Антигендер - организмге түскенде иммундық жауапты түзетін генетикалық бөгде денелер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Антигендер - организмге түскенде иммундық жауапты түзетін генетикалық бөгде денелер

Қасиеттері-

  • иммуногендік-антиденелердің немесе иммундық лимфоциттердің өндірілуіне алып келетін иммундық жауапты іске қосу әрекеті
  • спецификалық-антигендердің антиденелермен немесе жасушалармен әсерлесу қабілеті
  • бөгделік-ағзаның әр түріне немесе жеке индивидумдарга

арнағган антигеннің өзгешелігін көрсететін қабілеті,

Жіктелуі:

Экзоантиген

Эндоантиген

  • аллоантигендер-бір биологиялыќ түрдің арасында;
  • ксеноантигендер-басќа биологиялыќ түрдің антигендері;
  • сингенді-генетикалыќ ұќсас организмдердің (бір жұмыртќалы егіздердің) антигендері
  • Тимустәуелсіз антигендерге -қарсы Т-жасушаларының қатысуынсыз В-жасушалармен антиденелер өндіріледі
  • Тимустәуелді антигендерге -қарсы Т-лимфоцит-хелперлердің және макрофагтардың қатысуымен иммундық жауап түзіледі

Толық антиген және гаптен - бұл табиғатта иммуногендік емес, бірақ антигендік әсер ететін шағын молекулалық қосылыстар. Бұл хаптен белгілі бір антидене реакциясына түседі, бірақ иммундық реакцияны бастай алмайды. Оны иммуногендік ету үшін гаптенді тиісті тасымалдаушымен байланыстыру керек. Сондықтан, гаптен негізінен толық емес антиген болып табылады.

ЭПИТОП НЕМЕСЕ АНТИГЕНДІК ДЕТЕРМИНАНТ- иммундық жүйенің бөлімдерімен байланысуға антигеннің тек қана белгілі бір бөлігі жауапты. Антигеннің ол бөлігі-антигендік детерминант не эпитоп деп аталады.

Фагоцитоз - инфекцияға қарсы бейспецификалық механизм,

Қызметтері

  • организмнен иммундық комплекстерді шығару
  • қабыну және некрозды ошақтарды сіңіру
  • ескі жасушаларды жою

Кезеңдері

  • Фагоциттікжасушаның белсенуі (антиген енгеннен кейін)
  • Хемотаксис -фагоциттік жасушаның бөгде денеге қарай жылжуы
  • Адгезия -антигенге жабысу
  • Эндоцитоз немесе пиноцитоз -антигенді жұту
  • Процессинг -антигенді ыдырату
  • Элиминация -ағзадан шығару
  • Презентация -антигендерді есте сақтау жасушаларына таныстыру

Фагоциттік жасушалар: гранулоциттер, қандағы моноциттер, ұлпа макрофагтары, мононуклеарлық фагоциттер, Бауырда- Купфер жасушалары, Өкпеде-альвеолярлық макрофагтар, мида-микроглиялар

Иммуноглобулиндер (Ig) қан плазмасының ақуыздары, плазматикалық жасушалармен өнідіріледі, организмде антиденелердің қызметін атқарады

Иммуноглобулиндердің негізгі эффекторлық қызметтері:

  • Антигендермен байланысып, оларды агглютинациялайды
  • Комплемент компоненттерімен бірге цитотоксикалық реакцияларда қатысады
  • Опсонизация, яғни фагоцитозды күшейтеді
  • Токсиндерді, вирустарды, микроорганизмдердің ферменттерін бейтараптайды

Иммуноглобулиндер гетерогенділігімен 3 топқа бөлінеді:

а) изотипті

б) аллотипті

в) идиотипті

Изотиптілігі - ауыр тізбегі құрылысына байланысты қалыпты жағдайда бір түрдегі жануарларда, адамдарда бірдей. Ал олардың айырмашылығы 4-тізбегіндегі аминоқышқылдармен сипатталады. Сөйтіп иммуноглобулин G1, G2, G3, G4, ал иммуноглобулин А 1 , А 2 болып бөлінеді.

Аллотиптілігі - әрбір жеке адамның иммуноглобулин айырмашылығын көрсетеді, ол генетикалық маркерлерге байланысты.

Идиотиптілігі - бұл антигендер спецификалық қасиетіне байланысты тек бір иммуноглобулинге арналған. Қанша арнаулы иммуноглобулин болса, сонша антиген варианттары болады.

Идиотип - антиденелердің өзгермелі бөлігіндегі аминоқышқылдардың орналасуының немесе Т-торшалық антиген танитын рецепторының ерекшелігі. Оларға қарсы антиидиотипті антиденелер өнеді.

Иммуноглобулиндердің класы.

Иммуноглобулин М - барлық иммуноглобулиндердің 5-10 %. Эволюциялық дамуда ең көне иммуноглобулин. Молекулалық салмағы 900. 000 Дальтон. Жартылай ыдырау уақыты 5 тәулік иммуноглобулин М В-торшаларға антиген танитын рецептор. Иммуноглобулин М аутоиммунды ауруларды қолдайды.

Иммуноглобулин М инфекция түскенде, вакцинацияда бірінші синтезделеді, авидтігі жоғары, ағзаны бактериялардан, вирустардан қорғайды, комплементті классикалық жолмен белсендіреді, фагоцитозды күшейтеді. Ағзаға түскен антигенге әуелі иммуноглобулин М түзіледі. Аптаның аяғында ғана иммунгоглобулин G-нің синтезіне көшеді.

Қан сарысуында 0, 4-2, 2 г/л. Иммуноглобулин М ең ірі молекулалары, бес мономерден құрылған, 10 белсенді орталығы бар, бірден бес антигенді байланыстырып ағзадан шығарып жібереді. IgМ ағзаға антиген түспесе де болатын табиғи антиденелерге жатады. Жатырдан өте алмайды. Нәрестелерде тек инфекцияға қарсы пайда болады. IgМ антигенге фагоциттерді белсендіріп шақырады.

Иммуноглобулин G - класы қан сарысуында барлық иммуноглобулиндердің, молекулалық салмағы 150 мың Дальтон, ол жатырға кіре алады. Иммуноглобулин G 23 тәулік, ұзақ өмір сүреді. Адамдарда иммуноглобулин G-дің 4 түрі бар: (ауыр тізбектің айырмашылығымен) .

IgG қан сарысуында 7-18 г/л. Екіншілік иммундық жауабында тек IgG анықталады. Негізгі қызметі: комплементті белсендіреді (G1, G2, G3 ) ; фагоцитозды күшейтеді: бактериялардың полисахаридтік антигеніне қарсы кеш өнетін антиденелер (G1, G2) ; токсиндерді бейтараптайды, фагоциттерді опсонизация арқылы белсендіреді. Комплементпен тек G4 байланыспайды. Иммуноглобулин G тимусқа тәуелді болғандықтан Т-лимфоциттердің қатысуымен ғана синтезделеді. Сондықтан сәулелену және иммунды депрессанттар олардың синтезін басады.

Иммуноглобулин G-ның максималды өнімі антигендік арасы 30 күн өткенде қайтадан еккенде дамып иммундық жауап толық және иммундық ес пайда болады.

Иммуноглобулин А - сарысулық және секреторлық түрлері бар. Сарысудағы концентрациясы 0, 8-3, 7 г/л. Қан айналымындағы микробтарды және токсиндерді бейтараптайды. Сарысу IgA - комплементті альтернативтік жолмен белсендіре алады. Кейбір микробтар өндіретін протеаза ферменті IgA-ны инактивацияға шалдықтырады (мыс. гонококктер) .

Секреторлық IgA шырышты қабықтың эпителиалды торшаларының синтезінен шығады, оның қосымша (S) компоненті бар. Осы компонент IgA эпителий торшаларынан өткенде қосылады да IgA-ның протеолитикалық ферменттерге тұрақтылығын береді. Секреторлық IgA шырышты қабықта сақталып бактериалдық токсиндерді бейтараптайды, вирустарды шектейді, фагоцитозды белсендіреді. Сөйтіп, инфекцияға жергілікті қорғанысты қамтамасыз етеді.

Секреторлық IgA түкірікте, көз жасында, азқазан-ішек секретінде, өтте, қынап секретінде, аминотоксикалық сұйықта, өкпе, бронх, зәр шығару және жыныс жолдарында бар. Нәресте IgA-ны ана сүтінен, уыз сүтінен алады. Ана сүтімен түскен IgA ішекке грам теріс микробтардың (ішек таяқшаларының) орналасуынан қорғайды. Ішекке грам оң микробтар орналасып ішек инфекцияларына антагонистік рөл атқарады. IgA микроорганизмдермен байланысып, оларды шырышты қабыққа тұрақтатып орналастырмайды.

IgA тимусқа тәуелді иммуноглобулин, сондықтан нәрестенің өмірінің бастапқы кезінде өз бетімен пайда болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медицина саласы бойынша 65 сұрақ-жауап
Антигендер
Иммунитет. Иммунитет түрлері жайлы
Иммунитет және иммуногенді жүйелер
Иммунды жүйе мүшелері
Макроорганизм
Антигендер мен антиденелер
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы
ЖАЛПЫ ИММУНОЛОГИЯ
Иммундық жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz