Радио және телевидениедегі шығармашылық мамандықтар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

А. Букетова атындағы Қарағанды университеті

Филология факультеті

Журналистика кафедрасы

Баяндама

Тақырыбы: Радио және телевидениедегі

шығармашылық мамандықтар.

Орындаған: ҚЖ-13 тобының студенті

Узиаман А. М

Тексерген: Әбікеева Н. М

Мәлімет « Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу» кітабынан алынды.

Авторы: Роберт Хиллиард

Жоспар:

1. Жаңалықтар

2. Ақпарат дереккөздері

3. Стиль

4. Радио: аудио материалдар

5. Телевизия: виртуал материалдар

Жаңалықтар

Адамды қызықтыратын не оларға ықпал ететін кез келген оқиға жаңалық санатына жатады. Ағаш басына өрмелеген мысықтан бастап соғыс өртінің тұтануына дейінгінің барлығы масс медианың аудиторияға жеткізуге тұрарлықтай бағалы мәліметі саналуы мүмкін. Тілші жариялауға тұрарлық ақпаратты анықтауға және нені жариялап, нені хабарлауды іріктеуге жауапкершілік алады. Автор болса, бұл ақпаратты қабылдап және мұны хабар тарату формасына салуға жауапты. Мұндағы хабар тарату формасына бұқара халыққа оңтайлы кез келген медиа және электронды медиа кіреді.

Арнадағы немесе үлкен станциялардағы репортерлердің жазбаларын тележүргізушілерге ыңғайластырып жазып беретін, штаттағы жанрлық жазумен айналысатын сценарий авторларын қоспағанда, репортер мен сценаристің рөлін әдетте бір адам атқарады. Репортер таспадағы дыбысқа (SOT) алдын ала түсірілген немесе қашықтықтан түсірілген тікелей эфир немесе студиядағы тікелей эфир арқылы, немесе компьютерленген аудиоклипке жасалған бағдарламаға сегменттер ұсынады және сценарийді өзі жазады. Кейбір кездері репортердің жазба сценарий әзірлеуге уақыты тапшы, мұндайда импровизацияның көмегіне жүгіну қажет.

Ноутбук немесе өзге микротехниканы пайдалану арқылы жаңалық тарату - жас және жаңадан кірісіп келе жатқан журналистер үшін бүінде ескерген тәсіл. Бұл жабдықтар егде жастағы журналистер үшін таптырмас құралға айналды. Репортажды ноутбукке енгізбес бұрын, оларды телефон не факс арқылы жіберу қажет. Ұялы телефондар пайда болғанға дейін репортаждың редакцияға жету жолы қиын болатын, тілші оларды жіберу үшін желілік телефон іздеуге мәжбүр еді. Ноутбук жазба оқиғаларды жариялаудың жолын түбегейлі өзгертті. Wi-Fi желісі дами түскен соң, репортерлер жұмыстарын оқиға орнынан лезде жіберу, тіпті оқиға аяқталысымен-ақ хабарлау мүмкіндігіне ие болды. Бұған қоса, мақала басылып не сюжет монтаждалып жатқанда өңін айналдырып, түзете беретін. Бүгінгінің журналисі мен кезінде тікелей эфирдегі сайыстарда баспасөз қорабында қолмен басқарылатын жазу машинкасын тарсылдатып отыратын спорт тілшісінің арасы жер мен көктей. Ілгеріде репортер ойынды бастан-аяқ сипаттап, лидті ойын біткен соң жазатын. Сонымен қатар редакцияға немесе станцияның студиясына барар жолда жұмысын уақытында аяқтау үшін өзгерістер мен түзетулерді қаламмен енгізетін. Бұл кітапта журналистің жаңа медиақұрылғыларға қатынасы жиі сипатталады. Бұл мәліметтерді есепке ала жүріңіз.

Ұялы телефондар, смартфондар және iPhone секілді ықшамды құрылғылардың дамуы және өсуіне, әрі киберкеңістік байланыстардың кеңінен таралуына орай, дербес журналистиканың жаңа формасы пайда болды. Блог, туит жазу және You Tube секілді сайт көмегімен әлемнің әр бұрышындағы кез келген адам миллиондаған оқиғаларды бір демде жібере алады. Көп мемлекетте үкімет тыйым салады немесе цензура бар жерде журналистердің жаңалықтары діптеген жеріне жетпей, жарыққа щықпай қалады. Мәселен, Иран шетелдік тілшілерге және бұрмаланған президенттік сайлауға қарсы шыққан наразылық білдірушілерге үкіметтің қолданған қатаң шаралары туралы қандай да бір хабар таратуға тыйым салды. Жекеленген туитшілер мен телефон пайдаланушылар бұл елдегі жаппай қысымның қатігездігін, сонымен қоса ел тұрғындарының наразылығын жариялады. Дегенмен жаңа технологиялар кәсіби журналист әзірлейтін репортаждың орын еш баса алмайды, олар тілші жете алмай жатқан мекеннен ақпарат алуға жағдай жасайды. Кәсіби репортаж дайындауға тыйым салынған жерден ақпарат алу үшін әлеуметтік желілер пайдаланылады. Сонымен қатар кәсіби журналистер өз репортажын жедел жеткізу үшін дәстүрлі жолдан гөрі Twitter-ге жүгінеді, телефонмен мәтіндік хабар жібереді, iPhone-ның визуалды эффектілеріне ден қояды. Әлемнің әр қиырында журналистердің өлімі мен қамауға алынуын ескерсек, аталмыш құрылғылар журналист қауіп-қатерге ұшыраған жағдайда, оның қайда екенін анықтауға көмектеседі, осылайша қауіпсіздікті арттыра түседі.

Ақпарат дереккөздері

Жаңалықтардың негізгі дереккөзі - тілші-қаламгер. Тілші дегенің - мәлімет теретін ақпарат жинаушы ( news-gatherer ) адам, бірақ сол ақпаратты ұқсатып жазбайды не эфирге алып шықпайды. Ал қаламгер (сценарий авторы) - ақпаратты алып іске кірісетін, сосын эфир жүргізушілеріне бейімдеп қайта жазып шығатын адам. Кейде эфирдегі дикторлар, соның ішінде шағын радиостанциялар мен интернет сайттардың эфиріндегі журналистер репортажды өздері әзірлеп, тіпті мәтіндеріне дейін жазады. Кейбір кездері жергілікті медиа полиция бөлімшесіне хабарласқан азаматтан, бақылаушы тұрғыннан, қылмыс немесе өрттің болғанын хабарлайтын полиция мен өрт басқармасынан, баспасөз агенттіктері PR-агенттерден, кәсіпорындар мен ұймдардың промоушнынан не жарнама кеңселері секілді дереккөздерден ақпарат алады. Қызықты саналатын оқиға, ақы төлеуге тұратын кез келген ақпарат дереккөз есебінде жарай береді. Тілші араласпаған мұндай дереккөздерден сценарий алғанда, материалдың дұрыс-бұыстығын және дереккөздің нақтылығын бағалауда өте абай болған жөн.

Әрине, егер материал радиодан, телеарнадан немесе жаңалықтар бөлімінде қызмет ететін репортерден келіп түссе, онда әріптесіңіздің материал жинастыруда жан-жақты және ұқыпты екенін біліп тұрасыз. Егер жинақталған материал сценарий қалыбына түсірілмесе (визуалды және аудио мәліметтерімен бірге), қанағаттанарлық сюжет ұсыну үшін жеткіліксіз болса, материалдың объективтілігі мен шынайылығына қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз болса, сіз немесе басқа автор қосымша зерттеу, тексеріс жүргізіп, қосалқы жазба қосуы мүмкін.

Қосымша ақпаратты қоңырау шалу, интернеттен іздеу не болмаса жаңалық жинастыру орнынан өз бетіңізбен (уақытыңыз жеткілікті болса) ала аласыз.

Аудиторияның «кім, не, қашан, қайда, қалай және неліктен» деген бес сұрағына жауап ұсынылуға тиіс, сапалы ақпарат материалдары қамтылған оқиғалар легін «толық репортаж» деп атауға болады. Мысалы, сіз қандай оқиға екенін, қашан, қайда және кіммен болғанын білесіз делік, алайда оқиғаның неліктен орын алғанын әлі білмейсіз және мұны анықтай түсуіңіз керек. Ақпарат шеңберіне сыймайтын оқиғаның салдары бар деп тапсаңыз, сол оқиғаның анық-қанығын зерттеп шыққаныңыз абзал. Сонымен қатар оның алдындағы оқиғада қамтылған бес сұрақтың ішінен орындысын қоссаңыз тіпті жақсы. Болашақта ағымдағы жаңалық үшін маңызы бар қандай да бір материалды тауып алсаңыз, оны да қосу артық болмайды.

Материалдың өзге дереккөзі ретінде өзіңіз еңбек ететін ұйымның меншігіндегі репортаждардың күллі мұрағатын айтуға болады. Бұл мұрағат тақырып пен тұлға бойынша бөлек-бөлек жиналған газет тігіндісі іспетті. Электронды мұрағатта қайтадан пайдалануға болатын аудио немесе видеоматериал болады. Оқиғаның мән-мағынасына қатысы бар дәнеңе де жоқ болса, видео немесе аудиожазбалар қоры кәдеге жарап қалады. Қордағы кез келген материалдың ескі немесе қазіргі сәтке орайласпайтынын естен шығармаңыз; аудиторияны жаңылыстырмаңыз.

Көптеген радиостанция, тіпті кейбір телестанция жергілікті газеттердегі мақала қиындыларын жаңалық ретінде ұсынды. Жаңалықтарды баспасөз мақаласынан алып, оларды эфирге бейімдеп бергіңіз келсе, эфир арқылы және дәстүрлі медиада таратылатын жаңалықтардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар екенін жадыңызда сақтаңыз. Эфир арқылы таралатын жаңалықтардың жазу стильдері мен тәсілдері осы тарауда талқыланады.

Қолыңызда жаңалық жазушы журналистерге жиі көмектесетін кітаптар, атап айтсақ, энциклопедия, әлемдік атлас және тарихи кітаптар, соның ішінде өз аймағыңызға, мемлекетіңізге және елді мекеніңізге қатысы бар кітаптар болсын. Қаланың бәрінде сол шаһардағы басқармалар мен офистер туралы ақпарат қамтылған анықтамалық кітапшалар болады. Көп қаладағы әлеуметтік қызмет агенттіктері күллі әлеуметтік кеңселер мен атқаратын қызметтері туралы анықтамалық мәлімет, соның ішінде демографика қамтылған анықтамалық немесе монография әзірлеп шығару, көп мемлекетке тән дүние. Әдетте қалалық сауда палатасы бизнестегі ұйымдар, компаниялар және олардың қызметтері туралы, сонымен қоса сатылымдары, кірісі мен жарнамаға жұмсалған шығындары туралы қаржылық мәліметтер қамтылатын анықтамалық жариялайды. Көбінесе бір тақырып төңірегіндегі мәліметті интернет кеңістігінен іздеу арқылы уақыт пен күш-жігеріңізді үнемдей аласыз. Дегенмен Wikipedia секілді киберкеңістіктен табылатын ақпараттың көбісі шындыққа жанаспауы әбден мүмкін екені ойыңызда болсын.

Ақпарат агенттіктерінің біршамасы радио және телевизияға өз қызметтерін ұсынады. Олардың қатарына Associated Press (AP), Reuters, British Broadcasting Corporation (BBC), Worldwide Television News (WTN) және News Network (CNN) агенттіктерін жатқызуға болады. Бұдан да үлкен желілердің өз алдында жеке жаңалық қосындары бар. Бірқатар ұйым телевизияға арнайы жаңалықтарға жарамды материалдарды, әсіресе көрнекті материалдарды ұсынып отырады. Телевизия мен радиостанциялардың барлығы дерлік кемі бір ақпарат агенттігімен қоян-қолтық араласады. MS және MS NBC - жеке-дара екі интернет дереккөзі.

Шағын станциялардың өз алдына жаңалық қосыны жоқ, сол себепті қолда бар қызметкер жаңалықтар әзірлеумен айналысады. Әдетте бұл міндет бұрындары жаңалық әзірлеудің басы-қасында жүрген, бірақ қазір радиода өзге қызметті атқарып жүрген адамға жүктеледі. Ал егер сол станцияда дыбыс режиссерлеріне арналған департамент болса, кеңседе отыратын қаламгер немесе сценарий авторлары жергілікті жаңалықтардың репортажын әзірлеумен айналысады. Радиодағы эфир жүргізетін журналистерден, яғни дижей немесе басты диктордан жаңалықтар дайындап, оны эфирде ұсынуын сұрауы мүмкін. Әдетте қаламгер жаңалықты бір немесе екі минуттық үзіліс аралығында дайындап үлгеруі қажет. Кей жағдайда мұны радиодағы қаламгер жазып береді, ал басқа жағдайда эфирді тізгіндеп отырған адам жаңалықтар бөлімінің соңғы көшірмесін сәл түзеп не болмаса еш өңдеусіз оқып бере салады.

Қорыта айтқанда, ең лайықты жаңалықтар дереккөзі - қаламгердің/тілшінің өзі. Мүмкіндігінше қаламгер/тілші оқиғаны тікелей зерттеп шығуға тиіс. Тіпті репортаж тікелей эфирден берілмесе де, мұнда тікелей эфирде хабар тарататын қаламгер/тілшінің шапшаңдығы байқалуы керек. Дегенмен көбінесе тілші оқиға біткен соң келеді, мұнайда алдын ала жоспарланбаған оқиға болады не болмаса күтпеген оқиға орын алған кезде, тілші жағымды жайтқа қатысы бар жерде жүреді. Мұндай жағдай жаңалықтарды тікелей эфирде тарату ісін дамытуға түрткі болады. 1937 жылы Чикагодағы WLS радиостанциясының тілшісі Херб Моррисон Нью-Жерси штатындағы Лейкхерст базасында немістер ойлап тапқан Гиденбург дирижаблін қондыру кезінде жаңа дискілерді түсіріп алу үшін жаңа машинаны тестлеуден өткізген болатын. Ол уақытта қазіргі қолданыстағы портативті магнитофон жоқ болатын. Әлгі Гиденбург күтпеген жерден отқа оранды. Сол уақытта Маррисонның еңіреп айтқан, бүгінде күллі әлемге кеңінен тарап кеткен «Бұл - әлемдегі ең алапат апаттардың бірі. О, адамзат . . . » сөйлемі диск жазбасынан алынып, келесі күні үш бірдей арнадан таратылды. Осылайша түсірілімдер арқылы оқиға орнынан тікелей эфирде жаңалықтар таратудың бәсекесін күшейтті.

Репортер оқиға орнына келе алмаған жағдайда, куәгер болған адамдардан ақпарат жинап, кез келген ұзақтықта видео, режиссерге оңтайлы пландар түсіріп, сонымен қатар оқиғаға қатысты бар кез келген адамнан мән-жайды біліп алғаны дұрыс. Кейбір кездері, мысалы, радиодан өрт, бомбалау, фестивальға қатысты жаңалықтар трансляциясын сапалы қалыпта ұсыну үшін артқы фонда оқиға ошағынан жазылған шулы дыбыстарды қосқан жөн.

Репортажды толық, мұқият және қыхықты ететін басқа дереккөз ретінде дыбыстық, визуалды және баспа түріндегі дайын материалдар да жарай береді.

Стиль

Жаңалық қаламгері немесе тілшінің басты міндеті - ақпаратты жеткізу. Жаңалық ұсынудағы негізгі қағидалардың радио, телевизия, интернетпен қатар баспасөз медиасына да қатысы бар. Дегенмен әрқайсысына тән алшақтық бар. Мысалы, дәстүрлі бес сұрақтың (кім, не, қашан, қайда, сонымен қатар мүмкін болса, неліктен) жауабы газет мақаласынан ылғи да басыда немесе лид ішінде кірістіріледі. Біршама жаңалық әзірлеушілер дәл осы тәсілді телевизия немесе радио репортжына қолдану керектігін алға тартады. Өзгелері шектен тыс көп ақпаратты лидқа тықпалай берудің қажеті жоқ екенін ескертеді, себебі қысқа уақыт ішіндегі ақпараттың тым көптігін аудиторияны жаңалыстырып жіберуі мүмкін. Дей тұрғанмен, газет журналисіне қарағанда, телевизия не радиода жаңалық әзірлуші шектеулі хабарға мүмкіндігінше мол мәлімет қоса білгені жөн. Мұндағы басты фокус - ақпаратты сығымдау.

Телевизия және радио журналисі Филлис Хейнс қаламгер-тілшілерге арнап келесідегідей бірнеше тәсіл ұсынды:

Эмеральд аралынан атақты жазушы Жеймс Жойс мағынасы терең сөздерді лек-легімен жазатын. Ұлы жазушылар, ақындар және мистикаға ден қоюшы авторлардың дәстүрлері оқырманға ұзақ та бұралаң жолды саяхатқа аттануға жағдай туғызады. Алайда телевизия және радио журналисінің аудитория алдындағы жауапкершілігі бір бөлек.

Ол тыңдарман мен көрерменге орын алған оқиғадан хабар беретін күрделі сюжетті санаулы секундтар ішінде түсіндіріп үлгеруі қажет. Мұнда сананы сандырақтататын сын есімдерден құралған жеңіл-желпі сөйлемдерге жол берілмеуге тиіс. Телевизия және радио журналисі сюжеттің мәнін бірден ашуға тиіс және аудитория оны алғашқы кадрдан-ақ түсінетіндей әзірлеуі керек. Дегенмен шектеулі дүниеден де керемет өнер туатыны бар. Білікті эфир журналисі - алғашқы әсерді сыйлайтын шебер. «Аз болса да саз болсын» дейтін ескі мәтел трансляция жазбасына қатысты айтылғандай. Тас қашайтын мүсінші мен жаңалық әзірлеушінің жұмыстарында бірдей ұқсас мәселе бар деп айтуға болады. Мүсіншіге қиялындағы кескінді мүсіндеп шығару үшін қатты тасты уату қажет. Сондай-ақ ол мүсіннің несі артық екенін анықтай білуі қажет, дегенмен мүсіннің артық келбетін қате қашап шығармау үшін шектен тыс уатылған тастарды алып тастамайды. Сол секілді, теле-радио журналисі де артық ақпаратты іріктей білуге тиіс. Сонымен қатар оған ойындағы оқиғаны өрбіте білетін сөйлемдер мен комментарийлерді ғана таңдай білген жөн. Журналист те мүсінші секілді нені алып, нені қосу керектігін айқындап алсын. Шамадан тыс материалды алып тастау қауіптірек, себебі мұндайда аудитория шатасып, не болмаса енжарлық танытуы әбден мүмкін. Дегенмен мүсіншіге қарағанда, теле-радио журналисі уақытқа қатысты қосымша мәселеге тап болады. Трансляция бекітілген дедлайн бойынша эфирден берілуі қажет. Әдетте журналист еншісінде азғантай уақыт қалады, кейде репортажды аяқтауға тіпті уақыты жетпей жатады. Бұл кәсіпте уақыт ешбір қателікті кешірмейді.

Кешегі күннің жаңалықтары шұғыл түрде тамаша репортажға айналуы мүмкін. Репортаждың қаншалықты керемет дайындалып, әбден зерттелгеніне қарамастан, егер ол ескеріп қалған болса, мұны жарамсыз дей беріңіз. Теле-радио журналисі шектеулі уақыт ішінде мәтін жазады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұрынғы қазақ теледидары қазіргі бірегей телеарна қай деңгейде
Қазақ дикторлық өнерінің бүгінгі аяқ алысы
Тележурналистика жүйесіндегі сұхбат жанры
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РОЛІ
Журналистика - маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі
Журналистикадағы сұхбаттың орны
АҚШ журналистикасы
Сұхбат түрлері
Журналист этикасы туралы
Жарнама агенттіктері және олардың атқаратын қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz