мюллер, А.Афанасьев, А.Потебня, т.б. ғалымдар бастаған мектеп. Ол үндiеуропалық салыстырмалы-тарихи тiл бiлiмiнiң ғылыми жетiстiктерiне және үндiеуропалық тiлдердегi этимологиялық салыстырулар арқылы көне үндiеуропа мифологиясын реконструкциялауға, жаңғыртуға негiзделген. Екiншiсi - анропологиялық және эволюционистiк мектеп. Оның негiзгi өкiлдерi Э.Тейлор, Э.Ленг, Г.Спенсер сияқты ғалымдар болды. Бұл мектептiң негiзгi бағыты - салыстырмалы-этнографиялық зерттеулердi адам дамуы туралы ғылыми нәтижелермен тығыз байланыста қарастыру. ХХ ғасыр басында ағылшын этнографы Б.Малиновский этнографиядағы функционалдық мектептiң негiзiн салды. Осымен байланысты ол мифтi символдық, аллегориялық, т.б. мағынаны бiлдiретiн аңыз, әңгiме ғана емес, сонымен бiрге әлем мен адам дүниесiне ұласатын ақиқат шындық деп таниды. Француздың социологиялық мектебi - Э.Дюркгейм, Л.Леви-Брюль, т.б. Ғалымдар мифтi әлеуметтiк психологиямен бiрлiкте қарап, тотемдiк мифологияны рулық қауымдастықтың алғашқы моделiн жасаушысы ретiнде көрсеттi. Бұдан кейiнгi зерттеулер мифтiң мәнiнен гөрi, мифологиялық ойлаудың танымдық ерекшелiктерiн ашуға бағытталады. Нақтылап айтсақ, мифтiң психоаналитикалық концепциясын жасаушылар З.Фрейд, К.Г.Юнг, т.б. ғалымдар адамның психикасындағы құбылыстарды алғашқы қауымдық кезеңнен қалған архаикалық қалдықтар немесе архетиптермен байланыстырса, мифтiң құрылымдық теориясын ұсынған француз этнологы К.Леви-Стросс мифологиялық ойлау ерекшелiктерiн негiзге ала отырып, мифтiң сансыз мағыналық трансформацияға бейiм екендiгiн көрсетедi.Ол ХІХ ғасырдағы ғылым ойлағандай өтірік емес, ертегі де емес (қарабайырланып кетіп ертегіге айналуы мүмкін). Ол белгілі бір ұлттың, нәсілдің қоршаған дүние туралы, өзі
туралы, өзінің тарихи жолы туралы астарлап айтқан шындығы. Серікбол Қондыбай былай деп жазады: Мифология, миф - ойдан шығарылған қиял емес, ол - өткен заман адамының шындығын бойына сақтап қалған ата-баба сарқыты. Ол - өткенді саналы түрде бұрмалаудың, жалғандықтың ескерткіші емес, бірнеше мәрте бүктетіліп, оралып, ақиқаты мен қатесі қатар өрілген, еріксіз шатасудың тозаңының арасында байқалмай қалған ақиқаттың өрім қамшысы.
Жалпы алғанда, ХХ-ХХІ ғасырдағы гуманитарлық ғылымда мифке көзқарас қатты өзгерді, ұлттың санасын, түпсанасын да миф арқылы зерттеуге болатыны анықталды. Фридрих Ницше мифті кез келген дені сау мәдениеттің көкжиегін қоршап тұратын, сол мәдениетті, сол халықтын санасын қорғап тұратын шекара деп білген. Бізге сол шекара әсіресе кәзіргі жаһандану дәуірінде қандай керек екені сөзсіз түсінікті.Адамзат танымға қаншалықты құмартса, сенімге де соншалық көп көңіл бөлген. Қазақтарда көне заманда генотеистік наным басым болғаны аян. Көрнекті мәдениеттанушы ғалым Т.Ғабитов: Генотиптік жүйе деп рулық-тайпалық қауымға тін арғы ата-текті қастерлеп, оларды жаратушы және қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы шешуші күш ретінде қабылдайтын сенімдер мен нанымдардың бірлігін айтады [1, 309], - дейді.
Көшпенді бабаларымыз үшін атаның қаны, ананың жасы сіңген байтақ жері басты қазынасы болғаны аян. Ұрпақтарының тұрағы, ырыс-берекенің қайнар көзі - Жер-Ананы мадақтаған, қасиетіне табынған, оның құдіретін мойындап, қаһарынан қорыққан. Притхиви (кең) - үнді миф-аңыздарында жер иесі, әйел бастауы, ана. Дьяус (гректерде Зевс) - ер адам бастауы, әке. Притхиви Дьяустан шыққан жаңбыр, бал және майдан барлық тіршілік иелерін жаратады [2, 336].
Энки шумерше Жер қожайыны - тұщы және жер асты суларының қорғаушысы, адам мен табиғатты жаратушы, құдайлардың өнері мен айласын адамдарға үйрететін тылсым күш иесі. Энки жаратылыс негіздері мен заңдарын жүзеге асырғанды ұнатады. Ол Абзудың (жер асты суларының құдайы) эміршісі, данышпандықтың жебеушісі, әрі адам баласын басқа құдайлардың кесапатынан қорғаушы ретінде әспеттеледі. Энкидің көптеген аспактілері қарастырылады: құнарлылық, өсімділік құдайы, адамдарды жаратушы [2, 662].
Энки және Шумер мифінде Энки жердегі тәртіп пен тұрақтылықты реттейді. Жер шарын айналып, саяхат барысында көгалдандырып, гүлдендіреді. Қалалар мен мемлекеттердің болашағын белгілейді. Тигр және Евфрат өзендерімен жоғары көтерілгенде бүкіл жер әлеміне ырыс пен береке себеді. Соқа, кетпен, кірпіш құятын құралдарды өз қолымен жасап, шаруашылықты келесідей бөледі: Энки құдайға - арықтар мен су жолдарын, Тау патшасы Сумуканға өсімдіктер мен жануарлар мекендейтін далалар мен жазықтарды, Димузи бақташыға сүт пен май қорына бай мал шаруашылығын иелікке береді [2, 662].
Гея грек халқының Жердегі тіршілікті тудырушы Жер-ана ретінде әспеттеледі. Ол Хаостан кейін жаратылған. Алғашқы төрттік ішіне енеді: Хаос, Жер, Тартар, Эрос. Өзіне өмірліке серік етіп Уранды (Аспан) алып, одан алты титандар мен алты титанидаларды дүниеге әкеледі. Солардың ішінде Кронос пен Реядан туған Зевс - басты олимпиялық құдайға айналды. Гея Олимп құдайларының өміріне араласпағанмен, оларға құнды ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ол Реяға Кроностан өзінің баласы Зевсті құтқарудың амалын, кейін баласының тағдыры бақытты, сәтті болатындығын
айтады. Геяның дана кеңесімен Зевс жүзқолдыларды (гекатонхейрларды) құтқарып қалады. Геяның адамға деген шексіз қамқорлығы, жасампаздығы мен аналық мейірімі кейін Деметраның бойынан ішінара көрініс тапты [2, 300].
Гея − космосты жаратуға қатысқан төрт потенцияның (Хаос, Жер, Тартар, Эрос) бірі. Ол өз-өзінен Уран-Аспанды жаратып, оны жұбай еткен. Осының өзі - матриархаттың бастапқы дәуір болғанының тағы бір айғағы. Гея Уранмен қосылып, алты ер жынысты, алты ұрғашы жынысты титанды жаратқаны белгілі. Сондай-ақ Гея Уранға қатыссыз да Понт теңізін, тауларды, үш киклопты және үш жүзқолды құбыжықтарды туған.
Жер-Ана - Гея ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz