Зейін және ес процесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

10-апта тапсырмасы. Зейін және ес процесі

  1. Зейін туралы жалпы ұғым. Зейіннің басқа психикалық процестермен байланысын талдау.

Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.

Зейінің функциялары:

-Қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;

-Ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді;

-Белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді.

Зейіннің түрлері - адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.

Ырықты Зейін
Ырықсыз Зейін

Үйреншікті

Зейін

Ырықты Зейін:

Ырықты зейін деп -

адамның белгілі

мақсатпен сапалы түрде

күш жігер жұмсап,

керекті объектіге назар

аударуын айтамыз.

Ырықты зейін тек

адамға ғана тән. Зейінді

ырықты түрде

ұстауға, жұмыс

орнының жағдайы,

жеке адамның

психологиялық күйі

әсер етеді.

Ырықсыз Зейін:

Ырықсыз зейін деп

- адам мақсат

қоймай-ақ

әсер еткен

құбылыстарға назар

аударуын айтамыз.

Ырықсыз зейіннің

пайда болуына

объективті және

субъективті

факторлар әсер

етеді.

ҮйреншіктіЗейін:

Үйреншікті зейін

деп - басында

ырықты болып,

кейін әркімге

табиғи сіңісіп

кеткен іс-әрекетке

зейіннің

аударылуы.

Ес өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады. Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту .

Ол арнайы есте қалдыру және epiкciз есте қалдыру болып eкiгe бөлшеді.

Epiкciз есте қалдыруда - адам алдына арнаулы мақсат қоймайды, есте қалдырудың арнаулы тәсілдерін пайдаланбайды. Айналадағы өмірдің түрлі көріністері (оқиғалар мен адамдардың қимыл-әрекетті сөзі т. б. ) сол әрекеттің ағымына карай есте қалып отырады.

Ал Ар­найы (ырықты) есте калдыру - арнаулы тәсілдерді қажет етеді, оны тудыратын тиістi мотивтер болады.

  1. Зейіннің физиологиялық негіздері (Н. Н. Ланге, В. Вундт, И. П. Павлов, А. А. Ухтомский) салыстырмалы кесте сызу

Н. Н. Ланге

1. Зейін қимылдық икемделудің нәтижесі.

2. Зейін сана аумағының шектелуі

болуынан туындайды.

3. Зейін көңіл - күй нәтижесі.

4. Зейін өткен тәжірибенің нәтижесі.

5. Зейін рухтық сананың ерекше

белсенділік қабілеті.

6. Зейін жүйке тітіркендіргіштері

күшейуінің нәтижесі.

7. Жүйкелік тежелу теориясы.

А. Ухтомский мен И. Павлов ілімдері

• Қызықты да жауапкерлі жұмысқа шомған оқушылар кенет

есік ашылудан, жұмыстарын қоя салып, назарын есік жаққа

еріксіз аударады. Бұл рефлексті И. П. Павлов «немене?»

рефлексі деп атаған.

• Зейін механизмдерінің іске қосылуында бағдарлаушы

рефлекстің рөлі өте күшті. Бұл құбылыстың негізі-адамдар

мен жануарлар ағзасының сыртқы орта өзгерістеріне сай

тума қалыптасқан жауап бере алу қабілеті.

Зейіннің таңдамалылығы ағзада болып тұратын күрделі

процесстермен байланысты. Әдетте, қоршаған орта

арасынан қажетті әсерлерді саралап алуда екі топ ағза

тетіктері іске ұосылады:перифериялық (шеткі) және

орталық. Перифериялық механизмдерге сезім (түйсік)

мүшелерінің икемдесу әрекеті жатады.

  1. А. Ухтомскидің доминанта туралы ілімі.

Доминанта механизмін толығымен академик А. Ухтомский зерттеді. (1875-1942ж) Доминанта қалай пайда болады? Өзінің дамуында ол үш кезеңнен өтеді.

Бірінші кезең. Доминанта ішкі секрецияның әсерінен туындайды (мысалы жыныстық пісуден) және сыртқы тітіркендіргіштерден.
Екінші кезең. Бұл кезең И. Павловтың шартты рефлексі бойынша білімі, алдыңғы көптеген әсерлерден доминанта қозуы өзіне ерекше «қызықты» топты таңдайды тітіркенуші іріктемесі осы доминанта үшін.
Үшінші кезең. Доминанта мен сыртқы тітіркендіргіш арасында мықты байланыс қалыптасады онда тітіркендіргіш оны шақырады және қуаттайды. Сыртқы орта бірте жеке пәндерге бөлінді, тек олардың бөлігі ғана анықталған доминантаға жауап береді.
  1. Зейіннің онтогенезде дамуы.

Зейін - арнайы бір уақытта, қандай да бір обьектке баланың іс-әрекетінің шоғырлану процесі.

Тәжірибе жүзінде зерттеулердің анықтауы бойынша зейіннің дамуы таным процестерінің, ерік жігердің және эмоционалды психикалық аймақтардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінінің қалыптасу деңгейі танымдық іс-әрекеттінің дамуына және білім алудың тиімділігінің дамуынак әсерін тигізеді және балалардың тек қарапайым әдіс арқылы оқытуды ғана емес сонымен қатар жаңа ақпараттық технологияларды жақсы қабылдай алады.

Ерте онтогенез дамуында тума немесе жүре пайда болған көрудің естудің төмен дәрежеде болуы зейіннің жетіспеушілігіне алып келеді.

Қазіргі таңдағы ғылымда зейіннің бұзылуы мен түзету мәселелерінің бірнеше аспектілері бар. Олар психолгия, психофизиология, нейрофармакалогия, нейрофизиолгия.

  1. Зейінді зерттеудің әдістері. Зейінді жаттықтыру мен түзету.

Зейінді зерттеу әдістері:

«Түзетулік байқап қарау әдісі» арқылы ұзаққа созылған біртекті жұмыс кезінде зейіннің шоғырлануы мен ауысымдылығын зерттеу үшін қолданылады.

«Сандар мен әріптердің тіркесі» тәсілі арқылы зейіннің тұрақтылығы мен бөлінуі, уақыт тапшылығы жағдайындағы зейіннің жұмыс қабілеттілігі бағаланады.

«Сандарды іздеп табу» (қара-қызыл кесте - Горбов әдістемесі) тәсілімен зейіннің көлемі, бөлінуі, ауысымдылығы және жедел еске сақтау қабілеті зерттеледі.

«Шульте кестесімен» адамның зейіннің тұрақтылығын және жұмыс қабілеттілігі зерттеледі.

«Шатасқан сызықтар» әдісімен зейіннің тұрақтылығы мен шоғырлануын анықтайды.

«Ақыл-ой қозғалғыштығы» тәсілімен зейіннің ауысып бөлінуін, бір тапсырмадан қатесіз келесі тапсырмаға ауысу қабілеті зерттеледі.


Естің физиологиялық, психологиялық теориялары.

Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И. П. Павлов зерттеді. Ол ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады.

Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдағы зерттейлер мен көзқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарамдалады. Осындай тарамдалудың негізі ретінде естің дамуындағы адамның белсенділік әрекеті алынады. Ал ес жайындағы бір сыпыра теориялар (бұлар өзгелерінен гөрі басымырақ) басты мәселе етіп сол күйінде объектіні («материалды») немесе «таза» сананың белсенділігін (субъектіні) алады. Бұл бағыт адам іс-әрекетінің материалға қатысы жоқ деп санайды. Мұндай көзқарастың сыңаржақты, үстірт пікірді білдіретіндегі анық.

Ұмыту және реминесценция.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейіннің ес үрдістерімен байланысын зерттеу
Зейін. зейіннің түрлері
Сөйлеу әрекеті кезеңі
Ырықты зейін
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу
Таным процестер және олардың инженерлік ерекшеліктері
Сөйлеу дамуының ерекшеліктері
Психологиядағы балалардың ес процестерінің даму ерекшеліктері
Тұлғаның когнитивті теориясы
Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz