Антропология тарихы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы: Антропология тарихы

Антропология тарихы

Тақырыпты оқудың мақсаты - мәдени антропологияның қалыптасу кезеңдері мен негізгі мектептерін оқырмандарға таныстыру.

Антропология тарихының әртүрлі анықтамасы

А. Оқиғалар немесе жаңа идеялар тізбегі (мысалы, Стокинг; Куклик) .

Ә. Кезеңдер жалғастығы, даму сатылары немесе Кун парадигмалары. Ондағы әр саты өз ішінен қарастырылса, жақсы зерттеледі (мысалы, Хэммонд-Тук және Стокинг кітабы) .

Б. Уақытқа байланысты өзгеріп отыратын және динамикалы түрде зерттелуі тиіс идеялар жүйесі (мысалы, Купер және Харис пен Мэйлфиджттің еңбектері)

В. Параллельді ұлттық салт-дәстүрлердің жиынтығы (мысалы, Лоуи және Хэммонд-Туктің еңбегі) .

Г. Сұрақтың маңызының болмауына байланысты басқа сұраққа ауысу процесі (жанама түрде Купердің еңбегін айтуға болады) .

Антропология теориясын түсіну пән тарихын қалай түсінетініңізге тікелей байланысты. Мәселен, антропология оқиғалар тізбегінен тұратын кезеңдермен дами ма әлде жаңа идеялар тізбегі арқылы дами ма? Ол ұзақ кезеңдер жалғастығынан тұра ма, әлде ұзақ кезеңдердің сатылай дамуынан тұра ма? Бәлкім Кун парадигмасынан тұратын шығар? Антропология құрылымдық өзгерістерді бастан кешіп жатыр ма? Ол әлде түрлі ұлттық дәстүрлердің бір-біріне ұқсайтын және бір-бірінен өзгешеленетін әсерлер тізбегі арқылы дами ма немесе пән тарихын «тақырып ауыстыру» деп қарауға бола ма? Рой Д’Андрадэ «тақырып ауыстыруға» қатысты: «Ең мықты зерттеушілердің өзі зерттеу төңірегіндегі мәселелерден ешқандай жаңалық немесе ерекше қызық таба алмайтын кезеңге жетеді. Бұл ескі сұрақтың жауабы табылғанын немесе тепе-теңдікке қол жеткізуде тым көп ауытқулардың шоғырланғанын білдірмейді. Керісінше, бұндай жағдай көптеген ғалымның зерттеліп отырған құбылыстың аса күрделі екенін түсінген кезінде болады. Жаңалық ашу барған сайын қиындауда және ашылған жаңалықтардың маңызы төмендеп бара жатыр. Мұндай жағдай зерттеушілердің басқа мәселелермен айналысып кетуіне әкеледі. Олар маңызды жаңалық ашуға мүмкіндік бар жаңа бір салаға ауысып кетеді» деп түсіндіреді.

«А» тұрғысындағы оқиғаны басты назарда ұстау - ең объективті көзқарас. Бірақ ол идеялар арасындағы байланыстың сабақтастығын қамти алмайды. «Ә» сияқты парадигмалардың ішкі жұмысына мән беру - ғылымға тән, бірақ ол «Б-ға» тән динамикалық көзқарасты немесе «В-дағы» салыстырмалы көзқарасты білдіре алмайды. Белгілі бір деңгейде «Г» «Ә-ге» қарама- қарсы, өйткені онда антропологтар ескі сұрақтарды жаңа тұрғыдан қарастырмай, елеусіз тастап кетеді деген пікір алға тартылады. «Б» өзіне тартып еліктіреді, бірақ антропологияның тарихымен, түрлі пішінімен және күрделілігімен байланысты қараған кезде оны бір жүйе ретінде қабылдау өте қиын болады. Кей жағдайда «А» және «Ә» - тарихшылардың көзқарасы, «Б», «В» және «Г» практикадағы антропологтардың көзқарасын білдіреді. Автордың зерттеулері «В» мен «Г-ға» жақын. Оның біріншісі антропологияның ең консервативті түрінде болса, екіншісі оның анархиялық түрін байқатады.

«Идеялар тарихы» тұрғысынан қарағанда, ежелгі грек философтары мен саяхатшыларының жазбалары, орта ғасырдағы араб тарихшыларының, орта ғасыр және қайта өрлеу дәуіріндегі еуропа саяхатшыларының және кейінгі Еуропа философтарының, заңгерлерінің және түрлі сала зерттеушілері жазбаларының қай-қайсысы да тақырыптың толыққанды бастамасы бола алады. Автордың таңдауы - «қоғамдық ұйымдасу» төңірегінде, соған сай осы тақырыптан туындайтын адам табиғаты, қоғамдық және мәдени өзгешеліктер мәселелері жайында болады. Ол осы ұғымдарды бастама ретінде алады.

Тақырыпқа қатыссыз тағы бір бастапқы нүкте - адамға Құдай мен жануарлар арасындағы бір түр ретінде сипаттама беретін болмыстың ұлы тізбегі идеясы. Бұл идеяны белгілі бір дәрежеде эволюция теориясының бастамасы деуге болады. Сондықтан бұл дәрісте идеяны біз осы тұрғыдан қарастырып өтеміз. XVIII ғасырдағы тілдің шығу тегіне қатысты сұрақтар, адамдар мен қазір жоғарғы сатыдағы приматтар деп аталатындармен байланысты екені бізге маңызды.

Сол секілді XIX ғасырдың бас кезіндегі полигинистер және моногенезистер арасындағы пікірталас та біздің назарымыздан тыс қалған жоқ. Бұл идеялар тек қана тарихтың «фактілері» болғандықтан ғана емес, сонымен бірге олар қазіргі антропологиялық дүниетанымдардың бір құраушы бөлшегі болғандықтан да маңызды.

Табиғат заңдары және қоғамдық келісім

Батыста қайта өрлеу дәуірінің соңында және одан кейінгі ағартушылық дәуір кезінде адамның табиғи жағдайдағы өміріне деген үлкен қызығушылық пайда болды. Алайда бұл қызығушылық әлем мәдениеттерінің сан алуандығын көрсететін біліммен қатар дамымады. Шындығында бұл қызығушылықтың негізінде белінде көзі бар немесе басында аяғы бар құбыжықтар деген секілді адам мен жануардың арасындағы жаратылыстарға деген сенімдер жатты. Антропология пайда болу үшін осындай қиял-ғажайып әңгімелердің «ысырылып» тасталуы қажет болды, яғни сол кезде қажет болған, ойдан шығарылған этнографиялық «фак- тілерді» дәлелді теорияға сай фактілермен ауыстыру еді.

XVII ғасыр

Ең алғаш «фактілердің» артында жатқан шындыққа көз жеткізуге тырысқандар XVII- XVIII ғасырдағы заңгерлер мен философтар болатын. Олар жеке тұлға мен қоғамның қарым- қатынасы, қоғамдар мен олардың билеушілерінің қатынасы, адамдар мен ұлттардың қатынасы деген абстрактілі сұрақтармен айналысты. Айта кетер жайт, ол уақыт аумалы-төкпелі кезең еді, сондықтан да сол заман көріністері олардың адам табиғаты туралы идеяларында байқалып отырды. Кейінірек антропологияға бастама болған саясат, дін және философиялық дискурстар өзара тығыз байланыста болды. Гуго Гроцийдан бастайық.

Гроций Лейденде білім алған. Гаагада заң саласында қызмет істеген. Содан кейін Біріккен провинцияда болған ауыр саяси келіспеушіліктен соң, түрмеге қамалып, одан қашып шығып, Парижде бас сауғалайды. Ол осында өзінің атақты «Соғыс пен бейбітшілік құқығы» туралы кітабына негіз болған идеяларын жетілдіреді. Гроций әлем ұлттары Табиғат заңдарымен реттеліп отыратын ұлтаралық қоғамның құрама бөлшегі деп сенді. Оған дейінгі зерттеушілер адам қоғамының негізін теологиялық бастамалардан іздесе, ол қоғамның негізін адам баласының әлеуметтік табиғатынан тапты. Оның айтуынша, жеке тұлғалардың қоғамдағы мінез-құлығын басқаратын табиғи заңдар қоғамдағы бейбітшілік пен соғыстың қатынасын да басқаруы керек болатын. Оның жұмысы халықаралық заңның негізін қалаушы еңбек болып есептеледі. Белгілі бір деңгейде осы еңбек адам қоғамының табиғаты жайлы нағыз үлкен антропологиялық спекуляцияны жоюға негіз болды.

Германия мен Швецияда жұмыс істеген Сэмуэль Пуфэндорф осы мәселені әрі қарай дамыта түсті. Бір ғажабы, оның еңбектері қазіргі антропологияда онша танымал емес, бірақ ол 1980 - 1990 жылдардағы адам «әлеуметтілігіне» қатысты ұзақ пікірталастарға себеп болды. «Әлеуметтілік» - соңғы уақытта қалыптасқан антропологиялық ұғым. Ол ағылшын тіліндегі - «қоғамдаса алу қабілеттілігі» деген сөздің емес, Пуфендорфтың латынша «социалитас» сөзінің сөзбе-сөз аудармасы.

Шындығында, Пуфендорф «сошабилис», «әлеуметті» деген сын есімді де қолданады. Ол адамдар өздігінен қоғамдық жаратылыс иесі болғандықтан, қоғам мен адам табиғаты белгілі бір деңгейде бір-бірінен бөлек қарастырылуы мүмкін емес деп айтатын. Пуфендорф сондай-ақ бір кездері «адам табиғаты қоғамсыз қандай болуы мүмкін еді?» және «адамдар өркениеттің құлдыраған кезінде не істеді?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрді. Оның тұжырымы таңғаларлықтай еді. Пуфендорфтың «Онда» дейтін концептісінде адамдар бей- берекет үйлерде тұратын, ал «Мұнда» концептісінде олар мемлекеттік заң аясында ұйымдасқан еді. «Онда» құмарлық билік етеді, «Онда» соғыс, қорқыныш, кедейлік, ашу-ыза, жалғыздық, жабайылық, қараңғылық, құлдық бар; «Мұнда» ақылдың билігі, бейбітшілік, қауіпсіздік, байлық, жомарттық, қоғам, жақсы талғам, білім, қайырымдылық бар». Дәл осы кезде саяси дүрбелең болып жатқан Англияда Томас Гоббс та осы сынды сұрақтар төңірегінде жазып жүрген. Ол адамдардың қоғам құра алатын табиғи қабілетін емес, адамның өз мүдделерін қорғауға деген табиғи талпынысын басты назарға алды. Оның ойынша, «бұл талпыныс басқарылып отырылуы тиіс және ақылы бар адам бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу үшін билікті мойындау керек екенін түсінуі қажет», яғни қоғам бірауызды ортақ келісім нәтижесінде құрылады. Томас Гоббс осы идеясын таратқан кез өте тұрақсыз кезең еді де, оның идеясы қоғамның ықпалды тобы тарапынан оң бағалана қойған жоқ: дін қызметіндегілер, заң саласы ғалымдары және билікпен байланысы барлардың бәрі оның күрделі дәлелдеріне қарсы пікір айтумен болды. Дегенмен Гоббстың адам табиғатына қатысты пессимистік көзқарасы басқа ойшылдарға қоғамның пайда болуын рационалды немесе эмпирикалық тұрғыдан талдауға серпіліс берді. Оның көзқарасы осы күнге дейін антропологиялық орталарда, әсіресе аңшылықпен және азық жинап күн көрушілердің өмір салтын зерттеушілер арасында пікірталас тудырады. Джон Локтың адам табиғаты туралы көзқарасы әлдеқайда оптимистік тұрғыда еді. Ол жұмысын Англиядағы конституциялық монархияның қалыптасып жатқан кезінде жариялағандықтан, үкіметтің билігі қажетінше шектеулі деп жазды: әлеуметтік келісімге бойсұну толығымен бағынуды білдірмейді. Оның пікірінше, «табиғи үкімет» бейбітшілік пен тыныштықтың үкіметі болған, ал әлеуметтік келісім ымырасыздықты тудыру үшін қажет. Адамның пендешілігі ұрлық жасауға итермелеуі мүмкін болғандықтан, табиғи мемлекетте соған байланысты ауыр жаза қолдану пайда болды. Бұл өз кезегінде қоғамның дамуына, жекеменшіктің қорғалуына және табиғи мемлекеттегі адамдардың бостандық қызығын көруіне жағдай тудырды.

XVIII ғасыр

Локктың либералды көзқарасы келесі ғасырдағы көптеген ғалымдарға шабыт берді. Олардың ішінде Жан-Жак Руссо да болды. Бірақ бір қызығы, ол өзінің «Әлеуметтік келісім» еңбегінде Локтың атын бір рет те атамайды. Керісінше, Руссо еңбегін Гроцийдің адам билігі билеушілердің мүддесі үшін жаратылған деген теориясына шабуыл жасап, соны теріске шығарудан бастайды. Руссо: «Бұл көзқараста, яғни егер біз Гроциймен келісетін болсақ, адамдар көптеген жануарлар тобырына бөлінген болып шығады және олардың әрқайсысын билеушілері бір күні соғысқа жіберу үшін бағып отыр», - деп жазды. Оның ойынша, үкімет пен әлеуметтік келісім түсінігі басқаша болды.

Үкіметті бай адамдар өздерінің жиған байлығын қорғау мақсатында құрған. Ал әлеуметтік келісім, керісінше, демократиялық келісімге негізделген.

Ол адамдардың бәріне тиімді, бірлесе өмір сүру жолдары қалыптасқан және оны сақтау келісілген мінсіз қоғамды сипаттайды. Әлеуметтік келісім теориясы қисынды түрде «табиғи үкімет» және «қоғамдық үкімет» деп екіге бөлінеді. Басқаша айтқанда, табиғи үкіметте тұратын адамдардың өздері жасап шыққан жақтаушылар және бірге бірлесе қоғам құруға келіскендер деп екіге бөлуге әкелді. Бірақ қалай болғанда да, бұл ұғымдар болжамды ұғымдар болатын. Гоббс, Локк және Руссоны жақтаушылар мен олардың қарсыластары да «табиғи үкіметті» жай ғана риторикалық құрал немесе заңнамалық фикция ретінде ғана қабылдады. Алғашқы қауымның адамдары шынайы әлеуметтік келісімді жасап шықты деген сенімнің қаншалықты рас екенін бағалау өте қиын болатын.

Бүгінгі антропологтар «табиғи» мен «мәдени» - екеуі де адамгершілік идеясына тән болғандықтан, біреуін екіншісінен бөлек қарастыру мүмкін емес деген пікірді қабылдар еді. Біз бұл көзқарасты заң және заңнамалық жүйелер жайлы түсініктерімізге адамгершіліктік мән үстеу үшін ізденіс жасаған қазіргі зерттеушілердің алғашқыларынан мұралағанбыз.

XVIII ғасырда Еуропадағы адамгершілік ұғымының анықтамасы

Еуропадағы ағартушылық кезеңінде абстрактілі түрде «адамға қандай анықтама беруге болады?»; «адамды жануардан не нәрсе ажыратады?»; «адамның табиғи жағдайы деген не»? деген секілді көптеген маңызды антропологиялық сұрақтар бірінші рет қойылған болатын.

Сұрақтарға жауап беруде өмір сүрудің үш формасына баса назар аударылды:

1. «Жабайы балалар» мен «жабайы қыздар» (жабайы балалар) ;

2. «Оранг Утангтар» (маймылдар) ;

3. «Тағылар» (басқа құрлықтардағы жергілікті тұрғындар) .

Жабайы балалар саны XVIII ғасырда жылдам өсті: «Ганноверлік жабайы бала Питер», Мари-Анжэлик Лэ Блан - «Шампанилік жабайы қыз», шындығында ол Солтүстік Америкада тұтқындықтан қашып шыққан жергілікті тұрғын, Виктор - «Аверондық жабайы бала» тағы басқалар. Бұлар орманнан табылған және кейінірек «өркениетке» үйретілген адамдар еді.

Питер Англияға бірінші Джордждың билігі кезінде әкелінген және өмірінің соңына дейін ганноверлік корольдердің бөлген зейнетақысына өмір сүрген. Ол бірнеше сөзден басқа ешнәрсе айта алмайтын, ешбір тілде сөйлеп үйренбеген. Ле Блан болса, керісінше, алғыр болып шықты, ол тіпті өзінің мемуарын жазады, кітап 1786 жылы жарияланған. Ал Виктордың жағдайы басқаша, ол мылқау болған болуы керек. Нәтижесінде оны оқыту талпыныстары кейін жалпы мылқауларды оқытуға арналған білім жүйесін қалыптастыруға көп ықпал етті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антропология тарихы мен теориясы пәні
Антропологиялық мектептер және оның келешегі
АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Антропология ғылымының қалыптасу тарихы
Салыстырмалы психологияның даму тарихы
Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша антропологиялық зерттеулер
Ауыспалы уақыт концептілері
Мәдениет құрылымы
Алғашқы қоғам тарихының зерттеу пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz