АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ


АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
Реферат
Тақырып: Антропология тарихы мен теориясы
Антропологияның тарихы мен теориясы
Кіріспе
Кез келген пән секілді антропология пәнін түсіну үшін де оның тарихын білу аса маңызды. Алан Барнард осы негізде пәннің қалыптасу кезеңіндегі көзқарастардың тарихын зерттеп, белгілі теориялар мен мектептердің шығу тегін талдап, ол теорияларға қатысты даулы мәселелерді ескеріп, біршама реттелген, тақырыптары жүйеленген оқулық жазып шықты.
Алан Барнард Эдинбург университетінде Әлеуметтік антропология пәнінен дәріс береді. Оның еңбектері: «Туысқандық институтты зерттеудегі ғылыми тәжірибелер» («Research Practices in the Study of Kinship») (Энтони Гудпен бірлесіп жазған, 1984), «Оңтүстік Африканың аңшылары мен бақташылары» («Hunters and Herders of Southern Africa») (1992) және Джонатан Спенсердің редакторлығымен шыққан «Әлеуметтік және мәдени антропология энциклопедиясы» («Encyclopedia of Social and Cultural Anthropology») (1996) .
Алан Барнард
Антропология пәнінде теория зор мәнге ие. Ал теория мен тәжірибе өзара тығыз байланыс- ты. Бұл дәрісте біз антропологияға қатысты негізгі мәселелерге шолу жасаймыз. Әсіресе түрлі ұлттық дәстүр ықпалымен пәнге берілген анықтамаларға, теория мен этнографияның өзара байланысына, синхрондық және диахрондық тұрғыдан зерттеудің айырмашылықтарына және пән тарихын тарихшылар мен антропологтардың қалай қабылдайтынына мән беріледі.
Бірінші кезекте, антропология сөзінің мәнін және оны анықтайтын терминдер мағыналарын қарастырайық. Әлеуметтік және мәдени антропология теориясы антропологтың сұрақ қою ракурсына тікелей байланысты. Пәннің ұйымдастырылу құрылымы және теорияның этнографиялық жаңалықтарға байланысы сол сұрақтардың ажырамас бөлігі болып саналады. Нақтылап айтсақ, теорияларды диахронды, синхронды және интерактивті деп бөлуге болады.
Жаратылыстану ғылымдарында әдетте парадигмалар нақты, ортақ келісілген мақсаттарға ие. Антропологиялық парадигмаларды нақтылау оңай емес. Біз антропология тарихының көп бөлігін «тақырып ауыстыру» тарихы деп қарастыра аламыз. Бірақ мұндай жағдайда да оның ішінде ұлттық дәстүрлерге негізделген парадигма өзгерістерінің және сабақтастығының элементтері болады.
Антропология және этнология
«Антропология» және «этнология» сөздерінің мәні ұзақ жылдар бойы әр елде түрлі мағынада, түрлі ұғымда қолданылып келді. «Антропология» сөзі грек тілінен аударғанда, антропос - адам, логос - пайым немесе ғылым дегенді білдіреді. Ғылыми пән ретіндегі атауы алғаш рет шамамен XVI ғасырдың басында (anthropologium деген латын тіліндегі түрінде) пайдаланылған. Орталық Еуропа ғалымдары бұл сөзді анатомия мен физиологияға қатысты термин мағынасында қолдана бастады. Кейінгі зерттеулерде «физикалық» немесе «биологиялық антропология» деп аталатын болды. XVII-XVIII ғасырларда Еуропа теологтары да бұл терминді өз салаларында қолдана бастады. Олар бұл терминді құдайдың бойындағы адамға тән қасиеттерді көрсетуші атау ретінде пайдаланды. Кейбір орыс және австриялық ғалымдар XVIII ғасырдың соңында әртүрлі этникалық топтардың мәдени ерекшеліктерін сипаттайтын немістің Anthroplogie сөзін де қолданып жүрді (1995 жылы жазылған Вермюленнің еңбегін қараңыз) . Бірақ біраз уақытқа дейін басқа елдердің ғалымдары бұл сөзді термин ретінде пайдалана қойған жоқ.
XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың басында өмір сүрген ғалымдар «этнология» сөзін мәдени айырмашылықтар мен әлемдегі бар адамға тән, жалпы адамзатты сипаттайтын қасиеттер жиынтығы мағынасында қолданатын. Бұл терминнің ағылшын тіліндегі нұсқасы немесе оның ethnologie (француз тіліндегі нұсқасы) немесе еthnologie (неміс тіліндегі нұсқасы) деген баламалары қазірге дейін Еуропада және Құрама Штаттарда қолданылып жүр.
Біріккен Корольдікте және әлемнің басқа да ағылшын тілді елдерінде «әлеуметтік антропология» атауы қабылданған. Еуропа құрлығында «антропология» сөзі қазірге дейін көбіне «физикалық антропология» мағынасында қолданылады. Дегенмен соңғы уақытта «әлеуметтік антропология» терминімен «этнология» терминін синоним ретінде жиі қолданатын болды. Ал Еуропадағы кәсіби ұйымның атауы Әлеуметтік антропологияның Еуропалық қауымдастығы немесе l’Association Européenne des Anthropologues Sociaux (аудармашыдан: французша атауы) деп аталады. Бұл ұйымның негізі Батыс және Шығыс Еуропада пәнге қызығушылықтың күрт өсуіне байланысты 1989 жылы қаланған.
Америка Құрама Штаттарында «этнология» мен «мәдени антропология» сөздері бірдей ұғымға ие. Германияда және Еуропаның орталық және шығыс бөлігінде антропологияның Volkskunde және Völkerkunde деп аталатын тармақтары бар. Бұл сөздердің дәлме-дәл ағылшынша баламалары жоқ, бірақ екеуінің арасындағы айырмашылықты білу өте маңызды. Әдетте Volkskunde фольклорды және жергілікті халықтың қолөнері мен салт-дәстүрін зерттейді.
Еуропаның аталған бөлігінде және Скандинавияда бұл зерттеу саласы аса жақсы дамыған. Völkerkunde - кеңірек, компаративті әлеуметтік ғылым. Ол Германияда Ethnologie деген атпен де белгілі. Америка Құрама Штаттарында және Канадада «антропология» әдетте төрт тармақты қамтиды:
1) биологиялық антропология;
2) археология;
3) антропологиялық лингвистика;
4) мәдени антропология.
Солтүстік америкалық ізденушілер «антропология» деп классикалық барлық «төрт тармақты» қамтитын саланы атайды. Мұнда айта кетер жайт, көптеген америкалық антропологтардың ойынша, қолданбалы антро- пология өз алдына бөлек сала болу қажет. Қолданбалы антропология дегеніміз - апаттардың салдарын жоюда, медицина саласында, қоғамды дамытуда және басқа да мәдениет пен қоғамдық маңызды салаларда мәдени антропологиядағы идеяларды қолданысқа енгізу. Кең ауқымда алып қарағанда, қолданбалы антропология биологиялық және лингвистикалық антропологияны немесе тіпті археология мәселелерін де өз ішіне қамтуы мүмкін. Мәселен, биологиялық антропология мәйіттің тірісінде кім болғанын анықтауға көмектеседі. Антро- пологиялық лингвистика мылқау жандарға қатысты және сөйлеу терапиясында қолданылуы мүмкін. Ал ежелгі суару жүйесіне қатысты табылған археологиялық қазбалар заманауи су құбыры құрылысына көмектесуі мүмкін.
Осы күнге дейін ықпалды болып есептелетін Иммануил Валлерстайнның (1974-1989) «әлем жүйелері» көзқарасынан және Андре Гундер Франктің (мысалы, 1967) «шала даму» көзқарасынан туындаған үшінші ықпалды мектеп - саяси экономика. Еуропалық ғалымдар үшін құрылымдық марксизм, шағын қоғамдардағы жер, еңбек және капитал мәселелері қызықты болса, Солтүстік Америка және үшінші әлем елдері үшін саяси экономика мектебінің сұрақтары көбірек қызығушылық тудырды. 1970-1980 жылдары оның ықпалы Британияда да «аймақтық жүйелер» теориясында зерттеу нысанының өзгеруіне алып келді (мысалы, Харт, 1982) . Бұл мектептің антропологиядағы басқа марксистік мектептерден айырмашылығы ол тарихқа көп мән береді. Сонымен бірге ол Мейясудың капиталистік және капиталистікке дейінгі жүйелер мемлекетте «қайта өңдеу» арқылы әрекеттеседі деген ойын да теріске шығарды.
Валлерстайнның шағын қоғамдардың экономикасы қуатты батыс және Таяу Шығыс капиталистік экономикасымен байланысты деп келетін «әлем жүйесі» идеясы бәрінен кең танымалдыққа ие болды. Экономикалар арасындағы байланыс бірдей емес, дамыған капиталистік елдер басқалардың есебінен пайда көреді. Бұл идея антропологтар тарапынан осы сынды басқа бағыттарда қолданыла бастады (мысалы, Кан 1980, Уольф 1982) . Осыдан кейін мәдениеттегі және экономикадағы «жаһандық» пен «жергіліктінің» арасындағы байланысқа деген қызығушылық ең көп тараған зерттеу мәселесіне айналды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz