Микробиология ғылым ретінде қалыптасуы


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті
СӨЖ
Тақырыбы : Медициналық микробиология.
Қабылдаған: Оспанова Эльмира
Орындаған: Мейірбек Бағдат
Тобы:ЖМ-909
Түркістан 2020 ж
Жоспары:
1. Микробиология ғылым ретінде қалыптасуы.
2. Микробиологияның зерттеу нысандары. Мақсаты мен міндеттері
3. Микробиологияның түрлері.
4. Микробиология дамуының тарихи кезендері
5. Тағам өндіріснің микробиологиясы.
6. Микроорганизмдердің жалпы қасиеттері.
7. Медициналық микробиология.
МИКРОБИОЛОГИЯ (грек сөзі «micros» - кіші, «bios» - тіршілік, «logos» - ғылым) - өздерінің микроскопиялық пішініне байланысты микроорганизмдер (микробтар) деп аталатын, оптикалық құралмен қарамаса жай көзге көрінбейтін организмдерді зерттейтін ғылым саласы.
Жалпы микробиологияның негізгі бөлімдері:
Цитология
Морфология
Генетика
Систематика
Микроорганизмдердің көбею
Микроорганизмдердің биохимиясы
Микроорганизмдердің экологиясы
Микроорганизмдердің биотехнологиясы
Микробиологияның негізгі мақсаты микроорганизмдердің және олардың қоршаған ортадағы рөлін, ішкі ұйымдастыру, микроорганизмдердің метаболизм, азық-түлік өнімдерінің микробиологиясын, атап айтқанда, ет және ет өнімдері, балық және балық өнімдерін микробиологиясын, осы өнімдерге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды қалыптастыруды үйрету болып табылады; тамақ аурулары мен тағамдық улануды туғызатын патогенді микроорганизмдермен танысу, микробтық бүлінуге байланысты азық-түлік қауіпсіздігін мен тұтастығын сақтау маманының рөлін түсіндіру болып табылады. Міндеттері -микро-организмдер мен жұмыс істеу әдістерін білу; микро-организмдердің барлық топтарының морфологиясымен таныстыру;
-Микроорганизмдердің физиологиясы және биохимиясына түсінік беру, сондай-ақ олардың тіршілік ету қабілетіне қоршаған орта факторларының әсерлері туралы түсінік беру;
-Ет және балық өнімдерінің микробиологиясын үйрету;
-Зертханалық зерттеулерде микробиологиялық көрсеткіштерге байланысты тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау әдістерін үйрету.
Микроорганизмдер табиғатта кең тараған және кез-келген субстраттарда, тіпті күрделі құрылысты жануарлар және өсімдіктер организмдерінде тіршілік етуге қабілетті. Микроорганизмдер барлық климат белдеулерінде, барлық жерлерде, адам организмінде де тіршілік етеді. Микробиология микроорганизмдердің морфологиясын, олардың даму заңдылықтары мен тіршілік ету ортасында тудыратын процесстерін, сонымен қатар адамзат тіршілігі мен табиғаттағы ролін зерттейді. Микроорганизмдердің белгілі бір қоректік ортаға ұзақ уақыт аралығында бейімделуі, микроәлемнің әртүрлі класс өкілдерінің спецификалық белсенділігін тудырады. Олар өлген жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарын ыдыратып, қоршаған ортаны қорғауға атсалысады. Микроорганизмдердің өміршеңдігінен пайдалы қазбалардың түзілуі, топырақтың құнарлылығы, су қоймаларының өздігінен тазалануы, т. с. с байланысты. Микроорганизмдердің пайдалы қасиеттері көптеген тағам өнімдерінің, әртірлі биологиялық белсенді заттар (ферменттер, амин қышқылдары, витаминдер, антибиотиктер және т. б) өндірісінің технологияларында қолданылады.
Микроорганизмдердің ішінде ерекше топ бар - патогенді (ауру тудырушы) микроорганизмдер. Ондай микроорганизмдер адам ағзасына тағаммен бірге түсіп, тағамдық инфекциялық аурулар тудыруы мүмкін. Бактериялардың шамасын микрометр мен ( 1 мм = 1000 мкм ) өлшейді. Бактериялардың органелларың мөлшерің нанометрде (1 мкм = 1000 нм) білдіреді. Электрондық микроскопия пайдалану кезінде өте ұсақ өлшем - ангстремы ( 1 мм = 1 А ) ретінде білдіреді.
Микроорганизмдер арасында клеткалық құрылымы жоқ, басқа микроорганизмдерден химиялық құрамы бойынша ерекшеленетін топ: вирустар және бактериофагтар. Тірі организмдер жүйесіндегі вирустар мен фагтардың күйі әлі күнге дейін мәлім емес. Вирустар клеткаішілік паразиттер бола отырып, адам, жануар, және өсімдіктердің әртүрлі ауруларын тудырады. Бактериофагтар бактериялар клеткаларында паразиттік түрде тіршілік етіп, пайдалы микрофлораны қолдануға негізделген: тағам өндірісі, биологиялық белсенді заттар (антибиотиктер, бактериалды ферменттер) өндірістеріне зиян келтіреді.
Микробиологияның арнайы тараулары:
Жалпы микробиология - микробтардың дамуын, табиғаттағы рөлін зерттейді.
Медициналық микробиология - зерттеу нысаны: патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер, олардың профилактикасы (алдын алу) және инфекциялық ауруларды этиотропты емдеу.
Ветеринариялық микробиология - зерттеу нысаны: жануарларда ауру тудыратын микроорганизмдерді зерттейді, оларды биологиялық диагностикалау, алдын алу және этиотропты емдеу, яғни ауырған жануарлардың организмінен микроб-қоздырушыны жоюға бағытталған.
Ауылшаруашылық микробиология- зерттеу нысаны: зат алмасуға, тыңайтқыштар дайындауға қолданылатын, өсімдіктердің ауруын тудыратын және т. б микроорганизмдерді зерттейді.
Санитарлық және тағамдық микробиология-санитарлық нормативтерді құрастыру, тағам өнімдері мен қоршаған орта объектілерінің санитарлық жағдайы.
Микроорганизмдер топырақ түзудің негізгі факторы және химиялық элементтер көпшілігінің айналымға қатыстырушы. Көптеген тағам өнімдерін, қышқылдарды, кейбір дәрумендерді, ферменттер қатарын, антибиотиктерді, дәрілік препараттарды, ферменттер мен аминқышқылдарын алады. Қоршаған ортаны әртүрлі табиғи және антропогенді ластағыштардан тазартады. Кейбірлері адамда, жануарлар мен өсімдіктерде ауыр сырқаттар тудырады.
Микробиологияның даму кезеңдері:
І. Морфологиялық кезең.
ІІ. Физиологиялық кезең.
ІІІ. Заманауи молекулалық-генетикалық
Ең алғаш 1675 жылы Антони ван Левенгук - микроәлемді алғаш рет ашты. Ол 150-300 есе үлкейтетін, екіжақты ісінген линзаларды жасады. Левенгук өзі анықтаған микроскопиялық тірі ағзаларды «өте ұсақ жануарлар» деп санады және оларға қарапайым жануарларға тән құрылыс ерекшеліктері мен тәртіптерді сәйкес деп санады.
Физиологиялық кезең- микробиологияның алтын ғасыры (XVII- XIX-ғасырлар аралығы) болып саналды. Себебі Луи Пастер (1822-1895)
«Микробтар - табиғатта үздіксіз ірі рөл ойнайтын, үздіксіз ұсақ ағзалар». деген нақты тұжырым шығарды. Осы шешімнен соң
- өндірістік микробиологияның дамыды,
- табиғаттағы зат айналымындағы микроағзалардың рөлін анықтау,
- анаэробты микроағзалардың ашылуы,
- антисептика ұстанымдарын, стерилдеу әдістерін жасап шығару,
- микроағзалар вируленттілігінің әлсіреуі (аттенуациясы) мен жеке алғанда қараталақ қарасан, құтыруға қарсы вакциналарды (вакциналық штаммдарды) алу.
- бактериялардың таза мәдениеттерін ал
- қараталақ қарасанның, тырысқақтың, құтырудың, тауық тырысқағының және т. б. аурулардың қоздырғыштарын зерттелді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz