Антропологиялық әдіснама және парадигмалар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырып: Антропологиялық әдіснама және парадигмалар

Антропологиялық әдіснама және парадигмалар

«Антропология» біраз ортада, бірнеше құрлықта таза «мәдени антропология» мәнінде қолданылатын болып қалыптасты. Мүмкін бұл дұрыс та шығар. Биологиялық антропология адам биологиясын зерттейді. Ол көбіне «антропологияның» алғашқы кездегі, адамзатты зерттейтін ғылым мағынасында пайдаланылады. Кейде бұл өзінің ескі «физикалық антро- пология» терминіне балама ретінде аталады. Соңғысы компаративті анатомияда жиірек қолданылады. Әсіресе бұндай анатомиялық салыстырулар адамдар мен жоғары сатыдағы приматтар байланысын және қазіргі заманғы адамдар мен ежелгі адамдар арасындағы байланыстарды зерттеуде көп кездеседі. «Нәсілдер» арасындағы анатомиялық салыстырулар қазіргі уақытта қолданыстан шығып қалған. Оның орнын қарқынды дамып жатқан адам генетикасы саласы басты. Генетикада демография мәселелері, сот-сараптамалық және палеомедицина қатар қолданылады, бұлар өз кезегінде қазіргі биологиялық антропологияны құрайды.

Археология немесе Еуропадағы атауы бойынша «алғашқы қауымдық археология» - антропологиямен тығыз байланысты сала. Қазба жұмыстары кезінде табылған олжалардың анатомиялық сипаттарын салыстыру биологиялық антропологияның еншісінде болса, сондай қазбалардың мекендеген ортасына байланысы мен алғашқы қауымдық қоғамдардың құрылымын түсіндіретін белгілерін табу археологияға тиесілі. Сонымен бірге археологияның зерттеу ауқымы топтар арасындағы байланысты және тіпті жақын арада болған әлеуметтік өмірдегі құрылымдық өзгерістерді табуды да қамтиды. Әсіресе бұлай зерттеу жүргізу ежелгі Солтүстік Америкадан табылған қазбаларды зерттеуде көп қолданылады. Көптеген америкалық антропологтар бұл тараушаны мәдени антропологияның уақыт өте кеңейген түрі ретінде қарастырады.

Антропологиялық лингвистика - тілді зерттейтін ғылым. Әсіресе ол тілдердің айырма- шылықтарына аса мән береді. Бұл тармақтың жалпы лингвистикамен салыстырғанда аумағы тарлау. Бірақ антропологиялық лингвистика өзін антропологиямен байланыста қа- райды. Қарапайым тілмен айтқанда, қазіргі лингвистика тілді зерттейді, ал консервативті антропологиялық лингвистика тілдерді зерттейді деп айтуға болар еді. Антропологиялық лингвистика XX ғасырдың басындағы Франц Боастың антропологиясымен байланысты, мәдени антропологияны «релятивистік» көзқараспен зерттеу нәтижесінде туған.

Биологиялық ағзамен ұқсастық - қоғам өзара байланысты бөлшектерден немесе жүйе- лерден тұратын болғандықтан, ол «биологиялық ағзаға ұқсайды» деген түсінік. Бір жастағылар тобы - бір кезеңде ересектер статусына өтетін жастары шамалас адамдар категориясы. Бір тізбектегі туысқан - эгоның шежірелік тізбегіндегі туысқан. Антропология әдіснамасы мынадай төрт элементтен тұрады:

1) сұрақтар;

2) тұжырымдар;

3) әдістер;

4) дәлелдер.

Алан Барнардтың ойынша «Біз нені анықтауға тырысып жатырмыз?» және «Бұл білімнің қандай пайдасы бар?» деген сұрақтар алдыңғы кезекте тұруы керек. Антропология білімі, мәселен, әркімнің өз қоғамын түсінуге немесе адам түрлерінің табиғатын түсінуге пайдасын тигізуі мүмкін. Кейбір антропологиялық сұрақтар тарихпен байланысты, мысалы: «Қоғамдар қалай өзгереді?» немесе «Алдымен жекеменшік пайда болды ма әлде қоғамдық иерархия пайда болды ма?» деген сияқты. Ал тағы басқа антропологиялық сұрақтар қазіргі заман мәселелеріне байланысты қойылады. Мысалы: «Әлеуметтік институттар қалай жұмыс істейді?» немесе «Адам баласы айналасынан көрген дүниелерді қалай қабылдайды және оларды қалай топтастырады?».

Америкалық антропологиялық қауымдастықтың (Гивенс, Эванс және Яблонский 1997: 308) жүргізген сауалнамасы бойынша, дәстүрлі төрт тармақта қамтылмаған тақырыптар мен қолданбалы антропология бойынша қорғалған тақырыптар 1972-1997 жылдар аралығында қорғалған жұмыстардың 7%-на тең екен. Мәдени антропология докторлары 50%-ды (олардың көбі қолданбалы антропология бойынша зерттеу жүргізген), археология 30%-ды құраса; биологиялық антропология 10%, тек 3%-ы ғана лингвистикалық антропологияға тиесілі. Осы көрсеткіш кейбір антропологтардың антропологияны «таза» және «қолданбалы» деп бөлуге қарсы екенін көрсетеді. Бұл антропологияда екі жақты зерттеу жүргізуге болатынына байланысты. Басқаша айтқанда, қолданбалы антропологияның жеке тармақ ретінде емес, керісінше, төрт тараудың әрқайсысының құраушы бөлшегі ретінде қарастырылғаны дұрыс.

Теория және этнография

Әлеуметтік немесе мәдени антропология әдетте «этнография» мен «теорияны» бөліп қарастырады. Этнографияның тура мағынасы - адамдар туралы жазба жүргізу. Антропологтар басқа мәдениетті зерттейтіндіктен, этнография басқа адамдардың ойлау мәнерін өзімізше түсіндіруді білдіреді. Теория болса, белгілі бір деңгейде біздің өзіміздің антропологиялық мәнерде ойлауымызды түсіну болып саналады. Алайда теория мен этнография бір-біріне кірігіп кеткен.

Этнография үшін не нәрсе маңызды және не нәрсенің маңызы жоқ екенін анықтап алмайынша, онымен айналысу мүмкін емес. Студенттер антропология теориясының не қажеті бар деген сұрақты жиі қояды. Дәл сол сияқты олар этнографияның қажеті қанша деп те сұрауы мүмкін. Ереже бойынша, этнография мәдениеттің абстрактілі мағынасын тереңірек түсінуге және адамзат табиғатының болмысын анықтауға қызмет етеді. Екінші жағынан, теория этнографиясыз қандай да бір мәнінен айырылады, өйткені мәдени өзгешелікті түсіну - антропологиялық мәселелердің ішіндегі ең маңыздысы. Антропологиядағы парадигмаларды жіктеудің тағы бір жолы қоғамға немесе мәдениетке ден қойып зерттеуге байланысты. Бұл жағдайда мәселе «қоғамдық антропология» мен «мәдени антропологияның» беретін мағынасынан әлдеқайда күрделірек екенінде.

Қорыта келе, антропология мен этнологияның бір ғылым емес екенін, бірақ екеуінің екі бөлек ғылым да емес екенін байқадық. Екі терминнің де бір, келісілген мағынасы жоқ. Қазір олар әртүрлі мәселелерді зерттейтін, бірақ зерттеу пәні жалпы және мәдениетке бағдарланған бағыттас салалар ретінде қарастырылады. Тұжырымдар жалпы адамзатқа, мәдени өзгешелікке, барлық мәдениеттегі құндылықтарға немесе мәдени құндылықтардың айырмашылықтарына қатысты түсініктерді қамтиды. Кей жағдайда антропологтар адам баласының өнертапқыштық қабілетіне немесе қабілетсіздігіне байланысты, сонымен қоса қоғам адамды қалыптастыра ма әлде адам қоғамды қалыптастыра ма деген сұраққа қатысты тұжырымдар жасауы мүмкін. Кейбір тұжырымдарды антропологтардың барлығы мойындайды, кейбірін толық мойындамайды. Өйткені бір мәселеге қатысты тұжырым жасағанда, антропологтар зерттеу пәніне өзінің қабылдау ракурсына байланысты әртүрлі пікір білдіріп жатады.

Әдістер ұзақ жылдар бойы қалыптасады және ол барлық далалық зерттеулердің ажырамас бөлігі. Алайда әдістер тек далалық зерттеулерді ғана емес, салыстыруларды да қамтиды.

Дәлел - күмәнсіз әдістемелік компонент, бірақ онымен қалай жұмыс істеу керегі немесе оның түсіндірілуі теориялық көзқарасқа байланысты ерекшеленеді. Кейбір антропологтар салыстыруға белгілі бір мәдени аймақтың көрінісін құрастыру әдісі ретінде қарайды. Ал енді бірі салыстыруды ашқан жаңалықтарын әлемдік деңгейде түсіндіру әдісі ретінде көреді. Үшінші топ салыстыруды алдамшы, ойдан шығарылған деп біледі. Олар салыстыруды тек экзотикалық дүниенің өзіне таныс нәрседен айырмашылығын ажыратуға көмектескен жағдайда ғана мойындайды. Осы соңғы мәселе не нәрсе шын мәнінде дәлел ретінде қабылдана алады деген экзистенциялық сұрақ тудырады.

Басқа пәндердегі сияқты антропологиядағы дәлелге қатысты бір ауыздан келісілген жалғыз нәрсе - оның қойылып отырған сұрақпен байланысты болуы. Басқаша айтқанда, теория ғана дәлелдерге тәуелді емес, ал дәлелдің өзі жауапты қажет ететін сұраққа тәуелді. Мысалы, археологияда біреу кез келген бір ескі орынды қазып, ол жерден керемет олжа тауып аламын деп күтпейді. Урбанизмнің даму мәселесі қызықтыратын археолог тек ежелгі қалалардың қалдығы болуы мүмкін деген жерлерде ғана қазба жұмыстарын жүргізеді. Сол сияқты әлеуметтік антропологияда біз қызығушылық тудырған жерлерге ғана барамыз. Ол жерге жеткен соң, біз теориялық көзқарасымызға сай туындаған үлкен сауалдарға дәлел табу мақсатында кішігірім сұрақтарымызды қоямыз. Мысалы, гендерлік мәселе мен биліктің өзара қарым-қатынасына қызығушылық бізді гендерлік айырмашылығы жоғары қоғамдық ортаға әкеледі. Бұл жағдайда біз әйелдер мен ерлердің өздерінің қоғамдағы орындарын өзгерту немесе әдеттегі қалпында қалдыру үшін жасайтын стратегиясын қалай іске асыратынын түсіндіретін мәселелерге мән береміз.

Аталған осы төрт элементтен басқа әлеуметтік антропологияның сұрақтарын нақтылай түсетін тағы екі сауал бар. Бұлар - барлық антропология тармақтарында қолданылатын таза антропологиялық әдістер. Олар әлеуметтану сияқты басқа гуманитарлық ғылымдарға тән дүниетанымнан өзгеше антропологиялық көзқарас қалыптастыру үшін қолданылады:

1) белгілі бір қоғамдағы элементтердің бір-бірімен қалай қабысып жатқанын түсіну үшін қоғамды біртұтастықта қарастыру керек немесе осы секілді басқа да элементтерге қатысты қолдануға болады;

2) қоғамдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын және солардың себебін табу үшін жеке қоғамды басқа қоғамдармен байланыста талдау.

Қоғамды біртұтастықта қарастыру нәрселердің өзара байланысын түсінуге жетелейді, мысалы: саясаттың туысқандықпен немесе экономикамен қалай байланысып жатқанын, болмаса белгілі бір экономикалық институттардың басқаларымен өзара қалай үйлесетінін түсінуге жетелейді. Жеке қоғамды басқа қоғамдармен байланыстыра талдау олардың арасындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктерді және олардың себептерін табуға тырысуды білдіреді. Бұндай жағдайда далалық зерттеушінің бір ғана ауыл немесе этникалық топтан шығып, кеңірек ауқымда зерттеу жүргізуі қажет. Бірақ осыған байланысты бірнеше шарт бар. Бұндай көзқарастағы зерттеу мынадай жағдайларда іске асуы мүмкін: 1) оқшауланған топтар жағдайында (мысалы, меланезиялық тробриандықтар мен шығыс африкалық Нуэр тайпаларын салыстыру) ; 2) аймақ деңгейінде салыстыру жүргізу (мысалы, тробриандықтарды меланезиялық этнографияны ескере отырып зерттеу) ; 3) салыстырудың ең әмбебап түрі - әлемдегі барлық қоғамды салыстыру. Антропологтардың көбі осы салыстырудың үшеуін де өз жұмыстарында пайдаланады. Дегенмен антропология теорияшысы ретінде олар салыстырудың қай түрі тиімді екені жайында әртүрлі пікірде болуы мүмкін.

Сонымен антропологтардың қандай нақты сұраққа жауап беруге тырысып жатқанына қарамастан, әлеуметтік немесе мәдени антропологияның әдіснамалық бағдарламасы бар деп айтуға болады. Теория мен этнография осы бағдарламаның егіз негізі және барлық антропологиялық сұрақтар не тікелей салыстырудан, не жанама салыстырудан туындайтын қиындықты шешуге бағытталған нақты әрекеттерден тұрады.

Біздің пәніміздің салыстырмалы болуы өзіміздің теориялық бастамаларымыздан жете хабардар болуымызды талап етеді. Керісінше, салыстыруды аз қолданатын әлеуметтану сияқты ғылымдарда бұл аса маңызды емес. Мүмкін, осы себепті де антропологияда теория тәжірибеге қарағанда басым болса керек. Әрбір антрополог - теоретик әрі далалық зерттеуші. Басқа гуманитарлық ғылымдарда «әлеуметтік теория» кей кезде күнделікті мәселелерден алшақ тұрып, бөлек және біршама абстарктілі ұғым ретінде қарастырылады. Көптеген ғылыми салаларда «теория» мен «теориялық көзқарасты» бөлек қарастыру қалыпты жайт. Теориялық көзқарас деп, әдетте теориялық негіз деп аталатын немесе әлемге тереңірек қараудың жолын білдіретін үлкен теорияны атаймыз. Антропологияда оны «дәстүрлі» мәдениетке қатысты қолдансақ, кейде космология, ал батыстық ғалымдармен байланыстырылса, парадигма деп атаймыз.

Теориялық көзқарас, космология немесе парадигма - теоретик айналысатын негізгі мәселелер. Зерттеуші дәстүрлі мәдениеттің антропологі болса да, жаратылыстану ғылым- дарының ғалымы болса да, бір принципке бағынады. Философия ғылымында ғылыми түй- сіктің нақты табиғаты, ғылыми білімді игеру және білімнің экзистенциялық статусы жайлы әртүрлі пікір бар. Біз философтардың сұрақтарын өздеріне қалдырғанымыз дұрыс. Бірақ осы жерде бір философты атаудың реті келіп тұр. Ол - физика және жаратылыстану ғылымдары тұжырымы бойынша жазылған «Ғылыми революциялардың құрылымы» кітабы арқылы гуманитарлық ғылымдардағы мәселелерді түсінуге зор ықпал еткен Томас Кун. Кун пайымы бойынша, парадигма - кішігірім теориялардан құралған үлкен теориялар. Кішірек теориялар әлем жайлы түсінікті бере алмаған кезде дағдарыс басталады.

Жаратылыстану ғылымдарында солай сипатталады. Бұндай дағдарыс уақыт өте парадигманы алып тастауға немесе оның орынсыз болуына және ерекше жағдайларда жаңа, үлкенірек парадигмаларға айналуына алып келеді. Мәселен, Кун мысал ретінде алып отырған Ньютон физикасы мен Эйнштейн физикасын қарастырайық. Ньютон физикасында идеяның бастамасы ретінде белгіленген бір нүктені ғаламдағы барлық нәрсенің бастамасы ретінде қарау қабылданған. Эйнштейннің көзқарасында барлық нәрсе тағы басқа бір нәрсеге байланысты. Ньютон физикасында магнетизм мен электр қуаты жеке дара құбылыстар ретінде қарастырылған және бөлек-бөлек түсіндіріледі, ал Эйнштейн физикасында магнетизм электр қуатының қажетті бөлшегі ретінде түсіндіріледі. Магнетизмнің Ньютон бойынша да, Эйнштейн бойынша да түсіндірілуі абсолютті мағынада толығымен дұрыс не қате емес. Қайта олар өз мәндерін үлкен теориялық көзқарас ауқымында беріп отыр. Эйнштейннің парадигмасы тек қана Ньютон физикасы түсіндіре алмаған құбылысты ашып көрсеткендігімен ғана жақсы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Қазіргі педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар
Мәдениет морфологиясы туралы
Малиновский мен Радклифф - Браунның ықпалы
Ғылымның парадигмасы теориясы мен әдіс-тәсілдері
Антропологиялық мектептер және оның келешегі
Білім беру парадигмасының мәні және педагогикалық өркениет кезеңдері
Ғылымдағы парадигма
Әлеуметтанудың тарихи қалыптасу кезеңдері
Студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz