Әлеуметтену - жеке адамның даралық ретінде қалыптасуы


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университеті
БӨЖ
Пәні: Әлеуметтану
Тақырыбы: Әлеуметтану. Әлемдік және отандық әлеуметтанудың институттануы
Орындаған: Қожамұрат С
Тобы: 1505-10
Қабылдаған: Сағындықова Б
Әлеуметтену
Әлеуметтену - әлеуметтік ролдер мен мәдени нормаларды игеру үрдісі. Бұл үрдіс адамның жеке, даралық бейнесін қалыптастырады.
Әлеуметтену үрдісі адамның басты өмірлік айналымын (цикл) қамтиды. Бұлар балалық шақ, жасөспірім, есею кезеңі және қарттық.
Әлеуметтену үрдісінің қорытындысына орай бастапқы және ересек әлеуметтену кезеңдері бөлінеді.
Әлеуметтену үрдісіне адаптация, оқыту, тәрбиелеу, өсу және есею үлкен әсер етеді. Адаптация - уақыты шектелген, жаңа жағдайға бейімделу үрдісі. Оқыту - жаңа білім алу. Тәрбиелеу - жеке адам мінез-құлқы мен санасына мақсатты әсер ету. Есею - адамның 10-20 жас аралығындағы әлеуметтік-саналық қалыптасуы. Өсу - адам денесінің физиологиялық қалыптасуы.
Социобиологиялық зерттеулер аумағында фералды адамдар түсінігі бар. Бұндай адамдар әлеуметтік оқшаулану (изоляция) кесірінен пайда болады. Бұлар әлеуметтенудің бастапқы кезеңінде әлеуметтік ортадан әртүрлі себептер кесірінен оқшауланып қалған адамдар. Фералды адамдар қоғамның толыққанды мүшесі бола алмайды.
Оқыту - бір жақты эволюциялық үрдіс, яғни тек үлкендер ғана кішілерді оқыта алады. Қазіргі заманда білім өте үлкен жылдамдықпен дамып келеді, ал адамның физиологиялық ерекшелігі өте аз өзгеріске түсіп отыр. Бұл мәселе қазіргі социологтар, психологтар арасында үлкен зерттеуді талап етіп отыр.
Адам өз ортасында сөйлей білуге, мінез-құлық ережелеріне, әдет, салт-дәстүрге, ойлай білуге, мәдени ережелерге үйренеді. Мұның барлығы әлеуметтену үрдісін құрайды.
Әлеуметтену үрдісінде бір әлеуметтік топтың басқаларды, жеке адамды өмір сүруге үйретуі әлеуметтік «мен» түсінігінің құрылымдалуына әкеледі.
Адам өте әмбебап әлеуметтік құрылымға ие. Адам баласына өте күрделі әлеуметтік құрылым шындығынан өтуге тура келеді.
Адам өмір бойына өз әлеуметтік орнын алып, оны ұстап тұруға тырысады. Сол себепті әлеуметтену бүкіл өмір бойына созылатын үрдіске айналады.
Ересек адамдардың барлығында дерлік өз «әлеуметтік үйі», яғни қоғамдық жүйеде өз тұрақты орны бар. Оны мәртебе, кәсіп, қызмет, әлеуметтік рол айқындайды. Ең бастысы «әлеуметтік үй» адамға тәуелсіздік, еркіндік, алдағы күнге деген сенім береді. Ал бала немесе жасөспірімнің қоғамда өз орны, яғни өз «әлеуметтік үйі» жоқ, сол себепті олар ата-аналарына, айналасындағы әлеуметтік ортаға тәуелді.
Алдымен саяси (төлқұжат алу, дауыс беру, сайлау құқығын алу), соңынан экономикалық (мыс., жұмысқа тұру) және әлеуметтік (некеге тұру, отбасын құру) тәуелсіздік алу әлеуметтенудің бастапқы және ересек кезеңдері араларындағы сапалық шекараның өтуін белгілейді.
Әлеуметтену - жеке адамның даралық ретінде қалыптасуы. Бастапқы балалық кезеңде, әдетте 2-5 жас аралығы, адамда жеке, даралық сезімі болмайды. Соңынан қарапайым түсініктерді игеру, әріптер танып, оқу - бірте-бірте бала бойында даралық сезімін қалыптастыра бастайды.
Кішкене бала тыңдамаған кезде, бұл оның қарсылық сезімі емес, ол тек өз еркіндігін, шеңберін мөлшерлеп отырады. Ал қарсылық ересек жастағы балаға тән сезім. Егер жасөспірім отбасылық, қоғамдық құндылықтарға күмән келтіріп, қарсылық көрсете бастаса оның өзіндік «мен» ұғымының қалыптасқандығының белгісі. Әр адам бойында, оның «мен» деген даралық сезімі әр түрлі жаста қалыптасады.
Әлеуметтік «мен» түсінігінің қалыптасуы - бұл адамның өз ортасымен қарым-қатынасқа түсуі, бұл адамның өз әлеуметтік орнын іздеуі. Бұл үрдіс нәтижесінде - жеке, даралық қалыптасады. Осымен әлеуметтенудің бастапқы кезеңі аяқталып, ересек әлеуметтену кезеңі басталады.
Әлеуметтену үрдісіне оқыту, тәрбиелеу және адамның өз талабымен игеру үлкен әсер етеді. Барлық адамдардың білім алуына мүмкіндік жасауға адамзаттың тек XX ғ. ғана қолы жете бастады. Жалпыға бірдей орта білім - біздің заманымыздың ең ұлы жетістігі. Дамыған мемлекеттер өз ұлттық кірісінің 1/3 білім беруге шығындайды.
Әлемдік және отандық әлеуметтанудың институттануы
Адамның өзінің бастапқы қалыптасу кезеңінде басқалардың көмегіне мұқтаж болады. Осы көмек берушілер әлеуметтену агенттері мен институттары деп алады.
Әлеуметтену институттары - бұл әлеуметтену үрдісіне бағыт беретін, оған әсер ететін ұйымдар.
Әлеуметтену агенттері мен институттары бастапқы, қосымша болып жіктеледі. Әлеуметтенудің бастапқы агенттері - ата-анасы, аға-апалары, басқа да қандас туыстары, достары, мұғалім, дәрігер және т. б. адамның жақын айналасын құрайтын орта.
Әлеуметтену қосымша агенттеріне мектеп, университет, кәсіпорын әкімшіліктері, әскер, полиция, діни ұйым, партия, БАҚ және т. б. өкілдері, яғни адамға сырттай әсер етушілер жатады.
Әлеуметтенудің қосымша агенттерінің әсері бастапқы кезеңде әлсіз болғанымен, ересек кезеңге ауысқан кезде өте күшейеді.
Әлеуметтену институттары осы агенттердің ұйымдық құрылымдалуы. Мыс., мектеп әлеуметтенудің бастапқы институты, ал нақты бір мұғалім бастапқы агент.
Әлеуметтенудің қосымша агенттері мен институттары адамның ересек ғұмырын толық қамтиды.
Ағылшын социологі Г. Спенсер “әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үй.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz