Жеңіл Атлетика: жүгіру, секіру және лақтыру өнері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

C:\Users\111\Desktop\АТУ.jpeg

Реферат

Тақырыбы: «Жеңіл Атлетика»

Орындаған: Рахман Ә. Б

Тобы:ТОП 19-12

Тексерген: Қайпназаров Т. Ш

Адам баласының өміріне үнемі жалғас болатын жеңіл атлетиканың негізгі үш түрі бар. Олар: жүгіру, секіру және лақтыру өнері. Археолог ғалымдар Эгей теңізіндегі Самофракия аралынан доп лақтырып тұрған спортшы бейнеленген сурет тапқан. Оның жасалынуы біздің эрамызға дейінгі 2500 жылы екен. Алғашқы олимпиададағы бағдарламаға 192, 27 м қашықтыққа жүгіру ғана кіріпті. Бұл жүгіру грекше «садиодром» деп аталған. ХІV олимпиада (біздің эрамызға дейінгі 724 жыл) жүгірушілер «диаулосе», яғни, екі «стадиялық» аралыққа жүгірген, одан кейінгі аралық «долиходром», яғни 24 стадия, бұл шамамен 5000 метрлік қашықтық. Осы кезеңдердегі олимпиадаға қатынасушылар көп сайысқа түскен, бұл жарыс бағдарламасы «пентатлон» деп аталған, олар: жугіру, ұзындыққа секіру, лақтыру, диск серпу және күрес спорт түрлері.

Ал шотландиялықтар 1508 жылдан бастап спорттық жүгіруден жарыс өткізіп келеді, мұны елде «Қызыл тапочка» деп атайды. Алғашқы рекорд 1665 жылы тіркеліпті, оның иесі ағылшын атлеті сэр Арчибальд Гловер. Ол бір мильдық аралықты 4 м. 58 сек. жүгіріп өткен.

Ұзындыққа секіруден алғашқы дүниежүзілік рекордты жеңіл атлетика спорты тарихында бірінші рет 1760 жылы 28 жастағы полковник, Американың болашақ бірінші президенті Джордж Вашингтон жасаған. Оның көрсеткіші 6 метр 78 см. Жеңіл атлетика тарихын зерттеушілердің тұжырымдауы бойынша қазіргі жеңіл атлетиканың тарихы 1837 жылдан басталады екен, дәл осы жылы Англияның Регби қаласындағы колледж оқушылары 2 шақырым аралыққа жугіріп жарысыпты. Ал командалық жеңіл атлетикалық жарыстың негізін салушылар Англиядағы Оксфорд пен Кембридж университетінің студенттері, бұл 1865 жылдың күзі болатын.

Халықаралық жеңіл атлеттер федерациясы (ИААФ) 1912 жылы ұйымдастырылған, қазір оның 160-қа жуық мүшемемлекеттерібар.

Жеңіл атлетиканың тарихы әріден басталатынын біз жоғарыда айтып өттік, бірақ дүниежүзінің біріншілігі тек1983 жылы ғана еткізілді. Жеңіл атлетикалық көрсеткіштердің кенеттен өсуі Мехико қаласында өткен олимпиадалық ойындардан басталды, бұл ойынға қатынасушылар стадион жолына төселген жаңа жасанды төсеніш үстінде өнер көрсетті, бұл әйгілі тартан жолы еді. Міне, осы жолда дүние жүзінде 20 жылдан астам өмір сұрген екі дүние жүзінің рекорда дүниеге келді. Олар: ұзындыққа секіру мен таяумен биіктікке секіру рекордсмендері Боб Бимон мен Виктор Санеевтар болатын.

Өте ұзақ қашықтыққа жүгіріп бәсекелесу ХVІІІ ғасырдан басталған, мысалы, 1777 жылы ағылшын азаматы Пауэлл 24 сағат бойы 180 шақырымдақ аралықта жүгіріп өтіпті. Бұл Лондон мен Кентербери қаласының ара қашықтығы екен. Жеңіл атлетикатарихында қысқа аралыққа жүгіру сәтін тізе бүгіп отырудан бастаған американдық Т. Бэрк, ол I олимпиаданың чемпионы атағын жеңіп алған, қазір бұл дәстүр әлі де жалғасуда. Жеңіл атлетикалық жұгіру жаттығуындағы ең ұзақ аралық 42 км. 195 м. Бұл қашықтық Марафондық жүгіру деп аталады, грек әскерінің қолбасшысы Мильтиаданың бұйрығымен жауынгер Филлиппид Марафон қаласынан Афинаға жүгіріп барып жеңісті хабарлаған, міне, оның бұл сұйіншісіне Марафон жүгірісі дүниеге келді. Алғашқы рет олимпиадада чемпиоиы болған американдық Джон Хейес, бұл 1908 жыл болатын. Дүниежүзіндегі марафоншылардың ішіндегі ең қайталанбас тұлға эфиопиялық спортшы Абебе Бикилу, ол екі рет 1960, 1964 жылдарда еткен олимпиада чемпионы.

Марафондық қашықтыққа жүгіру тек ерлер емес, әйелдер тек қыздар арасында да кеңінен етек алып келеді. 1980 жылдарда австралиялық 13 жасар Моника Фриш өз бәсекелестерін жеңіп, Австрия чемпионы атанды. Ол әр аптада 30-40 шақырым жерге жүгіреді екен. Жеңіл атлетикалық олимпиада бағдарламасына кірген негізгі жеңіл атлетикалық жаттығулар: спорттық жүріс 30-50 шақырымдық аралықтар, көпсайыс, ерлер үшін 100, 400, 1500 м жүгіру, 110 м кедергілерден өтіп жүгіру, таяу арқылы ұзындыққа, биіктікке секіру, ядро серпу, диск пен найза лақтыру. Әйелдер - 200, 800 метрге жүгіру, 100 м кедергілерден жүгіріп өту, ұзындық пен биіктікке секіру, ядро серпу, найза лақтыру. Бұлардан басқа - секірулер, таяулармен биіктіктен секіру, үш рет қадамдап секіру, лақтырулар - диска, ядро, кайза. Алғашқы рет 2 метр 41 см биіктіктен секіріп өткен спортшы Игорь Панкин. Қазақ топырағында туған Р. Қосанов пек А. Тұяқов - алғашқы олимпиада жүлдегері болған спорт қаһармандары.

Гиннестін рекордтар кітабына төрт рет тіркелгенмарафоншы бауырымыз Марат Жыланбаев Қарақұм шөлінжалғыз өзі кезіп өтті, бұл 1995 жылдаң сәуір айы болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл атлетика
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы және қазақтың жеңіл атлеттері
Жеңіл атлетика жайлы
Қысқа қашықтыққа жүгіру әдіс - тәсілін жетілдіру
«Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» оқу құралы
Жеңіл атлетика мамандануы
Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған
Жеңіл атлетика жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, жаттығуларынан біріккен спорт түрі
Жеңіл атлетика спортының топталуы
Жеңіл атлетиканы дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz