Ауылым - алтын тұғырым
Ауылым - алтын тұғырым
Қазақ жері қойнауы тарихқа толы қасиетті өлке. Біздің жеріміз қаншама тылсым сырларды бойына бүгіп жатыр... Соның ішінде ойып тұрып орын алған Торғай өңірінің тарихы - Қазақстан тарихының ажырамас бөлігі.
Жалпы адамзат баласы үшін бірнеше қастерлі ұғым бар. Соның бірі əрі бірегейі - Отан ұғымы. Отан неден бастау алады? Осы бір сұраққа жауап берер алдында əрбір адамның ойына ең алдымен отбасы, одан кейін кіндік қаны тамған жері еске түседі.
Туған жер ... Бұл сөзде сарғайған сағыныш, ащы көз жасы, қаншама қуаныш, қаншама мұң, естен кетпес тәтті естеліктер жатыр. Белгілі жазушы Жүсіпбек Аймауытов Қартқожа романында : Ыстық қой, шіркін, туған жер! Кім сағынбас өз қағын?! Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз... деп туған жердің қадіріне тереңірек тоқталады.
Менің туған жерім - киелі Торғай мекені. Небір түнеріп батқан күндердің, арайлап атқан таңдардың, бұқараны зар еңіреткен сұм жылдар мен мамыражай, бейбіт күндердің куəгері. Туған жерімнің əрбір тау-тасы, өзені, кең даласы сонау замандардан бері келе жатқан тарихпен астасып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, сан ғасырлық тарихты сақтап жатқан қария секілді, көргені мен білгені мол - Қарт Торғай. Бүгінгі күнге дейін Киелі Торғай, Текті Торғай деп аталуы тегін емес. Оның үстіне Торғай қаласы, Торғай облысы, Торғай даласы, Торғай қақпасы, Торғай ойпаты, Торғай үстірті, Торғай əуені сияқты тағы да басқа атаулары жетіп артылады. Атақты философ абыз Асан қайғы Желмаясына мініп, жұртына шұрайлы қоныс іздеп жүргенінде, Торғай өзенін көріп: Аққан суың бал татитын, ақ шабағың май татитын жер екен, - деп сүйсінген деседі.
Торғай атауының шығу тарихы жайлы ғалымдардың көптеген болжамдары бар. Ал осы тұста ақын Қадір Мырзалиев:
Еркіндік пен елдік үшін торғайдай,
Шырылдаған Торғайсың сен о бастан, - деп Торғай жерінің қайтпас қайсарлығына бас иеді.
Қазақстан тарихынан ойып тұрып орын алған Торғай өңірінің киелі жерлері жетерлік. Ұлы Жыланшық, Жолшара, Атанбасақирек, Торғай ауылына қарасты Ақкөл, Ақшығанақ, Шеген, Қызбел, Еңбек ауылдары өткен тарихи кезеңнің куəсіне айналған мекендер.
Қазақтан тарихында бұқаралық сипат алған 1916 жылғы батыр бабаларымыздың бастаған ұлт-азаттық көтерілісі киелі Торғай жерінің ең алғашқы азаттық жаршысы болғанын толығымен дәлелдейді. Сол кезеңдегі Торғай облысының ханы Əбдіғаппар Жанбосынов, қозғалыс жетекшілерінің бірі - Амангелді Иманов осы көтерілісте қол бастап, Торғай атауын тарих беттеріне мəңгілікке қалдырған болатын. Ел арасында қозғалыс жетекшілері туралы: Амангелді көз мергені, Кейкі қол мергені деген сөз əлі күнге дейін сақталған.
Торғай - ұлт ұясына айналған мекен. Бұл топыраққа кіндік қаны тамған ержүрек батырлар, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен билер, əулие-əмбиелер, суырып салма ақындар, күміс көмей əншілер, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz