Кері байланыстың ықпалы: мұғалімнің оқушыға кері байланысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Кері байланыстың ықпалы: мұғалімнің оқушыға кері байланысы

Мұғалімнің бағалауы және пікір білдіруі оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар мұғалімнің кері байланысы үш деңгейдің біреуіне - тапсырма, үдеріс немесе өзін-өзі реттеу дағдыларына бағытталуы және оқушының жеке басына қатысты болмауы аса маңызды. Бағалаудың объективтілігін және түсініктеменің анықтығын қамтамасыз ету үшін мұғалімге де, оқушыларға да белгілі критерийлер мен тапсырма дескрипторларын қолдану қажет. Кері байланыс аясындағы түсініктемелер оқушының өз қателіктерін түзетуіне, оқу іс-әрекеттерін және өзінің оқуын бақылау қабілетін дамытуға немесе жетілдіруге түрткі болуы тиіс.

Мұғалімнің оқушыға кері байланысын қалай қамтамасыз етуге болады?

1. Оқушыға кері байланыс оны сынау үшін емес, өз жетістіктерін одан әрі жетілдіруіне көмектесу үшін ұсынылатынын түсіндіріңіз.

2. Сипаттамалық кері байланыс беруге тырысыңыз, себебі бұл анағұрлым ықпалды болады. Ол үш сұраққа жауап береді:

«Не жақсы орындалды?» - Орындалған жұмыстың сапасы қандай болғанына қарамастан, оқушыға қолдау көрсетіп, мақтайтындай жетістігін таба біліңіз. Мысалы: «Жарайсың, сен тапсырманы ойдағыдай орындауға тырыстың!».

«Нені әлі де жақсартуға болады?» - Не нәрсені жетілдіруге болатыны туралы өз пікіріңізді ұсыныңыз.

«Мұны қалай жетілдіруге болады?» - Оқушының тапсырма жөнінде ойлануына ықпал ететін сұрақ қойып, қажетті ресурстарды, нұсқаулықтарды ұсыныңыз.

3. Кері байланысты нақты оқу мақсаттарына, күтілетін нәтижелерге немесе бағалау критерийлеріне бағдарлай отырып, оның тиімділігін қамтамасыз етіңіз.

4. Кері байланысты тұрақты түрде және уақтылы ұсыну арқылы Сіз оқушыға өзінің іс-әрекетін түзетуге мүмкіндік бересіз, ал өзіңізде оқушының кері байланысты қолданғаннан кейін тапсырманы қалай орындағанын бағалауға мүмкіндік болады.

5. Кері байланыс ұсынуда «Еске салу», «Кезең-кезеңмен көмек беру», «Үлгілер ұсыну» сияқты тәсілдерді қолданыңыз. Ескерту оқушының назарын оқу мақсатына шоғырландырады. Кезең-кезеңмен көмек беру оқу әрекетінің нақты аспектілеріне назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл үшін сұрақтарды, тапсырманың немесе әрекеттің сипаттамасын, аяқталмаған сөйлемдерді қолдануға болады. Оқуда қиындықтары бар оқушыларға тапсырманы орындау үлгілерін ұсыну олардың тапсырманы ойдағыдай орындауына көмектеседі.

Кері байланыс ұсыну үшін бұрын ұсынылған құралдарды пайдалануға болады. Сонымен қатар Padlet, Jamboard, Trello интерактивті тақталарын пайдалану барысында мұғалім де, оқушылар да орналастырылған материалдарға немесе жауаптарға өз пікірін білдіруге және жұлдызша, лайк және т. б. жіберуге мүмкіндік алады.

Кері байланыстың тағы қандай нұсқаларын қолдануға болады?

Тапсырманы ойдағыдай орындаған оқушыларға мұғалім құттықтау ашық хатын немесе әртүрлі мазмұндағы смайликтер жібере алады (смайликтердің мән-мағынасын балалармен алдын ала келісіп алған дұрыс) .

Оқушының жіберген қателерін белгілі бір түспен бояп, оқушыға оларды түзетуді ұсынуға болады.

Орындалған тапсырмаға қатысты аудиохабарлама жазып, оны оқушыға жіберуге болады. Онлайн білім беру саласында жұмыс істейтін оқытушылардың пікірінше, жазбаша кері байланыс жазуға қарағанда аудиохабарлама түріндегі кері байланысқа екі есе аз уақыт жұмсалады.

Егер оқушыларға интернет қолжетімді болса, ZOOM-да шағын конференция ұйымдастырып, 3-5 минут ішінде тақырыпты меңгерудегі қиындықтар мен табыстарды талқылауға болады. Шағын конференцияға бір оқушыны да немесе тапсырмаларды орындау барысында ұқсас қателіктер жіберетін оқушылар тобын да шақыруға болады.

Сонымен бірге кері байланысты Kundelik платформасында орналаскан электронды күнделік арқылы да жіберуге болады.

! Ең бастысы, кері байланыстың тиімділігі оның сапалы болуында екендігін есте ұстаңыз

Кері байланыстың ықпалы: білім беру платформаларының мүмкіндіктері

Оқушылардың оқуға ынтасын сақтау және қашықтан оқытудың табысты болуын қамтамасыз ету үшін сипаттамалық кері байланысқа баса назар аудару керек. Бұл оқушылардың тапсырмаларды орындауы барысында көмектеседі.

Көптеген оқу платформаларында (Google Classroom, Teams, Яндекс Оқулық және т. б. ) орындалған тапсырмаларды бағалау және кері байланысты қамтамасыз ету үшін кіріктірілген функциялар бар. Оларды қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың негізгі құралы ретінде, тапсырмаларға арналған бағалау критерийлері мен дескрипторларына негізделген кері байланыс беру үшін қолданыңыз.

Яндекс Оқулық - education. yandex. ru, Учи. ру - uchi. ru, Skysmart интерактивті жұмыс дәптері - edu. skysmart. ru білім беру платформалары ұсынатын дайын тапсырмаларды пайдалану мұғалімге асинхронды оқытуда қалыптастырушы бағалауды да, жиынтық бағалауды да ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ұсынылған ресурстарды пайдаланып, олардың ішінен өз сыныбыңыздағы оқушыларды оқытуда өзекті болатын ресурстарды іріктеп, орындалған жұмыстарға кері байланыс ұсыну арқылы Сіз тиімді оқуды қамтамасыз ете аласыз.

! Кімге, қашан және қандай түрде кері байланыс ұсынуды ұстаз ретінде өзіңіз ғана шешетініңізді түсіну аса маңызды болып табылады.

Қашықтан оқыту аясында бағалауға арналған тапсырмалар

https://ucarecdn.com/9cb9e525-7254-409e-b6c6-860a85561c3a/ 2019-2020 оқу жылының төртінші тоқсанында қашықтан оқыту кезеңіндегі оқушылардың орындаған тапсырмаларын тексеруге мұғалімдер көп уақытын жұмсаған болатын. Тапсырмаларды орындау ата-аналардың түсінбеушілігі мен наразылығын туғызды, өйткені олар баласының тапсырманы өз бетінше орындай алмайтынын немесе оны орындауға көп уақыт жұмсайтынын көрді.

Оқудың табыстылығын, яғни оқу мақсаттарына қол жеткізу деңгейін бағалау қажет екендігі сөзсіз. Бұл үшін қашықтан өткізілетін сабақтың өзі де, оқушылардың тапсырмалар бойынша өзіндік жұмыстары да мұқият ойластырылып, жоспарлануы және жүзеге асырылуы тиіс. Сабақты жоспарлау кезінде мұғалім белгіленген нормалар мен нұсқауларды ескере отырып, өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалардың көлемін анықтау үшін оқушылардың тұтас оқу күнінің кестесін білуі керек.

Мысалы, мұғалім мен оқушыларға интернет пен жеке компьютерлер қолжетімді (ноутбуктер, планшеттер немесе смартфондар) . Мұғалім синхронды және асинхронды оқытуды қолдана отырып, 10. 00-ден 10. 40-қа дейінгі уақыт аралығында қашықтан оқыту сабағын өткізуді жоспарлаған.

Синхронды оқыту ZOOM арқылы онлайн сабақ түрінде өткізіліп, онда жаңа сабақ материалы түсіндіріледі (себебі материал оқушылар үшін таныс емес және күрделі) немесе іс-әрекет тәсілдер көрсетіледі (егер оқу мақсаты қолдану, талдау, жинақтау немесе бағалау сияқты ойлау дағдыларының деңгейлерімен байланысты болған жағдайда) . Білім алушылар сабақ мақсатын талдап, сұрақтар қоя алады, ұсынылған оқу материалдарын талқылау үшін топтарға немесе жұптарға бірігіп жұмыс істей алады және ZOOM немесе Гугл Форма арқылы (Гид арқылы басқа да қызметтерді табуға болады) ұсынылған сұрақтарға жауап беріп, өздерінің меңгерген білімі мен тақырып бойынша түсінігін тексере алады. Сабақты өткізу және тарату ұзақтығы кіші мектеп жасындағы оқушылар үшін - 10-15 минуттан, орта және жоғары сынып оқушылары үшін 20-30 минуттан аспауы тиіс.

Осыған орай, сабақты өткізу уақыты сағат 10. 00-ден 10. 15-ке дейінгі (бастауыш сыныптар) немесе 10. 00-ден 10. 30-ға дейінгі (орта және жоғары сыныптар) аралықтағы уақытты алады. Сағат 10. 40-қа дейінгі қалған уақытты оқушылардың оқулық тапсырмаларымен немесе белгілі бір қызмет түрлері арқылы жіберілген ресурстармен өз бетінше жұмыс істеуі үшін пайдалануға болады. Оқушыларға орындалған тапсырманы тексеруге жіберу уақытын немесе бірін-бірі өзара бағалау мүмкіндіктері туралы ескерту керек.

Егер сіз білім беру платформасында немесе ортақ файлдарда орналастырылған тапсырмаларды қолдансаңыз, онда мұғалімнің тексеруін немесе өзара тексеруді синхронды түрде жүргізуге болады. Сондай-ақ білім беру платформаларында көптеген тапсырмалар бойынша автоматты тексеру тәсілі ұсынылады.

Дегенмен, Сіз өз бетінше орындалатын тапсырманың қандай нұсқасын ұсынсаңыз да, оны орындамайтын оқушылар болуы мүмкін. Мұның әртүрлі себептері әртүрлі болуы мүмкін. Оқушыдан себебін анықтаңыз және оқушыға өз көмегіңізді ұсыныңыз. Ұсынылған тапсырманың мән-маңызын түсіндіріңіз, балаға таңдау еркін ұсыныңыз немесе өз бетінше тақырыпқа қатысты белгілі бір тапсырманы белгілеуін сұраңыз. Оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттері туралы ойланыңыз (Говард Гарднердің көптік зият теориясы маңызды) . Балаларға орындалған тапсырманың нәтижелерін әртүрлі нұсқада - мәтін түрінде, таныстырылым немесе бейнежазба түрінде көрсетуді ұсыныңыз. Мектеп тәжірибесінде геометриялық теоремаларды түсінуде қиындықтары болған оқушының олар туралы рэп шығару арқылы табысты меңгергені жөнінде шынайы мысалдар болған.

Қашықтан оқыту барысында әлеуметтік аспектіні, яғни оқу қызметі барысында оқушылардың өзара қарым-қатынаста оқып-үйренуін қамтамасыз ету қажет. Төмендегі суретте мұны АКТ құралдары мен қызметтерін пайдалану арқылы ұйымдастыру нұсқалары көрсетілген.

https://ucarecdn.com/41469ec3-5ec4-4008-8d0b-cc640b4262a9/-/crop/861x483/43,29/-/preview/

Оқушылардың өз бетінше орындайтын немесе бірлескен жұмысына арналған тапсырмалардың тамаша нұсқасы - үйге берілетін жоба тапсырмалары. Жоба оқытудың әмбебап құралы болып табылады. Мұғалім оқушылар орындайтын жоба тапсырмасын өз бетінше немесе бірлесе отырып (топта, жұпта) бөлімді немесе бөлімшені өту барысында орындайды. Тапсырманың әр бөлігі бөлім (бөлімше) бойынша белгіленген оқу мақсаттарына сәйкес келеді және оқушының оқу мақсаттарына табысты қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім жобаны орындау мерзімі және аралық тексеру мерзімдері көрсетілген тапсырманы орындауға арналған нұсқаулықты әзірлейді.

Оқушылар жоба тапсырмасы бойынша әр сабақта кезең-кезеңмен жұмыс істейді. Оқушылардың жеке немесе бірлескен жоба бойынша жұмысын басқаруға SCRUM тақтасы көмектесе алады.

https://ucarecdn.com/ffab7291-b7e4-401a-9eeb-f3be5fe26854/-/crop/916x602/5,0/-/preview/

Аралық нәтижелерді мұғалім немесе сыныптастары тексере алады. Кері байланыс ұсыну оқушының немесе топтардың әр тақырыпты сапалы оқып зерделеуіне және қажет болған жағдайда іске асыруына қосымша күш салуға мүмкіндік береді.

Соның нәтижесінде аяқталған жобалау жұмыстарын бөлім бойынша жиынтық бағалау үшін пайдалануға болады.

Бірінші модульдің қысқаша мазмұнын ұсынылып отырған интеллект-картадан көре аласыз.

https://ucarecdn.com/97bd0b66-85a6-458a-b783-3b4e31997f98/

"Оқуға қатыстыру" тақырыбындағы келесі модульде қашықтан оқуға оқушыны тарту бойынша өзекті ақпаратты таба аласыз! Сәттілік!

Зерттеушілер оқу мотивациясына зор ықпал ететін алты ауқымды факторды немесе қажеттіліктерді қарастырады. Атап айтсақ:

  • қауіпсіздік;
  • белсенділік таныту;
  • қызығушылықты және жағымды эмоцияларды сезіну;
  • мойындату және басқа адамдармен байланыс;
  • оқу мағынасының болуы;
  • еркін әрі дербес болу қажеттіліктері.

Оқушыларды оқуға қатыстыру - мұғалімге қажетті мықты құрал және ол құралды меңгеру өте маңызды. Оқушыларды оқуға қызықтыру, ынталандыру жайлы ойлаған кезде, біз олардың ішкі мотивациясын аттыру жолдарын түсінуге тырысамыз. Оқуға қатыстыру дегеніміз оларды қызықтыру, жаңа бір нәрсе жасап көруге, таңдауға, қателесуге, қайтадан бастауға, табысқа жетуге ұмтылуға мүмкіндік беру. Осылайша, оқушыны оқуға белсенді қатыстырудың тәсілдерін қашықтан және дәстүрлі оқытуда кеңінен қолданып, балалардың дербес оқушыға айналуына көмектесеміз.

Екінші модульдің қысқаша мазмұны "Оқуға қатыстыру" атты интеллект картасында ұсынылған.

https://ucarecdn.com/608b052a-fb40-4fbb-998e-76e68b193852/-/crop/1920x626/0,271/-/preview/

"АКТ құралдары" атты үшінші модульді зерделеуде сәттілік тілейміз! Бұл модуль аясында АКТ құралдарымен танысып, сабағыңызға қажеттілерін таңдайсыз.

Қашықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған АКТ құралдары бойынша гидті және Telegram мессенджеріндегі ICT robot чат-ботын қолданып, оқу мақсатына сәйкес келетін цифрлық құралдарды таңдау арқылы қашықтан оқыту мен оқудың, сондай-ақ дәстүрлі сыныптағы сабағыңыздың тиімділігін арттыра аласыз.

Модуль аясында ұсынылған ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарына шолуды ұсынылып отырған интеллект-картадан көре аласыздар.

https://ucarecdn.com/4e147f50-f438-40a7-8b34-2e7e3fa2ff63/-/crop/1816x532/38,279/-/preview/

Келесі "Кәсіби ынтымақтастық" модулін меңгеруде сәттілік тілейміз!

Құрметті ұстаз, “Кәсіби ынтымақтастық” модулінің бірінші тақырыбы аясында біз бірлескен тігінен (сатылай) жоспарлау мен көлденеңінен (деңгейлес) жоспарлаудың ерекшеліктерін қарастырамыз және оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін сабақты бақылаудың маңызын айқындаймыз.

https://ucarecdn.com/819f2ffb-759a-4c79-a586-c36a9bf941d9/ Қазір бүкіл әлемде интернет қоғамдастықтар (комьюнити) танымал болып келеді, онда ортақ қызығушылықтары бар адамдар бір-бірімен интернет арқылы қарым-қатынас жасайды. Мұндай виртуалды қоғамдастықтың мақсаты - қарым-қатынас.

Кәсіби қоғамдастықтар мамандығы, кәсібі бірдей немесе ұқсас адамдарды біріктіреді. Мұндай қоғамдастықтар қызметінің мақсаты өзара тәжірибе алмасу және кәсіби дағдыларын жетілдіру болып табылады. Мектеп тәжірибесінде кәсіби қоғамдастықтар ұзақ уақыттан бері жұмыс жасап келеді. Олар педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестіктер және шығармашылық топтар түрінде қызмет атқарып келеді.

Қашықтан жұмыс істеу кезінде кәсіби қарым-қатынасты телефон, смартфон, планшет, компьютер сияқты әртүрлі байланыс құралдары арқылы қамтамасыз етуге болады. Әріптестермен ынтымақтастықта болу қашықтан оқытуды жоспарлауға және оқытуда туындайтын қиындықтарды шешуге көмектеседі, өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.

Білім беруде оқу үдерісін жоспарлаудың түрлі тәсілдері бар. Соңғы жылдары мұғалімдер тобы бірлесе отырып жүзеге асыратын сабақтарды тігінен және көлденеңінен жоспарлау танымал болып келеді.

Тігінен жоспарлау - бір пәннен сабақ беретін мұғалімдер тобының оқыту мен оқуға қатысты нұсқауларды әзірлеу және қолданысқа енгізу үшін бірлесе жұмыс істеуі, осының нәтижесінде оқытудың негізгі бағыттары, тұжырымдамалары, әмбебап оқу әрекеттері (дағдылары) мен оқыту тәсілдерін сыныптан-сыныпқа сатылай түрде қарастырып, оқу мақсаттарына жетудің негізгі табыс критерийлері айқындалады.

https://ucarecdn.com/29efefc2-9466-485f-9079-9e38ba86ab40/

Суретте тігінен жоспарлаудағы интеграциялау нүктелері көрсетілген.

Көлденеңінен жоспарлауды бір деңгейдегі сыныптарда сабақ беретін және оқытуда оң жетістіктер мен ілгерілеуді қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде кездесіп, кеңесіп отыратын әртүрлі пән мұғалімдері жүзеге асырады. Мұғалімдер белгілі бір деңгейге, сыныпқа, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар жекелеген оқушыларға арналған бағдарламаның барлық көлемін ескере отырып, оқытуды жоспарлау үшін бірлесіп жұмыс істейді. Көлденеңінен жоспарлау барысында оқыту мен оқудың келесі аспектілері қарастырылуы мүмкін:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ ЖОЛДАРЫ
ОҚУШЫЛАРҒА ТИІМДІ КЕРІ БАЙЛАНЫС БЕРУДІҢ 20 ЖОЛЫ
Сыни ойлау қабілеті
Тиімді кері байланыс ұсыну арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру
Технология туралы ұғым, артықшылықтары
Технологияның кезеңдері
Оқытудың негізгі әдіс - тәсілдері
Бастауыш мектепте оқу үдерісінде интеграциялап оқытуды жүзеге асыру
Шиеленістің қатысушылары
Педагогикалық технологиялар жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz