Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі мәдениеттанудың алатын орны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті

Баяндама
Тақырыбы: Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы

Орындаған: Смагулова А.И . РДГБ-21
Қабылдаған: Жакин С.М

Қарағанды 2020 жыл
Мәдениеттануды тек қана гуамнитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өнеріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады.Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдерінің, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің сациологтардың, психолгтардың, тарихшылардың, демографтардың т.б. ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылым салаларының айналысатындығын байқаймыз. Мәдениеттануға осы уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап айтқанда антропология, психология, тарих, педагогика зор ықпал етті.Енді осы аталған ғылым салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал ететіндігін қарастырып көрейік. Антропологияның басты бағытының бірі - қоғам мен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу.Осы тұрғыдан алып қарағанда, антропология мәдениет деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады.
Олар :
1) Қоғам мен адамның мәдени қалыптасуы (ағартушылық )
2) Қоғамдық және адамзаттық сал-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық мекемелердің және т.б. жиынтығы (бірлігі).
3) Біелгілі бір қалыптасқан мәдени жүйенің басқа мәдени құндылықтарға қарсылығы
.Ал социология да жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді, әлеуметтік ғылымды әлеуметтік философияға қарсы қояды .Дүние жүзі халықтары мен этникалық топтарының, тайпаларының мәдени және тұрмыстық ерекшеліктерін, олардың шығу тегі мәселелерін, олардың жер жүзіне таралып қоныстануы мен мәдени тарихы қарым- қатынастарын зерттейтін этнография ғылымы адамзат баласының өткен заман мен бүгінгі таңдағы мәдениеттің мол мұрасын игеруге және оны ғылыми тұрғыдан ашып көрсетуге айрықша роль атқарып отыр . Этнография ғылымы белгілі бір халықтың қай этносқа жататындығына қарамастан, олардың қайсысының болсын материалдық және рухани мәдениет саласындағы жетістіктеріне үлкен құрметпен қарауға үйрете отырып, мәдениеттану ғылымының қалыптасуына қомақты үлесін қоса білді.Ал социология мемлекет, таптар , топтар, сословие және одан да ұсақ қоғамдық топтарды этникалық белгілеріне қарай емес, олардың қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметіне қарай зерттейді .Көп уақытқа дейін КСРО-да социология марксизмге жат ғылым ретінде саналып, тарих материализмге қарама-қарсы қойылды. Шын мәнісінде, социология мәдениеттанушыларға қоғамның әлеуметтік әр тектілігіне байлансты мәдениеттің материалдық және рухани көрністерін дұрыс түсініп,ой елегінен өткізуге көмектеседі . Пролетарлық мәдениет, ақсүйектік мәдениет, сауықтық мәдениет сияқты мәдениеттану пәнінде кездесетін ұғымдар социологиямен тығыз байлансты.Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтеріне де тығыз байланысты болып келеді . Нақты тарихи тәжірибе негізінде әрбір нәсілдің, тайпалар мен халықтардың психикалық өмір салтының ерекшеліктерін байқай отырып этнопсихология рухтың не белгілі бір ұлттың қайталанбайтын өзіндік қасиеттері жөнінде Гегельдің, Гумбольдтың және олардың ізбасарларының философиялық қағидаларына барып тіреледі .Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктеріне есепке ала отырып, кез келген ұлт мәдениеттің өзіне ғана тән сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негр музыкасының терең ұлттық мәнін осы тамаша рухани дүниелері өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші
Мәдениет құрылымы
Мәдениеттану ғылым ретінде
Мәдениеттің нормативтілігі мен адамға беретін бостандық арасындағы қайшылықта
Мәдениет мәселесі
МӘДЕНИЕТТАНУ: ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
«Мәдениет» ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынысы
Мәдениеттау ғылымы
Мәдениеттану пәні, мақсаттары мен міндеттері
Пәндер