ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША
ЕСЕБІ

Факультет: География және табиғатты пайдалану
Кафедра: Картография және геоинформатика
Мамандық: 5В071100 - Геодезия және картография
Орындаған: Амангелдиева Ханзада
Жетекші: Байдаулетова Г.К.

Алматы 2020 жыл

Мазмұны
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.1. Практиканың өту уақыты мен ұйымдастырылу шаралары ... ... ... ... ... ...4
2.2. Мінездеме ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.3. Жер қатынастары бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.4. Құжаттар негізіне шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.5. Ауыл шаруашылығында топографиялық карталардың қолданылуы ... ... 8
2.6. Интерполяция әдістерін ArcMap бағдарламасында қолдану ... ... ... ... ... 12
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

І.Кіріспе
15 маусым -18 шілде 2020 жылдың аралығында өндірістік тәжірибеден "Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жер бөлімінде өндірістік тәжірибеден өттім.

Мекеме геодезиялық және картографиялық жұмыстармен, межелеу туралы құжаттарды ресімдеумен, жер учаскелерін мемлекеттік кадастрлық есепке қоюмен айналысады, Жер мәселелері бойынша (табиғат, экология, экономика, құқық) кеңес береді, Жер учаскелерімен мәмілелерге ілесіп жүреді.

Мекеме көрсететін негізгі қызметтер геодезиялық және картографиялық жұмыстар болып табылады. Қызметтің осы саласында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

геодезия - жердің фигурасын, мөлшерін, гравитациялық өрісін, жер беті нүктелерінің координаттарын және олардың уақыт бойынша өзгеруін анықтау бойынша ғылыми, техникалық және өндірістік қызмет процесінде пайда болатын қатынастар саласы;

картография - негізгі бөлігі картографиялық бейнелер болып табылатын картографиялық туындыларды зерттеу, жасау және пайдалану бойынша ғылыми, техникалық және өндірістік қызмет процесінде туындайтын қатынастар саласы;

геодезия және картография саласындағы қызмет (геодезиялық және картографиялық қызмет) - геодезия және картография саласындағы ғылыми, техникалық, өндірістік және басқарушылық қызмет;

геодезиялық және картографиялық жұмыстар - геодезиялық және картографиялық өнімдерді, материалдар мен деректерді жасау процесі;

картографиялық-геодезиялық қор-геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде жасалған және оларды одан әрі пайдалану мақсатында ұзақ сақтауға жататын материалдар мен деректердің жиынтығы.

ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Практиканың өту уақыты мен ұйымдастырылу шаралары
Өндірістік практика (ғылыми-зерттеу жұмысы) - бұл оқу процесінде алынған теориялық білімді кеңейтуге және бекітуге, таңдаған білім беру бағдарламасы бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге және жетілдіруге, болашақ кәсіби қызметке дайындауға бағытталған оқу жұмысының түрі.

Практиканың өту уақыты: 15.06.2020ж - 18.07.2020ж
Практика жетекшісі: Байдаулетова Г.К
Жұмыс түрлері:
Еңбек қауіпсіздігі ережелерімен танысу
Жер қатынастары бөлімі
Ауыл шаруашылығында топографиялық карталардың қолданылуы
ESRI ArcSDE 9.1 және ESRI ArcMap бағдарламалық жасақтамаларымен жұмыс істеуді үйрену
4) Жұмыстың орындалу нәтижесін ұсыну
5) Есеп беру
Қауіпсіздік техникасы -- еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі.
Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен құралдарының жүйесі.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың -- стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың негізінде жүргізіледі.

2.2.Студенттің өндірістік практиканы өткендігі туралы мінездеме

2.3.Жер қатынастары бөлімі

Жер құқық қатынастары(ЖҚҚ). Жер құқығы дегеніміз-жер қатынастарын реттейтін, мемлекет орнатқан, құқықтығ бір саласы болып табылатын құқықтық нормалардың жиынтығы. ЖҚҚ дегеніміз-жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарын жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға жекеленген субъектілеріне жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді қорғау мен пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады. ЖҚҚ объектісі-Қ.Р-дағы бүкіл жер болып табылады және субъектілерге бекітіліп берілген жер учаскелері, жер үлестері болып табылады.ЖҚҚ субъектілері-жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылады және сол қатысушыларға байланысты белгілі бір құқықтар мен міндеттер белгіленген тұлғалар болып табылады. Олар: жеке, заңды тұлғалар мен мемлекет. ҚР-ның жер заңдары мына принципке негізделеді: -ҚР аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;
- жерді, ҚР халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;
- Жерді қорғау және ұтымды пайдалану;
-Жерді нысанды пайдалану;
- ауыл шаруашылығына арналған жердің басымдылығы;
- жерді ақы төлеп пайдалану.
Жер иелену құқығы - жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.Жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізге шектеусіз мерзімге немесе белгілі бір мерзім ішінде иелену және пайдалану құқығы.Жерге билік ету құқығы - мемлекеттің ҚР аумағындағы жердің заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етілген құқығы, сондай-ақ жердің жеке меншік иесінің өз жер учаскесіне қатысты ҚР-ның заң актілерінде тыйым салынбаған мәмілелер жасауға құқығы.
Жерге меншік құқығының түсінігі ҚР Жер кодексінің 3-бабында берілген. ҚР-да жер мемлекеттік меншікте болады. Жер учаскілері Жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.Жер, оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте болады.Жер учаскілеріне меншік құқығы мына жолдар арқылы туындайды:меншік құқығын табыстау;меншік құқығын беру;меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) тәртібі ба ауыстыру.Жер учаскесіне меншік құқығы келесі негіздерде туындайды:
мемлекеттік органдар актілер негізінде;
азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде;
ҚР-ның заңдарында көзделген өзге де негіздерде (ҚР ЖК 22-бабы).
ҚР Жер кодексінің 27-бабына сәйкес, мемлекеттік меншік құқығын жүзеге асыру мынаны білдіреді: мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскелері:
жеке меншікке сатылу немесе ақысыз білдіру;
тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берілуі;
Жер кодексінде, ҚР-ның өзге де заң актілерінде не халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де құқықтық нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін.
Жер кадастры -- мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі.
Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін. Жер кадастрын жүргізу мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жер кадастрының мәліметтеріне әркімнің қолы жете алады, ол мүдделі тұлғаларға ақылы түрде беріледі. Мемлекеттік органдарға Жер кадастры мәліметтерін беру тегін жүзеге асырылады. Мемлекеттік Жер кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді

2.4. Құжаттар негізіне шолу

Созақ аудандық жер қатынастары бойынша 2020 жылдың I тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы мәлімет:
Созақ ауданы бойынша 2020 жылғы жалпы аумағының көлемі - 1 543 396 гектарды құрап отыр.
Санаттары бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 385 672 гектар, оның ішінде: егістігі 34340 гектар, жайылымдағы 289864 гектар, басқа алқаптар 56841 гектарды құрайды.
Аудандағы 700ге жуық шаруа қожалығында 316366 гектар жер бар, оның ішінде: егістік 28623, жайылымдық 239351 гектар жерлер. Ауыл шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғаларға жалпы көлемі 10748 гектар, оның егістігі 3968 гектар, жайылымдығы 5614 гектар жерлер. Ауданда 34 елді мекендер жері 86629 гектар, оның егістігі 649 гектар, жайылымдығы 59876 гектар жерлер. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер 31318,8 гектар, егістігі 28 гектар, жайылымдығы 25854,5 гектар жерлер. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жері 21,0 гектар болса, орман қоры жері 791 535 гектар, оның егістігі 518 гектар жайылымдығы 78 280 гектарды құраса, су қорының жері 13016 гектар болып отыр.
Жалпы босалқы жер көлемі 235 204 гектар, оның 723 гектары екпе ағаштары, 160 409 гектары жайылымдық, 9339 гектары шабындық, 59 686 гектары басқа алқаптарды құрайды. 2018 жылдың І-тоқсанында аудан бойынша жеке тұлғалардан-16 өтініш келіп түсті, заңды тұлғалардан өтініштер келіп түспеген. Келген өтініштерге байланысты аудан әкімдігінің 15 қаулысы қабылданып, қалған өтініштерге жазбаша түсіндірме хат жолданды. Оның ішінде жер учаскесін уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығын табыстау туралы 1 қаулы, жер учаскесін жеке меншікке табыстау туралы 2 қаулы, жер учаскелерін пайдалануға келісім беру туралы 2 қаулы, аудан әкімінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2 қаулы, аукцион тізімін бекіту туралы 1 қаулы, жер учаскесін мемлекет меншігіне алу туралы 1 қаулы, аукцион арқылы жер учаскелерін табыстауға-1 қаулы, тұрақты жер пайдалануға-3 қаулы, жер учаскелерін белгілеу туралы-1 қаулы, жер учаскесіне рұқсат беру таралы-1 қаулы шықты .

2.5.Ауыл шаруашылығында топографиялық карталардың қолданылуы
Қарқынды дамып келе жатқан ГИС-технологиялар арқылы топографиялық карталардың қолданылуы ауыл шаруашылығын аумақтық ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде зерттеулердің тиімділігін айтарлықтай жеделдетуге және арттыруға мүмкіндік береді.
Олар, мысалы,
ауыл шаруашылық математикалық-картографиялық модельдерді құру,
әртүрлі өлшемдер бойынша жіктелімдер мен типологияларды құру,
қолданбалы аудандастыру және т. б. сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

Топографиялық карталардың әскери істе қолданылуы
Топографиялық карта жауынгерлік жағдайда тұрақты, кейде жерді егжей-тегжейлі зерттеудің жалғыз құралы болып табылады. Топографиялық карталарсыз дұрыс шешім қабылдау және жауынгерлік іс-қимылдарды тиімді жүргізу мүмкін емес. Топографиялық картаны оқи білу және онымен жұмыс істеу ережелерін білу офицерлер мен сарбаздардың күнделікті өмірінде және жауынгерлік қызметінде кездесетін әр түрлі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Топографиялық карталардың көмегімен жүру орындары мен бағыттарын зерттеуге және бағалауға болады;
Бағдарлауды жүзеге асыруға, қажетті нүктелердің координаттарын анықтауға, жауынгерлік тәртіп мақсаттары мен элементтерінің орналасқан жерін анықтауға болады;
Көз өлшегіш түсірілімнің тәсілдерімен мақсатты көрсету, топографиялық байлау жүргізу, сондай-ақ қашықтықтарды, бұрыштарды, алаңдарды, түсірулер мен көтерулердің тіктілігін, жер нүктелерінің биіктігін, нүктелердің өзара көрінуін және рельефтің басқа да сипаттамаларын анықтау кезінде дәл өлшеулер мен есептер жасауға болады.
Әскери істе картаны қарсылас және өз әскерлері туралы мәліметтер, қабылданған шешімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік міндеттері көрсетілетін құжат ретінде пайдаланады. Картада жауынгерлік іс-қимылдар барысы көрсетіледі, ол жауынгерлік өкімдерді беру және жауынгерлік графикалық құжаттарды жасау үшін пайдаланылады. Сондықтан топографиялық картамен бетпе-бет кездесетіндердің әрқайсысы жауынгерлік жағдайдың түрлі жағдайларында онымен дұрыс жұмыс істей білуі тиіс. Топографиялық карталардан басқа, көрсетілген мақсаттар үшін аэротүсірілімдер де пайдаланылады.
Топографиялық карталармен салыстырғанда аэросуреттер аз таралған және сирек қолданылады. Ал олардың топографиялық карталардың алдында елеулі артықшылығы бар. Аэротүсірілімдер мен онда орналасқан объектілер топографиялық карталарға қарағанда айтарлықтай үлкен егжей-тегжейлі және егжей-тегжейлі көрсетілген. Топографиялық карта мен аэротүсірілімдер өзара үйлесімде пайдаланылуы тиіс. Карта ескірген және жердің нақты бейнесіне сәйкес келмеген жағдайларда аэротүсірілімдер аса маңызды мәнге ие болады.
Соғыста ядролық қаруды қолдану жарылыс эпицентр ауданындағы және оған іргелес аймақтағы ландшафтты карта осы жердегі рельефтің мәнерлі нысандарын ғана көрсететін дәрежеге дейін өзгерте алады. Соққы жасағаннан кейін алынған қирау ауданының аэротүсірілімі осы ауданның суретін көрсететін жалғыз құжат болады. Картаны аэротүсіріліммен үйлесімде дұрыс пайдалану көп жағдайда жерді зерттеу бойынша әртүрлі міндеттерді шешуді жеңілдетеді және қойылған жауынгерлік міндетті орындауды қамтамасыз етеді.
Картадағы жер туралы мәліметтер жиынтығы картаның мазмұны деп аталады. Жергілікті жердің топографиялық элементтерінің болуы, орналасқан жері және өзара байланысы топографиялық картада арнайы шартты белгілермен көрсетіледі.
Бұл белгілер жердің көрнекі бейнесін жасайды.
Жер бедері (сурет. 1) топографиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу практиканың бағдарламасы
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары
Бастауыш білім беру мұғалімі мамандығы бойынша қашықтықтан оқыту негізінде Баланың мектептегі алғашқы күндері оқу практикасы
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы - біртұтас қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі
Практиканы қорытындылау
Қорлар есебінің жүйелері
Университеттегі практика жетекшісінің бағалауы
Нархоз университетінің тарихи қалыптасуы
Тәжірибе жетекшісі
Әлемдік экономикадағы шағын кәсіпкерліктің орны
Пәндер