Антропологиялық мектептер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырып: Антропологиялық мектептер

Антропологиялық мектептер

Антропологияның басталған уақытын дәл айту мүмкін емес, бірақ антропологиялық идеялар бұл пән қалыптаспай тұрып-ақ пайда болған. Мұнда XVII-XVIII ғасырларда айқындалған табиғат заңдары мен әлеуметтік келісім түсініктері үлкен мәнге ие болды. Бұл идеяларды кейінірек көптеген ғалымдар ескермегенмен, табиғат пен қоғам туралы пікірталастың бастауы болған еді.

XVIII ғасыр антропологтары жабайы балалар, «Оранг Утанг» және «тағылық өмір» мәсе- лелерімен айналысты. Бізге мәлім, ол кезде әлі этнография қалыптаспаған болатын. Қазір Монтескьё мен Руссоның екеуі де әлеуметтік ғылымдардың негізін салушы ретінде белгілі. Ал социологиялық мектепті Монтескьенің антропологиялық мектептің ұғымдарына байланысты пікірлері дамытты. Кеңінен қарайтын болсақ, антропология тарихында диахрондық көзқарастан синхрондық көзқарасқа өту де және синхрондық көзқарастан диахрондық көзқарасқа ауысу да болған. Ерте диахронды зерттеулер, әсіресе эволюционизм, ғаламдық деңгейдегі зерттеулер айрықша теориялық мәселелер төңірегінде болатын. Мәселен, «Алдымен патрилинейлік туыстық пайда болды ма, әлде матрилинейлік туыстық пайда болды ма?» деген сияқты сұрақтар болды. Бұл сұрақтың астарында ер мен әйел адам арасындағы байланыс, неке таби- ғаты туралы, жекеменшік туралы, тағы сол сияқты ұғымдар жиынтығы бар. Осы сынды сұрақ- тардың қойылуы нәтижесінде «үлкен» теориялар құрылды.

Антропология негізінің қалануына байланысты айтылатын тағы бір пікір бар. Ол антропо- логия XIX ғасырдың бас кезіндегі полигенезистер мен моногенезистердің пікірталасынан туындаған деген көзқарас еді. Бүгінгі антропология адамзаттың барлығы бір түрден шыққан деген моногенезистік пікірді ұстанады.

«Тағылық» түсінігі

Ол кездері «тағы» сөзі қорлау мағынасындағы сөз емес еді. Ол жай ғана өркениетсіз дегенді және еркін өмір сүруді білдірді. Прототипті тағы адам орташа еуропалық сияқты ойлай алатын, француз не ағылшынға қарағанда «табиғи адам» идеясына жақынырақ Солтүстік Американың жергілікті тұрғыны, ол қазіргі түсінік бойынша өз «мәдениеті» бар адам болатын.

«Игі мінезді тағы адам» идеясы әдетте ағартушылық дәуірінде өзге адамдармен байланыстырылды. Бұл тіркес Джон Дрэйденнің 1692 жылы жазылған Гранаданы жаулап алу пьесасының бірінші бөлімінен алынған: «Құлшылық заман басталғанға дейін игі мінезді тағы адам жабайы орманда жүгіргенде табиғаттың еркесі секілді еркін еді». Дрэйденнің сөздері ойшылдар мектебінің назарын аударып, олар адамның табиғи жағдайдағы ортасы оның мәдени жағдайынан әлдеқайда артық болды деген ойға әкелді. XVII-XVIII ғасырдың бас кезінде адам табиғаты туралы «Адам - «қолға үйретілген жануар» деген көзқарас кең тарады. Гоббстың айтуынша, тағы адамның өмірі «оқшауланған, кедейлікте, жағымсыз, жыртқыш және қысқа» болады.

Табиғат пен қоғам қарым-қатынасы көп пікірталасқа негіз болды. Кейбіреулер оны христиандық идиома ретінде қабылдады. Табиғат жақсылық, ал қоғам жамандықпен теңелді. Қоғам Адам ата мен Хауа ананың күнәлары себебінен мұра болып келе жатқан адамға тән пендешілікті үйлестіруші жамандық деп санады. Басқалары адам тек қоғамда ғана өмір сүретіндіктен, қоғам адам болымысының нағыз табиғатын білдіреді деп есептеді. Пуфендрофтың айтқаны секілді адамзаттың «табиғи» болмысы қоғамшыл және мәдени деп; табиғат пен мәдениетті бөліп қарау мүмкін емес.

Руссо да Монбоддо секілді Оранг Утангтардың адам екеніне сенді, бірақ Руссо оларды бір-бірінен оқшауланып өмір сүрді деп есептеді. Бұл оның өзіндік «табиғат» туралы түсінігі еді. Оның тағылық өмірді мінсіз дегені Монбоддо пікірімен үйлессе, «табиғи адамның» оқшауланып өмір сүретініне баса назар аударуы Гоббс ойына жақын болды. Руссо басты еңбегі «Адамдар арасындағы теңсіздіктің шығуы туралы» ой-толғаулар кітабын екі түрлі теңсіздіктің айырмашылығын жіктеумен бастайды. Оны толғандырған:

Бірінші мәселе - адамдардың күш-қауқары, ақылы және тағы сол сияқты өзгешеліктеріне байланысты болатын «табиғи теңсіздік».

Екінші мәселе - қоғамның ішінде пайда болатын жікшілдік, «жасанды теңсіздік».

Ол осы қолдан жасалған теңсіздікті түсіндіруге тырысады. Руссоның оқшауланған «табиғи адамы» кедей, жағымсыз, жыртқыш болудың орнына денсаулығы мықты, бақытты да еркін болатын. Адамдардың теңсіздіктері тек қана қоғамдар қалыптасқаннан кейін пайда болды және қолдан жасалған теңсіздікті дамытты. Оның теориясы бойынша, қоғам адамдар отырықшылыққа бейімделе бастаған соң және үй салып бастағаннан кейін пайда болған. Бұл кейін отбасылардың және көршілер арасындағы қарым-қатынастарды орнатты. Осымен бір шамада қарым-қатынас тілі де дамыды. Руссоның «қалыптасқан қоғамы» алтын дәуір болды, бірақ ол адамзат үшін ұзаққа созылмады. Қызғаныштың және жекеменшіктің пайда болуы байлық жинауға итермеледі, ол кейін өзара келіспеушіліктерге ұласты. Өркениет немесе «азаматтық қоғам» осылайша теңсіздіктің артуына жағдай жасады. Тағы бір айтатыны: бұл жолдан бас тартып кері оралу мүмкін емес еді. Руссоның түсінігінде азаматтық қоғам өзін- өзі жоя алмайды. Ол тек әділетті заңдарды қабылдап, кейбір жойылып кеткен табиғи теңдікті қайта қалпына келтіре алатын. Табиғи теңдікті қайта қалпына келтіру сол кездегі үкіметтің ең негізгі мақсаты болатын, бірақ еуропалық үкіметтің басым бөлігі ол мақсатты жүзеге асыруға құлықты емес еді. Оның пікірінше, тағы қоғамдар алтын дәуірдің кейбір қасиеттерін сақтап қалған, сол үшін Руссо Африка мен Американың тағы қоғамдарына құрметпен қарады.

Ертеректегі «табиғи заңдармен» бірге Руссоның қарапайым, эгалитарлық қоғамы Аме- рика мен Франция республикасын қалыптастыруға көмектесті. Бұл идеалдандыру процесі британдық, әсіресе шотландтық философтардың бірнеше буынына ықпал етті. Адам Смит Руссоның ең негізгі екі мәселесіне шешім табуға тырысты: тілдің пайда болуы және жеке- меншіктің дамуының маңызы. Адам Фергюсон америкалық қоғамдарды жемқорлықтан ада болғаны үшін ұлықтап, басқа құрлықтарда өмір сүретін «тағылардың» өміріне үлкен қызығушылықпен қарады. Шындығында, Эдинбург жазығындағы «үлде мен бүлдеге оранған» азаматтар оны гэлик тілінде сөйлейтін жоғары мәртебелі мырза немесе жергілікті «игі мінезді тағы адам» ретінде көретін.

Алан Барнард - XVIII ғасырдағы қиялдан құрастырылған «игі мінезді тағы адам» туралы идеядан «мұраға» өзіміз ойлағаннан көбірек дүние алдық деп ойлайды. «Алғашқы қауымдық» пен «алғашқы қауымдық емес» қоғамдардың айырмашылығына басты назар аударатын антропологиялық теорияларда игі мінезді тағы адам келбеті алғашқы қауымдағы «табиғаттың» келбеті ретінде сақталды. Қоғамды бұндай жолмен бөліп қарамайтын теорияларда игі мінезді тағы адам барлық мәдениеттердің түбірінде жатқан ортақ адамгершіліктің көрінісі ретінде сақталды.

Социологиялық және антропологиялық мектептер

Жабайы балалар, Оранг Утанг және игі мінезді тағы адаммен байланысты романтикалық сұрақтардан алшақ дамып, социологиялық дәстүрді қалыптастырғандар Монтескье, Сен- Симон және Контелер болатын. Осылармен қатар шотландтық ағартушылардың келесі буыны нәсілдер арасындағы биологиялық байланыс туралы қызу пікірталас жүргізді. Екі аталған пікірталастың белгілері кейін XIX-XX ғасырдағы антропологияда көрініс тапты.

Социологиялық мектеп

Барон Монтескьенің «Парсы хаттары» - француз қоғамына сын айтқан, ойдан шығарылған екі парсы саяхатшысының сапардағы жазбалары. Бұл кітап тек қана этнографияның негізін қалаған жоқ, сонымен бірге рефлексивизмнің де негізін салды. Алайда Монтескьенің «Заң рухы» туралы деп аталатын биліктің формалары, адамдардың жүріс-тұрысы, климаттың қоғамға ықпалы жайлы әлем елдерінен жиналған шынайы этнографиялық мысалдарды талдайтын осы еңбегі әлдеқайда маңызды. Оның зерттеу идеясындағы ең басты сұрақ - «жалпы рух». Оның ойынша, «жалпы рух» - қарастырылатын қай мәдениеттің болмасын іргелі бастамасы.

«Тағыларды басқаратын табиғат пен климат; қытайлықтарды әдептілік басқарады; жа- пондықтарды заң езгіге салады; ертеректе Лаконидағы салт-дәстүрлер адамдардың мінез- құлқын айқындады; римдіктердің мінезі билік бекіткен заңдар бойынша және ежелгі салт- дәстүрлер талаптарына сай қалыптасты».

Леви-Стросс Руссоны әлеуметтік ғылымдардың негізін салушы деп атаған болса, Радклиф-Браун Монтескьені аса жоғары бағалады. Кейінгі структуралистер мен құрылым- дық-функционалистердің мектептері көбіне Руссоның рационалдылығын, ал Монтескьенің эмпиризмін қолдайды.

XIX ғасырдың соңында Сен-Симон Клод Анри де Рувруа және оның жолын қуған Огюст Конт Монтескьенің әлеуметтік ғылымдарды физика, химия және биология ғылымдарын ескере отырып зерттеуді мақсат ететін түсініктерін дамытты. Сен-Симон өте нашар әрі аз жазды. Алайда оның еңбектерінде, әсіресе оның әлеуметтік ғылымдарға арнап жазған дәрістерінде sociologie деп атаған пәнінің пайда болғанын көреміз. Ұсынылған социологиялық тармақ Монтескьенің, Сен-Симонның және басқа да француз ғалымдарының идеяларынан тұрды. Ол кейінірек қоғамның эволюционистік және антропологиялық мектебі деген атпен белгілі болатын бағыттың негізін қалады.

Социологияның, сондай-ақ басқа барлық әлеуметтік ғылымдардың бастауы XVIII ғасырда моральдық философия деген атпен белігілі болған ғылымнан басталды. Қазіргі биология XVIII ғасырдағы табиғат тарихы ғылымының зерттеулерінің нәтижесінде пайда болды. Социология Конттың жаңа ғылымға әдейілеп берген атауын қабылдап қалыптасты. Ол социологияның әдіс-тәсілдері биологиядағы әдістермен бірдей екенін анық көрген еді. Социологияның даму процесі Контқа дейінгі және оның жолын ұстанушылардың ізі арқылы түсінікті, ал антропология мен этнологияның дәл осындай бірізді даму жолы жоқ. Антропологиялық идеялар пән болып қалыптаспай тұрып, пәнге атау ретінде қолданылмай тұрып-ақ бар еді. Алғашқы дәрістерден білгеніміздей, «антропология» мен «этнология» атау ретінде жеке қолданылды, бірақ кейін әлеуметтік антропологиядағы білдіретін ұғымдарынан мүлдем басқа мағынаға ие болды.

Полигенезис және моногенезис

Моногенезис - «шығу тегі бір», полигенезис - «шығу тегі әртүрлі» дегенді білдіреді. Джеймс Коулс Причард, Томас Ходжкин және Фауэлл Бакстон сияқты моногенезистер адамзат бір негізден тараған деп санайды, ал олардың қарсыластары Роберт Нокс пен Джеймс Хант болса, адамзаттың шығу тегі әртүрлі, «нәсілдер» мұның дәлелі деген дау айтады.

Бүгінгі антропология барлық адамзат биологиялық және психологиялық тұрғыдан «бірдей» деген ойды ұстанады. Монтескье де осындай көзқараста еді. Ол мәдениеттерді өзгеше ететін биология немесе ақыл-ой қабілеті емес, климат деген уәж айтатын. XIX ғасырдың бас кезінде осындай моногенезистік немесе эволюционистік көзқарас саяси либералды, ал кейбір орталарда тым радикалды көзқарас ретінде қабылданды. Мәдени эволюция теориялары және кейінгі XX ғасырдағы антирасистік релятивистік теориялар адам биологиясы және ақыл- ойы бірдей деген пікірді негізге алды. XIX ғасырда еуропалықтар мен америкалықтар басқа нәсілдерден өздерін жоғары санап, қоғам сатылардан өту арқылы дамыды деген сенімде болды. Сондықтан олар «төмен» нәсілдерді зерттеу өздерінің даму жолын, ерте кезеңдерін анықтап береді деп дәледеді. Бірақ XIX ғасырдың полигенезистері мұндай сенімде болған жоқ. Сондықтан, бүгінде мәлім болғандай, полигинистердің антропологияны ойлап тапқан жоқ және ойлап шығаруы мүмкін де емес еді деп айта аламыз.

Осы арада біз идеялар тарихынан ауытқып, пайда бола бастаған пән саясатына көшеміз. Моногенезистік топтар екі ұйымда шоғырланған болатын: 1837 жылы құрылған Аборигендерді қорғау ұйымы және 1843 жылы құрылған Лондон этнология ұйымы. Біріншісі, адам құқықтарын қорғайтын ұйым болатын, ал екіншісі оның ғылыми тармағынан бөлініп шықты. Олардың жетекшілерінің басым бөлігі квакерлер еді. Ол кездері тек ағылшын шіркеулерінің мүшелері ғана ағылшын университеттеріне бара алатын, сондықтан университетке барғысы келген квакерлер университеттен тыс жерлерде білім алды. Причард және Ходжкин Единбург университетіне барды, ал Бакстон Дублиндегі Тринити колледжінде білім алды. Нәтижесінде Причард пен Ходжкин антропологиялық идеялары Монтескьенің көзқарастарын меңгерген шотланд ағарту дәуірінің соңғы өкілінің бірі Дугалд Спенсердің көзқарастарын игеріп шықты. Олар моногенезистік идеяның шырағын өшірмей, полигенезистер басым болған қараңғы дәуірде де қорғап шықты. Причард та, Ходжкин мен Бакстон да дәрігер еді. Олар адам сипатына және табиғатына деген сенімдерін бар ынтасымен қорғап, таратып жүрді. Адам сипатына қатысты сенімдерін Аборигендерді қорғау ұйымы арқылы жетілдіріп, Лондон этнология ұйымындағы зерттеулері арқылы адамзаттың табиғи бірдейлігін, адамзатты ғылыми тұрғыдан түсінудің негізін салды.

Ходжкин Францияда этнологияның негізін салуға үлес қосты. Дегенмен ол бұл елде патология бойынша жазған еңбегі арқылы көбірек танымал болған. Ал Бакстон Африкадағы Британ отарындағы жергілікті тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға атсалысқан парламентті реформациялаған парламент мүшесі ретінде өте танымал еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антропологиялық мектептер және оның келешегі
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Әлеуметтану ғылым ретінде, әлеуметтік мектептер мен өкілдері
Антропология тарихы мен теориясы пәні
Классикалық емес философия
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
Ежелгі грек антропологиясы
Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері
Бүгінгі диффузионизм мен аймақтар теориясы
Мәдениеттану ғылым ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz