Таным теориясына қатысты қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдерінің пікірлерінің өзектілігі

Қазақ халқы ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан сан мыңдаған ғасырлар бойы асыл сөз маржаны арқылы өзіне тән бай рухани мұра қалдырды. Қазақ тарихында өмір сүрген ақындар мен жыраулар,саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен шешендер, билер мен серілер - бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек етіп, әртүрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық-саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын қалыптастырды. Осыған сәйкес,қазақ халқы мәдениетінің, өмір сүру салтының, рухани байлығының және дүниетанымының түп тамыры тереңнен тартатындығын көреміз. Оғань қазақтың мақал-мәтелдеріндегі, тұрақты сөз тіркестеріндегі, кісі есімдеріндегі, зат атауларындағы т.б. сөз маржандарындағы таным мәселесі дәлел.
Таным - бұл адамның болмысты бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Адам айналадағы білімді санасына таным әрекеттері арқылы қабылдап, ұғып, еске сақтап, таниды. Адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылық іс-әрекетке негізделген таным нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. Халық танымы оның дүниеге деген көзқарасын айшықтайды.
Дүниетаным -- бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері,мақсат-мұраттары,та ным мен қызмет ұстанымдары, құндылық бағыттары.
Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру -- тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші. Дүниетаным үнемі дамып, өрбіп адамның тұрмыс-тіршілігінен, әдет-ғұрыпынан, салт-дәстүрінен, наным-сенімінен көрініс тауып отырады. Сол сияқты, қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге жеткен әдет-ғұрыпы, салт-дәстүрі, наным-сенімі сан мыңдаған жылдар бойы жинақталып, өңделіп, сұрыпталып, әрдайым аясы кеңейіп, тереңдеп отырғанын оның дүниетанымы арқылы аңғаруға болады. Оны тіліміздегі мақал-мәтелдерден, тұрақты сөз тіркестерінен, өлшемдік атаулардан, кісі есімдерінен, т.б. ұлттық сипатты көрсететін тілдік бірліктерден көре аламыз. Халықтың танымы тіл арқылы тек ұлттық ерекшелігінен ғана емес,сонымен қатар сол тілді қолданушы Халықтың тұрмыс-тіршілігінен, мәдениетінен, мінез-құлқынан да хабар береді. Мысалы, қазақ тіліндегі Мал - жанымның садағасы, жан - арымның садағасы, Қойшы көп болса, қой арам өлер мақалдары мен Ат аунаған жерде түк қалады, Ақсақ қой түстен кейін маңырайды мәтелдері қазақ халқының көшпелі, мал шаруашылығымен айналысатындығын, төрт түліктің мінезі мен болмысын саралай білетінін көрсетеді. Шындығында, бұл бүтіндей дүниетанымы мен тұрмыс-тіршілігі жайлы хабар береді.
Дүниені, ғаламды тану қазақ ойшылдарынының, ақын-жырауларының туындыларында, зерттеу еңбектерінде де кеңінен көрініс тапқан. Ш.Уәлиханов зерттеу қолжазбаларында қазақ халқының танымдық ерекшеліктерін сөз өнерімен байланыстырады. Зерттеуші сөз өнеріне аса мән беріп, көшпелі халықтардың өлең-жырға жүйрік келетінін, олардың аяқ астынан суырып салып айту қабілетінің күшті дамығанын ескеруді басты мәселе деп қарайды. Ертеде қазақтың сөз өнері ауызша өрбігеніне қарамастан, қазақ тіліндегі ұлттық құндылықтардың сақталып, бүгінгі күнге жетуін, таратылуын Ш.Уәлиханов: Әрбір халықтың әдеби мұраларынзерттеудің этнография үшін керектігін ғалымдар әлдеқашан ескерткен.Өйткені халықтың тұрмысы, оның қылығы, оның дүниетануы мұнда анығырақ сипатталған. Өздерінің мәдениет мұраларын ерекше сүю, ертегі жыр байлығын мақтаныш ету, әсіресе Орта Азиядағы көшпелі елдердің айрықша қасиеті. Олардың ауыз жырларын, қария сөздерін, әрбір тайпаның басынан кешіреген тарихы, соларды еске түсіру деуге болады. Сондай аңыз әңгімелерді сәуегейдің сөзіндей есте сақтап, оны бірден-бірге жеткізіп отырушылар - әрбір ру ішіндегі қариялар. Олар оны заң жосығы ретінде, белгілі ақын-жыраулар тобының ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған ұзақ дастан түрінде сақтап келген. Бүгінде қолданбайтын жырда кездесетін көне сөздер олардың тым ерте дәуірде шыққанын көрсетеді - деп
түсіндіре келе, сан мыңдаған ғасырлар бойы тіл арқылы халықтың тұрмысы, оның қылығы, дүниетануы және тарихы тілдік бірліктер арқылы берілетіндігін көрсетеді. Тіл халықтың дүниетанымындағы ақпаратты таным арқылы сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізгендігін айтады. ХХ ғасырдың басында қазақ халқына ағартушылық қызмет еткен Ы.Алтынсариннің еңбектеріндегі таным мәселелесі, әсіресе, бала оқытуға арналған еңбектерінен анық байқалады. Ғалым балаға хат танытып қана қоймай, оның танымының кең әрі терең болуына баса назар аударады. Ұлттық сөз өнерінің мұрасын Ыбырай Алтынсарин жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатына бағындырып, ауыз әдебиеті шығармаларын ретімен, жүйесімен беру арқылы, сөз өнерінің тәрбиелік, ғибраттық, халықтық мәнін Қазақ хрестоматиясы атты қазақ тілінде жазылған тұңғыш туындысына арқау Ыбырай Алтынсарин сөз өнерін, тілдік танымды білім, ілім беру, ағартушылық, тәрбиелік бағытқа қарай көбірек бұрса, Абай Құнанбайұлы тілдің танымдық қасиетін сөз өнерімен байланыстырып ерекше түсіндірді:
Өлең сөздің - патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бейшарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы - дей келе, ақын ата-бабадан қалыптасқан қазақ дүниетанымын одан әрі тереңдете түсіп, ой ұшқырлығы, сөз дәлдігі мен көріктеуіш құралдары арқылы қазақ тілінің танымдық аясын кеңейте, дамыта түседі.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып - деп, ақын сөздің ерекше әсерін тіршіліктің, ғаламның, адамдықтың сырын түсіндіруге арнайды. Яғни, ақын сөз құдіреті - көркем сөз өнері деп танып, сол арқылы бүкіл қазақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz