Антропологиядағы эволюционизм
Реферат
Тақырып: Антропологиядағы эволюционизм
Антропологиядағы эволюционизм
Антропологиялық эволюционизмнің бастамасына Жан Батист Ламарктың көзқарастары жататындығын төртінші дәрісімізде атап өткенбіз. Жан Батист Ламарк Зоология философиясында әр буын бұрынғысынан күрделірек жаңа түрлерді туындату арқылы дамиды, бірақ бастапқы түрлер биология қатарындағы кез келген бір буынға келгенде, қайта туып отырады деген. Оның ойынша, ертедегі амебалар дамып, медузаға айналған. Кейін олар балыққа, кесірткелерге, содан кейін сүтқоректілерге айналған. Сонымен бірге соңғы уақытта пайда болған амебалар медузаға және балықтарға айналған, бірақ әлі кесірткеге немесе сүтқоректілерге айналып үлгермеген. Одан берірек пайда болған амебалар медузаға айналады, бірақ әзір балыққа айналмайды.
Ламарк органдардың жетілуі немесе жойылуы олардың қолданылуына я қолданылмауына байланысты деп сенді. Сонымен бірге ол бір адамның бойына тән мінез де оның ұрпақтарына берілуі мүмкін деген ойды ұсынды. Мәселен, егер қыз бала кішкентай кезінде сурет салуды үйренсе, оның осы таланты ұрпағына бала жатырда жатқан кезде беріледі. Шынын айтқанда, Ламаркта эволюция идеясы болды, бірақ ол оның механизмдерін дұрыс түсінбеді.
Чарльз Дарвин Ламарктың идеясын теріске шығарды. Ол: Эволюция біз генетикалық ерекшелік деп атап жүрген ерекшеліктердің берілуі арқылы іске асады, - деді. Кездейсоқ мутация түрлердің көбеюіне алып келеді және қай түрге орта жайлы болса, сол түр жылдамырақ көбейеді. Альфред Рассел Уоллес сияқты Дарвин де эволюциялық механизмді жыныстық селекция деп атады. Тек келесі ұрпағын өрбіте алатын түрлер ғана аман қалып, өздерінің гендерін келесі буынға бере алатын болғандықтан, түрлердің аман қалуына мүмкіндік беретін мутация жиірек болады. Оқшаулану көбірек өзгеріс тудырады және жаңа түрдің пайда болуына әкеледі. Дарвиннің идеялары барынша танымал болған кезде батыс қоғамында кеңінен қолданысқа енді. Батыста ол православты христиандыққа төнген қауіп секілді көрінді. Дегенмен дарвиндік идеялардың әлеуметтік ғылымдарға ықпалы орасан болды. Алайда эволюционистік антропологияның дамуы тек дарвиндік теорияның жетілуімен іске асты деп қарастыру қате болар еді. Антропологиядағы эволюция теориясы
Дарвинге дейін де болған. Дарвин өзінің Антропологиялық адамның шығу тегі еңбегін 1871 жылы Льюис Генри мен Эдуард Бернетт Тайлордың да маңызды жұмысы жарыққа шыққан жылы шығарды. Айта кетерлік жайт, Ламарктың биологияда мойындалмаған теориясы сатылай, біртізбекті немесе әмбебап және мәдени эволюцияны түсіндіруде Дарвиндікіне қарағанда әлдеқайда ойға қонымды. Ламарктың айтуы бойынша, биологиялық ерекшеліктер жатырда жатқанда берілмесе де, жаңадан ойлап шығарылған мәдени ерекшеліктер өте жылдам бір адамнан екінші адамға берілуі мүмкін. Жаңа мәдени ерекшеліктер бұрынғы әлеуметтік қатынастарды өзгерте алатын қасиетке ие. Осы процесс жалғасқан кезде қоғамдар күрделене түседі.
Мэн, Лаббок және Морган
Біртізбекті эволюция идеясын XIX ғасырдың басында моногенезистік теорияшылдар қалыптастырды. Оның ең шарықтаған кезеңі - антропологиялық ойдың орталық идеясына айналған уақыты, XIX ғасырдың соңы болатын. Ең бірінші маңызды пікірталас тудырған мәселе - отбасы мен әлеуметтік келісімді өзара салыстыру болды. Оның нәтижесі антропологиялық пікірталас тақырыбы болған негізгі туыстық теориясына алып келді.
Әлеуметтік келісім теориясы 200 жылдай заңнамалық ойдың негізгі діңгегі ретінде белгілі болды. Кейін, 1861 жылы, шотландтық Генри Мэн бұл идеяға қарсы шықты. Ол бұл теорияны қолдан жасалғаны және кемшілігі бар заңнамалық фикция болғаны үшін сынға алды. Рим заңы жайлы біліміне сүйене отырып, Мэн қоғам отбасынан және отбасылардан тұратын туыс топтардан қалыптасады деді. Антропологиялық қауымдастық тарапынан аса көп қарсылықтың болмауына байланысты отбасы және туыстық идеясы оңай жеңіске жетті. Алайда бұл отбасы мен шежіре жүргізу жүйесі, ол жүйелердің ежелгі промискуитетпен байланысы, жекеменшік идеясы, тотемизм және инцестке тыйым салу туралы қызу пікірталастардың тууына әкелді.
Мэннің кітабынан соң, шамамен он жылдан кейін, Атлант мұхитының екінші шетіндегі, кейде саясаткер деп аталатын екі антрополог пікірлерімен көпшілікке танымал бола бастады. Джон Лаббок Лондон университетінде Парламенттің либерал мүшесі ретінде Қауымдар палатасында қызмет етті. Кейін Эйвбери лорды деңгейіне көтеріледі. Оның мамандығы банкир болатын. Ол Банк демалысын орнықтырған заң жобасымен ел есінде қалған және антропология, археология және жаратылыстану ғылымдары бойынша сәтті еңбектер жазған.
Льюис Генри Морганның еңбек жолы да осыған ұқсас болды. Оның бизнестегі жетістігі саясаттағы жолымен және жаратылыстану ғылымдары бойынша жазған кітаптарымен есе- лене түсті. Ол теміржол магнаты және Жоғарғы Нью-Йорк республикалық штатының сена- торы болды. Оның саяси атағы Лаббоктан төмендеу болғанмен, өзі әлдеқайда ықпалды еді. Өйткені оның басты антропологиялық идеяларын кейін Карл Маркс пен Фридрих Энгельс еңбектерінде басшылыққа алып отырды. Оның жекеменшікті эволюцияның жетекші күші ретінде қарастыруы коммунизмді қолдаушылар арасында кең танымал қылды. 1871 жылы Лоббак және Морган Англияда жолыққанда осы мәселелерді талқылады.
Морган негізінен екі нәрсемен ел есінде қалды. Біріншіден, ол XIX ғасырдағы елеулі далалық зерттеулер жүргізген азын-аулақ теорияшылардың бірі болды. Батыста білім алған Элли Паркер атты ирокезбен жақынырақ танысқан соң, өмірінің көп бөлігін ирокездер мен басқа жергілікті америкалық халықтарды зерттеуге арнады. Әсіресе олардың туыстық жүйелерін және дәстүрлі саяси институттарын зерттеді. Сонымен бірге жер құқығына қатысты компанияларда солардың мүдделерін қорғайтын белсенді болды. Екіншіден, ол туыстық жүйенің классификациясын ашқан соң, әлемдегі туыстық жүйелерді түсінудің салыстырмалы моделін ойлап шығарды. Ол адамзат қоғамының ежелгі тарихын түсінуде туыстық қатынастарды білу маңызды рөл атқарады деп білді.
Матрилинейлік пен патрилинейлік
XIX ғасырдың көптеген ғалымдары матрилинейлік патрилинейліктен кейін келген дегенге келісетін еді, бірақ олар осы пікірге қатысты дәлелдер жайлы және не себепті біртізбекті ше- жіреде бірінші бір тізбек дамып екінші тізбектің түріне ауысуы мүмкін деген сұраққа қатысты әртүрлі пікірде болатын.
Лоббак алғашқы матрилинейліктің маңызы жайлы күмән білдірді, бірақ ол сол кездегі матрлинейлік қоғамдар да ұқсас тізбекпен дамыды деген оймен келісетін. Оның пікірінше, матрилинейлік некеге тұру толық дамымаған кезде кеңірек тараған. Ол некеге тұру қалыптасқан кезде ер адамның жекеменшігі оның апа-қарындастарының балаларына емес, өзінің балаларына қалады деп тұжырымдады. Сонымен бірге Лоббак тағы қоғамдардың басым бөлігінде неке болмайтынын, оларға әйел адамды ұлықтау тән емес екенін және әйелдер ер адамның қарамағында болып есептелетінін атап көрсетті. Сол себепті ол сол кезде дамып келе жатқан радикалды матриархалды теорияларды қолдамады. Патрилинейлік теориясын қолдайтын Мэн римдіктерді өте көне ұлыс деп есептеді және олардың еврейлер, гректер және тевтон халықтары сияқты патрилинейлік тізбекпен таралатынын айтты: өзіне дейінгі заң саласында жазылған жұмыстарды әрі қарай талдаудың және алыс жерлердің этнографиясын қарастырудың қажеті жоқ деп ойлады.
Алғаш матрилинейлік болған деп білетіндер патрилинейлі және басқа матрилинейлі теорияшылармен қызу пікірталасқа түсіп жатты. Морган мен оның қас жауы Джон Фергюсон Мак-Леннан екеуі тіпті патрилинейлік төңірегіндегі пікірталасты жайына қойып, бірін-бірі сынауға көшіп кетті. Пікірталас тақырыбы матрилинейлік патрилинейліктен не себепті бұрын болған деген мәселе аясында еді. Мұнда Мак-Леннан ертеде азық үшін күрес қыз нәрестелерді қасақана өлтіруге әкелді дейді.
Әйел санының аздығы полиандрияға, яғни бір әйелдің бірнеше күйеуі болу жағдайына себеп болды. Сондықтан ежелгі қоғам мүшелері баланың әкесі кім екенін анықтай алмайтындықтан, шежірені анасы жағынан жүргізетін болған. Морган өз теориясын туыстық атауларға негіздеді. Ал Мак-Леннан туыстық атаулардың маңызы шамалы немесе мүлдем қажеті жоқ деп есептеді.
Морганның қарсы уәжінің бір бөлігі диффузионистік тұрғыда болатын. Нью-Йорк штаты мен Онтарионың ирокездері матрилинейлік шежіремен жүретінін және мүлік мұра ретінде матрилинейлік жолмен берілетінін, оларда Оңтүстік Азиядағы сияқты туыстық атау жүйесі бар екенін айтады. Сонымен бірге тілдері өзгеше болғанына қарамастан, ирокездермен көрші орналасқан Оджибуа тайпасының да туыстық атаулары ұқсас екенін атап өтеді. Бұл жағдайды ол Солтүстік Американың алғашқы қоныстанушылары Азиядан келген деген пікірмен байланыстырды. Қазір бұл дерек нақты орныққанмен, ол кезде әлі де талас тудырып жүрген мәселе еді. Морган, сондай-ақ кезінде Азия халықтары матрилинейлік қатынаста болған деген ой айтады. Олардың әкені және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz