Философия және философ қоғам мен адам өмірінде



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БОӨЖ №2
Тақырыбы: Философия және философ қоғам мен адам өмірінде

Орындаған:Рахман Ә.Б
Тексерген:Бижанова М.А
Тобы:ТОП 19-12

ЖОСПАР
1. Философиялық білмнің негізгі сипаттары .
2. Философияның функциялары .
3. Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі .

Философия ғылымының мәнін және мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік , себебі , К.Ясперстің сөзімен айтсақ , философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу .

Сократ : Философия -- ойлау арқылы ақиқатқа , білімге жету

Геродот : Философия -- білімді , ақылдылықты сүю

Аристотел : Философия - негізі .

Ортағасырдың діни ойшылдары : Августин : Философия -- ақылдылыққа құштарлық -- дейді . Аквинат : Философия -- барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат ( Құдай ) туралы ілім дейді . М. Монтень : Философияның қайғылы , іш пыстыратын , нәрселерге еш қатысы жоқ . Даналықтың ерекше бір белгісі -- ақылдың көмегімен өмірді қуанышты сипатта ғана қабылдау , ол жан жарасын жеңілдетеді , ауруды жеңуге көмектеседі -- дейді . Т. Гоббс : Философия адамның ақыл - ойы , ол жаратушы тәңірдің барлық істерін зерттеуші , осы істердің ретін , себептерін , салдарын анықтауға көмектеседі дейді . Декарт : Философия - даналық , адам танып - біле алатын заттар туралы егжей тегжейлі , жан - жақты білім -дейді . Фихте : Ғылыми даму барысында оның шеңберінен шығып кеткенімен , философия адамның ақыл - ойымен тығыз байланысты -деген .
Осы анықтауларға сүйеніп , философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ :
Философия даналықпен , ақыл Оймен байланысты . Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo -- сүйемін , sophia даналық дегенді , басқаш айтсақ , даналыққа құштарлы дегенді білдіреді
. Философияның басы - таңдану . Сократ Менің білетінім мен ештеңе білмеймін дегендей , таңданған адам заттың , құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі , философиялық пайымдау жасауға ұмтылады .
Философиялық білімге еркіндік , тәуелсіздік тән .

Адам философиялық білім жинауға өз еркімен ұмтылады . Тәуелділік философияны көркейтпейді . Кеңетік кезеңдегі философияның мазмұны бұл пікіріміздің жақсы мысалы .
1. Философия ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады . Бұл байыпты , ғылыми , толерантты , еркін , творчестволық ойлау .
2. Философия жауабын табу қиын , тез арада шешу мүмкін емес , күрделі мәселелерді зерттеумен айналысады . Мысалы , адам өмірінің мәні мәселесі , табиғат , қоғам , және адамның арақатынасы мәселесі мәңгілік мәселелер болып саналады .

Философияның анықтамасы : Философия - бар болып отырғанды ( сущее ) тұтас , элементтері бірі - бірімен тыгыз байланысты түрде қарастыратын , оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым .
Осы бар болып отырғанның арасындағы басты элемент -- Адам , сондықтан ол философияның ең басты зерттеу объектісі . М.Әуезов : Философия ...- кең ақыл , терең қиял шығарған , адамның жанын тәрбиелейтін , жүрегін ағартып , адамшылығын арттырып , ақтылыққа сүйрейді . Философия :
1. адамның қайдан жаралғанын шешпек ;
2. адамның жанын , ішкі халін тексермек ;
3. адамның дүниеге келген мақсатын тексермек.
Философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстаған шамшырақ дейді .
Бұл ойларды неміс философы И.Канттың сөздерімен толықтыруға болады:
1. Мен не біле аламын ?
2. Мен не істеуім керек ?
3. Мен не нәрсеге үміттене аламын ?
4. Адам дегеніміз не ?

Бірінші сұраққа метафизика жауап береді , екіншісіне мораль , үшіншісіне -- дін , төртіншісіне антропология . Бірақ Осының бәрін антропологияда Жинақтауға болады , себебі алдыңғы үш сұрақ соңғыға кіреді . ... Адамға аса қажет білім болса , ол мен оқытып отырған , адамға дүниеден өз орнын табуға көмектесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады
Философияның функциялары:
1 ) көзқарастық -- философиялық көзқарас көзқарастың жоғарғы деңгей болып табылады . Көзқарас -- адамның өзі , қоғам , дүние туралы өзіндік ой пікірлерінің күрделі құрылымнан тұратын жиынтығы . Оның құрамдас бөліктері ретінде білімді , акыл - ойды , сезімдерді , үміт - ұмтылыстарды наным - сенімдерді , құндылықтарды , күдік - күмәндарды және тағы басқаларды атауға болады . Көзқарастың мифологиялық , діни түрлері белгілі , олардың да адам өміріндегі маңызы ерекше . Бірақ философия ғана жан - жақты , ғылыми , терең , толыққанды көзқарасты қалыптастырады .

2 ) рациональды жүйелеу - философия адам тәжірибесін теориялық деңгейде тұжырымдайды , ғылыми емес , қарапайым бақылаулардың және ғылыми танымның нәтижелерін философиялық деңгейде қорытып- сараптайды , дұрыс бұрысын айырып , белгілі бір жүйеге келтіреді 3 ) сыни Сыни -- философиялық ұғымдар мен категорияларды , заңдарды игеру , философия тарихымен , оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу , олардың ілімдерін зерттеу адамға өз өміріне , қызметіне , қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге , сыни тұрғыдан талдауға үйретеді . Философия ғылымының көмегімен адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады .Ол жеке адамның ғана емес , бүкіл Қоғамның тыныс - тіршілігін сыни сараптан өткізеді , адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал етеді;

4 ) болжам жасау -- философия жеке адамның да , бүкіл қоғамның да болашағын болжауға септігін тигізеді , жаңа көзқарас - идеялардың негізін салады . Әрине , болашақты түгелдей жоспарлау мүмкін емес . Бірақ философияның көмегімен адам өзінің басты мақсаты саналы тіршілік етуші адам атына сай өмір сүру сатыларын , өмірлік мақсаттарын , қысқа өмірде қажет болатын негізгі ұстанымдарын жалпы түрде болса да анықтап алады .

5 ) гуманистік философия адамды дүниедегі ең басты құндылық деп таниды . Философия ғылымының көмегімен адам өзін ардақтауды , өзімен бірге өмір сүріп отырған басқа адамдарды бағалауды , өзінің бойында адамшылық қасиеттерді тәрбиелеп - дамытуды үйренеді .

6 ) практикалық неміс философы Гегель философияны өмір көшінен үнемі кеш қалып жүреді деп сынаса да , қазіргі философияның , онымен айналысатын философ мамандардың негізгі мақсат міндеті оның практикалық сипатын зерттеу болуы деп ойлаймыз . Жан жағынан адам , өмір , қоғам , ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлем туралы философиялық түсінік, оның негізгі түрлері мен әдістері
Философия ғылымдары кіші функцияны зерттеу пәні философияның негізгі мәселесінің аспектісі
Дін философиясы мен тиялогияның ара қатнасы.
Философия рухани өмірдің ерекше түрі ретінде
Философиядағы экзистенциализм проблемасы және қоғамдағы көрінісі
Таным философиялық мәселе ретінде
Философия дәрістер
Әлем философиясы
Адамзат қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі
Болмыстың негізгі түрлер
Пәндер