Бізді қоршаған әлем


Бізді қоршаған әлем
Әлемді өзгерту үшін, оны қалыптастырған әдістерді өзгерту керек.
... жалғасыПьер Бурдье
Жан-жағына қара. Сен не көріп тұрсын, не естіп жүрсін? Әрине, ешнәрсе өзгерген жоқ, бәрі сол баяғы қалпында деп жауап беруін мүмкін. Бірақ біздің айналамыздағы әлем әр минут, секунд сайын өзгеріп отырады. Бізді қандай әлем қоршап тұр?Біз қандай әлемде өмір сүріп жатырмыз? Бұл жақсылық пен әділдікке, қуаныш пен үмітке толы әлем бе, әлде жамандық пен әділетсіздік, бақытсыздық пен қайғыға құралған әлем бе? Иә, бізді қоршаған ортада осылардың барлығы да орын алып жатыр. Адам баласы өзінің құпияға толы, мына бір керемет әлемде өмір сүріп жатқанын еш ұмытқан емес.
Даладағы күзгі жаңбыр, қыстағы қатқақ жер мен аяз, көктемнің әсем гулдері мен жаздың шуақты күндері . . . Біз - үнемі қозғалыста, өзен ағысындай бір қалыбында тұрмайтын әлемнің бір бөлшегіміз. Бәрі де табиғат заңына бағынып, неге, не үшін деп сауал қоймастан тіршілік етуде.
Айналаңа көз сал. Бақыттың құшағында алаңсыз күн кешіп жатқан жастарды көресін. Сырт көзге бәрі әдемі көрінгенмен, унемі осылай бола бермейтінін аңғарасың. Одан кейін шашың ақ басқан, көңілін мұң басқан, көше тазалап, өз нәпақасын тауып жүрген әжейді көресің. Оның өмірінің қаншалықты қиын екендігін, тағдырдың оған деген рақымсыздығын көресің, көресің де жүрегің ауырады. Себебі сен әлі жассың, тағдырдың саған не дайындап тұрғаны әлі белгісіз.
Одаң соң автобусқа мінесің, өтірік ұйықтап немесе телефонның ішіне басымен кіріп кеткен жастарды және аяқ-қолы діріл қағып, қалшылдап әрең тұрған қарттарға көзін түседі. Осындайда «атаңа не қылсаң, алдына сол келер» деген сөз еріксіз еске түседі. Бәрімізді де күтіп тұрған осындай бұлыңғыр болашақ па деп қорқамын. Иә, қазіргінің қарттары өз үйінің төрінде емес, қарттар үйіндегі аядай бір бөлмені паналап отыр. Неліктен? Біздің әлем қай кезде осындай мүшкіл халге жетті?! Олар осындай өмірге лайық па?!
Бәріне мәлім, әлемде қарттар мен жетімдер үйінің саны артып келеді. Өз баласынан безіп, шарананы керексіз заттай қоқысқа лақтырып, өзінің бауыретінен безінген көкек аналар көбейді. Соның ішінде ар-ұят, адамгершілік, тәрбие деген ұғымдар аяусыз тапталып, отбасы, ана мен бала ұғымдары жермен жексен болуда. Өкінішке қарай, біз осындай тасжүректер құмырсқадай қаптаған әлемде өмір сүріп жатырмыз. Арғы жағы айтпаса да белгілі.
Кезінде Хакім Абай өзінің бір өлеңінде:
Момыннан жаман қорқақ жоқ,
Қу, пысық деген ат қайда?
Арсыз болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда?! - дейді. Осы өлең жолдарын Абай бір ғасыр бұрын жазып кеткен болатын. Міне, біздің әлем қазір дәл осындай сыпатта тұр. Талай ғасырлар бойы ұлттың айнасы болып келген қазақ қыздарының қазіргі халі адам шошырлық. Өзгеге еліктеу, сұлулық стандартына сай болу - олардың өмірлік ұстанымына айналғандай. Ал атақ пен мансап қуған жастар арын сатудан тайынбай адам деген ардақты атқа кір келтіріп жүр. Кішкентай бүлдіршіндердің жайы одан да сорақы. Олардың тілі бүлдірлеп орысша шығып жатқанымен қоймай, біздің әлем олардан ағылшын тілін талап етуде. «Бәріне түсінікті орыс тілі тұрғанда, қазақ тілінің керегі не?» деп жар салып жүргендер де аз емес. Осының бәрін көріп отырып, кейде «Біз осы қай елде, кімнің жерінде тұрып жатырмыз?!» деген ой келеді.
Біздің әлемдегі тағы бір кесел ол - жемқорлық. Халықты несібесінен айырып, тас кенедей жабысып алып, қанын сорып жатқан жемқорлар да бар. Алла тағала адамды жаратты, адам ақшаны ойлап тапты, ал ақша адамды ақыл-есінен айырды. Иә, бәрімізде жемқорлар билейтін, ақымақтар ақыл айтатын әлемде өмір сүріп жатырмыз.
Егерде барға қанағат, жоққа сабыр етсек, отбасылық құндылықтарды бәрінен де жоғары қойып, телефонның ішіне емес, айналамыздағы әлемге біраз көңіл бөлсек, осы елдің азаматы болғандықтан, өз тіліміз бен дінімізді, дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды құрметтей білсек, бәлкім, біздің айналамыздағы әлем мүлде басқаша болар ма еді?! Бәрін өзгерту тек өз қолымызда. Себебі біз бұл әлемді өзгертпей, оны ешқашан құтқара алмаймыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz