Сот экспертологиясы пәнінен қысқаша лекция жинағы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

«Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасы

«Сот экспертологиясы»

пәнінен қысқаша лекция жинағы

Дайындаған: Аға оқытушы Еркебаева Н. А.

Сот экспертологиясы пәнінен қысқаша лекциялар жинағы

1-тақырып. Сот сараптамасы пәніне кіріспе

1 Сот сараптамасы заң білімінің саласы ретінде

2 Сот сараптамасы: ұғымы, пәні және міндеттері

3 Сот сараптамасының жүйесі. Сот сараптама әдістемесі

1. Сот сараптамасы заң білімінің саласы ретінде

«Сараптама» деген сөз латынның - «ехрегtus» сөзімен байланысты, бұл «тәжірибелi», «хабардар» деген дi білдіредi. Сараптама жөнінде жалпы айтсақ, қандай да бір арнаулы саладағы білімдi тартуды қажет ететін сұрақтарды шешу үшін хабардар адамның (сарапшының) жүргізетін зерттеуін айтамыз.

Сот сараптамасы - жеке іс жүргізу әрекеті, оның мәнi мен жайларды шешу үшін маңызы бар жағдайаттарды белгілеу мақсатында арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін іс материалдарын зерттеу болып табылады. Дәл осылайша «сот сараптамасы» ұғымы Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңының 1-бабында белгіленген. .
Сот сараптамасы қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдерді пайдаланудың ең білікті нысаны болып табылады. Ол іс бойынша сотқа дейінгi іс жүргізу барысында және оның сот қарауында барлық ғылыми танымның құралдарының арсеналын пайдалануға мүмкіндік бере отырып, сот пен алдын ала тергеу органдарының танымдық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтедi.

Сараптаманың негізгі сипаттарын анықтай отырып, сараптама арнаулы ғылыми білімдерді тартуды қажет ететін қылмыстық істi тергеу немесе сот қарауы барысында туындайтын проблемалық танымдық ситуацияны жеңу нысаны болып табылатындығын білу керек.

Мұндай шешім кезінде сараптаманың сипаттамасы ретінде оны тағайындау мен жүргізудің мақсаты мен шарттарын бөліп алуға болады .

Мақсаты сарапшы қорытындысының жаңа дәләлдерін алу, қылмыстық істің жаңа мән-жайларын анықтау болып табылады.

Шарттарына мыналар жатады: 1) арнаулы ғылыми білім негізінде зерттеу жүргізу. Сараптамаға қатысты «арнаулы ғылыми білім» терминін пайдалануға баса назар аудару керек; 2) сараптаманы арнайы іс жүргізудің тұлғасы, қылмыстық процеске қатысушы өзге адамдардан оны айрықшалайтын құқықтары мен міндет терінің жеке жиынтықтары бар сарапшының жүргізуi; 3) заңмен реттемеленген сот сараптамасының іс жүргізу нысаны, оған оны тағайындау, жүргізу, зерттеу нәтижелерін рәсімдеу және оларды бағалау, сондай-ақ сараптамаға қатысушылардың құқықтары мен міндет терi жатады. Сарапшылық зерттеу нәтижелерін белгілеудің іс жүргізу нысаны іс бойынша дәләлдеме болып табылатын сарапшының қорытындысы болады; 4) зерттеушінің белгілi бір теориялық принциптерi мен тәжірибесіне сүйенетін бағалау мен фактілерді түсіндіру негізінде тұжырымды зерттеу нәтижесіндегі қалыптастыру. Сарапшылық зерттеудің нәтижесi фактілерді анықтау, табу емес, ол оның өмір сүруi туралы тұжырым, ой қорытындысы. Соңғысы сарапшының өзінің арнаулы ғылыми білімдерi негізінде жүргізген объектілерде анықталған белгілер мен байланыстарды жиынтықты бағалау жолымен белгілен едi. Сарапшының тұжырымы фактілерді өзгеше түсіндірудің, дауласудың принциптi мүмкіндіктеріне жол бере отырып, сол арқылы пікір ретінде қалыптасады.

Аталған мақсат пен шарттар сараптаманы қылмыстық процестегi арнаулы білімдерді пайдаланудың өзге нысандарынан айырады.

2. Сот сараптамасы: ұғымы, пәні және міндеттері

Сот сараптамасы ұғымының анық анықтамасының практикалық аса маңызы бар, өйткені оның болмауы сараптамаларды жүргізу практикасының іс жүргізу және ұйымдастырушылық сәттерінде келеңсіз көрініс табады да, сөйтіп сараптаманы жүргізуден бас тартудың, сараптаманы өзге іс жүргізу әрекеттерімен ауыстырудың, сарапшының құзыретінен тыс сұрақтарды қоюдың негізделмеген себебi болады.

Әдебиеттерде сот сараптамасының тақырыбын анықтаудың әр түрлі жолдары бар. Әр авторлар сараптаманың тақырыбын анықтауға жататын мән-жайлар, сарапшылық міндеттер, сараптама объектілерi ретінде анықтайды.

В. Д. Арсеньев ұсынған сот сараптамасының тақырыбын анықтамасы ең толықтауы болып табылады: « . . . сот сараптамасының тақырыбы тараптар, оның объектісінің қатысы (негізгі және қосалқы), олар іс үшін мәнi бар және тиістi білім саласы аясына кіретін сұрақтарды шешу мақсатында сараптаманың осы саласымен зерттеледi және оның құралдарымен (әдістерімен, әдістемелерімен ) танылады» [21] .

Осы анықтаманың мәні оның философиялық мағынадағы таным затын дұрыс түсінуге негізделгеңдігінде болады. Егер оған дейін барлық анықтамалар таным процесінің бір жағын ғана қамтыса, В. Д. Арсеньевтің анықтамасы сараптама тақырыбының толық үш жақты «формуласын» - танымның объектісін, міндеттерi мен әдістерін көрсетсдi.

Алайда, көбінде практикада, сарапшылық зерттеу негізінде анықталатын, оны шешу үшін мәні бар нақты деректер ретінде (іс мән-жайлары) сараптама тақырыбының ықшамдалған анықтамасы жиi пайдаланылады.

Сараптаманың тектік (түр) тақырыбы белгілi бір мамандықтағы сарапшының құзыретi, осы тектік (түр) сараптаманың мүмкіндіктерін анықтайды.
Қылмыстық іс бойынша тағайындалатын нақты сараптаманың тақырыбы сарапшының алдына қойылған сұрақтардың ауқымымен анықталады. Ол сараптаманы тағайындау кезінде қажеттi ғылыми құзыреттілікке сәйкес сарапшының таңдауымен себептеледi.
Сарапшылық білім саласының сипаттамасы ретіндегі сот сараптамасы тақырыбының ұғымы тиістi сарапшылық міндеттерді анықтау мен жіктеу үшін негіз болып табылады.

Сарапшылық міндет сарапшының алдына қойылған сұрақтағы тапсыр маны сарапшының қабылдауы. Гносеологиялық тұрғыдан қарағанда ол оның түпкi мақсаты (ізделінетін факт) мен оған жетудің шарттарын, яғни сараптаманы тағайындау кезінде сарапшыға ұсынылған алғашқы мәліметтерді сипаттайды.

Сараптаманың міндеттерi ұғымы көбінде сарапшыға қойылған сұрақ ұғымына ұқсас. Белгілi мағынада міндет ол белгілi бір үлгідегі сұрақтардың мағынасын ғылыми қорытын түсіндіру деген сөз.

Сараптама міндетi дегеніміз тергеу-сот практикасының қажеттілігіне және сот сараптамаларының жетістіктерi мен әдістемелеріне сәйкес сот сараптама тақырыбы мазмұнын қорытындылап тарататын нақты деректерді анықтаудың мүмкіндіктерi.

Криминалистік сарапшылық міндеттерді жіктеу мен тұрақтандыру мәселелеріне келсек, қазіргi күндерi сот сараптамасы теориясында көрінген осы мәселедегі жолдарға қысқаша талдау жасау керек.

3 Сот сараптамасының жүйесі. Сот сараптама әдістемесі

Сот-сарапшылық зерттеу әдістерін ғылыми практикалық қызмет ретінде жіктеу әр түрлі - ортақтық дәрежесi мен олардың дәреже сатысы, әдістер алынған ғылым салалары, алынатын ақпарат сипаты, зерттеу объектісіне әсер ету дәрежесi негіздерi бойынша жүзеге асырылады.

Ортақтық дәрежесi мен олардың дәреже сатысы бойынша әдістер былайша бөлінеді:

1. Жалпылама әдіс (диалектикалық және формалды логика) ;

2. Жалпы әдістер: бақылау, салыстыру, сипаттау, өлшеу, эксперимен т, модельдеу және басқалары.

3. Жеке ғ ылыми әдістер. Т. В. Аверьянов дәл атап көрсеткен дей, негізінде өзінің мазмұны бойынша бұл санат ғылыми зерттеудiи арнаулы әдістерi санатына ұқсас. Жеке ғылыми әдістерді қолданудың аясы бір тектi (түрі) немесе пайдаланылатын сипаты бойынша бір-біріне жақын бірнеше білімдердің сараптамасы болып табылады [З] . Мұндайға фотографиялық, физикалық, химиялық, математикалық және сол сияқты әдістер жатады. Жіктеудің бұл деңгейi, көбінде, әдістер алынған ғылымдар саласы бойынша жіктеумен сәйкес келедi.

4. Арнайы әдістер. Бұл әдістер нақты, жекелеген объектінi зерттеу үшін әзірлен едi. Мысал ретінде адсорбциондық люминесцентті, диффузиялық -көшірме әдістерді келтіруге болады.

Объектілердің зерттелетін белгілеріндетi бейнеленіп алынатын, ақпараттың сипаты бойынша, әдістер бейнелерді талдау, морфологиялық талдау, физикалық, химиялық және объектілердің басқа қасиеттерін талдау әдістерi дәл бөлінеді.

Объектілерге әсер етудің дәрежесінен шыққанда, бұзылмайтын әдістерге бөлінеді, оларға объектіге әсер етпейтін және сынама дайындықты іске асыруды қажет етпейтін әдістер жатады 141.

Сот-сарапшылық зерттеу әдістемелерi де жіктеледi. Мысалы, ортақтылық дәрежесi бойынша типтік және нақты (жеке) әдістеме боп бөлінеді.
Типтік сарапшылық әдістеме - типтік сарапшылық мiндеттерді шешудің жинақтап қорытылған тәжірибесінің көрінісi. Белгілi бір жағдайларда бұл әдістемені сарапшы қандай да бір бейімдеусіз, өзгертусіз қолдануы мүмкін.

Нақты немесе жеке әдістеме - типтік әдістемені бейімдеу, өзгертудің нәтижесi немесе сарапшылық міндеттi шешуге шығармашылық түрде келудің жемісi болып табылатын нақты сарапшылық міндеттi шешудің тәсілі.

Накты әдістеме сарапшының қызметi нәтижесi ретінде мына жағдайдарда:
- сарапшының практикада немесе сараптама процесiнде жүргізген экспериментi нәтижесінде жаңадан, алғашқы рет туындаған сарапшылық міндеттi шешу үшін өзінің жеке тәжірибесін іске асыруда;

  • сарапшының шығармашылық тәсіл көрсетуi: стандартты аспапты жетілдіруде, жалпы қабылданған әдістемені өзгеше ерекше амалмен толықтыруда; әр түрлі ғылымдардың деректерi мен әдістерін синтездеу арқылы осы зерттеу үшін құрылған сарапшылық әдістеме негізінде міндеттi толық көлемде шешуде (мұндай ситуациялар көбінде сараптамалардың жаңа тектерi мен түрлерi туыңдаған және орнықкан кезеңде пайда болады) [5] пайда болуы мүмкін.

Сарапшылық практикада тек ғылыми негізделген, мақұлдап-қорытылған әдістер мен құралдар пайдалануы мүмкін. Сондықтан, сарапшылық әдістеме типтік мәртебе алу үшін, ол мақұлдану және ендіру сатыларынан өтуi керек. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасындағы проблемаларды шешудің принциптi түрдегі жаңа тәсілі сарапшылық практикаға зерттеу әдістемелерін ен дірудің белгілi бір тәртібін қалыптастыру болып табылады. Осыған сәйкес әдістемелер алдын ала ғылыми сынаққа берілуi, оны сот сараптамасы органының ғылыми әдістемелік кеңесінің бекiтуi, арнаулы мемлекеттік тізілімiнде стандартты рәсімдеу (паспортизация) мен тіркеуден өтуi керек.

Сарапшылық зерттеу дәләлдеудің элементi болғандықтан, тиістi әдістер ҚІЖК-нің 129-бабы З-бөлігінде көзделген сипаттамаларға сәйкес, яғни олар:

1) заңмен тікелей көзделген немесе оның нормалары мен принциптеріне қарама-қайшы келмейтін;

2) ғылыми орныққан;

3) қылмыстық іс бойынша жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін;

4) қауіпсіз болуы керек.

Сондай-ақ заңда сот сараптамасы әдістеріне сәйкес келетін объектілердің бірегейлігімен себептелген, оларды барынша сақтау талабы да көрініс тапты. Объектілерді толық немесе iшінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соқтыратын әдістерді пайдалану тек қылмыстық процестi жүргізуші органның рұқсатымен ғана жол беріледi (ҚІЖК-нің 83-бабы 4-бөлігі мен 84-бабы 2-бөлігін қараныз) .

Сот-сарапшылық зерттеу әдістерін қолданудың нәтижелерi барлық процеске қатысушылар үшін анық және көрнекi болуы тиіс.

Сараптаманы тағайындау процесінде сараптамалардың әр түрлі кластарын, тектерi мен түрлерінің әдістерін әзірлеу деңгейлерін ескерген маңызды, ол үшін сарапшылық зерттеу мүмкіндіктерi жөнінде алдын ала кеңестер өткізген орынды.

Сот сараптамасы ғылыми-практикалық қызмет аясы, сарапшылық зерттеу әдістерінің жаңа және қолдағы бар модифиқаңиясын жасау қажеттілігімен белгілен етін факторлар болып табылады, бүтіндей сарапшылық практика ретінде де, сондай-ақ сот ісін жүргізу практикасы ретінде де қызмет етедi.

2-тақырып. Сот өндірісінде сот сараптамасын арнайы ғылыми білім ретінде қолдану


1 . Сот өндірісіндегі арнаулы ғылыми білімнің ұғымы

2. Сот сараптамасы арнаулы ғылыми білімді колданудың нысаны ретінде: ұғымы және оның маманнан айырмашылығы

3. Сот сараптамасы объектілері

4 Сот сараптамасы әдістемесінің түсінігі мен жіктелуі.

  1. Сот өндірісіндегі арнаулы ғылыми білімнің ұғымы

Қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдерді мақсатқа лайықты пайдаланудың тек теориялық ғана емес, сонымен маңызды практикалық маңызы да бар. Оларды қолданудың мақсаттарын дәләлдеу процесінде анықтау іс жүргізу нысандары заңымен көзделген арнаулы білім түрлерін пайдаланатын адамдардың функциялары мен өкілеттерін дұрыс түсіну үшін, демек, оларды пайдалану практикасында заңдылықты қамтамасыз ету үшін маңызы бар.

Сот сараптамасы негізгі болады, бірақ қылымыстық процесте арнаулы білімдерді пайдаланудың жалғыз ғана нысаны болып табылмайды.

Арнаулы білімдерді пайдаланудың нысандарын қарастыруға көше отырып, осы мәселе бойынша әдебиеттегi бірыңғай көзқарастың жоқтығын айта кету керек.

Жіктеушілік элементтер кіретін арнаулы білімнің ең кеңейтілген және негізделген тізбесін В. Д. Арсеньев пен В. Г. Заблоцкий берді. Авторлар арнаулы білімдi пайдалануды мына субъектілермен байланыотырады:а) процестi жүргізуші адамдар (органдар) ; б) арнайы танымдары анықталатын, іс жүргізу ережелерi бар хабардар адамдар (сарапшы, сарапшылық мекеменің басшысы, маман, аудармашы, педагог, дәрігер) ; в) іс жүргізу ережелерi арнайы танымдармен анықталмайтын хабардар адамдар (ревизор, техникалық инспектор және т. б. ) іс бойынша олар куәлар ретінде тіркеледi[1] .
Алайда, сот ісін жүргізуде арнаулы білімөрді пайдаланудың нысандарын бөліп шығару оларды іс жүргізушілік емес көздерден алынған деректерді пайдалану мен қолданудың іс жүргізу нысандарын аралаотыруды болдырмау керек. Арнаулы білімдер- тек іс жүргізушілік шығу тегi санаты болғандықтан, арнаулы білімдерді пайдаланудың нысандары заңда тікелей көрсеткен тек іс жүргізушілік болуы тиіс.

2. Сот сараптамасы арнаулы ғылыми білімді колданудың нысаны ретінде: ұғымы және оның маманнан айырмашылығы.

Осыған байланысты, заңда арнаулы білімдерді пайдаланудың мынадай нысандары көзделген: оларды тікелей анықтаушының, анықтау органының, тергеушінiң, прокурор мен сот құрамының олардың іс жүргізу функцияларын орындау кезінде пайдалануы, маманның тергеу (сот) іс-әрекеттеріне қатысуы, сот сараптамаларын жүргізу, аудармашыны тарту, мылқау немесе санырау адамнан жауап алу кезінде сөйлесу белгілерін түсінетін адамның қатысуы, дәрігердің қатысуы, кәмелетке толмаған процеске қатысушыдан жауап алу кезінде педаготтың қатысуы, сот сараптамаларына жатпайтын сараптамаларды жүргізу, ревизия жүргізу, хабардар адамдардың анықтамалық қызметi.

Заңмен көзделген арнаулы білімдерді пайдалану нысандарының мазмұны дәләлдемелерді жинау, зерттеу және бағалаудың іс жүргізу функциялары байланысынан, сондай- ақ оларды іске асыру кезінде көмек көрсетуден шыға отырып, дифференциациялануы мүмкін.

Дәләлдемелерді жинау, зерттеу және бағалаудың іс жүргізу функцияларына процестi жүргізуші орган ие болады.

Сарапшының бір ғана функцияны іске асыру құқығы болады - ол дәләлдемелерді зерттеу. Алайда, сарапшының функциясы ретіндегі «дәләлдемелерді зерттеу» ұғымы дәләлдеу элементтерінiң бірi болатын ұқсас ұғыммен тепе-тең емес, өйткені арнаулы ғылыми білім негізінде жүргізілетін сарапшылық зерттеудiң тар шеңберi жайлы сөз болып отыр.

Маманның, соның iшінде дәрігер мен педагогтың іске асыратын функциялары (ҚIЖК-нін 84-бабы 1-бөлігін қараныз ) дәләлдемелерді жинау, зерттеу және бағалауды жүзеге асырудағы көмек болып табылады.

Арнаулы білімдерді қылмыстық процестi жүргізуші органның тікелей қолдануы, сот және тергеу іс-әрекеттеріне қатысуға маманды тарту болып табылатын сот сараптамасында арнаулы білімдерді пайдаланудың ең кең тараған нысандарын таңдамастан бұрын, арнаулы білімдерді пайдаланудың өзге де нысандарына тоқталайық.

Құзыретi арнаулы білім ауқымындағы заңда белгіленген, дәләлдемелерді жинау, зерттеу және бағалауда көмек көрсететін іс жүргізушілердің бірi педагог пен дәрігер болып табылады.

Заң шығарушы кәмелетке толмағанды жеке өзінiң құқығы мен заңды мүдделерін толық шамада қорғай алмайтын және көтерiңкi құқықтық қорғауды қажет ететін адам ретінде қарастырады. Кәмелетке толмағанды бұлайша бағалау адам ағзасы дамуының жас ерекшелігіне, ең бастысы кәмелетке толмағанның жеке басының психофизиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктеріне байланысты, сондықтанда оны қатыстырумен іс жүргізу іс-әрекеттерін жүзеге асыру ерекше тәсілдi талап етедi.

Кәмелетке толмағаннан жауап алу жас ерекшеліктерi психикасын ескеру қажеттігімен күрделен едi (сезімдік көзқарастардың көтеріңкі көңіл-күй бағыттылығы, қабылдау көлемінiң аздығы мен көп уақыттық жады, түсінүшілік ауқымының жеткіліксіз қалыптасуы, қиялдауға едәуір бейімділігі, жоғары сенімділігі), олар істің мән-жайын барабар қабылдауда оның қабілеттерін бағалау кезінде назарға алынып, олар жөнінде объективтi көрсетпелер беруi керек. Сондай-ақ кәмелетке толмағанның шынайы көрсетпелер беруіне септігін тигізетін жағдайлар жасау, онымен психологиялық қатынас орнату, сол процесс барысы психикасына керi әсер етудi азайту қажет.

Кәмелетке толмағаннан жауап алуға дайындыққа педагогтың қатысуы оның мінездемесімен байланысты іс мен -жайларын оқып-зерттеуден тұрады. Педагог жауап алуды ең тиімдi жүргізуге қажеттi кәмелетке толмағанның жеке басы туралы қосымша мәліметтер жинауды ұсынады.

Жауап алу орны елеулi рөл атқарады, сондықтан педагог кәмелетке толмағанның жасы мен сұрақ алынатынның өмір сүру жағдайларын ескере отырып, оны таңдауды жүзеге асыруы мүмкін.

Кәмелетке толмағанды жауап алуға дайындау кезінде оның ұзақтығы туралы мәселе де шешілу керек, өйткені баланың назары ұзақ уақыт бойы қандай да бір затқа немесе оқиғаға тұйықталмауы тиіс. Осыған байланысты педагог кәмелетке толмағанның жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, жауап алынатынның ширығуын түсіру үшін жауап алу тактикасын, назарды басқаға аудару тәсілін ұсынуы мүмкін.

Тікелей жауап алу барысында педагог көрсетулердің алдын ала бағалауына қатысты мән-жайларды соттың назарына салуы мүмкін (Мысалы, баланың ерекше сезімталдығы, оның қиялға бейімділігі) .

Педагог арнаулы білімдердің негізінде және жауап алу барысында алынған деректер бойынша жауап алынып отырған адамның бақылайтын оқиғаларын көру, есту, есте сақтау және дұрыс қайта жаңғырту қабілеттерін анықтау үшін сот сараптамасын жүргізу қажеттілігі туралы мәселенi қоюы мүмкін.

Педагог кәмелетке толмағанның көрсетулерін хаттамалау кезінде жәрдем көрсетуi мүмкін, яғни осы кәмелетке толмағаннын жасына, даму деңгейіне сәйкес көрсетулерін дұрыс тұжырымдауға көмектеседi [2] .

Педагог көмегінiң сипаты бала психологиясы аумағынан алынған ғылыми білімдерді жауап алу кезінде пайдаланумен байланысты. Бұл қарастырылатын жағдайда педагог негізінде бала психологиясы саласындағы маманның функциясын атқарады деп пайымдауға негіз бередi. Э. Б. Мелыников дұрыс көрсеткендей, «Жауап алу кезінде педагогтың, психолог немесе дәрігер-психотерапевтiң арнаулы танымдары ең пайдалы, жауап алуда мұндай маманның қатысуы дұрыс тұжырымдалған сұрақтардың көмегi арқылы жауап алудың толықтығын қамтамасыз етедi»[3] . Қазіргi уақыта осы көрсетілген мән-жайды заңмен бекiтіп алудың мақсатқа лайықтығы туралы пікірлер жиi айтылып жүр.

Дәрігердің қылмыстық процестегi функциясы әр қилы. Өйткенi, он алты жасқа толмаған, сондай-ақ осы жасқа толған, бірақ психикалық дамуында қалұшылық белгілерi бар сезіктінің, айыпталушының қатысуымен іс жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде оның қатысуы міндеттi (ҚІЖК-нің 488-бабы 1-б. ) .

Дәрігер-психиаторлар есi дұрыс адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс жүргізуге қатысады (ҚIЖК-нің 5 19-бабы З-б., 520-бабы 1-б. ) .

Мәйiттi қарау кезiңде дәрігердің міндеттi қатысуы көзделген (ҚІЖК-нің 224-бабы 1-6. ), сондай-ақ дәрігер куәландыру кезінде қатысады (ҚІЖК-нін 226-бабы З-б. ) .

Қылмыстық процестегi педагог (кейінде, мүмкін, психолог) және дәрігердің рөлін ескергенде, оларға дәләлдемелерді жинау, зерттеу және бағалауда көмек көрсету функциялары берілетіндігi, осылайша, маманның іс-жүргізу мәртебесіне толықтай ие болатындығы анық. Аталған ереже Қ1ЖК-нің 84-бабының 1-бөлігінде бекiтілген.

Аудармашының іс жүргізу рөлі тіл білімi саласындағы арнаулы білімдерге негізделеді.

3. Сот сараптамасы объектілері

Заң мазмұнынан шықсақ, сараптаманың объектілерi қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген ақпараттың заттандырылған көздерi - қылмыстық іс материалдары болып табылады. Әдебиеттерде сот сараптамасының объектілерi, көбінде, сарапшылық зерттеудi қажет ететін іс мән-жайының материалдық жеткізгіштерi ретінде, я болмаса, арнаулы білімдерді пайдалану арқылы алынатын фактілер мен уақиғалар, фактілік деректердің көздерi туралы ақпараттың жеткізгіштерi ретінде белгіленедi.

Сарапшылық зерттеуге тек нақты заттар ғана емес, егер олар жөнінде ақпарат заттандырылған көрініс тапса, онда, сонымен бірге әр түрлі процестер (оқиғалар, құбылыстар, әрекеттер) жатқызылуы мүмкін.

Сараптама объектісінiң жалпы ұғымымен бірге заттық, нақты және тікелей объектілер ұғымы деп ажыратылады.

Заттық объект - сараптаманың белгілi бір класы, тегi, түрі аясыда зерттелетін қасиеттердің ортақтытымен бірлескен ақпараттың материалдық жеткізгіштерінің жиынтығы. Заттық обьекті ұғымы сараптамалардың жеке кластарын, тектерін, түрлерін ажыратқан кезде елеулi рөл атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сотта сараптама тағайындау мен жүргізудің процесуалдық мәселелері
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Биологияны оқыту әдістемесінің пәні
Сот медицинасы пәні және оның мазмұны
Сот сараптамасының жіктелуі
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Сот сараптамасының жалпы ұғымы
Сот химиялық сараптама
МАЙЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәнінің оқу бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz