Психологияға кіріспе. Мен және менің мотивациям
Тақырыбы: Психологияға кіріспе. Мен және менің мотивациям
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия. Психология атауы псюхе-қазақ тілінде жан, логос- ілім, ұғым, ой деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т.б.) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты психикалық құбылыстары, процестері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын, спорт салаларындағы бірде-бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып, білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьект. Солардың ішінде гуманитрлық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескереді. С.Л.Рубинштейн өзінің жалпы психология негіздері еңбегінде Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрінеді - олар біздің сезімдеріміз бен ойларымыз, қабылдауларымыз бен түйсінулеріміз, ықылас-ниеттеріміз және т.б. жатады...Ерте заманда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсінік бойынша жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс және адамда тәннен тәуелсіз жан болады. Мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы жалған түсініктің қалыптасуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын, ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде айтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Осылайша, психикалық процестер, қалыптар мен қасиеттер ғылыми талдауға түсіп, зерттелгенге дейін адамдардың бір-бірі жайлы қарапайым түсініктер мен ұғымдар жинақтала берді. Қазіргі заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары осы өмір тәжірибесі мен атадан балаға ұрпаққа жеткен рухани мұрадан келіп шығады.Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі екі бөлімін қарастырамыз:
1) психикалық процестер;
2) психикалық қасиетте;
3)психикалық қалып.
1)Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сөйлеу,
қиял және елес, ес;
2)Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет.
һ3)Психикалық қалып: адамның түрлі көңіл күйінің (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану)т.б. компоненттері.Сонымен, психология - психикалық құбылыстардың, пайда болу, қалыптасу заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған, психологияның жеке ғылымға айналуына, оның табиғи біліммен бірлесуі себеп болды. Бұған психологияға эксперименттік әдістің (Г.Фехнер) енгізілуін де жатқызуға болады. Психологиялық ілімдердің табиғи-ғылыми теориясын рефлекторлық құрайды (И.М. Сеченов, И.П. Павлов, сондай-ақ ірі физиологтардың еңбектері: А.А. Ухтомский, Л.А. Орбели, П.К. Анохин, Н.И. Красногорский, К.М. Быков, НА. Бернштейн, И.С.Бериташвили). Қазіргі кезеңдегі психологияның негізгі мәселелерін өңдеуге Ч. Дарвиннің эволюциялық идеялары үлкен ықпал етті. Психологияның қай саласы болсада күнделікті өмірімізге қызмет етеді. Оларды тудырған қоғамның нақтылы талап-тілектері, өмірде болып жатқан ғылыми-техникалық прогрестің әсері.
Еңбек психологиясы - бұл тұлғаның белгілі мамандыққа сәйкес кәсіптік маңызды қасиеттерін, мамандық таңдап, еңбек әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру, оның өнімін арттыруын, қызмет орнын, құрал-сайман аспаптарды нәтижелі еңбек етуге қолайлы етіп дайындау, шаршау, зорығу, демалу мәселелерінің психологиялық жақтарымен шұғылданады.
Инженерлік психология - еңбек психологиясы бөлімдерінің бірі. Ол адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын мәселелерді зерттейді. Адам-машина саласындегі әрекеттерді тиімді етіп ұйымдастыру, ақпараттарда сақтау, өңдеу оны жобалау үлкен орын алады.
Арнайы психология - адамның психикалық қызметінің әр түрлі формаларын, ми зақымы ауруымен, ақыл-есі кіресілі-шығасылы немесе психика дүниесінде жетімсіздіктері бар, жан - қуаттары бұзыла бастаған, психологиялық функцияларына зақым келген адамдардың ерекшеліктерін зерттейді.
Психологияны бұл саласында бірнеше бағыт: олигофренопсихология - мидың туа біткен ақауы бар адамның психологиясының дамуын, сурдопсихология - саңырау немесе естуі нашар, керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология - соқыр немесе нашар көретін адамдар психологиясын зерттейді.
Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін, қылмыскерлер, айыптаушылар, куәләр психологиясын зертеумен айналысады. Мұнда түрлі қылмыстарды ашуға, олардың қандай жағдайларда пайда болғанын, оның не себептен жасалғанын зерттеп отырады. Бұл саласылар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын бөлімдерден тұрады. Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар, тергеу ісін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайлардың психологиялық жақтарын қарастырады. Қылмыс психологиясы кылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы еңбекпен түзеу коллонияларының тәрбиелік әсерінің тиімділігін зерттеу жолдарын қарастырады.
Педагогикалық психология - оқу-тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, яғни оқушының оқу әрекетін миына қалайша тоқитындығын, адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау саласын, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстазбен - шәкірт арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді:
а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді;
ә)тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады.
Медициналық психология - дәрігер мен аурулардың арасындағы қарым-қатынас, түрлі аурулардың психологиясын емдеу жолдарын және дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Әскери психологиясы - адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі, әскери дәрежесі жоғарыларға сөзсіз бағыну жағдайындағы психологиясымен, әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру және т.б. мәселелерді зерттейді. Спорт психологиясы - спортшыларды баулу мен тәрбиелеудің негіздерін зерттеп, олардың іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін зерттейді.
Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық даму заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процестердің (естің, ойлаудың, қиялдың, сезімнің) ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін зерттеп талдайды. Даму психологиясында балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және қарттық психология салалары бар.
Ғарыш психологиясы - психологияның ең жас және жаңа саласы, ол адамдардың ғарышқа ұшуына байланысты пайда болды. Ол ғарышкерлаедің еріктік және моральдық даярлығы мәселелері білім беру мен жаттықтыру тәсілдерін зерттеумен шұғылданады.
Өнер психологиясы - қызметтің өнер туындыларын жасауға бағытталған психологиялық компоненттерін қарастырады.Өнер психологиясының маңызды міндеті - эстетикалық тәрбиемен музыкалық көркемдік және әдебиетке қабілеттердің дамуына байланысты мәселелерді зерттейді.
Әлеуметтік психология- әр түрлі әлеуметтік қауымдардың топтардың ұжымдардың психикалық көріністерін (олардың көңіл - күйін, қоғамдық пікірін, еліктеуін т.б.) топтар мен ұжымдағы адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерімен айналысады. Мұнда әр бір этностардың қарым- қатынасын, дін психологиясының өзекті мәселелерін де зерттейді.
Басқару психологиясы - басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талап-тілектерін ескеру, басшының тұлғалық сапасы мен басқару стильдерін дұрыс
Психология ғылымының тарихына шолу. Бұл ғылым жөнінде көптеген өздерінің ойларын айтып кеткен ежелгі грек философтары Демокрит, Аристотель, Платон, және т.б болатын. Олар психология деген ұғымды жан деп қарастырды. Жан деген ұғымды олар екі тармаққа бөліп қарастырды. Біріншісі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz